Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpshk.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
52.46 Кб
Скачать

43) Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу тәртібі

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін:

- тіркеу органы белгілеген нысан бойынша өтінішін;

- дара кәсіпкерді тіркегені үшін алым сомасын (2 айлық есептік көрсеткіш 2 * 1618тг =3236тг.) бюджетке төлегенін растайтын құжатын, жеке куәлігінің көшірмесін, жеке тұлғаның СТН (РНН) тіркеу органына ұсынады.

Ал тіркеу органы құжаттарды ұсынған күннен кейінгі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуден өткізеді. Егер өтініште басқаша мерзім көрсетілмесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз беріледі. Осыдан кейін мөр дайындалады, банктен шот ашылады, қажет болған жағдайда лицензия алынады.

Егер кәсіпкерлік қызмет лицензиялауға жататын болса кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы оған лицензиясыз қызмет ету құқығын бермейді және мұндай қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға міндетті. Қазақстан Республикасының Үкіметі дара кәсіпкерлерге лицензиялар берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы.

44) Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік сипаттамалары

Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар – есеп беру жылы жұмыскерлердің (қосымша істеушілерсіз) тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын,өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілгензаңды тұлғалар.

«Шағын бизнес» кәсіпорындары – мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар):

  • жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адмға дейін;

  • активтердің жылдық орташа жалпы құны 60000 есе есептік көрсеткіштен аспайтын;

  • мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар:

  • толық серіктестік;

  • сенім серіктестігі;

  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

  • қосымша жауапкершілікті серіктестік;

  • өндірістік кооператив.

Шағын бизнестің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субьектілері бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады:

  • белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған;

  • жаңа, яғнитаяудағанатіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған;

  • уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]