Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КІРІСПЕ.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
83.53 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Мен 01.06.2014-05.07.2014 аралығында АО <<Вокзал Сервис>>Северный региональный филиал кәсіптік тәжірбиеден өттім .Ол мекемеден көптеген өзіме керекті материялдармен тәжірбие жинадым .Мекеме өз тарихында бұрғылау мекемесінің компютерлік, инженерлік бөлігі юолып есептеледі.Кәсіпорын қызметінің барлық салаларының жұмысын қамтиды және керекті шараларды ұйымдастырады, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негізгі процесстерді, тұтынуды таратуды айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы басқару және көрсету үшін компьютерлік қамтамасыз ету жүйесі ең басты орын алады.

Қазіргі заман талаптарына байланысты есептеуіш техника құралдары дамып,біздің күнделікті өмірімізде тәжірибелерде кеңінен қолданылады. Жобалау мен бағдарламалау тілдері күннен күнге қиындап, саны көбею үстінде.

Бағдарламалық қамсыздандыру біздің өміріміздің бір бөлігі болып қалыптасып кетті. Компьютерлердіру қазіргі барлық қызмет салаларында қолданылады.

Біздің ғасыр-ақпараттық технологиясы менкомпьютерлердіруғасыры. Есептеуіш техника болашақ өмірге айналадағылардың біреуін де қалдырмай, үлкен қадамдармен аттануда. Адамның жеделдетілген іс-әрекеті саласын есептеуіш техникасыз елестетуге болмайды.

Ақпараттық жүйелер өзінің қызметіне, архитектурасы, жүзеге асыру бойынша әртүрлі болады. Олардың барлығына ортақ қасиет:

  • ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу, сақтау, жинау үшін арналған, сондықтан олардың әрқайсысының негізіне деректерге дәлел жол ашықтығы мен сақтау ортасы енгізіледі;

  • ақпараттық жүйелер есептеуіш техникасын қолданған кезде оларды жоғарғы мамандықты иеленбейтин сонғы қолданушыға бағытталған.

Сондықтан тапсырыс берушінің ұсыныстарындағы ақпараттық сызбалар интерфейспен оңай жүзеге асырылады, ал соңғы қолданушы қызмет жұмысы үшін қажеттіліктің барлығын ұсынылады, сонымен бірге оған қандайда бір артық әрекеттерді орындауға да мүмкіндік берілді.

1 Өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері

Еліміздің Президенті халқына жолдауында "Қазақстан 2030", "Кәсіп қойлық, отаншылдық, ұзақ мерзімді міндеттер қоюға қабілеттілік, оларды жаңа жағдайда шеше алатын білімділік пен жігерлілік - кадрларды іріктеу мен жоғарлатудың басты өлшемдері" - деп көрсеткен.

Осыған байланысты жоғары мамандандырылған мамандарды даярлау, оқыту, уйрету маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған "Білім туралы" заңында "Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар мен жұмысшылар даярлаудың бір бөлігі болып табылады және білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінде алынған білімді бекітуге практикалық дағдылар алу мен озық тәжірибені меңгеруге бағытталған" деп көрсетілген.

1. жыл сайын мекемелермен, ұйымдармен және мектептермен тәжірибе базасы ретінде келісім орнатылады, келесі күнтізбе жылына және оқу жылының басына дейін практика базаларымен келісіп, студенттердің практика өту күнтізбелік кестесі жасалады;

2. тәжірибе жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер және тәжірбиелі және мамандық ерекшеліктерін және практика базасының қызметін жақсы білетін оқытушылар тағайындалады;

3. студенттер практика өтетін кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және тәжірибеленушілерді тәжірибе бағдарламасымен қамтамасыз етеді;

4. ұйымға және студенттердің кәсіптік тәжірибеден өтеуіне және оның орындалу мерзімдері мен мазмұнына бақылау жасайды;

5. керек болған жағдайда тәжірибеге жіберілген студенттердің медициналық тексерулерін ұйымдастырады.

