Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Шаттыққа кенелген шаңырақ

Жүз жасау, жүзден асып ғұмыр кешу – екінің біріне бұйыра бермеген сирек құбылыс. Біздің шаһарда дәл осындай аузында Алласы, артында ұрпағына деген аманаты бар қазыналы қарттар жоқ емес. Бұл кісілер ғасырмен құрдас қариялар.

Жарты Өтегенов ақсақал 103-те, кемпірі Нұрғайша Қыдырова 95 жаста. Құлагер ықшамауданының тұрғындары атанып, қала басшысының қолынан пәтер кілтін алған қарияларға алла тағала 30 немересін, 20 шөбере неменесін,

2 туажатын көруге жазыпты. Бүгінде қариялардың күтімі жақсы, көңілдері сергек, жанға батар ауру-сырқаудан аман. Қазір үлкен қыздары Бишан апайдың қамқорлығында. Бишан апамыздың өзі 65-те екен.

-Апай, қоныс жайлы болсын! – дедім жаңа көршіме.

-Рахмет, айналайын, құдайы көршің боламын, есімім – Бишан, 103-те әкем, 95-те шешем бар, Иманғали баламыздың қолынан пәтер кілтін алып, қуанып жатырмыз, – деді әңгіме арасында.

- Әжей, өмірден не түйдіңіз, ұзақ ғұмыр кешудің сыры неде? – деп сұрақтарымды жаудыра жөнелдім. Әжей иығын көтеріп бір күліп алды да, өмір тарихынан қысқаша әңгімесін бастап кетті.

- Е, балам-ай, біз не көрмедік? Соғыстың зардабын да тарттық, талай қиыншылықты бастан өткердік қой ... Ең бастысы, жаратқанның маңдайымызға жазғанын көрдік. Ішер сусынымыз сары қымыз, жеген асымыз құнарлы болды. Таза ауамен тыныс алдық. Мінекей, бауырың бүтін, деніңнің сау болатынына осы нәрселер қажет, қарағым. Мынадай керегесі кең, еңселі, биік пәтер сыйлап, үлкен шаһарда табиядай тіршілік жасап жатқан қаланың басшылығына рахметіміз бен алғысымыз шексіз. Бақытты ғұмыр кешіңдер, айналайындар! - деп ақ батасын берді («Алматы Ақшамы»).

4 практикалық сабақ. Мінез және келбет.

Досыңды бағалай білесің бе?

- Бердібек «Менің атым - Қожада» өзінің өмірін айнытпай жазған. Шындығы сондай еді. Сабақты жақсы оқыды, зерек болды. Сонымен бірге тентектігі де бар еді. Кейін ойласам пысық балалардың барлығы тентек болады екен. Үзілісте ол тиіспейтін қыз қалмайтын.

Нарынқол төңірегіндегі Қостөбе деген жерде туып өскен еді, мектеп аудан орталығында ғана бар. Екеуіміз туыспыз. Әкеміз бізді Нарынқолдағы бір мұғалімнің үйіне әкеліп, орналастырады. Сол үйде бірге тұрып оқыдық. Бір қызық айтайын. Мұғаліміміз ауқатты тұрды, бір күні дәмді нан пісіріп қойыпты. Бердібек маған: «Бір нанды жеп алайық біле қоймас», – деді. Нанды ұрлап алып, сайға барып, бөліп жеп алдық. Мәзбіз. Қайтып келіп күндегідей тамағымызды іштік. Мұғалім де, жұбайы да жақсы кісілер еді, білсе де үндемеді.

Мектепті бітірген кезде қайда барамыз деп ақылдасып, арамызда Бердібек бар, үш-төрт бала бірігіп Панфилофтағы кәсіптік–техникалық училищеге түсеміз деп шешкенбіз. Бір күні ол аяқ астынан айнып, Алматыға кететін болды. Тағдырдың жазуымен сол кеткеннен үлкен жазушылық жолына түсті. Кейін де талай сырлас-сыйлас болдық, – деп еске алады соғыс және еңбек ардагері Әбдібақас Бүйенбаев ақсақал.

