Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.10 здік жмысты орын. арнал. матер..doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
141.82 Кб
Скачать

3.10 Білім алушының өздік жұмысына арналған материалдар.

1 – сабақ

1-тапсырма. Даналық сөздерді жаттап алыңыз.

1. «Ұлттың тілі кеми бастауы, оның құри бастағанын көрсетеді» (М.Жұмабаев).

2. «Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге дайынмын» (Р.Гамзатов).

3. «Тілді жеке адам жасай алмайды, оның түпкі иесі – халық» (В.Г.Белинский).

4. «Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды» (А.Құнанбаев).

5. «Тіл-ұлттың жаны. Тіл идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі» (Л.Н.Толстой).

2 – тапсырма. Өлең жаттайық. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүрсін.

Ананың тілі –аяулы үні

Сөзі: Ш.Смаханұлы.

Әні: Ә. Тінәлиев.

Өмірге келдім,

Анамды көрдім

Деді ол: «Жаным»,

Арайлы таңым.

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай,

Бал тілін маған.

Қайырмасы:

Анамның тілі –айбыным менің,

Анамның тілі-Ай,Күнім менің.

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі өмірді думан.

Мектепке келдім,

Ұстазды көрдім.

Тыңдадым сөзін,

Табынып, сүйіп.

Анамның тілі-

Аяулы үні.

Журекке нұрын

Жіберді құйіп.

Қайырмасы.

Көңілге көрік,

Өмірге серік.

Әсем ән-жыр,

Қайрат, қуатым.

Сөйлесем мыңға,

Өрлесем шыңға.

Анамның тілі-

Асыл мұратым.

Қайырмасы.

2-сабақ

Тапсырма. 1.Ежелгі қалалар( Отырар, Түркістан, Тараз, Сайран, Сығанақ) мәдениеті туралы реферат әзірлеу.

2. Ел ордасы – Астана. Астана қаласының көзтартарлық орындарын әңгімелеу.

3. «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына шығарма жазу

3-сабақ

Тапсырма. Қызыл кітапқа енген ұлттық байлықтары болып саналатын қорықтар жайлы мағлумат беру.

4-сабақ

Тапсырма. Ғалым А.Л.Карпинскийдің тезисін оқыңдар, оны сұхбат құруға пайдаланыңдар.

Су- ең пайдалы қазба. Су тек қана минералды шикізат. Ол өндірісті, ауыл шаруашылығын дамыту құралы ғана емес. Су- мәдениет жолаушысы, өмір жоқ жерге өмір беретін жанды қан.

Тапсырма. Мәтінмен жұмыс жүргізу.

Арал тағдыры

60- жылдардан Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шару ашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90 % - дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6млн. га-ға кеміп, өзінің 60 % көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 метрге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км, ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырықтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климатың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстурлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша Арал дуние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған. Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм жәнеҚызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.

Дуние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулулығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері – Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.

60- жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендерінің суы күрт кеміп кеткен.

Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен.

5-сабақ

Тапсырма.

Қазақстандағы туризмнің дамуы. Пікірталас.

Тапсырма.

Бурабай- жер жаннаты. Шығарма жазыңыз.

6-сабақ

Мәтінді оқып, мазмұндаңыз