Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Ұлы Жібек жолы.

Ұлы Жібек жолының тарихы біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан басталады. Ұлы Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі II ғасырдың орта тұсында елшіліктің және сауда-саттықтың негізгі желісі ретінде қызмет атқара бастады.

Алайда сан ғасырлар бойы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары тынымсыз өзгеріп отырған, ғасырлар өткен сайын кейбір жолдар мен бағыттар жабылып жатса, екінші бір тармақтар айрықша маңыз алып отырған. Мәселен, VI-VIII ғасырларда негізгі күре жол Сирия-Иран-Орта Азия-Оңтүстік Қазақстан-Талас алқабы-Шу алқабы-Ыстықкөл шұңқыры- Шығыс Түркістан болған. Осы жолдың тағы бір саласы Визатиядан шығып, Дербент арқылы Маңғыстау мен Арал өңірінен өтіп, Оңтүстік Қазақстанға жеткен. VI ғасырдың соңғы кезінде бұл бағыт мейлінше жанданып, осы аймақта қалалардың салынуына көмегін тигізеді. Қазақ жеріндегі аса ірі қалалардың бірі – Тараз VI ғасырда белгілі болған. Сырдария бойын қуалай жүретін керуен жолы үстіндегі ірі қалалардың тағы бірі – Отырар-Фараб еді. Отырар тоғыз жолдың торабында тұрды. Отырардан Жібек жолының бірнеше бағыты жан-жаққа таралып шығатын еді, көптеген керуен сүрлеулері Отырарға келіп тоғысып жататын.

Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін сыртқа шығаруға қызмет етті. Сауда-саттық пен елшілік қарым-қатынас ұлғайған сайын тауарлардың түрлері де өзгеріп отырды. Енді жібек жолы арқылы Үндістан мен Иранның, Еуропа мен Русьтің тауарлары жүре бастады, Ұлы жібек жолы арқылы кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізаттар, алуан түрлі асыл тастар, құйма күміс пен алтын, садақтар мен жебелер, семсерлер мен сүңгілер, араб арғымақтары мен сәйгүліктер, қаршығалар мен тауықтар, түйелер мен пілдер, тотықұстар мен түйеқұстар, шабдалы мен қауындар, жүзім мен қалампыр, қант пен көкөніс, әртүрлі жемістер әрлі-берлі тасылып жатты. Алайда сауданың ең бастысы-жібек болған. Алтынмен бірге ол халықаралық валюта болған, жібекті хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген.

Әйтеке би

Әйтек би үш жүзге озық, алғыр және терең ақылымен, тапқыр да тілмар шешендігімен, әділ және түзу билігімен белгілі болған қоғам қайраткері. Қазақ халқының қайғысына қайғырған. Қуанышына куанған, соғыста қолына қару алып алғы шепте жүрген жауынгер ұйымдастырушы.

Қазақ руларының басын біріктіріп, бір орталыққа бағындарған және жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесшілерінің бірі Әйтеке би болған. Әйтеке – шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысуға үлес қосқан қоғам қайраткері.

Әйтеке Күлтөбедегі үш жүздің құрылтайына қатысқанда 26 жас шамасында екен деп шегейлейді шежіре хаттар. Шынында да үш бидің кішісі Әйтеке болған. Мұны Әйтеке мен Қазыбектің бірін-бірі ұту жөнінде айтқан сөздерінен аңғаруға болады. Әйтеке би 1683 жылы туған, 1763 жылы дүние салған.

15 Практикалық сабақ.

Тәуелсіз Қазақстан

Бізде бір ғана Отан бар. Ол тәуелсіз Қазақстан!

Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан жерінің жалпы аумағы 2,7 миллион шаршы шақырым. Өзінің жер көлемі жөнінен мемлекетіміз дүние жүзінде алтыншы орынды алады.Халқының саны 15 миллион сегіз жүз мың адам. Қазір Қазақстан Республикасында жүз отыздан астам ұлттың өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Негізгі ұлттар: қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, украиндар, т.б. Республикада мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Орыс тілі ресми тіл ретінде қазақ тілімен бірдей қолданылады.

Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанмен, шығыста – Қытаймен, ал батыста – Каспий теңізімен шектеседі.Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Оның байтақ жерінде жазықтар да, қыраттар да, таулар да бар.

Қазақстан аумағының 26 пайызын жазық дала алып жатыр, 167 млн. гектар жерін шөл (44 пайыз) және жартылай шөл (14 пайыз) құраса, орманды жер көлемі –21 млн. гектар.Еліміздің аумағында өсімдіктің жалпы түрлері 6 мыңнан астам, олардың ішінде дәрілік шөптердің 250 түрі өседі. Құстардың түрі 500-ден астам, өзен-көлдерде балықтың 150 түрі, далалар мен ормандардағы жабайы аңдардың түрі 178-ге жетеді.Қазақстан жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы белгілі табылса, 70 элементтің қорына барлау жасалған, 60-ы өндіріске тартылған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Ұлттық теңге 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енді. Мемлекеттік рәміздер мен ұлттық теңге – тәуелсіздіктің жетістігі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕ

Елдің бас заңы- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы – біртұтас мемлекет, басқару формасы- президенттік. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы- президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Елбасы – Президент. Президент жеті жылға сайланады. Заң шығарушы, жоғары өкілетті орган- Парламент. Ол екі палатадан тұрады: Сенат пен Мәжілістен. Үкімет басында Премьер-министр бар. Оны Президент тағайындап, Парламент бекітеді. Үкімет Президент алдында жауапты және Парламентке есеп береді. Жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттар және әкімдіктер. Облыс әкімдерін Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Президент тағайындайды.