Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Киім және киіну мәселесі

Егер біз өзімізге қандай киімнің ___________________, бір киіміміз бен екінші киіміміздің қалай үйлесетініне, өзімізге қандай фасон мен түстің қонымдылығына, ол киімді жылдың қай маусымында және қайда (мысалы, той-мерекеге, театр мен салтанатты жиындарға, жұмысқа, көшеде, ауыл арасында) киетінімізге___________________, әйтеуір, кең-тарлығын байқап қана дүкеннен сатып алып, ____________________, онда сөз жоқ, біз жақсы да әдемі киіне алмаған болар едік.

Киім оны киетін адам денесінің ерекшеліктеріне сай келуге, оның тұлғасының сұлулығын ашып, кемшіліктерін жасырып тұруға, адамның қызмет түрлеріне және өмір стилімізге үйлесіп келуі тиіс. Киімнің ______________ мен _______________ оны келісті етіп көрсетіп қана қоймайды, айналадағы адамдарды сыйлайтынын да көрсетеді, олармен қарым-қатынасына ұнамдылық дарытады.

Киім дүкенінде

Әр қалада дүкендер, әмбебап дүкендері, сауда үйлері болады. Сіздің өзіңізге бір зат алғыңыз келсе, сауда орталығына барасыз, өйткені мұнда балалардың ойыншығынан бастап, ине-жіпке дейін сатады. Бұл өте қолайлы, өйткені үйге қажетті заттарды бір-ақ жерден алуға болады.

Айгүл киімді «Сәнгүл» сауда үйінен сатып алады. «Сәнгүл» сауда үйі С.Сейфуллин көшесінде орналасқан. «Сәнгүл» сауда үйіндегі сатылымдағы киімдердің бағасы қымбат емес. Айгүл өзіне ұнаған киімдердің сапасына мән береді. Сауда үйі сағат тоғызда ашылып, кешкі алтыда жабылады.

Қазақстандык дизайнер Әлима Мұрзабекова

Жуырда Астана қаласында «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Әлима Мұрзабекованың «Әлима» сән үйі ашылды. Әлима – Еуропадағы ең алғашқы сән және дизайн саласындағы Марангони институтының түлегі. Миланда 1935 жылы негізі қаланған бұл институт Еуропадағы дизайн және сән әлеміндегі алғашқы жеке жоғары оқу орны болып табылады. Институт түлектері – бүкіл әлемге әйгілі модельерлер Domenico Dolce, Franco Moschino, Alessandra Facchinetti, Maurizio Pecoraro. Сонымен қоса, Prada, Hugo Boss, Armani, Yves Saint Laurent, Valentino, Gucci, Benetton, Calvin Klein, Versace, Trussardi секілді атақты компаниялар да аталмыш сән мектебінің негізінде қаланған.

2009 жылдың жазында фэшн-дизайнер мамандығы бойынша үздік диплом алған Әлима сол жылдың қазан айында Алматы қаласында өткен қазақстандық жоғары сән аптасының үздік дебютанты атанды. 2011 жылдың қаңтар айында 7-ші Қысқы Азия ойындарының қатысушылары үшін VIP- деңгейлі спорттық киімнің дизайнын жасаған сәнгерді әңгімеге тартқан едік.

Модельер болуға қызығушылығыңыз қай кезден басталды?

– Дизайнерлік қабілетімді байқаған анам «осы жолды таңда» деп ақыл берді. Сөйтіп, анамның сөзіне құлақ асып, үлкен сән әлеміне келген болатынмын.

Алғашқы көрсетіліміңіз қашан және қай жерде болды?

– Ең бірінші көрсетілімім 2009 жылы Италияның Милан қаласында өтті.

2011-2012 жылдарға арналған «Самғау елесі» күз-қыс топтамасын жасауға не түрткі болды?

– Ғарыш әлемі бүгінде өзекті тақырып-тардың бірі болып отыр. Жақында ғарышқа алғаш ұшқанымыздың 50 жылдығын атап өттік. Сонымен қатар, Джордж Лукастың «Бесінші элементі» мен «Жұлдызды соғыстар» секілді фильмдердегі кейіпкерлердің киімдері шабыт берді. Осыған орай, топтамамның негізгі бағытын айқындап, ғарыш тақырыбына арнадым.

Бүгінде қандай түстер ерекше сәнде?

