Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
282
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

20)Бюджет тапшылығы және оны жабудың амалдары

Бекітілген, нақтыланған жəне түзетілген республикалық жəне жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Теріс белгімен алынған шама республикалық жəне жергілікті бюджеттердің тапшылығы, оң белгімен алынған шама – профициті б.т. Тапшылықтың едəуір əрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары: мемлекеттік қарыздар шығару; кредиттік ресурстарды пайдалану. Тапшылықты азайту немесе оны жою мақсатымен секвестр – ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланылады. Бюджет тапшылығын пайда болу себептеріне қарай сыныптайды. Елдің бюджет құрылысына қарай республикалық, жергілікті тапшылықтарын; пайда болу себептеріне қарай төтенше тапшылықты, дағдарысқа қарсы тапшылықты, дағдарыстан кейінгі тапшылықты; экономикалық мазмұны мен ықпал ету бағытына қарай активті жəне пассивті бюджет тапшылықтарын; Пайда болу сипаты бойынша бюджеттің кездейсоқтық (кассалық) жəне ақиқаттық (бюджет) тапшылығын; ұзақтығы бойынша бюджет тапшылығын созылмалы (жүйелі) жəне уақытша (дүркін-дүркін) тапшылыққа ажыратады. Тапшылықты қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды іздестіру. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары: 1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс əлуметтік-экономикалық салдар- лары болатын инфляцияға жеткізеді. 2.Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер жəне т.б. қатысады. 3.Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валютақоры, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді. 4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады. Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға не- гізделеді. 1. Жыл сайын баланстандырылатын бюджет - фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Бюджетті теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы жəне халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы не бұл екі əрекетті де жүзеге асыруы қажет. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс. 2. Циклдік негізде баланстандырылатын бюджет. Бұл тұжырымдамаға сəйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді жəне шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат жəне экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. 3. Қаржының функциялық тұжырымдамасының мақсаты макроэко- номикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мəселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұқсат етіледі. 2015 жылғы бюджет тапшылығы 259 млрд 414 млн. теңгеге немесе Жалпы ішкі өнімге 3 пайызға дейін ұлғайтылады. 2015-2017 бюджет туралы занга сайкес кырыс 6 216 млрд тг, шыгыс 7080 млрд тг. дефицит – -997 млрд тенге н/е 2,2 % ЖІӨ-ге