Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ каз 2012 1.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.89 Mб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

1. РАДИОАКТИВТІ ЖҰҚТЫРУ АЙМАҚТАРЫНДА БОЛУ КЕЗІНДЕ СӘУЛЕЛЕНУДІҢ МҮМКІН МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ. Мұндай есепті шығару адамдардың жұғу аймағында болуы кезіндегі қауіп дәрежесін бағалауға және мақсатқа сай іс-әрекеттердің жолдарын жоспарлау. Бұл үшін сәулеленудің мүмкін мөлшерінің табылған мәнін ұйғарымды (белгіленген) Дбелг мөлшермен салыстырады. Егер адамдар ұйғарымды мөлшерден көп сәулелену мөлшерін алатын болса, онда жұғу аймағындағы адамдардың жұмыс тәртібін өзгерту қажет: тұрғылықты уақытын қысқарту, тұрғылықты шарттарды өзгерту (жоғары дәрежеде қорғалған ғимараттарға, құрылыстарға көшу) немесе жұмысты кештеу, радиация деңгейі төмендегенде бастау.

1 МЫСАЛ. Егер жұмысты жарылыстан кейін 1 сағаттан соң, сол уақыттағы радиация деңгейі Р1 = 80 Р/с кезінде бастаса, цех ғимаратында Косл=10 кезінде жұмысшылар алатын сәулелену мөлшерін анықтау қажет. Жұмыс ұзақтығы tр=3 с.

ШЕШІМІ: Есептеу үшін 1.1 қысқартылған формуласын қолданамыз.

1. Жұмыс басындағы радиация деңгейін анықтаймыз:

Рб1=80 Р/с.

2. Жарылысқа байланысты жұмысты бітіру уақытын есептеп шығарамыз:

Tс=tб+tр=1+3=4 с.

3. Жұмыс соңындағы радиация деңгейін анықтаймыз:

Р/с.,

мұндағы = 5,28 tс = 4 с уақытында қайта істеу коэффициенті.

4. Радиацияның орташа деңгейін табамыз:

.Р

5. Жұмыс уакытында сәулеленудің мөлшерін анықтаймыз:

Р.

ҚОРЫТЫНДЫ. Цехте белгіленген уақытта жұмысшылар алатын сәулелену мөлшері, бір реттік сәулеленудің шектік ұйғарымды мәнінен аз (50 Р). Осындай шарттарда жұмыс жалғастырыла алады, жұмыскерлердің жұмыс қабілеті сақталады.

Дәлме-дәл формуланы қолданып, келесіні аламыз:

Р.

Бұл қарапайымдалған формуламен есептегеннен 4 Р-ге аз.

2. СӘУЛЕЛЕНУДІҢ БЕРІЛГЕН МӨЛШЕРІ БОЙЫНША ЗАЛАЛДАНУ АЙМАҚТАРЫНДА БОЛУДЫҢ МҮМКIН ҰЗАҚТЫҚТЫҒЫН АНЫҚТАУ. Радиоактивтi зат көп кездесетін жерлерде жұмыс істегенде, белгіленген мөлшері есепке алынған залалдану аймақтарында болудың мүмкiн уақытын анықтаудың қажеттiлiгі пайда болады (осы дозаны адамдардың алу уақыты). Мұндай есептiң шешiмi залалдану аймағындағы адамдардың орынды әрекеттерін анықтау үшiн керек. Iс жүзiнде бұл есептi графика арқылы шешу ыңғайлырақ (1.5 - сурет).

2 МЫСАЛ. Косл =10 кезінде цех ғимараты ішінде жұмысшылардың болуының ұйғарымды ұзақтығын анықтау, егер жұмыстар ядролық жарылыстан кейін tб = 2 с соң басталса, ал 1 сағатына радиация деңгейі жарылыстан кейін Р1 = 250 Р/с. Жұмысшылар үшін сәулелену мөлшері Дбелг = 25 Р.

ШЕШІМІ: 1. Қатынасын табамыз:

.

2. (1.5 - сурет) графигі бойынша, тік сызығының 1-ге тең қатынас мәні үшін көлденең сызығының tб =2 с оқуды бастау уақытынан жұмыстың ұйғарымды ұзақтығын tр=6 с табамыз.

ҚОРЫТЫНДЫ. Белгіленген шарттарда адамдар 6 сағаттан артық емес уақыт жұмыс істей алады. Сонымен қатар сәулелену мөлшері белгіленген 25 Р-ден аспауы тиіс.