М.Шахановтың достық туралы бір үзік сыры

Рухтас, көңілдегі сырды көзбен ұғатын үш –төрт қана дос тауыппын. Маркстың мынадай ұстанымы бар: «Мен аз ғана адаммен дос боламын, бірақ ақырына дейін дос боламын», - деген. Менде де солай! Әрине, маған тілектестердің көп екені рас. Бала кезден бірге өскен Рысбек Тұрысбеков деген досым бар еді, ол қаза болды. Қалекеш Қарағұлов, Асан Таспанов деген достарым бар еді, олар да о дүниелік болып кетті.

Біреулер көз таныс, сәл-пәл ой бөліскен адамды да дос деп ойлайды. Достық – шын мәнінде махаббатпен тең тұратын талант. Ол ерекше қабілетті, ерекше талантты, ерекше жанкештілікті талап етеді. Сақтар дәуірінде өмірде бір досы жоқты адам деп есептемеген. Өйткені, досқа осалдық еткен адамдардың барлығы басқа мәселеде де осалдық етеді деп есептеген. Құдайға шүкір, өзге елдер де достарым бар.

5 практикалық сабақ. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Академик М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - Қазақстан Республикасындағы ең ірі білім беру, ғылыми зерттеу және мәдени орталықтарының бірі.

Университеттің тарихы Қазақ КСР Халық комиссариаттары кеңесінің 1937 жылғы қаулысымен Петропавл қаласында ашылған мұғалімдер институтынан басталады. Оның негізінде 1955 жылы Петропавл педагогика институты ашылды, ол 1994 жылы Солтүстік Қазақстан университеті (СҚУ) болып құрылды. 1996 жылы СҚУ-ға өңірімізде жоғары білімді инженер кадрларын даярлайтын Жоғары техникалық колледжі қосылды. 2001 жылы университетке мемлекеттік мәртебе (СҚМУ) берілді.

Университет қызметінің негізгі басымдықтары - ғылым мен практиканың интеграциясы, оқу үрдісіне ақпараттық жүйелерді, компьютерлік техниканы, спутниктік телевидениені, жаңа оқу технологиясын, осы заманғы зертханалар мен мультимедиалық, лингафондық сыныптарды енгізу, білім берудің үздіксіз сипаты, Қазақстан азаматын тәрбиелеу болып табылады.

СҚМУ- жоғары оқу орнына дейінгі, жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі жүйені қамтитын бірыңғай оқу-әдістемелік кешен. Білім сапасын жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді. Университетте ... академик, ... ғылым докторы, ... ғылым кандидаттары мен магистрлер еңбек етеді.

СҚМУ-да студенттердің білімдерін бағалаудың рейтингтік жүйесі, компьютерлік тестілеу енгізілген. Қашықтықтан білім беру жүйесін енгізу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Біздің университетте ғылыми-білім беру астрофизикалық орталығы бар. Оның құрамында Ричи-Кретьян жүйесіндегі 0,77 м. телескобымен жарақтандырылған обсерватория мен заманғы проекциялық қондырғысы бар планетарий кіреді. Жүзу бассейіні салынып жатыр. Бірнеше оқу ғимараты, өз жатақханалары бар. Университетте әскери кафедра жұмыс істейді. Әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған студенттерге «запастағы лейтенант» атағы беріледі.

СҚМУ Қазақстанның ең үздік көп салалы он жоғары оқу орынының қатарына кіреді. 2004 жылы 2 сәуірде Халықаралық қор (Женева) басқармасының шешіміне СҚМУ «Іскерлік практикадағы жоғары сапасы үшін» алтын медалімен марапатталды. Біздің университет 2005 жылы ҚР-дің 3 жоғары оқу орнымен бірге халықаралық көрмеге қатысып, мақтау қағазбен марапатталды. СҚМУ - «Бірлескен Европа», «Европалық сапа үшін» және «Сократ» атындағы марапаттардың иегері.

