Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 лекция по РЦБ КАЗЭУ.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
165.89 Кб
Скачать

2. Облигациялардың түрлері

Жай акциялар тәрізді облигациялар да иесі ұсынушы және атаулы (тіркелетін) болып екіге бөлінеді. Иесі ұсынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді, ол бойынша проценттік табыс облигацияны ұсынушы субъектке төленеді. Ондай облигациялардың әрқашан купондық парағы болады. Проценттік өсім төлейтін күні облигация иесі купонды қиып алып, оны өтеуге тапсырады. Ал атаулы облигациялардың иесі қоғамда тіркеуден өтеді. Қоғам проценттік өсім төлейтін күні оларға процент алу үшін чек толтырып береді.

Займның мерзіміне қарай қоғам облигациялары:

• қысқа мерзімді – 1 жылдан 3 жылға;

• орта мерзімді – 3 жылдан 7 жылға;

• ұзақ мерзімді – 7-ден көп жылдарға дейін шығарылған болып үшке бөлінеді.

Қоғам облигациялары сонымен қатар купондық кірісті төлеу жөнінен де бөлінеді:

Біріншіден, купондық төлем мөлшері нақты бекітілген облигациялар. Олар уақытынан бұрын кейін қайтарылып алынуы мүмкін.

Екіншіден, купондық төлем мөлшері өзгермелі облигациялар. Бұл типті облигациялардың ерекшелігі – оның купондық төлем мөлшері ақша нарығындағы негізгі төлем мөлшеріне байланысты өзгереді. Бірақ, өзгермелі курсты облигация ұстаушы, қоғам жарғысында көрсетілгендей, өз мүддесін несие берушілердің ең соңында жүзеге асырады.

Үшіншіден, купоны нольге тең облигациялар. Бұл типті облигациялардың айырмашылығы – олар бірінші орналасқанда номиналынан төмен бағамен (эмиссиялық бағамен), ал өтелгенде – номиналымен сатылады. Басқа сөзбен айтқанда, облигация ұстаушы проценттік табысты облигацияның айналым мерзімі аяқталғасын алады.

Облигациялар айырбасталатын және жай облигациялар болып та бөлінеді. Айырбасталатын облигациялар артықшылықты акцияларға өте ұқсас. Олар келісімге сәйкес осы қоғамның артықшылықты немесе жай акцияларына айырбасталуына мүмкіндігі бар. Бұл айырбасталатын облигациялар инвестордың қызығушылығын арттырады. Ал жай облигациялардың бұндай құқығы жоқ.

3. Акция мен облигацияның айырмашылығы

Облигация да акция сияқты қоғамды инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңыздылары мыналар:

1. Облигация ұстаушы қоғамға несие беруші, ал облигация – қоғамды несиелеудің куәлігі. Акционер қоғамды меншіктенуші. Ал акция сол меншіктеудің куәлігі тәрізді.

2. Облигация ұстаушыға процент түрінде табыс төленеді. Оның мөлшері алдын ала бекітіліп, нақты анықталады. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша процент басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді. Қоғамның процентті уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең. Акционер де дивиденд түрінде табыс алады. Бірақ дивидендтің мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді. Егер қоғам дивиденд төлеу туралы хабарламаса, демек, төлегісі келмесе, онда акционер қоғамға қарсы ешқандай шара қолдана алмайды.

3. Басқа несие беруші сияқты, облигация ұстаушының дауыс беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, қоғамды басқаруға да қатыспайды. Оған керісінше, акция иесінің қоғамның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар.

4. Облигация бойынша табыс төлеу қоғамның шығынын құрайды. Ол салық төлегеннен қалған пайдадан төленеді. Ал дивиденд те қоғамның таза пайдасынан өтеледі.

Бағалы қағаздардың тұрақты пайыздық табысы келесі формула арқылы табылады:

Номиналды пайыз

Табыс = Эмиссиялық курс * 100%

Табыс арнайы айналатын тираждық ұтыс немесе купонды төлеу жолымен беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]