Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дарыс кешены.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
520.3 Кб
Скачать

Бас жиын және таңдау

Экономикада мәліметтерді статистикалық агенттіліктен және мекеменің жылдық қаржылық есебінен және ақпараттық бюллетендерден алынады.

Барлық мәліметтер жиыны бас жиын болады.

Таңдау – бас жиыннан өңдеуге қажеттісін алу. Мысалы, халықтың тұрмыс жағдайын тексеру үшін бүкіл халықтың мәліметтерін талдау үлкен жұмыс, кейде мүмкін болмайды. Сондықтан, әлеуметтік жағдайына қарай топтастырып таңдап алынады. Мұнда бас жиын Қазахстанда тұратын жан ұялар болса, олар бірнеше миллион. Таңдап алуға байланысты, мың жан ұя алу, ол да аз мәлімет емес. Таңдап алынған топтың қорытындысы бас жиынды сипаттауы керек. Экономикалық зерттеулерге байланысты айтар болсақ: еліміздегі егін шаруашылығын, оның ішінде бидай өнімін зерттеу қажет болсын. Бидай еліміздің барлық аймақтарында егіледі, оның ішінде Қостанай және Ақмола обылыстарында көбірек шоғырланған. Егер осы екі аймақты таңдасақ толық таңдау болады, ал бір ғана аймақты алсақ немесе бірнеше шаруа қожалықтарын таңдасақ дербес таңдау болады. Мұнда ең маңыздысы таңдаған топқа жасалған зерттеудің қорытындысы бас жиынның сипатына қайшы келмеу керек. Таңдап алудың мақсаты аз уақытта зерттеу жүргізіп шешім қабылдау. Таңдау детерминирлі және ықтимал болады.

Детерминирлі таңдау нақты топтастыруға жатады. Алдын ала бекітілген шарттар бойынша бас жиыннан нақты объектілер топтастырылады. Мысалы, бидай шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың жер көлеміне байланысты 10-15 мың га егістігі бар шаруашылықтарды зерттейміз. Осындай шаруашылықтардың жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін қанша техника, жұмысшы мамандар, басқа да қызмет етуші инфраструктуралар қажет екенін анықтау керек.

Детерминирлі таңдау тез, аса көп қаражатты қажет етпейді. Практикада ең көп кездеседі. Алайда кемшілігі де бар, қорытындының дәлдігінің төмендігінде және шектеулігінде. Сондықтан, детерминирлі таңдауларды маңызды зерттеулерде қолданбаған дұрыс.

Ықтимал таңдау – зерттеулер арқылы таңдап алынады. Оның бірнеше түрлері бар: қарапайым кездейсоқ, жүйелі, стратифицирлі және кластерлеу. Экономикада соңғы түрі көбірек қолданыста.

Кластерлеу N элементтен тұратын бас жиын бірнеше белгілері бойынша топтастырылады. Осы тақырыпты кейін өтеміз.

3- дәріс

Мәліметтер және оларды өңдеу әдістері. Мәліметтердің графикалық түрі.

Мәліметтер түрі. Экономикалық көрсеткіштердің мәндері кездейсоқ шамаға жатады. Мысалы, осы айдағы табыс қанша болатыны алдан ала белгісіз.

Кездейсоқ шама дегеніміз экономикалық үрдістің қорытындысына байланысты мүмкін мәндердің біреуін қабылдауы, алдын ала нақты емес. Оның екі түрі бар: категориялы және сандық.

Категориялы кездейсоқ шама сұраққа нақты жауап беруіне сәйкес, мысалы, «иә» немесе «жоқ» сандық емес. Олар тек қана екі жағдайда емес, бірнеше мұмкін жағдайдан болады. Мысалы, тест сұрақтарында бес жауаптың біреуін таңдау, аптаның бір күнін таңдау.

Сандық кездейсоқ шамалар сандық өлшем бірлігінде болады. Оның екі түрі бар: дискретті және үздіксіз.

Дискретті кездейсоқ шамалар бір бірімен байланыссыз нақты сандық мәндер. Мысалы, өткен айда табыс 10 млн болды, ал осы айда 8 млн.

Үздіксіз кездейсоқ шамалар белгілі аралықта алдын ала берілген дәлдікпен сандық мәндерге ие болады. Мысалы, динамикалық мәліметтердің номерлері үздіксіз болады.

Экономикалық үрдістерді сипаттайтын кездейсоқ шамалар жиынын зерттеу арқылы тұжырымдар жасауға болады. Ол үшін математикалық статистика түсініктерін пайдаланамыз. Солардың бірі кездейсоқ шамалардың үлестірімділік заңдары. Үлестірімділік заңдары кездейсоқ шамалардың сандық мәндерінің қайталану ықтималдығына қатысты болады. Дискретті шамалар биномальды және пуассонды үлестірімді болады. Ал үздіксіз кездейсоқ шамалар көрсеткішті және қалыпты үлестірімді болады. Excel ортасында Анализ данных пакетінде кездойсоқ шамаларды өңдеуге болады.

Мәліметтерді топтау және өңдеу. Экономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерін талдауға ыңғайластырып, белгілі бір сипаттамалық мағына келтіріп өңдеу керек. Олар кесте немесе бейнелеу түрлерінде болуы мүмкін. Мәліметтерді кестелеп түрлендірудің көп түрлері бар.

Реттелген массив. Ол мәліметтерді өсуі немесе кемуі бойынша реттеу. Мұнда ең аз және ең көп мәні немесе қай аралықта өзгеруін оңай көруге болады. Математикалық статистикада оны вариациялық қатар деп атайды. Осылай өңдеу үшін Excelде (2003ж) Данные Сортировка менюлары пайдаланады. Мысалы:

  1. Данные,Сортировка менюге кіру

  2. Сортировка диапазона терезесі шығады

  3. Сортировать по ұяшығына сұрапталатын мәліметтерді түгел енгізіледі

  4. По возрастанию немесе по убыванию таңдалады

  5. ОК басылады.