Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нерксіптік экология МЭГА.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
89.55 Кб
Скачать

7.2 Зиянды факторларды алдын–алу шаралары

Доғалы пештерді қолдану қарқынды жылу бөлуіне келтіріп, жұмыс аймағындағы ауаны шихтаның шаңымен және көміртегі мен күкірттің тотықтары көп мөлшерде болатын газ-аэрозольді қоспаларымен ластайды. Сонымен қатар қарқынды жоғарғы жиілікті шуды тудырады, сондықтан доғалы пештерді герметизацияланған дыбыс оқшаулаушы бөлмелерде орналастырып, газдарды сорып шығарушы қондырғылармен жабдықтау керек.

Құю өндірісіндегі еңбек жағдайын сауықтыру шаралары атмосфераға шығарылатын шаң-газды ауа қоспаларын тазалау бойынша шараларымен үйлестіріліп жүргізілуі керек, себебі құю цехтары ұйымдастырылған қарқынды шығарыстардың көзі болып саналады.

Еңбек гигиенасы мен экология сұрақтарын радикалды шешу жолы болып құю өндірісінің қалдықсыз технологиясын жасау саналады. Осы проблеманы тиімді шешу мысалдары ретінде өнеркәсіпте алюминийді алудың фторсыз әдісін енгізу арқылы атмосфераға шығарылатын зиянды шығарыстарды едәуір азайту мүмкіндігін және магнийлік құймаларды флюсті қолданбай құю арқылы аз қалдықта технологияны қолдануды келтіруге болады.

Магний құю өндірісінде ұнтақ түрдегі флюстерді зиянсыз келетін күкірт фторидіне ауыстыру арқылы, сутегі фториді және күкірт фторидіне ауыстыру арқылы, сутегі фториді және күкіртті ангидриді сияқты жоғарғы улы заттардың бөлінуін 100 есе азайтуға, және де құрамында барий мен фтор тұздары бар флюс аэрозольдерінің бөлінуін төмендетуге болады. Осы жолмен магнийден жасалатын фасонды бұйымдар өндірісінде тек еңбек жағдайын күрделі жақсартып қоймай, сонымен қатар атмосфераға шығарылатын газ түрлі зиянды заттардың шығарысын 50 есе төмендетуге, шаңдануын ондаған есе азайтуға және отвалдарға шығатын шлактар мен шламдарды 3 есе қысқартуға болады. Бірақ, құю өндірісінде технологиялық процестердің күрделігі мен жан-жақтылығымен байланысты, дайын біртекті гигигеналық және санитарлық-техникалық ұсыныстар болмайды. Қандай болмасын сауықтыру шаралары шығаратын бұйымдардың сипаты мен көлеміне, өндірістің механикаландыру деңгейіне, қолданатын рецептурасына байланысты жасалуы және қолдануы керек. Көп жылдық практиканың нәтижелері, кейбір жағдайларда өзін жақсы көрсеткен гигиеналық ұсыныстары басқа жағдайларда тиімсіз болып келетінін көрсетіп отыр. Мысалы, шатыршалар, панельдер, саңылау түрдегі сорғыш жергілікті вентиляцияларын құю өндірісінде қолдану, балансты емес ауа ағымдарын тудырушы конвективтік жылудың қуатты көздерінің болуына байланысты өзін ақтай алмады.

Құю цехтарында шаң және газдармен тиімді күрес жүргізу мақсатымен құю өндірісін максималды мамандандыру, бастапқы шикізат пен материалдардың (құмды және байлаушы материалдарды т.б.) сапасын жоғарлату қажет.

Құю цехтарында ауаның зиянды булармен және газдармен ластануын азайту тиімді вентиляцияны құрау жолымен және қолданатын химикаттар мен материалдарды қауіптігі төмен болатын және газ түзу қабілеті төмен келетін түрлеріне ауыстырумен жетуге болады.

Формовкалық қоспалардағы органикалық текті байлаушы қоспаларын бейорганикалық қоспаларына (сұйық шынылы, фосфатты, феррофосфатты) ауыстыру жолдарының болашағы зор, себебі ол газдың бөлінуін күрт төмендетіп, соңынан осы өндірістік қалдықтарын өтелдеуді жеңілдетеді.

Жұмыс аймағы арасындағы және вентиляциялық шығарысындағы стиролдың, көміртегі тотығының концентрациясын және полистироль модельдегі керамикалық қалыпты күйдіруде пайда болатын күйенің концентрациясын жағу пештеріне газбен қоса су буларын беру арқылы айтарлықтай төмендетуге болады.

Құю өндірістерінің шығарыстарын вентиляция көмегімен шығаруда оларды тазалау мәселесі және жылуды өтелдеу сұрақтары өте өзекті болып отыр. Олар шығарыстарды өртеу жолымен жетілуде.

Ваграникалық газдарды тазалауды екі сатыда жүргізу өте ұтымды келеді. Бұл үшін вагранкалар барлық жағдайларда ылғалды ұшқыш өшіргіш қондырғыларымен және ваграндық газдарындағы көміртегі тотығын жете өртеу қондырғыларымен жабдықталуы қажет. Бұл шаралар шаңның шығарысын ондаған есе, ал көміртегі тотығын біршама төмендетуге мүмкіндік береді.

Құю өндірісінің газдары мен вентиляциялық шығарыстарын тазалау үшін негізгі 3 классына жататын әр түрлі аппараттары қолданылады; механикалық шөктіргіштері, кеуекті сүзгіштері, электросүзгіштері т.б. Механикалық аппараттарына; гравитациялық (газдың аз қозғалу жылдамдығында өзінің массасының әсерінен шаң бөлшектері шөгетін әр түрлі камералар) және инерциялық (циклондардың әр түрлі) аппараттары жатады. Осы аталған аппараттар жергілікті жағдайларына сәйкесті қатаң қолданылуы керек.

Құю цехтарында шаңмен күректің бір жолы болып алдын-ала сепарациядан өткен (100 мкм төмен фракциялары шығарылған), ірі түйіршікті және циркондік құмдарды қолдану саналады, ол құмның балқыған металмен жанасуында шаңның пайда болуын 30-50%-ке төмендетеді.

Пайдаланылған қоспалардан құмды регенерациялау мақсатымен механикалық, пневматикалық, гидравликалық, термиялық т.б. бірлестірілген әдістерді қолданады. Гигиеналық тұрғыдан ең тиімдісі - ылғалды әдіс.

Жалпы алғанда құю цехтарында шаңмен күрес жабдықтарды герметизациялау жолымен және вентиляциялық қондырғыларды қолданумен жүргізілуі керек.

Циандық және циан тұздарының балқымалары бар барлық ванналары тиімді істейтін жергілікті сору вентиляциясымен жабдықтау ауа ортасындағы цианды сутегінің концентрациясын ШРЕК деңгейінде (0,01-0,03 мг/дм3) ұстауын қамтамасыз етеді.

Эмульцияларды кальциленген сода ерітіндісімен бейтараптандырады. Жұмыс процесінде су буланып, эмульциядағы майдың, сабынның, бейорганикалық қоспалардың, сілтілердің концентрациясы жоғарылайды. Сондықтан, МСС құрамына бақылауды жүргізу және оларды уақытында ауыстыру қажет.

Металл өңдеуші өнеркәсібінде жұмысшылардың еңбегін сауықтандыру мақсатында жұмысы кешенді автоматтандарылған қалдықсыз өндірісті қолдану, автоматтандырылған процестерді енгізу өте ұтымды келеді.