Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
perevod_berdi_2.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
5.2 Mб
Скачать

Кіріспе

Қардың жиі жерге түсуі әсіресе көптеген көлік шоғырланған қала жағдайында шешімін күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады.Қардың көп түсуі жолдарда көлік қозғалысының қиындауына, кептелістердің туындауына әкеліп соқтырады, бұл жер көлемі үлкен Қазақстан үшін маңызды мәселе болып табылады.

Қыс мезгілінде қаланың коммуналдық шаруашылығы қарды және мұзды жинаумен байланысты барынша үлкен жүктемені басынан өткереді.Көлік жүретін жолдың бөлшегін қардан , мұздан тазалау нәтижесінде пайда болған қар үйінділерін жою – көп күшті, жылдамдықты және ірі техникалық және материалдық құралдарды қажет ететін іс.Кез келген қаланың қалыпты жағдайын ұстап тұру үшін қала көшелерін тазалап тұру маңызды фактор болып табылады.

Сонымен қатар қар- химиялық және де басқа ластандырғыш заттарды жинақтайтын фильтр .Ірі қалаларда автомобильдердің,көмірсутекті жанармай арқылы жұмыс істеп жатқан завод және қалалық жылу-энергетикалық қондырғыларының атмосфераға шығарған іске жарамсыз газдардың әсерінен қардың ластануы күшейе түседі.Сонымен, қар қала көшелеріндегі кептелістердің себебі ғана емес, сондай-ақ зиянды заттарды жинақтаушы да.

Бұл мәселелің шешімі – «дәстүрлі» әдіс, яғни көшелердегі қарды қала сыртына шығарып, арнайы жерлерде жинақтау. Қарды жинаудың бұл технологиясының кемшіліктері бар:біріншіден,қарды қала сыртына тасымалдау үлкен шығынды талап етеді; екіншіден, қар толық ерігенге дейін зиянды заттарды жинақтай береді, ал ол зиянды заттар қар ерігенде топыраққа, жер асты немесе жер үсті суларына енеді.

1 Қар жинайтын машиналардың конструкцияларына шолу және талдау жасау

1.1 Қарды құрылысына және жинау әдістеріне талдау

Қазіргі таңда еліміздегі қала көшелерінің ұзарып жатқаны барлығымызға мәлім. Осыған орай бірқатар қалалардағы көше ұзындықтарын айта кететін болсақ: Ақтөбе қаласында жалпы қала көшелерінің ұзындығы 599,3 км құрайды; Алматы қаласының жол желісінің ұзындығы 1708 км; Семей қаласындағы көшелердің ұзындығы 669,9 км; елордамыз Астана қаласындағы көшелердің ұзындығы 728 км құрайды. Осыншама көшелерді қысқы уақытта қардан тазалау үшін, көптеген техника мен қызметкерлер қажет болады.

Мысалы, Қарағанды қаласының көлік жолдарының ұзындығы 973 км құрайды,бұл көрсеткіш қала құрылысы бағдарламасын кеңейтуді іске асыру барысында әрдайым өсуде.

Сурет 1.1 - Қарды күреудің дәстүрлі әдісі

Қыс кезінде 300 данадан көп техника мен 350-360 жол жұмысшылары күнде жол тазартуға шығады. Тәулік сайын 5 мыңнан 8 мың м3 дейін қар массасы шығарылады .[1]

Қазақстан орманды-жазықты, жазықты, климаты қатты континенталдық жартылай шөлді, шөлді аумақтарда орналасқан.

Қазақстанның солтүстік бөлігінде қардың қалыңдығы 50 см-ге, Шығыс Қазақстан облысында тіпті 90 см-ге жетеді. Жел жылдамдығы қысқы уақытта 24 м/сек , кейбір кезде 34 м/сек дейін күшейеді. Мұның бәрі жолға жинақталған қардың көлемін үлкейтуге ықпал етеді. А.А. Кунгурцевтің деректері бойынша Солтүстік Қазақстанның жазық дала аумағында жолдарға 300-600 м3/км қар жинақталады, ал кейбір учаскелерде ол 800-1200 м3/км құрайды. Бұл деректерді В.М.Михель мен А.В.Руднева растап отыр, олардың деректері бойынша Қазақстанның солтүстік бөлігі үшін жолдарға әкелінген қардың көлемі 400-ден 1500 м3/км құрайды.

Жолдың қозғалыс бөлігінде тығыздығы 400 кг/м3 дейін жететін қардың болуы қозғалысқа қарсылықты күшейтеді, бұл автомобильдің жылдамдығының кемуіне әкеліп соқтырады. Жылдамдықтың қардың қалыңдығына байланысты өзгеруінің есептік көрсеткіші 1.2 суретте келтірілген.

1 - жеңіл автомобильдер, 2 - жеңіл жүк тасушы, 3 – жүк тасушы автомобильдер

Сурет 1.2 - Автомобильдердің қозғалу жылдамдығының бұзылмаған қар қабатының қалыңдығына тәуелділігі

Сонымен қатар, қар химиялық және де басқа ластаушы заттарды жинақтаушы фильтр болып табылады. Ірі қалаларда автомобильдердің,көмірсутекті жанармай арқылы жұмыс істеп жатқан завод және қалалық жылу-энергетикалық қондырғыларының атмосфераға шығарған іске жарамсыз газдардың әсерінен қардың ластануы күшейе түседі.Сонымен, қар қала көшелеріндегі кептелістердің себебі ғана емес, сондай-ақ зиянды заттарды жинақтаушы да.

