- •1) Бәсеке түсінігі және оның функциялары
- •2) Бәсекенің жіктелуі және түрлері
- •3) Еркін бәсеке және реттелетін бәсеке (мысалдар келтіріңіз)
- •4) Бағалық және бағадан тыс бәсеке (мысалдар келтіріңіз)
- •5) Олигополия және монополия (мысалдар келтіріңіз)
- •6) Бәсекелік артықшылық және оның пайда болу көздері
- •7) Экономикалық факторларға негізделген бәсекелік артықшылық
- •8) Нормативтік құқықтық актілерге негізделген бәсекелік артықшылық
- •15) Демографиялық факторларға негізделген бәсекелік артықшылық
- •16) Құқықтық емес сипаттағы бәсекелік артықшылық
- •17) Ұлттық экономика және оның мақсаттары
- •18) Ұлттық экономика құрылымы және оның түрлерін сипаттаңыз
- •19) Ұлттық экономикадағы мемлекеттің орны мен рөлі
- •20) Макроэкономикалық жоспарлау және жоспарды құрудың негізгі сатылары
- •21) Экономика салалары және олардың сипаттамасы
- •22) Кәсіпкерлік түсінігі және олардың жіктелуі
- •23) Кәсіпкерліктің көлеміне қарай жіктелуі және олардың сипаттамасы
- •24) Шаруашылық серіктестік және оның түрлері
- •25) Толық серіктестік және оның ерекшеліктері
- •26) Сенім серіктестігі және оның ерекшеліктері
- •27) Жшс және оның ерекшеліктері
- •28) Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және оның ерекшеліктері
- •29) Өндірістік кооператив және оның ерекшеліктері
- •30) Акционерлік қоғам және оның ерекшеліктері
- •31) Ұлттық компания және ұлттық холдинг түсініктері,олардың айырмашылықтары
- •32) Ұлттық даму институттары және олардың түрлері
- •33) Концерн және оның сипаттамасы
- •34) Консорциум және оның сипаттамасы
- •35) Картель және оған тән белгілер
- •36) Синдикат және пул: сипаттамасы және айырмашылықтары
- •37) Трест, қаржылық өнеркәсіптік топтардың сипаттамасы
- •38) Жеке кәсіпорынды құру тәртібі Жеке кәсіпорынды құру тәртібі
- •39) Жеке кәсіпорынды тарату тәртібі
- •40) Дара кәсіпкерлік және оның түрлері
- •41) Өзіндік және бірлескен кәсіпкерліктің сипаттамалары
- •42) Дара кәсіпкерлікті тіркеу әдістерін сипаттаңыз
- •43) Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу тәртібі
- •44) Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік сипаттамалары
шаруашылық субъектілерінің арасындағы өте маңызды қатынастарды реттеуші құқықтық;
Өндірістік процестердің қалыпты қызмет жасауын қамтамасыз ететін ұдайы өндірістік –технологиялық;
монополияға қарсы іс-әрекет пен бәсекені қолдауға бағытталған бәсекені қорғау қызметі;
тұрақтандыру қызметі – Үкіметтің ұлттық экономиканың негізгі мақсаттарына жетуге бағытталған іс-әрекеттері;
болжамдық қызмет – экономиканың дамуын болжау негізінде дамудың басым бағыттарын анықтау;
реттеуші қызмет – нарықтық экономика қызметтерінің жағымсыз салдарын мейлінше азайту.
20) Макроэкономикалық жоспарлау және жоспарды құрудың негізгі сатылары
Макроэкономикалық жоспарлау – экономикалық жүйе шеңберінде шараларды дайындауға және іске асыруға бағытталған ұйымдастырылған қызметтер.
Жоспарды құрудың негізгі сатылары:
экономикалық саясаттың құралдарын анықтау;
экономиканың қызмет ету механизмдері мен құрылымын анықтау;
дамудың басымдықты жүйелерін құру;
сыртқы параметрлерді болжау;
экономикалық саясаттың ең үздік құралын таңдау.
21) Экономика салалары және олардың сипаттамасы
Экономиканың салалық бөлінуі қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының, тарихи үдеріс нәтижесі болып табылады.
Әрбір мамандандырылған салалар өз кезегінде кешенді салалар мен өндіріс түрлеріне бөлінеді. Өнеркәсіп құрамында мысалы, электр энергетикасы, жылу өнеркәсібі, қара металлургия, химия және мұнай химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, орман, целлюлозды – қағаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі және өзге де салалар сияқты 15-тен астам ірі салалар бар. Ауыл шаруашылығында сәйкесінше: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, жем өндірісі және өзге де салалар.
22) Кәсіпкерлік түсінігі және олардың жіктелуі
Дара кәсіпкерлік дегеніміз азаматтардың немесе жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асырылатын табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.
Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне тиесілі мүлік негізінде, сол мүлікті пайдалану және оған билік ету құқығымен дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар немесе бірнеше дара кәсіпкерлер өздеріне тиесілі ортақ мүлік негізінде, мүлікті бірлесіп пайдалану және билік ету құқығымен жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда болуы мүмкін:
ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе отбасылық кәсіпкерлік;
ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.
23) Кәсіпкерліктің көлеміне қарай жіктелуі және олардың сипаттамасы
кәсіпкерлік субъектілеріне дара кәсіпкерлікпен қатар мынадай ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар да жатқызылады:
толық серіктестік;
сенім (коммандитті серіктестік) серіктестігі;
жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
өндірістік кооператив.
24) Шаруашылық серіктестік және оның түрлері
Шаруашылық серіктестік деп жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйымды айтамыз. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім (командиттік) серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрыла алады.
Шаруашылық серіктестікті жеке және заңды тұлғалар құра алады, ал бір адам құрған жағдайда, ол оның бірден-бір қатысушысы болып табылады. Құрылтайшылар (қатысушылар) серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық және өзге де мүлікті енгізе алады.