Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
281
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

115)Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы

Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.                                        

У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады.

Нақтылық инвестиция дегеніміз ― бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық­өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар, шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.   

Қандай да бір  кәсіпкер  құрылысты  салу үшін  қаржы керек етеді.  Мұндай жағдайда  құрылыс  нақты  инвестицияның  объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін  өзінің  акцияларын  шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің  құрылысқа салған салымы  нақты инвестиция, ал қатысушының  акцияны сатып алуға  жұмсаған шығыны  қаржылық  инвестиция болып саналады.

Жоғарыда аталған  инвестицияның  қай түрінің болмасын  алдына қойған мақсаты  салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін  өнімдердің, дайындалатын  бұйымдардың   сапасын барынша  жақсарту, яғни олардың халықаралық стандартқа  сай етіп  сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске  жаңа техникалар мен  технологияны  қолдану  арқылы  табыс табу болып табылады.

Қаржылық  инвестициялар  иелену  мерзіміне   қарай мынадай  категорияларға жіктеледі: а)  қысқа мерзімдік – иелену  мерзімі  бір жылға дейін; ә)  ұзақ  мерзімдік – иелену  мерзімі  бір жылдан  артық.

Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды  иеленуші  субъектілер  ұзақ мерзімдік  ретінде  есептейді.     

Қаржылық инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланғанкапиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай-­ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.

Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын баска да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ак, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Каржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (кұнды) кағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) кағаздар екі топка бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинак сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдык (атаулы) кұнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен калыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытқа) беріледі.

Қаржылық   инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен  байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының  комиссиондық төлемдері кіреді.

Құнды кағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған кұнының   арасындағы айырмашылыктары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уакыт ішінде амортизацияланады.       

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар   бухгалтерлік баланста: не  ағымдағы құнымен,  не сатып алу құнымен немесе ағымдағы кұнының ең  төменгі бағасымен есептелінеді.

Егер де қысқа мерзімді   қаржылық  инвестиция ағымдағы (нарыктық) құнымен  есептелінсе, онда тұрақты   түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның  котировкасы  сияқты.

Қыска мерзімді  қаржылық  инвестиция  өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.

Егер де  қыска мерзімді  қаржылық   инвестиция ағымдағы немесе сатып алу кұнының ең   төменгі бағасымен алынса, онда оның  баланстық құнын   келесі негізде аныктайды:жалпы қоржындық  (портфельдік) жиынтығымен;инвестицияның  түрі бойынша  қоржындық  жиынтығымен;жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.

Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан  жоғары болса, онда олардың   айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда —  табыс ретінде танылады.

Корпорацияның қаржылық жоспарлануының сыныпталуы. Қаржылық жоспарлау әдістері.

Қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылады. Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжатына- қаржылық жоспар жатады. Қаржы жоспары – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің,  салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай  қорларын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Қаржылық жоспарлаудың жүйесіне жоспарлаудың көптеген түрлері (бастапқы, жиынтық қаржылық жоспарлар) кіреді. Бастапқы қаржылық жоспарларға мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың қаржылық жоспарының сметасы кіреді.  Жинақты қаржылық жоспарларға  жалпы мемлекеттік, аумақтық, салалық жоспарлар кіреді.  Жалпы мемлекеттік жоспарларға: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы және мемлекеттік бюджет жатады. Салалық қаржылық жоспарларға: министрліктердің кірістері мен шығыстарының балансы, материалдық өндіріс салаларының балансы, қоғамдық ұйымдардың қаржылық жоспары кіреді. Аумақтық қаржылық жоспарларға: аймақтардың  жиынтық қаржылық жоспары, жергілікті бюджет, сәйкес аумақтардың қоғамдық ұйымдарының жоспарлары жатады. Уақыт кезеңіне байланысты қаржылық жоспарлау жылдық, орта мерзімдік  (үш -бес жылдық) және ұзақ мерзімдік қаржылық жоспарлауға бөлінеді. Бүгінгі таңда жылдық мерзімде аталған жоспарлардың барлығы да дайындалады. Материалдық өндіріс аясында қаржылық жоспарлар кірістер мен шығыстардың балансы деп аталып, төрт бөлімнен тұрады: 1.Кірістер мен түсімдер 2.Шығындар мен ақшалай аударымдар 3.Бюджеттік төлемдер 4.Бюджеттік аударымдар Баланстың бірінші бөліміне: таза кіріс, амортизациялық аударымдар, банктердің ұзақ мерзімдік несиелері, жинақ қорларының қаржылары,өнімді өткізуден түскен түсім, салықтық түсімдер, акциздік салықтар көлемі,  бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім, айналым қаржаттарының өсімі жатады. Аз көлемдегі айналым қаржылары бар шаруашылық субъектлер екі бөлімді қаржылық жоспарды: кірісті және шығысты дайындайды.

Қаржыныжоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:

1. Есеп-қисаптық-талдамалық әдіс. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардыңдинамикасынбелгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есептікезеңніңжетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндайтәртіптіңайтарлықтай кемшіліктері бар:

  • мүмкін болатын ішкі шаруашылықтық резервтерді анықтауды есепкеалмайды;

  • материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлеміқол жеткен деңгейге қарай анықталады.

2. Сараптық бағалауларәдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың - сарапшылардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

3. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлықаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізіндеесептепшығарылады.

4. Баланстықәдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарынсақтаукәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерінанықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.

5. Бағдарламалық мақсаттыәдіс әр түрлі деңгейлерде - жалпыұлттық, салалық, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми-техникалықбағдарламаларнегізіндегі қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде рынок жағдайларында дамып отыр. Қаржылық бағдарламалау - бағдарламалық-мақсатты әдісті пайдаланатын қаржылық жоспарлау әдісі, оның негізіне айқын тұжырымдалғанмақсаттармен оған жету құралдары қойылған: басымдықтарды белгілеу, қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арттыру, баламалы нұсқаны таңдауға сәйкес қаржыландыруды тоқтату.

6. Экономикалық математикалық әдістер ЭВМ-ді пайдалана отырып есеп-қисаптардың көп нұсқалылығы жағдайларында ең жақсы шешімдердітаңдау үшін қолданылады.

Қаржылықжоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық,аумақтықжәне предметтік-мақсатты.

116)Негізгі капиталға инвестициялардың түрлері және түсінігі. Инвестициялық үдерісті қаржыландыру көздері.Негізгі қорлардың ұдайы жаңғыртылуын инвестициялау арқылы жүзеге асырылады. Инвестициялар-компанияның активтерін және табыстарын арттыру мақсатындағы ұзақ мерзімді қаржы шығындарының, еңбек және материалдық ресурстарының жиынтығы.Инвестициялар мыналарға бөлінеді:

Тікелей, қаржылық, венчурлық.

Тікелей инвестициялар- өндірістік және өндірістік емес арналымдағы негізгі қорларды құруға және ұдайы өндіріске салынған салымдар. Тікелей инвестициялар негізгі қорларды салу, кеңейту, машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдарын және т.б. сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда аталғандардың барлығы капитал салымының құрылымы ретінде қарастырылады. Қаржылық инвестициялар шығындары басқа кәсіпорындардың жарғылық қорына үлестік қатысуы арқылы бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру болып табылады. Венчурлық инвестициялар-салынған қаражаттардың жылдам өтемділігіне есептелген қаражаттар. Тәуекелді капитал салымдары тәуелсіз кіші инновациялық фирмаларды қаржыландыру жаңа технологияларға байланысты зерттеулер жүргізу барысында орын алады.

Инвестициялық қызметтің субъектілеріне: инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмыс орындаушылары, инвестициялық қызмет объектілерін пайдаланушылар, қаржылық сипаттағы заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар да, сондай-ақ мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар жатады. Инвесторлар меншікті, қарыз және тартылған қаражаттарын инвестиция салымдары ретінде жүзеге асырады және олардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді.

Инвестициялық қызметтің объектілері: барлық экономика салаларында қайта құрылған және модернизацияланған негізгі қорлар, бағалы қағаздар, мақсатты ақша салымдары, ғылыми техникалық өнім және басқа да меншік объектілері, мүліктік құқықтар және интеллектуалды меншік құқықтары болып табылады.