Бұл мәселенің шешімі – «дәстүрлі» әдіс, яғни көшелердегі қарды қала сыртына шығарып, арнайы жерлерде жинақтау. Қарды жинаудың бұл технологиясының кемшіліктері бар:біріншіден,қарды қала сыртына тасымалдау үлкен шығынды талап етеді; екіншіден, қар толық ерігенге дейін зиянды заттарды жинақтай береді, ал ол зиянды заттар қар ерігенде топыраққа, жер асты немесе жер үсті суларына енеді. [3]

Сондықтан, қала көшелерін тазалау барысында қолданылатын тиімдірек,рационалды утилизациялау технологиясын дайындап шығару қажеттілігі жөнінде мәселе туындайды. Қарды күштеп ерітетін мобильді құрылғыларды қолдану осындай технология бола алады, бұл ресурсты сақтап қалатын және табиғатқа зиян келтірмейтін әдіс болып табылады.

Қарды еріту әдісі США, Канада, Россия сияқты елдерде қолданылады . Бұл әдістің басқа елдерде қолданыста болуы оның тиімділігін , ақылға қонымдылығының дәлелі болып табылады.Жоғарыда аталған елдердің әр түрлі салаларда, соның ішінде жол-көлік саласында , ең жақсы, ең заманауи және экономикалық жағынан пайдалы технологияларды қолданатындығы бәріне мәлім екендігі белгілі. .[4]

Сурет 1.3 - Жүк машинасы мен табандық қар тиейтін машина

Жолды қардан тазалау үшін қар тазалағыш машиналардың екі негізгі түрлерін қолданады: а) жылжытқыш әрекет машиналары - соқалық қар тазалағыштар; б) лақтырғыш әрекет машиналары - роторлық қар тазалағыш машиналары. [3]

Жолдан қарды тез және ең аз күшпен соқалық кар тазалағыш машиналармен алып тастауға болады. Аспалы және тіркемелі соқалық кар тазалағыштар бар. Жолдарға қысқы уақытта қарайтын заманауи қызмет көбінесе аспалы соқалық машиналарды қолданады. Сүйрейтін машинаның алдына ілінетін мұндай типтегі соқаларды тасымалдаған кезде көтерілетіндей етіп бекітеді.

Соқалық қар тазалағыштар әр түрлі өлшемде болады. Соқалардың ұстап алу ені негізінен суйрегіш машиналардын еніне байланысты орнатылады.

Қайырма дөңгелектері қисық жерде жолдың тазартылған бөлшегімен қозғалу үшін суйрегіш машинаның габаритінен кем дегенде 40 см ендірек болу қажет.

Ауыр суйрегіш-машиналар үшін енінің ең жоғарғы көрсеткіші, ГДР-ғы жолда жүру техникалық ережелеріне сәйкес, 2,5 м болуы мүмкін. Оларға ілінетін соқалардың ені, сонымен, 2,9 м кем болмауы тиіс. Ендірек соқаларды әдетте қолданбайды, өйткені ені өскен сайын оның салмағы , қажетті күш салуы артады, қар күрегіш машиналардың қозғалу жылдамдығы кішірейеді. Қар күрегіш машинаның көмегімен тазартуға болатын қар қабатының жуандығы сүйрегіш машинаның тарту күшіне , сондай-ақ соқа корпусының құрылысына байланысты. Аспалы екіқайырмалы соқалық қар күрегіштермен әдетте қардың жуанырақ қабаттарын тазалайды. Аспалы екіқайырмалы соқалық қар күрегіштерді қайырманың өлшеміне байланысты және де қардың қасиеттеріне байланысты қар қабатының жуандығы 50-ден 100 см-ге дейін аралықта болғанда қолданған орынды. Бірқайырмалы қар күрегіштерді пайдаланғанда қар қабатының жуандығының ең жоғарғы көрсеткіші 20 -40 см болып табылады. Заманауи аспалы соқалық қар күрегіштердің жұмыс жылдамдығы 40 км/сағ. дейін құрайды. [3]

а - фрезерлік; б - роторлық; в - шнеко-роторлық; г - фрезерлі-роторлық

Сурет 1.4 - Қар күрегіштердің жұмыс мүшелерін сызба түрінде бейнелеу

Қар күреу жолағының ені үлкен болған жағдайда, мысалы, автомагистральдарда, аспалы соқалық қар күрегішке бір қапталынан гидравликалық көтергіш құрылғысы бар кеңейткіш қанатын жалғайды. /4/

Қапталдағы кеңейткіш қанатын сондай-ақ патрульдік жолдарды қардан тазарту кезінде пайда болған қар үйінділерін жою үшін қолдануға болады. Бірақ бұл жол бойында мұндай қардан тазартуға кедергі келтіретін ағаштар, бағандар болмағанда ғана мүмкін. /4/

Патрульдік қар күрегіш үшін, негізінен бұрылмалы, бірқайырмалы соқалық қар күрегіштерді қолданады. Олар екіқайырмалыға қарағанда үнемдірек.

Бірқайырмалы соқалық қар күрегіштері, екіқайырмалы қар күрегіштерге қарағанда, қар қабатының биіктігі тиісті болған жағдайда соқаның толық енімен үздіксіз жұмыс істей алады.

Екіқайырмалы қар күрегіштер тек қана бірінші рет өткенде ғана соқаның толық енімен жолды тазарта алады.

Келесі жүріп өткенде екіқайырмалы қар күрегіштер соқаның тек қана бір жағымен жұмыс істейді.

