- •Кедендік бақылау: мақсаты,міндеті,обьектісі,негізгі нысандары мен бағыттары
- •Кіріспе
- •I. Кеден ісі саласындағы кедендік бақылаудың теориялық аспектісі
- •1.2. Кедендік бақылаудың қағидалары мен нысандары
- •1.3 Кедендік бақылауды жүргізу тәртібі және оның аймақтары
- •Іі. Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру (Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті мысалында)
- •2.1 Қр кеден ісінің қазіргі кездегі жағдайы
- •2.2 Әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •2.3 Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау және кедендік ресімдеудің ұйымдастырылуын талдау
- •2.3. Әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану
- •Ііі. Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •3.1 Қазақстан Республикасының кеден ісінің мәселелері
- •3.2 Қазақстанда кеден ісін ұйымдаструды жетілдіру жолдары
- •3.3 Кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі және дамыту болашақтары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиет тізімі
Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Уристенов Ержан
Кедендік бақылау: мақсаты,міндеті,обьектісі,негізгі нысандары мен бағыттары
«Кеден ісі» мамандығы
(ЖОО кейінгі мамандыққа білім беру жіктемесі бойынша)
ДИССЕРТАЦИЯ
_______________ магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
Ғылыми жетекші: _____________________
(тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы)
Ғылыми кеңесші (болған жағдайда):
Алматы, 2012
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
I. Кеден ісі саласындағы кедендік бақылаудың теориялық аспектісі............6
1.1 Кедендік бақылаудың ұғымы, объектісі және түрлері......................................6
1.2. Кедендік бақылаудың қағидалары мен нысандары........................................12
1.3 Кедендік бақылауды жүргізу тәртібі және оның аймақтары..........................18
ІІ. Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру (Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті мысалында)...............................................................................................................26
2.1 ҚР кеден ісінің қазіргі кездегі жағдайы............................................................26
2.2 Әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері...................31
2.3 Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау және кедендік ресімдеудің ұйымдастырылуын талдау...................................................................43
ІІІ. Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды жетілдірудің негізгі бағыттары.............................................................................56
3.1 Қазақстан Республикасының кеден ісінің мәселелері.....................................56
3.2 Қазақстанда кеден ісін ұйымдаструды жетілдіру жолдары............................64
3.3 Кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі және дамыту болашақтары..............................................................................................................74
Қорытынды..............................................................................................................77
Қолданылған әдебиет тізімі...................................................................................81
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Кеден органдары республикалық бюджетке 30% шамасында түсімнің түсуін қамтамасыз ете отырып, еліміздің экономикалық дамуында маңызды орын алады. 2007 және 2009 жылдары бұл көрсеткіш тиісінше 20,1% және 28,3% деңгейінде болды. Ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде кеден органдары республика бюджетіне 462,5 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтар аударды, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 148,8 млрд. теңгеге артық. Сол себептен кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру өзектілі мәселеге қарастырылғанын көрсеткен жөн.
Басты бағыттар ретінде бірінші кезекте, қызметтің фискальды немесе бюджетті құраушы тармағын, сондай-ақ кеден саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, бәрінен бұрын контрабанданың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған құқық қорғау жұмысын ерекше атап өту қажет.
Еліміздің сыртқы сауда айналымының өсуі факторының сыртында, кедендік төлемдер мен салықтарды алу көрсеткіштерінің күрт өсуі кедендік әкімшілдендіруді жақсарту және қазіргі кедендік инфрақұрылымды жетілдіру арқылы мүмкін болып отыр. Кеден органдарын дамытудың 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде, “бір аялдама” қағидаты бойынша шекарада бақылауды жүзеге асыратын бірыңғай бақылау-өткізу пункттерінің құрылысын салу қарқын алуда, бұл кедендік ресімдеуден өту үдерісін жеделдетеді және тиісінше, жолаушылар мен жүк ағынын өсіруге мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы, Үкіметтің қолдауының арқасында, қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес кедендік рәсімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ, біздің еліміздің транзиттік әлеуетін ұлғайтуға және шекаралық сауданы одан әрі дамытуға жағдай жасайтын Қазақстан-Қытай шекарасында “Достық” темір жол кедендік терминалы, Оңтүстік Қазақстан облысында “Қапланбек” автомобиль және “Сарыағаш” темір жол терминалы, Жамбыл облысында “Айша Бибі” және “Нововоскресеновка” автомобиль терминалдары, Ақтөбе облысында “Жайсаң” темір жол терминалы салынды және пайдалануға берілді. Мысалға, тауарлар мен көлік құралдарын қозғалыста қашықтықтан, вагондар мен контейнерлерді ашпастан кедендік тексеріп қарауға мүмкіндік беретін жаңа инспекциялық-тексеру кешенімен жарақтандырылған “Достық” стансасының өткізу қабілеті 2 еседен астамға өсті.