Студенттердің өндірістік практиканы өту мақсаты болып, алған теоретикалық білімдердің негізінде кәсіби білімдер мен дағдыларды қалыптастыру табылады. "Ақпараттық жүйе" мамандығы бойынша студенттердің өндірістік практикасының міндеттері болып келесілер табылады: осы бағдарламада көрсетілген жұмыстарды орындауды, студент өндірістік практиканы өтетін органның ұйымдық құрылымын және олардың қызметтік міндеттерін зерттеу мен талдауды, практикалық материалдарды жинау және талдау.

Тәжірибен өту кезде өз жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін студентке нұсқаулар:

- кәсіпорын іс-жүргізу кезінде басшылыққа алатын негізгі заңнамалық және нормативтік құжаттарды мамандармен бірлесе отырып меңгеру және талдау;

- іс-тәжірибе өтетін орынның Мемлекеттік мекеме туралы ережелерін меңгеру, сондай - ақ аталмыш мекеме өз қызметін соның шеңберінде және негізінде жүзеге асыратын қолданыстағы нұсқаулармен, әдістемелік ережелермен т.б. нормативтік актілермен танысуы тиіс;

- әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындардан тәжірибеден өткен жағдайда басқаратын субъектінің құрылтай және тіркеу құжаттарымен, сондай-ақ осы кәсіпорын қызметінің салалары мен түрлерін реттейтін ҚР заңдарымен және басқа да нормативтік - құқықтық актілермен танысуы тиіс;

- осы мекеме қызметінің көрсеткіш жүйесімен танысуы қажет.

Студент - тәжірибеленушінің құқығы:

1. тәжірибе бағдарламасымен және оның өткізілу кестесімен танысуға; 2. студент-практикантқа кәсіби жұмысшының тағайындалуын және оның студент –тәжірибеленушініңжұмысты орындау барысында оған бақылау жасап, күрделі жұмыстарда шешім көрсетуіне;

3. бағдарламада көрсетілмеген жұмыстарға қатыспауға;

4. мамандық бойынша айлық ақысы бар бос орынға жұмысқа тұруға құқығы бар.

Кәсіптік тәжіриде бойынша студент міндетті:

1. келіп түскен құжаттарды қабылдауды және тіркеуді білу, шығыс құжаттарды толтыруға;

2. кәсіптік қызметін жүзеге асыруда этикалық және рухани нормаларды сақтау, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас жасауға;

3. әр түрлі келісімдерді құруда икем-дағдылы болуы міндетті Тәжірбиленуші-студент:

1. тәжірбие үрдісінде туындаған сұрақтарды университет атынан тәжірибе жетекшісінен, әкімшіліктен сұрауына, өңдіріс (оқу-тәрбиелік) үрдісін жетілдіруге байланысты өз ұсыныстарын ұсынуға құқылы;

2. тәжірибе бағдарламасында көрсетілген жұмыстың барлық түрін атқарады;

3. мекеменің қоғамдық жұмысына белсенді түрде араласады;

4. мекеменің ішкі тәртіп-ережелеріне бағынады, әкімшілік және тәжірибе жетекшісінің айтқандарын орындайды;

5. күн сайын тәжірибеге қатысуға және жұмыстың барлық түріне 6 сағаттан кем емес уақыт өткізуіне міндетті.

Бүгінгі жағдайда маңызды міндет тек қана студенттің кәсіпорында тәжірибе жинауы ғана емес, сондай - ақ оның өзін-өзі дамыту және мәнсап құру технологияларын меңгеру болып табылады. Мұнда өндірістік тәжірибе студентке жұмысқа орналасу мәселесін шешуге көмектеседі. Мұндай формадағы тәжірибе студенттердің таңдау жасауға кеңес алу, мәселелерді негіздеу, теориялық материал жинау, талдау және бақылау кезеңдерін жасауғы негіз береді.

Сонымен, тәжірибе өтудің негізгі себебі – студенттерді оқыту сипатының қазіргі өмір талаптарына сәйкес келуі, түлектің университтен кейінгі бейімделуін қысқарту, жоғары оқу орнында меңгерген білімін жүйелеу, практикалық іскерлігі мен икем-дағдысын шыңдау.

Тәжірибе барысында студент жоғары оқу орнынан кейін жұмыс істейтін сала бойынша нақты міндеттерді таңдауға және негізді түрде шешуге дағдылануы тиіс, сонымен қатар сол кәсіпорынның болашақ қызметкері ретінде өзін көрсетіп, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбек нарығында өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]