а - шалқаймалы қайырманың сақтық құрылғысында кесілген штифты орнату; б - қайырманың шалқаймалы пышағының сақтық құрылғысында кесілген штифты орнату; б - кесілген штифты орнату; в - серіппеленген пышақ түріндегі сақтық құрылғы; г - шалқаймалы қайырманың серіппелі сақтық құрылғысы; д - тростық сақтық құрылғы; е - кесу бұрышы шағын пышаққа арналған серіппелі сақтық құрылғысы

Сурет 1.5 - Соқалық қар күрегіштер сақтық құрылғыларының сызба бейнесі

Жағдайға қарай бірқайырмалы немесе екіқайырмалы ретінде қолданылатын құрамдастырылған соқалық қар күрегіштерді әлі өте сирек жасап шығарады, олар үшін ұтымды формадағы қайырма жасап шығару мүмкін болмай тұр. Бірқайырмалы соқалық қар күрегіштерді жолдарды қардан толық тазарту үшін қолданады , осы себептен бұл машиналар қауіпті жағдайда жұмыс істейді (кедергілерге, коллекторлардың қақпағына тап болуы мүмкін). Бұндай қар күрегіштер міндетті түрде сақтық құрылғылармен жабдықталады. Жұмсақ қарды алып тастау үшін (бұл міндет әсіресе мұзтаңдақпен және сырғанақтықпен химиялық әдіс арқылы күрескенде өзекті болады) темір пышақтың орнына арнайы резинадан немесе синтетикалық материалдан жасалған пышақтарды қолдану өзін ақтап шықты. Ерекше мықты материалдарды қолданудың арқасында кейбір жағдайда тіпті болаттың кейбір сорттарының мықтылығынан асып түсетін мықтылыққа қол жеткізіледі. [3]

Сонымен қатар соқалық қайырмасы тірек дөңгелектері арқылы жолдың көлік жүретін бөліміне тіреліп тұратын аспалы соқалық қар күрегіштер бар, тірек дөңгелектері соқа көтерілген кезде бірге көтеріледі. Осының арқасында синтетикалық материалдан жасалған пышақтың жиегі жол бетіне қатты қысылмайды, осы арқылы қайырмалар ұзақ қызмет етеді. Қардың тығыз қабаттарын күрегенде серпінді материалдан жасалған пышақтарды орнатпайды, өйткені олар кесіп түсіре алмайды, соқалар қар қабатының бетіне шығып кетеді. Сондықтан тығыз қарды күреген кезде темір пышақтарды ауыстырып қолданады.

Алынып тасталған қар жүргізушінің кабинасына түсіп кетуін болдырмау үшін үлкен жылдамдықта карды алып тастап жатқан кезде соқаның үстіңгі жағына қайтару қалқандарын орнатады. [4]

Сурет 1.6 - Бірқайырмалы соқаның серпінді тежегіштері

Соқаны жұмыс және тасымалдау жағдайына орнату қазіргі кезде тек қана жүргізуші кабинасынан ғана іске асырылады. Үлкен соқалардың бәрінде тасымал машиналарынан алынған қозғалтқыштары бар пневматикалық және гидравликалық көтеру құрылғылары қолданылады. Соқасының бұрылуы гидравлика тұрғысынан іске асатын соқалық қар күрегіштер бар. [3]

Бірақ бұл құрылымды қымбатырақ етеді, бұған қажет шығын өзін тек қана жергілікті жағдайға байланысты соқаны орнату бұрышын жиі ауыстыруға мәжбүр болғанда ғана ақтай алады.

Майға арналған бак, мотор, насос және таратқыш құрылғы бір блокте біріктірілген және жүргізушінің кабинасына немесе көтергіш цилиндрдің үстіне орнатылған. [4]

Мұндай агрегатты қолданғанда машинада қосымша жабдықты монтаждау қажеттігі жойылады. Бұндай агрегаттар көбінесе шағын қар күрегіштерде қолданылады.

Соқалық қар күрегішті ілу үшін көптеген Европа елдерінде ұстап тұратын плита қолданылады (бірыңғайланған нормаға келтірілген болат плитасы). Бұл плитаға соқалық қар күрегіштің әр түрлі типтерін бұрап бекітеді. [3]

Машина плитасы мен соқаның плитасы тез жұмыс істейтін затвор көмегімен біріктірілген, соқаны жылдам іліп қоятын құрылғылар жаңа болып табылады. Бұл соқаның плитасы алдын-ала біріктірілген көтергіш құрылғының көмегімен қажетті биіктікте ілінгеннен кейін жасалады. [4]

Сурет 1.7 - Тірек дөңгелегі бар қар күрегіштің аспалы соқасын ілу

Роторлық қар күрегіштер соқалық қар күрегіштерден әлдеқайда күрделірек және қымбатырақ.Дегенмен олар кейбір қардан тазарту жұмыстары үшін қажет.

Соқалық қар күрегіштер қар күрегенде пайда болатын қапталдарындағы үймектер жолдың көлік жүріп өтетін бөлшегінде үйілген қардың пайда болуына себепші болады.Сондықтан қар қатты жауғанда жолды қардан тазарту барысында қарды жол төсемінен алыстату керек, мүмкіндігінше жолдың қапталынан біршама қашықтықта кеңірек тастаған жөн. Мұны тек роторлық қар күрегіштермен іске асыруға болады. «Роторлық қар күрегіштер» деген терминді алғанда қарды тасымалдау өзінің алға қарай жылжуының арқасында болатын соқалық қар күрегіштерді емес, қарды тасымалдау айналатын жұмыс органының арқасында іске асатын қар күрегіштер деп түсіну қажет. Роторлық қар күрегіштерде қарды лақтыру қашықтығы ротордың айналым санына және оның құрылымына байланысты және де ол 5 және 30 м аралығында болады. [3]

Сурет 1.8 - Фрезерлік қар күрегіш

Кесетін қалақтары бар роторлық қар күрегіштердің өнімділігі қар жұмсақ болған жағдайда жоғары болады, алайда қар тығыз әрі қатып қалған жағдайда бұндай жұмыс органы жарамсыз.

