Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
perevod_berdi_2.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
5.2 Mб
Скачать

2 Қарды ерітуге арналған автогудронаторды жетілдірудің принципті схемасы

2.1 Автогудронатор базасында қар еріткіштің конструктивті схемасы

Автогудронатор металл жеңдерімен жабдықталған: 75 мм диаметрмен толтыру үшін. Оның әрбірі ұзындығы 4 м болатын екі бөліктен тұрады, коммуникация құбырына қосылу үшін штуцер мен ганкамен жабдықталған.

Битумды насостың моторлы жетегімен бірге автогудронаторда артқы алаңда орналасқан қозғалтқыш бар.

Автогудронатордың цистернасы алдыңғы жағымен тартқыштың ершікті құрылғысына тіреледі, ажыратылған жағдайда ол жылжытылатын тіреуіштерге тіреледі.Схемалары – жылыту, битумды және үлестіргіш-түбегейлі рекшеліктері жоқ.

Өнімділігі 900 л/мин дейін болатын шестернялы битум насосы карданды беріліс арқылы қуатты таңдау білігінен жетектеледі. Жол жабындысына битум шүмектермен бірге үлестіргіш құбырлары арқылы төгіледі, ол құбырда бір-бірінен 100 мм қашықтықта орналасқан. Шүмектердің ондай орналасуы көршілес шүмектерден битум ағысын жабуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жол жабындысының битуммен төселуі бірқалыпты болады.

Көлік құралдарын азайту және қарды тазалау мен шығару жұмыстарының өнімділігін арттыру мақсатында автогудронатор базасында қарды ерітуге арналған машинаның конструкциясы ұсынылады (сурет 3), ол көлік жолдарының құрылысы мен жөнделуі кезінде битумды тасымалдау мен жылыту үшін қолданылады, осы машиналар қысқы уақытта тұрып қалады. Автогудронатордың жылыту жүйесі жылудан оқшауланған цистернадан, және оның ішінде орнатылған фланецтегі құбырдан тұрады, онда материалдың жылытылуын қамтамасыз ететін стационарлы оттықтар орнатылған, ол цистернаға қарды тиеп ерітілуін қамтамасыз етеді. Осы уақытта шығын битумды жұмыс температурасына дейін жеткізілуіне қарағанда аз болады.

1- қабылдаушы бункер; 2 – қондырмалары бар бұрғыланған құбырлар; 3 – циркуляциялық құбыр; 4 – қызғыш құбырлар; 5 – оттық, 6 – ағызушы жеңдері бар фильтр; 7 – насос.

Сурет 3.1 Автогудронатор базасында қар еріткіш құрылғысының схемасы

Берілген конструкция жұмысының технологиясы келесідей (сурет 3),қабылдау бункерін 1 және бұрғыланған құбырдан айдалған таратқыш жүйесін қондырмамен бірге автогудронатордың (сурет 2.1) цистернасына орнатады, ол насос 7 және циркуляциялық құбыр 3 көмегімен жылынған суды жібереді, ол цистернаға тиелген қарға қызған суды бүркуін қамтамасыз етеді. Содан қызған судың ауамен байланысы орындалады. Қатаң және жұқа тазалау сауытпен араластырғышпен бірге қар суын 6 ағызуға арналған жеңді орнатады. Жылудың көзі оттық 5 пен ыстық құбырлар 4 болып табылады.

Қарағанды қаласының жүретін жолын тазалау кезінде КамАЗ көлігі базасында көлік самосвалдары қар тиегіштермен бірге жұмыс істейді, ол қаладан 10-15 км ара-қашықтыққа сыртқа орташа алғанда 8 м³ қарды шығарып тастайды. Үздіксіз жұмысы үшін бір қар тиегіш 3-5 көлік самосвалдарына қызмет көрсетеді. Есептеулер Қарағанды қаласының көлік жолдарын (ұзақтығы 973 км) тазалауға керек көлік самосвалдардың санын көрсетеді, жалпы ауданы шамамен 5772 км2 болатын бір көлік самосвалының сыйымдылығын ескеріп 144300 бірлік техникасын құрайды. Қысқы уақытта қаланың жолына түсетін қардың орташа көлемі 1154400 м3 құрайды.

SNOW DRAGON [3] фирмасының қар еріткіш машиналары жалын құбырлы жылу қазандары технологиясын пайдаланады. Қоршаған ауаның минус температурасы болғанда да бактағы су 15 минут ішінде 38 ден 49°С дейін қызып қарды еріте алады. Ерітілген қардан алынған шығатын судың температурасы +16 дан 21°С құрайды, ол мұз жабындысының пайда болуын жояды. Осы машиналар жартылай тіркемелі болып табылады және бір объекттен келесі объектіге жиынтыққа байланысты 80 нен 104 км/сағатқа дейін болатын жылдамдықпен тасымалдануы мүмкін.

Машинаның операционды жүйе мен жиынтықтары жылытылатын бөлікте орналасқан, ол негізгі құраушы модульдарды ауа-райы жағдайынан сақтайды және басқару процесін жеңілдетеді. Қала жағдайында жұмыстарды тез жасау үшін бірдей аз өнімділікті қар еріткіш машиналар конструктивті жағынан пайдаланылады, мысалы SND-RM90 модельдері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]