Контрабанданың жолын кесу жөнінде бірқатар ірі арнайы операциялар жүргізілді. Олардың ішінде үстіміздегі жылдың ақпанында жалпы сомасы 1 млн. АҚШ доллары болатын Біріккен Араб Әмірлігінен Қарағандыға авиарейспен халықтық тұтыну тауарларының ірі партиясын контрабандалық жолмен әкелудің жолын кесуді, маусым айында шекара қызметімен бірлесіп Батыс Қазақстан облысының “Сырым” кеден бекетінде Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы “КамАЗ” автомәшинесінің жанар-жағар май багында орналасқан есірткі партиясын өткізбекші болған Өзбекстаннан келген есірткі таратушыны ұстауды, шекарашылармен бірлесіп Орал-Бұзылық автожолында контрабандалық тауарды, яғни 22 тонна бекіре балық және 4,5 тонна майшабақ тектес балықтарды кедендік ресімдеусіз өткізген Ресей азаматының басқаруындағы рефрижераторды ұстауды ерекше атап өткен жөн.
Ағымдағы жылдың 11 айы ішінде контрабандадан мемлекетке келген залалдың орнын толтырудың жалпы сомасы 1 млрд. 895 млн. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы тиісті кезеңнің көрсеткіштерінен 650 млн. теңгеге артық.
Шекаралас мемлекеттердегі әріптестермен ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы, нақты жеке тұлғалар туралы жедел ақпарат алмасу, сондай-ақ бірлескен жедел-іздестіру шараларын өткізу жөнінде өзара іс-қимыл жоспарлары әзірленді.
Ұйымдасқан қылмыстық топтар құрамына тартылғандықтан, контрабанда экономикаға үлкен зиян келтіретін және қылмыстық жағдайды барынша күрделілендіретін теріс фактор болып табылады. Бүгінгі күні онымен күрес жүргізу үшін бізде күш пен қаражат жеткілікті, алайда аталған жұмыс тек кеден органдарын ғана емес, барлық буындардың белсенді қатысуы мен үйлестірілген іс-әрекетін талап етеді. Әдетте, контрабанда елге тек ресми кеден бекеттері арқылы ғана келеді деп саналады. Сонымен қатар, біздің ТМД бойынша көршілерімізбен мемлекеттік шекараның елеулі бөлігі негізінде ашық, бұл кейде тауарларды контрабандалық жолмен кедергісіз өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, ресми статистикалық деректерге сәйкес 2008 жылдың І тоқсанында Қазақстанға 309 тонна жаңа піскен помидор әкелінген, ал Ресейге 1409,9 тонна әкетілген, бұл импорт пен экспорттың арасындағы 1100 тонна шамасындағы орасан айырмашылықты және олардың шыққан елі туралы сұрақтар туындайтындығын көрсетеді. Сонымен бірге тауарды Ресейге экспорттауды кедендік ресімдеу кезінде оның иелері меншік құқығын растайтын және қажет болған жағдайда, қазақстандық шығу сертификатын ұсынған.
Мәселенің мәнісі, тауарлардың бір елден Қазақстан арқылы үшінші елге транзиттік өткізілуі және оның іс жүзінде дереу кері Қазақстанға контрабандалық жолмен қайтарылуында. Аталған жағдайда, транзиттің өсуі жасанды сипатта болып отыр, оның салдарынан бюджетке қажетті кедендік төлемдер мен салықтардың түспеуінен Қазақстан зиян шегеді.
Сондықтан контрабандаға қарсы күрестегі пәрменді шара ретінде, ең алдымен, құқық қорғау және жергілікті билік органдары сияқты барлық мүдделі ведомстволардың өзара іс-қимылын белгілеп, үйлестіріп отыру қажет.
Әрине, кеден органдары осынау келеңсіз статистикада алдыңғы үштіктің қатарына кірмейді деп біз өзімізді жұбата алмаймыз. Мысалы, Қазақстанның кедендік брокерлерінің қауымдастығы жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейі жағынан кеденді 5-ші орынға қойды.
Егер, шындығына келер болсақ, кеденде сыбайлас жемқорлық әлі де бар, оны жою үшін жүйелі шаралар қажет екендігін біз түсінеміз. Бұл міндетті біздің алдымызға Мемлекет басшысы қойды және біз оны орындау үшін бар күшімізді саламыз.