Сурет 1.9 - Кесетін қалақтары бар роторлық қар күрегіштердің жұмыс органы

Аспалы құрылғы және көтергіш құрылғысы бар соқаның плитасы бірқайырмалы және екіқайырмалы соқалық қар күрегіштер үшін бірдей, осының арқасында өлшемі бірдей соқалар қажет болған жағдайда бір-бірін ауыстыра алады. [4]

Соқаның корпусы бекітіп тұратын плитамен арнайы (параллелограммдық) аспалар жүйесі арқылы байланысқан. Тасымалдау кезінде тоқтатылатын бұрылыс құрылғысы соқаға жолдың өзгермелі еңісіне бейімделуге мүмкіндік береді.Машина плитасына бекітілген соқа гидравликалық , жеңіл соқаларда пневматикалық көтергіш құрылғы арқылы жоғарыға көтеріледі.

Сурет 1.10 - Фрезер-роторлық қар күрегіш

Сүйрегіш машиналар аспалы жабдықты орнатуға мүмкіндік беруі қажет, мысалы, салмағы 500 кг 800 кг –ға жететін соқаны. Қажет болған жағдайда кейбір кезде алдыңғы белдіктің солқылдақ темірлерін күшейтеді, шиналар комплектісін ауыстырып, жылдамдықты азайтады. [4]

Машина-сүйрегішке жолмен қажетті ұстасуын қамтамасыз ету үшін және де қозғалыс барысында алдыңғы белдікке түсетін күшті азайту үшін машина-сүйрегіш, шамамен, пайдалы жүктеменің жартысымен ғана жүктелуі керек. Балласт ретінде құм және ұсақ тас пайдаланған тиімді, бұл материалдарды қажет болғанда жолдың бетіне себу үшін қолдануға болады.

Ауыр жағдайда жұмыс істейтін қар күрегіш машиналар дөңгелектерінің барлығын қозғалтқышпен қамтамасыз еткен жөн, арбасының базасы қысқа болған дұрыс, артқы белдіктің шиналарының саны алдыңғы белдіктегідей болуы қажет, іздерінің ені бірдей болады. Барлық дөңгелектерде сырғанауға қарсы шынжырлар орнатылуы тиіс.Қозғалтқыш кіші айналымдағы жұмысты ұзақ қамтамасыз етуі қажет. [4]

Сурет 1.11 - Шнеко-роторлық қар күрегіш

Соқасын бекіту үшін сүйрегіш-машинаның бекітіп тұратын құрылғысы болуы қажет- тасымал құралының плитасы.Оның бекітілген өлшемі, соқа плитасының негізгі өлшемдері сияқты, TGL25518 стандартымен айқындалған.Соқаның плитасын машинаға машинаның түріне байланысты бекітуі әртүрлі, монтаждау барысында GL25518 стандартының қондыру өлшемдерін сақтауға және соқа плитасын машина рамасымен біріктіру беріктігіне көңіл бөлу қажет.

Сурет 1.12 - Қолмен басқарылатын шағын габаритті қар күрегіш

Қыс мезгілінде жолға қарау қызметтері қолданатын машиналардың барлығы жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында және үздіксіз жұмыс істеу үшін қосымша құрылғылармен, материал және қажетті заттармен: сары жанып-сөніп тұратын бұрылыс сілтегіштерімен , қосымша прожектормен, буксирге арналған штангамен, жолдан тайып кеткен машиналарды алып тастауға арналған буксир тросымен, сырғанауға қарсы шынжырлармен, жолдың сырғанақ бетіне себетін құммен, күрекпен, майға арналған қосымша бакпен қамтамасыз етіледі. Фрезерлік қар күрегіштер қатты әрі мұз болып қатып қалған қарды тазалау үшін қолайлы.Дегенмен олардың лақтыру қашықтығы жіне өнімділігі роторлық машиналардан азырақ. [4]

Кұрастырылған жұмыс органдары бар машиналар - шнеко-роторлық, фрезер-роторлық - қардың барлық түрлерін тазалауға жарамды және де олардың лақтыру қашықтығы үлкен. Бірақ олар салыстырмалы түрде қымбатырақ.

Қар күрегіштердің барлық типтері әртүрлі модификацияда болады. 300 және де одан үлкен аттың күшіне ие ірі машиналар өткелдерді, аэродромдарды қардан тазарту үшін қолданылады. Жұмыс көлемі аз болған жағдайда қуаттылығы үлкен машиналарды қолдану тиімді емес, бұл жағдайда әдетте қозғағыш қуаттылығы 30-15 ат күшіне дейін жететін кіші машиналар қолданылады, олар толық немесе бір бөлігімен сүйрегіш машинаға орнатылады немесе ілінеді. Бұл машиналар жұмыс жылдамдығын азайтатын кішірейткіш передачамен жабдықталуы тиіс.

Сурет 1.13 - Қайтару щиты бар бірқайырмалы қар күрегіш

Қардан тазарту жұмыстарын арзандату мақсатында қуатты сұрыптау валынан алатын қозғалтқышы бар аспалы машиналарға жиі көшуде. Бұл тенденция қапталдағы қар үйіндісін алып тастауға арналған соқалық-роторлық қар күрегіштерде байқалады. Олар осы уақытта бұрын орта және ауыр машиналар атқарып келген жұмыстың басым бөлігін атқарады.

Ел орналасқан жерлердегі жолдарды қардан тазарту үшін, әсіресе қарды автомобильге жүктегенде, қолмен басқарылатын қар күрегіш машиналар қолданылады.