Студенттермен алмасу халықаралық қауымдастығына қатысу СҚМУ студенттеріне АҚШ-та, Германияда, Норвегияда, Тунисте, Финляндияда және басқа елдерде оқуға және өндірістік тәжрибеден өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шетел студентері де біздің университетте оқуда.

Университеттің үздік түлектері магистратура, аспирантура арқылы жоғары оқу орнынан кейінгі даярлық жүйесіне тартылады.

Мыңнан астам компьютерден тұратын осы заманғы компьютерлік парк университеттің бөлімшелерінің жұмысын және студенттердің оқу жүйесін қамтамасыз етеді. Интернетке шығуды қамтамасыз ететін NKZU NET корпоративтік компьютерлік жүйе жұмыс істейді, ол мектептердің компьютерлік сыныптарын универсиет жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Студентердің бос уақытын «Жас дәурен» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырады. Бұл бірлестіктің құрамында студенттер театрлары, хореография ансамблі, эстрадалық әндер клубы, т.б. шығармашылық ұжымдар бар. Ал спорт клубы студенттердің құрама командаларын өңірлік және халықаралық жарыстарға даярлайды.

СҚМУ-да «Парасат» телестудиясы жұмыс істейді. Апта сайын студенттердің «Парасат» газеті шығарылады. СҚМУ-дың тіл және әдебиет институты мен 8 факультетінде10 мыңнан астам студент білім алады.

2003 жылы 30 мамырда ҚР Үкіметінің қаулысымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.

CҚМУ кітапханасы.

Біздің университеттің кітапханасы – жоғары оқу орындары арасындағы ірі кітапханалардың бірі. Оның қорында миллионнан астам ғылыми, әдеби, тарихи, әдістемелік кітаптар мен оқулықтар бар. Оның ішінде екі мыңнан астам сирек кездесетін қымбат кітаптар бар. Кітапхана қоры жыл сайын орта есеппен 10 мың бірлікке толықтырылып отырады. Университетте бірнеше оқу залдары жұмыс істейді. Жыл сайын көптеген ғылыми-көпшілік, мәдени-ақпараттық түрлі газет-журналдар жазылып алынды.

Барлық кітапханалық үрдістер компьютерлендірілген. 2002 жылдан бері электрондық кітапхана жұмыс істей бастады. Компьютерлері интернетке қосылған электронды оқу залы бар.

Спорт кешендері

СҚМУ–дағы бес спортзал, екі тренажор залы, жүзу басейнінен тұратын спорттық–техникалық база білікті спортшыларды даярлауға және көпшілік спорттық шараларды өткізуге, студенттердің спортпен шұғылдануына толық мүмкіндік береді. Университет студенттері қатарынан әйгілі спортшы, екі Олимпиядалық ойындарға қатысушы В.Шақшақбаев конькимен сырғанау жарысынан жастар арасындағы әлемдік рекортты орындаған.

Ал, велоспорттан әлемге танымал А.Винокуров Азия чемпионы, боксшы К.Сафин КСРО халықтары спартакиадасында чемпион атанып, әлемдік жарыста күміс жүлдегер болған. В.Клепинин – олимпиадалық ойындарға қатысушы, республикамыздың коньки жарысынан чемпионы.

2009 жылы пайдалануға берілген жүзу бассейні университетіміздің мақтанышы.

Студенттер клубы

Солтүстік Қазақстан университетінің «Студенттер клубы» шығармашылық бірлестігі студенттердің бос уақытын өткізуді ұйымдастырумен айналысады. Оның құрамына «Пилигрим» және «Кривое зеркало» атты екі студенттік халық театры, «Шаңырақ» театры, хореографиялық ансамбль, дыбыс студиясы, көркем шеберхана кіреді. Студенттер клубының мынадай қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндіктері бар: музыкалық фонограммаларды даярлау, сахналық реквизиттер жасау, бутафорлар мен декорация жасау, сценарий таңдау, концерттер мен мерекелерді дайындау, шоу-бағдарламалар өткізу, түрлі сахналық қойылымдар әзірлеу және сахналық костюмдерді жалға беру.