Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халык бук.doc
Скачиваний:
58
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Дәріс жинағы

1 Бөлім. Халықаралық құқыққа кіріспе. Халықаралық құқықтың жалпы бөлімі.

Глоссарий (анықтама, сөздік)

Дипломатия – бұл мемлекеттік халықаралық деңгейде сыртқы саясатын жүргізу амал-тәсілдерінің жиынтығы.

Де – юре - толық заңды ресми мойындау. Құқық бойынша заңды салдарлар толық көлемде беріледі, мысалы, толық біржолата мойындау дипломатиялық өкілдіктермен алмасуды, көптеген екі жақты келісімшарттарды жасасуды, танылатын мемлекеттің юрисдикциясынан қорғаншылықты тануды білдіреді. Бір рет мақұлдағаннан кейін мемлекеттің екінші рет бас тартуы мүмкін емес. Де –юре мойындауынан кейін танушы және танылатын мемлекеттердің арасында дипломатиялық, консулдық, сауда және басқа да қатынастар орнатылады.

Де-факто - бұл толық емес ресми мойындау. Бұл кезде тек консулдық және сауда қатынастары орнатылады; экономикалық және әкімшілік сипаттағы келісімшарттар жасалады. Бұл мойындау қайта алынуы мүмкін немесе соның нәтижесінде де –юре мойындауы болуы мүмкін, яғни де–юре мойындауының алғы шарты болуы да ықтимал.

ad hoc – мойындауы фактілі (іс жүзінде) ғана болуы мүмкін. Бұл жағдайда танылатын субъект болмайды, бірақ, мысалы, мемлекетке туындаған мәселелерді реттеу үшін нақты бір қатынастарға түсу қажет болды. Мысалы, қандай-да бір бір реттік қатынастар үшін спорт жарыстарына, ғылыми семинарларға, конференцияларға және т.б. бұл іс-шаралар аяқталғаннан кейін құқық субъектісі танылмайды деп жариялауы мүмкін.

Мемлекеттік территория- бұл нақты бір мемлекеттің егемендігінде болатын және сол территорияда өз билігін жүргізетін жер шарының бөлігі.

Аралас режимдегі территория(континентальдық шельф (құрлықтық қайраңдар), ерекше экономикалық аймақ)-мемлекеттік территорияның құрамына кіртейтін, бірақ жағалауындағы мемлекеттер осы кеңістіктерге тиесілі егеменді құқықтары болатын кеңістік. Оның құқықтың мәртебесі ұлттық заңнамамен және халықаралық келісімшартпен белгіленеді.

Халықаралық режимдегі территория(территориялық сулардың шетіндегі ашық теңіз, теңіз түбіндегі аудан, кейбір халықаралық шығанақтар, өзендер мен каналдар, Антарктика, ғарыш кеңістігі, аспан денелері) – бұл ешбір мемлекетке тиесілі емес және барлық елдердің ортақ пайдалануында болатын кеңістік. Оның құқықтық режимі халықаралық келісімшартпен анықталады.

1 Тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны

Мақсаты: студенттерді халықаралық жүйе, халықаралық қатынастар және халықаралық құқықтың саласы ретіндегі түсінігі мен ерекшеліктерімен таныстыру

Жоспары:

  1. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық, олардың арасындағы байланыс және бір-бірімен қарым-қатынасы.

  2. Халықаралық құқықтың халықаралық қатынастарды реттеуші заңды нормалардың жиынтығы ретінде.

  3. Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде. Халықаралық – құқықтық қатынастарды реттейтін пән. Субъектілердің ерекшеліктері, нормаларды жүзеге асыру және қалыптастыру процесі, сонымен қатар оны қамтамасыз ету тәсілдері. Халықаралық – құқықтық мәжбүрлеу шаралары.

  4. БҰҰ БА халықаралық құқықты оқыту мен халықаралық құқықта құқықтық білімді тарату туралы резолюциялары. БҰҰ мамандандырылған халықаралық соты мен мекемелерінің рөлін арттыру – халықаралық-құқықтық қатынастағы саяси жаңа ойды енгізудің құралы ретінде.

  5. Халықаралық бұқаралық құқығы мен халықаралық жеке құқық.

Халықаралық құқық ерекше құқық жүйесі болып табылады.

Халықаралық құқық – бұл халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар, халықаралық ұйымдар және т.б.) туындатқан және осы субъектілердің арасындағы қатынастарды реттейтін жалпыға міндетті халықаралық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.

Халықаралық құқыққа тән ерекшеліктер:

  1. субъектілері бойынша –оның субъектілері болып мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар, халықаралық ұйымдар табылады;

  2. нормаларды тудыру тәсілі бойынша – халықаралық – құқықтық нормаларды құқықтық қатынасқа қатысушы субъектілердің өздері тудырады;

  3. нормалардың орындалу механизмі бойынша - халықаралық – құқықтық нормалардың орындалуын олардың адресаттарының өздері бақылап отырады;

  4. қайнар көздері бойынша – халықаралық құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: халықаралық шарттар, халықаралық әдет-ғұрыптар, халықаралық жиналыстар мен конференциялардың Қорытынды актілері, халықаралық ұйымдардың резолюциялары.

Қазіргі заманғы халықаралық құқық ХХғ. басынан бастау алады, оның дамуына әлемдік экономикалық қатынастардың туындауы себеп болды (бу машиналардың, ұшу аппараттарының пайда болуы, электробайланыстың дамуы және т.б.).

Халықаралық құқықтың пәнін оның субъектілерінің арасындағы туындайтын қатынастар құрайды. Оның екі тобы бар: мемлекеттер арасындағы қатынастар және мемлекеттер арасындағы емес қатынастар.

Халықаралық бұқаралық құқық – бұл халықаралық құқықтың субъектілері арасында саяси мәселелер бойынша туындаған қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Халықаралық жеке құқық – бұл халықаралық құқықтың субъектілері арасында, кейбір жағдайларда жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасында халықаралық деңгейде жеке сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Өзін-өзі тексеру үшін арналған сұрақтар

Бақылау сұрақтар

1) Халықаралық жүйе түсінігін беріңіз және элементтерін атаңыз

2) Ерекше құқық жүйесі ретіндегі халықаралық құқықтың анықтамасын беріңіз

3) Халықаралық құқықтың пәнін қандай қатынастар құрайды?

4) Халықаралық құқықтың қайнар көзінің түсінігін беріңіз және түрлерін атаңыз

5) Халықаралық шарт түсінігін беріңіз және мысал келтіріңіз

6) Халықаралық әдет-ғұрып дегеніміз не?

7) Халықаралық конференциялардың Қорытынды актісіне түсінік беріңіз және мысал келтіріңіз

8) Халықаралық ұйымдардың резолюциясына халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде сипаттама беріңіз

9) Халықаралық құқықтың қайнар көздерінің ішкі мемлекеттік құқықтың қайнар көзінен айырмашылықтарын атап беріңіз

10) Халықаралық құқықтың нормаларының түсінігін беріңіз

11) Халықаралық құқықтың нормаларын тудыру кезеңдерін атаңыз

12) Халықаралық құқық нормаларының ерекшеліктерін айқындап беріңіз

13) Халықаралық құқық нормалардың құрамы қандай элементтерден тұрады?

14) Iuscogensнормалары қандай нормалар?

15) Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын атаңыз және сипаттап беріңіз

16) 1970 ж. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Декларацияда халықаралық құқықтың негізгі қағидалары бекітілген?

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.

2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.

3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.

5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.