Соқалық-щеткалық және соқалық қар күрегіш жабдықтар автомобиль шассилерінде, шынжыртабанды және дөңгелектік тракторларда, автогрейдерлерде және де басқа базалық сүйрегіш құралдарда орнатылады. Олар жаңа түскен қарды 40 км/сағ жылдамдығымен және тығыздығы 2-0,4 м құрайтын қарды сүйрегіштің жұмыс жылдамдығымен тазартады. [1, 4, 6]

Жылжытқыш қар күрегіштер бірқайырмалы немесе екіқайырмалы болады (сурет 1.14). Жылдам қар күрегіштер бірқайырмалы болады. Соқалық-щеткалық жұмыс органдарының әртүрлі схемалары 1.15. суретте көрсетілген. Қар күрегіштердің қайырмалары қатты бекітіледі немесе белгілі қадам бойынша жоспардағы құрылғы бұрышын қатты фиксаторлармен, сонымен қатар басқарудың сатысыз-гидроцилиндрлері арқылы тұрақты өзгертуге мүмкіндік алады. Қосымша жабдықтары болып қар күрегіштің ұстап алу енін үлкейтетін қапталдағы ашылғыштар, болат шаңғы, кесу бұрышын және қайырманың қардың мықтылығы мен тығыздығының өзгерістеріне сәйкес вертикалды жазықтықта еңкеюін өзгерту механизмы немесе тірек дөңгелек түріндегі тірек құрылғылар болып табылады, олар қайырмаға көтергіш гидроцилиндрлер жүзіп жүрген жағдайда жолдың рельефін көшіруге мүмкіндік береді. [1, 3, 4, 7]

а – бірқайырмалы автомобильде немесе дөңгелекті тракторларда; б – бірқайырмалы жылдам қосымша ашылғышпен; в – соқалық-щеткалық; г – екіқайырмалы тракторлық

Сурет 1.14 – Соқалық қаркүрегіштердің схемалары

1.15 суретте технологиялық интенсификациялауға мүмкіндік беретін қайырмалы жұмыс органдарының схемалары көрсетілген. Қар күрегіштердің қайырмалары қар күрегіш жабдықтарының бұзылуын болдырмайтын сақтандыру жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Сақтандыру құрылғысы қайырма кедергіге тап болғанда жұмыс жабдығына түсетін жүктемені азайтады.

а – щетканың бүйірлеріндегі қосымша соқашалар; б – щетканың аяғындағы қосымша қайырма; в – ворстың бүйірдегі жалтарысы; г – ағысты газодинамикалық үрлеу.

Сурет 1.15 – Соқалық-щеткалық жылдамдатылған құрылғысы бар жұмыс органдарының схемалары

Шнекороторлық қар күрегіш КО-605-М («Севдормаш») «Урал-43203» (сурет 1.15) машинасының шасси базасында құрастырылған. Қар күрегіштің негізгі бөлшектері: шнекороторлық жұмыс органы; жұмыс органының аспасы; базалық шасси (қозғағышсыз); күштік құрылғы (суыту, жылыту, қоректендіру, ауаны тазарту және газдарды шығару жүйелері бар қозғағыш); жұмыс органы қозғалтқышысының және шасси қозғалыс бөлшегінің кеміту редукторынан, тарату редукторынан және кардандық өткізгіштен тұратын трансмиссиясы; раманың үстінде тұратын бөлшек; капот; гидрожүйе; электр жабдығы; қосымша дөңгелек, қарсы салмақ және басқару механизмы құрылғылары. Тарату редукторы кар күреген кезде кар күрегіштің жұмыс жылдамдығындағы қозғалысын, шнектердің, жұмыс органы роторының айналысын қамтамасыз етеді; басқа жерге көшкен жағдайда - шнек және роторды өшіріп, тасымал жылдамдығын қамтамасыз етеді. [4, 10]

Қозғағыш автомобиль шассиінің жүктелетін бөлімінде орналасқан, раманың үстіндегі бөлшекте бекітілген және темір капотпен жабылған. Қозғағыш тұтасу валы кардан валы арқылы негізгі азайтқыш редуктордың валымен біріктірілген, азайтқыш редуктордың екінші валы аралық тірегі бар екі кардан валдары арқылы негізгі тарату редукторымен қосылған. Тарату редукторының негізгі валынан шассидің рульдік басқаруының гидрокүшейткіш насосы және гидрожүйе насосының қозғалтқышы іске асырылған.Тарату редукторының ортаңғы шығу валынан кардан валы және өткізу қорабындағы тұтасу арқылы шассидің жүру бөлшегінің қозғалтқышы іске асырылған.Тарату редукторының төменгі валы кардан валы арқылы жұмыс органының конустық редукторымен байланысқан.Жұмыс органы редукторының негізгі валында ротор орналастырылған,ал ерме вал кардан вал және тізбектелген өткізгіш арқылы шнектің айналысын береді.

1 - шнекороторлық қар күрегіш жабдық; 2 - жұмыс жабдығы аспасының рамасы; 3 - қар күрегіш жабдықтарды трансмиссия теру және төмен түсіру гидроцилиндрлері; 4 - жұмыс органдары қозғалтқыштарының трансмиссиясы (ротордың, шнектердің); 5 - автомобиль шассиі; 6 - кабина; 7 - қозғағыш; 8 - раманың астыңғы бөлігі; 9 - капот; 10 - салмаққа қарсылық құрылғысы; 11 - қосымша дөңгелек; 12 - ажыратпалы саты (тасымал және жұмыс жағдайы).

Сурет 1.16 - Шнекороторлық қар күрегіш КО-605-М («Севдормаш»)

Жұмыс органы аспаның көмегімен алдыңғы жағынан шассидің лонжерондарына бекітіледі. Аспаның гидроцилиндрлері жұмыс органының жоғарыға көтерілуін немесе төменге түсуін қамтамасыз етеді. Ротордың қаптамасын бұру гидравликалық. Төмен түсіп тұрған (жұмыс) жағдайда жұмыс органы катоктары көмегімен тазаланып жатқан жолдың үстіңгі қабатына тіреліп тұрады, жоғары көтерілгенде механикалық ілгіштермен бекітіледі. Қар күрегіш алға қарай қозғалғанда жұмыс органының айналып жатырған шнектері қарды қар қабатынан ажыратады және жұмыс органының ортаңғы бөлігіне береді, ол жерде ротордың қабылдау тетігі тұрады. [3, 10]