– Менің топтамамның негізгі түстері – аспан көк, қара, қызыл, қанық көк және жасыл.

– Жаңа маусымда сәнге енетін қандай киім стилін айрықша атап өтесіз?

– Табиғи маталардан тігілген, кантри стиліндегі жылтыр көйлектер өзектілікке ие болмақ. Сонымен қоса, жаңа маусымда айқын, ашық түстерді үйлестіріп кию тенденциясы ұтымды.

Қандай маталарды қолданғанды ұнатасыз?

– Тек қана табиғи маталарды қолданамын. Синтетикадан тігілген киімдер топтамамда мүлдем жоқ.

Отандық сән әлемі қандай дәрежеде деп ойлайсыз?

– Сұрағыңыз қиындау екен. Менің ойымша отандық сән әлемі әлі де жоғары дәрежеге жете қойған жоқ. Ескеретін жайт – батыста сән осыдан 100 жыл бұрын пайда болды. Ал біз – жас мемлекетпіз. Сондықтан да, «көш жүре түзеледі» демекші, осы саладағы үлкен жетістіктеріміз әлі алда деп ойлаймын.

Отандық дизайнерлермен қарым-қатынасыңыз қандай, араласып тұрасыз ба?

– Таныспын, бірақ жақын, етене араласамын деп айта алмаймын. Әйткенмен, бір-бірімізді бәсекелес көрмей, достық қарым-қатынаста болсақ деген ниеттемін.

Қазақстандық дизайнерлердің ішінен кімнің есімін ерекше атай аласыз?

– Біздің елде де талантты модельерлердің бары анық. Дегенмен, ешкімнің есімін ерекше айта алмаймын.

Өзіңіздің сүйікті модельеріңіз кім?

– «Balenciaga» сән үйіне он жылдам астам уақытын арнаған француздық дизайнер Николя Гескьердің стилін ұнатамын. Ив Сен Лоранның бұрынғы еңбектерін, Альберта Ферреттиді және Кензо маркасына жұмыс жасайтын Антонио Маррастың еңбектерін үлгі тұтамын.

Күнделікті өмірде қандай киім стилін кигенді жақсы көресіз?

– Кэжуал, фристайл стилінде киінгенді жақсы көремін. Мәселен, джинсы, теріден тігілген күртелер, майка, ыңғайлы аяқ киім күнделікті жұмысқа ыңғайлы.

Алға қойған мақсатқа жету үшін не керек деп ойлайсыз?

– Алдымен, талант қажет, жақындарыңның қолдауы да маңызды. Сонымен қатар, ерекше ынта мен қабілет те керек деп есептеймін.

«Жұлдыздардан» киім үлгісін тігуге тапсырыстар түсті ме?

– Сән үйіміз енді ғана шаңырағын көтеріп жатқандықтан, ондай ұсыныстар түсе қойған жоқ. Әйткенмен, өткен жылы өткен сән апталығынан кейін қызығушылық танытқандар болды. Бірақ, уақыт тап-шылығына байланысты бас тартуға тура келді. Алдағы күндерде «жұлдыздарға» да арнап киімдер тігетін болармыз. Бұл жерде, «Әлима» сән үйінің тігін фабрикасы емес екенін естен шығармау қажет.

–Топтамаңыздағы киімдерді қайдан сатып алуға болады? Бағасы қанша?

– Сән үйімізден сатып ала аласыз. Бағалары барлығына дерлік қолжетімді деп айта алмаймын, дегенмен баға саясатын ұстануға тырысамыз.

Алдағы күндерге жоспарыңыз қандай?

– «Әлима» сән үйін көркейтіп, жақсы дәрежеге көтеру үшін аянбай жұмыс істеуге даярмын. Алға қойған басты мақсатым да осы. Болашақта еліміздің әр қаласында, сонымен қатар, Лондонда, Каирде, Милан қаласында бутиктерімді ашсам деген жоспарым бар. Шетелге барып, білім алуға мүмкіндігі жоқ жастарға дизайнерлерді даярлайтын арнайы мектеп ашып, осы саланың қыр-сырын үйретсем деймін.

Болашақта қандай сән үйлерімен серіктес болуды қалайсыз?

– Уақытында көре жатармыз. Бірақ, Антонио Маррас, Николя Гескьермен бірігіп жұмыс жасаудан бас тартпас едім.

9 практикалық сабақ. Біздің қала