Сонымен бірге, 2008 жылы сыбайлас жемқорлық түріндегі құқық бұзушылықтарды өз күшімізбен анықтаудың айтарлықтай өскендігін атап өту қажет. Жылдың басынан 48 кеденнің лауазымды тұлғалары жасаған сыбайлас жемқорлықты іс-әрекеттің 20-сын ішкі қауіпсіздік бөлімшелері анықтады.
Кеден органдарында ішкі қауіпсіздіктің арнайы бөлімшелері бар, оларға кеден органдары лауазымды тұлғалары арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктер берілген. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстарды кеден органдары тергей алмайды, біздің ойымызша, бұл дұрыс емес және ол аталған учаскедегі жұмыстың тиімділігін төмендетеді.
Құқық қорғау органдарының кеден органдарының ішкі қауіпсіздік және контрабандаға қарсы күрес бөлімшелерімен өзара іс-қимылының жоқтығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді болмауы себептерінің бірі болып табылады. Бұл мәселеде бүгінгі күнде, өкінішке орай, бізде ынтымақтастық емес, керісінше, әшкерелеу және кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлықты сырттай жоюға талпынушылық қана бар. Мұндай көзқарас тиімсіз болып қана қоймай, сонымен бірге күлкілі жәйттерге соқтырады. Жекелеген органдар қылмыстық іс қозғау арқылы белгілі бір акцияны жүргізе отырып, тергеуде қолдану үшін кеден заңдарын түсіндіріп беруді сұрап Кедендік бақылау комитетіне жүгінетін жағдайлар да аз емес.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы наурызда Қазақстан халқына жолдаған жолдауында Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі атты бірінші басымдықты нақты іске асыру мақсатында Үкімет алдына мынадай міндеттер қойған болатын: «Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізу реформасын іске асырсын, отандық өндірушілерге мемлекеттік көмек көрсетуді қайта бағдарламасын, техникалық реттеудің ішкі стандарттарын Бүкіләлемдік Сауда Ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес келтірсін, қаржылық қызмет нарығын реформалауды жалғастырсын» [2].
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отырғаны белгілі. Мемлекет басшысы 1999 жылғы 1 қыркүйекте Парламенттің Ү сессиясында кеден органдарының қызметіне байланысты: «Кеден төлемдері мен салықтарды жинауды ұлғайту мақсатында кеден қызметін, ең алдымен оны автоматтандыру жолымен мықтап нығайту керек» деген болатын.
2010 жылғы құқықтық нормаларды біріктіруге және жүйелендіруге, халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу мақсатында кеден рәсімдерін үйлестіруге және оңайлатуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Кеден кодексі қолданысқа енгізілді.
2011 жылдан бастап республиканың сыртқы сауда статистикасын дербес жүргізуге және радиациялық бақылауды жүзеге асыруға қол жеткізілді. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданып жатыр, сонымен қатар барлық аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің бүкіл кезеңінде жүк кедендік декларациялардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін көзбен көріп қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік ресімдеу орталықтары ашылды. Бұл алдағы уақытта, біріншіден кедендік рәсімдеу шараларын жеңілдетсе, екіншіден оның ашықтығын қамтамасыз етеді, яғни сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді.
Сыртқы сауда қызметі – шетелдік мемлекетермен экономикалық байланыстын негізгі нысаны болып келеді, бұл ең алдымен, Қазақстан Республикасымен кеден шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалардың кедендік бақылау және кедендік ресімдеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты. Сыртқы Экономикалық Қызметтін дамуы Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауар және жолаушылардың ұлғаюына әсер етеді.
Дипломдық жұмыстың методологиялық және ғылымдық негізі ретінде Қазақстанның белгілі ғалымдары С.Т.Әлібеков, Р.А.Қамшыбаев, Ұ.А.Текенов, Н.Қ.Мамыров, Д.М.Мадиярова еңбектері қолданылды.
Жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерін, кедендік шекарадан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауы мен кедендік ресімделуін ұйымдастыруды талдау, сондай-ақ кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін зерттеу болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді шешеді:
Қазақстан Республикасында кедендік бақылауды ұйымдастырудың кедендік негіздеріне тоқталу;
кедендік бақылаудың қағидалары мен нысандарын ашып көрсету;
әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерін талдау;
әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану;
кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін зерттеу;
әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыруды дамыту болашақтарын атап өту.
Жұмыстың дерек көздері. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі, әр жылдары жарық көрген кеден ісіне байланысты әдебиеттер, Қазақстан Республикасы кеден органдарының декларациясы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінің материалдары, Астана қаласы бойынша Кеден бақылау Департаменті негізіндегі материалдар пайдаланылды.
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының кеден ісіндегі кедендік субъектілері болып келеді.
Зерттеу пәні Қазақстанда кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру жолындарындағы негізгі мәселелері болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.