Ротордың қабылдау тетігі арқылы қар ротор қаптамасының ішіне түседі, ротордың айналып тұрған күрекшелері қарды қабылдап, әрі қарай ротор қаптамасының бағытталған патрубоктары арқылы лақтырады. Қарды лақтыру бағыты мен бұрышы ротор қаптамасын айналдыру арқылы гидроцилиндрдің көмегімен өзгертіледі. [1, 4]

Қарды көлікке салу үшін ротор қаптамасының бағыттаушы патрубогына орналастырылған жүктеу астауы қарастырылған. Қарды көлікке салу қар күреуші машинаны қозғалысының оң жағынан іске асырылады. Нысанға жақын тұрған жағдайда қарды лақтыру қашықтығын шектеу үшін ротор қаптамасына орналастырылған алмалы-салмалы насадок бар. Қар күрегіштің жұмыс органы (сурет 1.16) қар қабатын бұзады және тазартылып жатқан жолдың бетінен қарды басқа жаққа лақтырады. Астауды орнатқан жағдайда қарды тасымал құралдарына салуға болады. [4, 10]

1 - корпус; 2 - шнектер тіректері; 3 - ротор; 4 - астыңғы пышақ; 5 - шнек; 6 - сақтандыру муфтасы; 7 - кардан валы; 8 - редуктор; 9 - ротор қаптамасының бұру гидроцилиндры; 10 - қаптадағы пышақтар; 11 - үстіңгі пышақтар; 12 - тірек катогы; 13 - ротордың қаптамасы.

Сурет 1.17 - Шнекороторлық қар күреуіш жабдық КО-605М.

Жұмыс органының корпусы ерітіп бекітілген, маңдайша бетінен, оң және сол қапталдардан тұрады. Сол қапталы тізбек өткізгіштің картері болып табылады.Беті мен артқы бұрыштарында қаптама орналастырылған, бұл қаптама ішінде ротор қойылған. Корпустың қапталдары және маңдайша беті алдыңғы жағы ашық қорапты жасайды, оның ішінде тіректерге бекітілген көлденеңінен , бірінің астында бірі, екі шнек орналасқан. Корпус маңдайша бетінің ортасында қарды шнектерден роторға түсіретін тетік орналасқан. Маңдайша бетінің төменгі бөлшегіне болттар арқылы 4 төменгі пышақтар бекітілген, олар қарды тазартылып жатқан жол бетінен кесіп алады. Пышақтар екі жақтан қайралған, оларды өтпей қалған жағдайда ауыстырып қолдануға болады. Жұмыс органдарына катоктар тірек болады.Қарды жан жаққа лақтыру үшін және лақтыру бұрышын өзгерту үшін қаптама айналма цилиндрмен жасалған.Забой ішінің қабырғаларын кесу үшін корпус қапталдарына бүйір пышақтары бекітіледі, ал жұмыс органының биіктігінен асатын забойда жұмыс істеген жағдайда қардың жоғарғы қабатын кесіп түсіру үшін жоғарғы пышақтар қолданылады. [10]

Жұмыс органының редукторы ротор мен шнектерге айналу сәтін жеткізу үшін арналған. Ол ротордың қаптамасының артында орналастырылған. Редуктор кардан валы арқылы шнектің сақтандырғыш муфтасымен жалғанған. Жұмыс органының редукторы конус тегершігі бар екі вал орналастырылған корпустан тұрады (сурет 1.17). Валдың алдыңғы аяғына подшипниктік втулка арқылы ротор отырғызылған. Айналу сәті валдан роторға екі кесілген саусақтары бар ең жоғарғы шекті сәт муфтасы арқылы беріледі. Шнекті қозғалту валы стаканға қиыстырылған конус подшипниктерінде айналып тұрады. [10]

Ротор шнек арқылы ротордың қаптамасына берілген қарды лақтыруға арналған. Ротор бейнесі құбырлы дөңгелек тәрізді. Периферия бойынша орналасқан ротордың қанатшалары алдыңғы және артқы сақина тәрізді роторға құйылған. Ротордың артқы сақинадағы төбесі алдыңғы сақинаның орталығына орналасқан конус құйылған. Конустың ішіне жұмыс бөлігі редукторының валы орналасатын роторға арналған басқыш құйылған. Ротор қар лақтыратын құбырлы қаптамаға байланған. Ротордың диаметрі 1020 мм, қанатшалар саны 12, ротордың қозғаушы валының шекті айналу жиілігі 400 айналым/минут.

Ротордың қаптамасы екі алынып-салынбалы бөлшектен тұрады. Болтпен сыртқы құбырға бекітілген втулканың көмегімен қалташа редуктордың қақпағына орнатылған ол осы қақпақпен бірге қозғалады. Қаптаманың артқы бөлігіне суцилиндрының бас штокы қаптама қозғалысына байланған ілмек құйылған, ал құбыр қабырғаларына жүктеме желобты немесе қосалқыларды бекіту үшін бұрыштамалар құйылған. Сүйеме каткалары тазаланып жатқан жердің жұмыс кезіндегі жұмыс бөлігіне қажетті жағдайды жасайды.

Шнектер қардың роторға түсуі мен берілуіне арналған. Шнектер өзара байланысқан және жұмыс бөлімінің алдыңғы бөлігіндегі маңдайша бетінің алдына орналастырылады. Виткалардың сол жағындағы шнектері оң жақты спиральды болып келсе, ал оң жағындағы виткалар – сол. Перифериядағы виткалар төзімді құйылма болып келген. Витка бойынша шнектердің диаметрі – 530 мм, ал витканың қадымы – 450 мм. Шнектердің айналу жиілігі ең төменгі қозғаушы валдағы айналымы – 290 айналым/минут. Шнектің бейнесі құбырдан, екі фланцедан және виткалардан құрылған кұйылмалы құрастырма. Төзімділікті нығайту үшін витканың түбі шойын кронштейнге құйылған. Шнектер корпуста орналасқан сфералық тікенекте айналады. Монтаждау кезінде шнектер бірдей кронштейннің төменгі шнекіне 180 бұрышты болып орналасқан түпкі оң және сол кронштейннің жоғарғы шнегіне орналасады. Бұл өз кезегінде шнектердің өзара тепе-теңдігін ұстайды.