Инвестицияларды қаржыландырудың көздеріне меншікті, қарыз және тартылған қаражаттар жатады. Қаржыландырудың меншікті көздеріне амортизация-қызмет ету мерзімі ішінде активтердің амортизациялық құнын жүйелі қайта бөлу сипатындағы тозудың құндық сипаты. Инвестицияны қаржыландырудың меншікті көздеріне сондай-ақ кәсіпорынды ұйымдастыру кезіндегі жарғылық қор қаражаттарының капиталы жатады. Қаржыландырудың келесі көздеріне негізгі қызметтен түскен пайда, басқа да қосымша бағалы қағаздарды эмиссиялау, сондай-ақ жоғары тұрған буыннан келіп түскен қаражаттар жатады.

Инвестицияны қаржыландырудың көзі банктердің ұзақ мерзімді кредиттері де болуы мүмкін. Мемлекеттік кәсіпорындар бойынша қаржыландыру көзі бюджеттік ассигнациялар болуы мүмкін. Инвестицияны қаржыландыру көзі анықталғаннан кейін жоспарлы жылдың инвестициялық жоспары жасалынады.

117)Негізгі қорлардың құрамы мен құрлымы, Негізгі қорларды қолданудың тиімділік көрсеткіштері.Бухгалтерлік есептің әдістемелік нұсқауларына сәйкес негізгі қорларға 1 жылдан астам уақыт қызмет ететін және құны 50 АЕК-тен жоғары материалдық активтер жаталды деп көрсетілген. Негізгі қорларға:

- жылжымайтын мүлік, жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар жермен тығыз байланысты көп жылдық егілімдер;

- жылжымалы мүлік, көлік құралдар, ірі жұмыс және өнім малы, арнайы құралдар және т.б. жатады.

Негізгі қорлар бастапқы құны бойынша, яғни сатып алынған, дайындалған немесе құрылыс құны бойынша бағаланады. Негізгі қорларды іске қосу барысында олар тозады және амортизацияға жатқызылады, яғни қызмет ету мерзімі барысында олардың құны шегеріліп қайта қалпына келтіріледі. Бастапқы құн да, қалпына келтіру құны да негізгі қорлардың баланстық құны болып табылады. Инфляциялық үрдіске байланысты негізгі қорлардың нақты құнын анықтау мақсатында кәсіпорындар негізгі қорларды қайта бағалауды жүзеге асырады, сондықтан әр 4-5 жыл сайын жылдың бірінші күні кәсіпорындар негізгі қорларды өздігінен қайта бағалауы қажет. Негізгі қорлардың құрылымы кәсіпорынның қызмет ету саласына байланысты. Негізгі қорлардың жағдайы туралы оларды іске қосу мен оларды істен шығу коэффиценттері арқылы шешім қабылдауға болады. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі құндық көрсеткіштермен анықталады:

  1. Қор қайтарымдылығы-өткізілетін өнім соммасының негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады:

  2. Қор сыйымдылығы- қор қайтарымдылығына қарама-қарсы көрсеткіш. Негізгі қорлардың орташа жылдық құнының өткізілген өнімнің құнына қатынасы ретінде анықталады;

  3. Қормен жарақтандырылу- негізгі қорлардың орташа жылдық құнының жұмысшылардың орташа санына қатынасы ретінде анықталады.

Негізгі қорларды қолдану тиімділігінің маңызды факторлары: ауыспалылық коэффицентінің жоғарлауы, жаңа технологияларды енгізу, жоспардан тыс құралдарды істен шығару, ескірген құрылғыларды жаңарту және модернизациялау, өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеуі, ақауларды жою және т.б.

118)Несие жүйесі: түсінігі, құрылымы және қатысушылары - Несие жүйесі түсінігі. Несие жүйесінің негізгі құрылымдық элементтері.Несие жүйесі – жалпы банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы. Несие жүйесі – бұл несие қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші несие мекемелерінің желісі. Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа несиелік мекемелердің, несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдерінің жиынтығымен сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастырудың екі жүйесі бар: банктік және банктік емес институтар шеңберінде. Сәйкесінше несиелік жүйенің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік мекемелер және мамандандырылған несие – қаржы мекемелері. Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Несие жүйесінің ролі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік салымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік ссудалардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б. Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әртүрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды. Бірақ несилік қатынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік құнға, яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем құралдарының қосымша массасы қалыптасады.