Тізбекті тарату шнектің айналу кезіндегі тартуға және шнекті тартушы және екі ядролы екі жұлдызшаның тізбегі үшін арналған. Таратушының тарату саны, 1,39. Тізбекті тарату қақпақпен жабылған. Тартпа жұлдызшасы жұмыс бөлігінің ішкі қабырғасындағы сол бүйіріне орналасқан. Жұмыс бөлігінің сол бүйіріндегі корпусына сақтандыру гнев муфтасы орналасқан, ол жұмыс бөлігіндегі сақтандыру шнек муфтасына орналасқан, ал ол болса жетекші жұлдызшаның тізбекті таратуымен байланысқан. Фланец пен жартымуфта өзара кесінді ілмекпен, айналу кезіндегі шектемеден тыс жағдайда кесіліп, жұмыс бөлігіндегі редуктормен кинематикалық шынжыр арасындағы және тізбекті таратуды ажыратып, шынжырды бұзылудан сақтап, ал шнекті зақымданудан қорғайды.

Жұмыс орнының алқасы қартазалаушының жұмыс кезінде шасси жиекетмелігінің жұмыс бөлгін қозғаушыға қосылуы үшін және жұмыс орнынан басталатын шассиге таратуға арналған. Алқа жұмыс орнының жұмыс және көлік жағдайында, көлік жағдайында бекітілуі және жиектемеден тұрады, екі рычагты (талрепті), жиектеме, жұмыс орнының екі цилиндрлі көтерілуі және қондырғылы бекітпеден тұрады бекітілуін қамтамасыз етеді. Құйылмалы жиектеме мықты жалғауды байланыстырады. Жиектеменің көлденең балкалары қатар байланысқан. Жиектеменің артқы бөлігі қосарлы құлақшаланған, олар ілмекпен кронштейнген бекітіледі. Кронштейндер плиталарға шассидің жиектемесімен басқышпен бекітіледі. Көлік жағдайында алдыңғы көпірдегі алқаға соғылған соққыларды бәсеңдету үшін жиектемеге резеңке амортизаторлар орнатылған. Жиектеменің жоғарғы белдігінде суцилиндрларын бекітуге арналған құлақшалар бар. Алдыңғы бөлігіндегі көлденең балкаларға көтірлген кездегі жұмыс орнын бекітетін құлақшалар құйылған. Бекітетін қондырғы ортақ осьпен мықты бекітілген екі ілмек, екі пружина және басқару тростынан тұрады.

Жиектеме қартазартушының күштеме қондырғысын және де басқа агрегаттарын бекіту үшін басқышты шассилық жиектемеге орнатылады. Шассилық жиектеме мен жиектемелік арасына ағашты бөрен салынған. Жиектеменің контуры бойынша күшті қондырғының ыңғайлы жұмыс істеуі үшін алаңқайлар орналасқан. Қар тазалаушының жұмысы кезінде қардан түскен қалдықтар мен қардан қорғау үшін, және қозғаушыны қалапты жылуын ұстап тұру үшін жиектемеде орналасқан қондырғыны қорғауға арналған капот бар. Алаңға көтеруге алынып - салынатын басқыш қолданылады.

Күш қондырғысы: қозғаушы, қуат жүйесі, майлаушы, салқындатушы мен жылытушы, ауатазартқышы мен газ шығарушыдан тұрады. КО-605М қартазартушыға ЯМЗ -238Б төрттактілі қысымды тұтанушыдан тұратын, сегіз цилиндрлі, V- үлгідегі газтрубалық үрлеуші дизельді қозағаушы орнатылған. Қозғаушының төменгі күші - 220,6 кВт (300л.с), айналу жиілігінің төменгі күші 2000 айналым/минутына. КО-605-1М – қартазартушыға ЯМЗ-230М2 газтурбалық үрлешісінің төменгі күші 176 кВт-ты (240л.с), айналу жиілігі 2100 айналым/минут болатын қозғаушы орнатылған. Қозғаушы үш эластикалық сүйенішке: алдыңғы және екі артқы (оң және сол) орнатылған. Қозғаушының алдыңғы сүйенішті кронштейні жастықша, амортизатор және скобаға балкамен қосылған олар қапталды жиектегі кроншейнге болтпен бекітілген.

Қуат жүйесіне: жанармай айдаушы, жанармай сүзгісі, жоғары қысымды реттеуіш жанармай айдаушы, форсункілер және жанармайсымдары, жанармай бактері мен базалық автокөлік жанармайын тазалау сүзгісі, жанармайсымдары, жанармай жүйесін жылытушысы кіреді. Қозғаушыны салқындату мен жылыту жағдайы қозғаушыны салқындату, жылытудың алдын алу, компрессордың салқындату жүйесінен тұрады. Салқындату жүйесіне кабинаның базалық шассиінің сұйықтық жылытуы жалғанған. Қартазарту қондырғысында дизельдік жанармаймен жұмыс істейтін ПЖД-30Г алдын ала қосу жылытқышты базалық шассиі орнатылған. Қоғаушыны майлау жүйесі ылғалды катерлікпен араласқан. Майларды салқындату үшін радиаторлар бар. ЯМЗ-238Б қозғауышты КО-605М көлігінде екі радиатор, ал ЯМЗ-238М2 қозғауышты КО-605-1М көлігінде – бір радиатор бар. Ауатазарту жүйесіне КО-605М қартазартушыда – екі ауа сүзгісі, ал КО-605-1М қартазартушыда бір ауа сүзгісі бар. Газ шығару жүйесі үшін қолданылған газдарды шығаруға және шуды төментедуге арналған екі құбыр, шығару құбырлары орнатылған

Қуат жүйесіне: жанармайайдаушы, жанармай сүзгісі, жоғары қысымды реттеуіш жанармай айдаушы, форсункілер және жанармайсымдары, жанармай бактері мен базалық автокөлік жанармайын тазалау сүзгісі, жанармайсымдары, жанармай жүйесін жылытушысы кіреді. Қозғаушыны салқындату мен жылыту жағдайы қозғаушыны салқындату, жылытудың алдын алу, компрессордың салқындату жүйесінен тұрады. Салқындату жүйесіне кабинаның базалық шассиінің сұйықтық жылытуы жалғанған. Қартазарту қондырғысында дизельдік жанармаймен жұмыс істейтін ПЖД-30Г алдын ала қосу жылытқышты базалық шассиі орнатылған. Қоғаушыны майлау жүйесі ылғалды катерлікпен араласқан. Майларды салқындату үшін радиаторлар бар. ЯМЗ-238Б қозғауышты КО-605М көлігінде екі радиатор, ал ЯМЗ-238М2 қозғауышты КО-605-1М көлігінде – бір радиатор бар. Ауатазарту жүйесіне КО-605М қартазартушыда – екі ауа сүзгісі, ал КО-605-1М қартазартушыда бір ауа сүзгісі бар. Газ шығару жүйесі үшін қолданылған газдарды шығаруға және шуды төментедуге арналған екі құбыр, шығару құбырлары орнатылған

Қартазарту қондырғысы автокөліктің қозғаушысының барлық жүйесі, трансмиссиялық тежегіш орнатылған, сужүйесін күшейту рөлінің тарту қондырғысы орнатылған, жиектемелер жүргізілген, алдыңғы рессорлар күшейтілген, кабина мен электрқондырғылар өңделген автокөліктің шассиына орналастырылады. Қартазарту жұмыс бөлшегі мен жұмыс қондырғысын іске қосу үшін жүргізушіні кабинасының артында жиектемеде орналасқан күшті бір қозғаушы жұмыс істейді. Базалық шассидің қозғаушысы ендірілген. Қартазарту қондырғысының жұмыс орнын шамадан тыс жүктеме кезінде алдыңғы бөлігін қалыпты жағдайда сақтау үшін салмақты теңестіру орналастырылған. Теңестіру артқы бөлікте жиектемеліктегі көлденең балкалардың арасында және автокөліктің лонжероналық жиектемлерінде және көлденең қозғалыстардан сақталған. Қартазалауда артқы тігінен орналасқан қосалқы дөңгелекте қанатты жіңішке механизм бар. Қосалқы дөңгелек көліктің артынды қосымша салмақты теңестіру қызметін атқарады. Қартазарту жұмысы кезінде ол өз орнында тұруы қажет. Қосымша кабинаны сыртқы төменгі температурада және қартазарту жұмыс емес кезінде кабинаны қосымша жылыту үшін өнімділігі 3000 Ккал/с (жанармай шығыны 0,6л/с) электқуаты 24В-тты тәуелсіз жылыту қондырғысы орнатылған.

Сужүйесінің құрамына жұмыс орнын көтеру мен түсіруге және қапты ауыздықты айналдыруға арналған гидроцилиндрлар, тығындар, щтуцерлер, әр тараптандырулар, манометр, сүзгілер, су айдағыштар, бак, тежеуіш муфтлар, монтажды плиталар және басқа да бөлшектер кіреді. Қолдану кезінде штокты мөлшерден тыс жүктемелерден қорғау мақсатында цилиндрдің қалқаншаларында және штоктың басында шарлы тежегіштер орнатылған. Қажетті сұйықтық цилиндрға орналастырылып оның цилиндр корпусында орналасқан тесіктер арқылы жіберіледі. Цилиндр құрылғысы шеткі жоғарғы жиекте орналасқан штокты поршынның автоматты түрде жабылуын қамтамасыз етеді, яғни жұмыс орны көлікті жағдайда болған кезде. Поршынды жабу шарикті реттеуіш қондырғысымен орындалады.

Жүктеу көтермесі мен қосалқы бөлшектері жиналған қарды көлікке жүктеу немесе оны көшенің шетіне төсеу қызметін қаматасыз етеді. Қар жинау комплектісіне лақтыру арақашықтығын айқындау үшін жүктеу көтермесі мен қосалқы бөлшектер енгізілген. Жүктеу көтермесі секциялар, маңдайша және тарту қондырғысынан тұрады. Секциялар бір-бірімен болт және гайка, тақтайша және пружин тәріздес шайбалар және осындай қондырғылармен лақтырмалы қалталы құбырдың аузына орналастырылады. Жоғарғы секцияға орналастырылған маңдайшаның пазы болады, ол маңдайшаның қозалысы мен қардың өту бағытын реттейді. Екі жартылай тарту қондырғысынан тұратын тарту қондырғысы жоғарғы секцияны жұмыс орнының корпусын жалғап желобтың қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Лақтыру құбырының қапты аузында орналасқан қондырғы тазартудың технологиялық кезеңінде белгіленген қарды лақтырудың арақашықтығын төмендетеді. Қартазартуды басқару механизмі басқару механизмдері, базалық автокөліктің бақылау-өлшеу қондырғыларынан және қартазарту жұмыстарын, қондырғы мен жұмыстың осы бөлімінде келтірілген қосымша механикалық басқарулардан тұрады. Қартазарту қондырғысында қосымша жарықтандыру қондырғылары мен дабыл қағу шассиларына: фар-прожектор, екі тұманға қарсы фарлар, светті қайтарулар, жылтырақ маяк орналастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]