3. ЗАЛАЛДАНУ АЙМАҚТАРЫНДА ЖҰМЫС АТҚАРУ ҮШІН АУЫСЫМДАРДЫҢ ҚАЖЕТТІК САНЫН АНЫҚТАУ. Аймақтың радиоактивті жұғу шарттарында берілген жұмыс көлемін орындау кезінде адамдардың шамадан тыс сәулеленуін болдырмау үшін ауысымдық жұмыс атқару ұйымдастырылады. Ауысымдар бойынша күш пен тәсілдерді дұрыс бөлу үшін, орындалуы қажет жұмыс пен уақыттың көлемін есептей отырып, талап етілген ауысымдар санын есептеу қажеттігі пайда болады.

N талап етілген ауысымдар саны, жұмыстың толық уақытында алынуы мүмкін сәулеленудің жиынтық мөлшерін Дсум, әрбір ауысым үшін белгіленген Дбелг сәулелену мөлшеріне бөлумен анықталады:

. (1.7)

Жиынтық мөлшер 1 мысалдың шешімінен анықталады.

Жұмыстарды ұйымдастыру кезінде АҚ объектінің штабы, құрама командирлері әрбір ауысымның жұмыс ұзақтығының басы мен соңын анықтауға міндетті. Бұл үшін 2 мысалдағы шешу әдісін қолдануға болады.

tH – жарылыстан кейінгі алғашқы сәулелену уақыты, Р/ч;

α – салыстырмалы биіктік,

α=,

мұндағы Р1 – жарылыстан кейінгі 1 сағ. Радиация деңгейі, Р/ч;

Косл – радиацияның бәсеңдеу коэффициенті;

Дуст – бекітілген сәулелену дозасы, Р.

1.5 - сурет – Радиоактивті залалдану аймағында болу ұзақтығын анықтау графигі

3 МЫСАЛ. Обьектте ядролық жарылыстан 2 сағат өткеннен кейін радиация деңгейі 43,5 Р/с-ты құрайды. Ашық жерде жұмыс жасайтын ауысым санын және ұзақтығын анықтау қажет, егер жұмысқа барлығы 11 сағат берілсе. Жұмыс жарылыстан 5 сағат өткеннен кейін басталады, сәулеленудің белгіленген мөлшері 25 Р.

ШЕШІМІ: 1. Жарылыстан 1 сағат өткеннен кейін радиация деңгейіне қайта есептеу жүргіземіз:

Р12К2=43,5*2,3=100 Р/с.

К2 – 4-қосымшада табылған, 2 сағатқа қайта есептеу коэффициенті.

2. Барлық жұмыс уақытындағы жиынтық дозаны есептейміз:

Р,

tк=tн+tр=5+1=16 ч, Косл=1 (ашық жер үшін).

3. Ауысымның керекті санын анықтаймыз

ауысым

4. Әрбір ауысымның басы мен ұзақтығын анықтаймыз, сол үшін мына қатынасты табамыз:

.

Бірінші ауысымның басына қабылдаймыз =5 с.

Бірінші ауысымның жұмыс ұзақтығы , (1.5 - сурет) график бойынша табамыз және :с тәуелді.

Келесі ауысымдардың басы мен ұзақтығы:

с с

с с

ҚОРЫТЫНДЫ. Объектіде жұмысты 3 ауысыммен жүргізу керек. Ауысымдардың жұмыс ұзақтығы: 1 – 2,25 с; 2– 3 с; 3– 6 с.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА ТАПСЫРМА

1. Цех ғимаратындағы жұмыскерлер алатын сәулелену дозасын анықтау Косл=20, егер жұмысты жарылыстан 1 с өткеннен кейін бастаса, осы уақыттағы радиация деңгейі Р1 = 50 Р/с. Жұмыс ұзақтығы tр=2 с.

2. График бойынша (1.5 - сурет) қатынасының мәні 2 болатын тік сызықтың қиылысуында және көлденең сәулелену басталу уақыты сызығымен tн =5 с рұқсат етілген жұмыс ұзақтығын табамыз tр=8 с.

3. Ядролық жарылыстан кейін 2 сағат өткен соң радиация мөлшері 58 Р/с-ты құрайды. Ашық жерде жұмыс істеу үшін ауысым саны мен ұзақтығын табу керек, егер жұмысқа 8 сағат қажет болса. Жұмыс жарылыстан 4 сағаттан кейін басталады, сәулеленудің белгіленген дозасы 25 Р.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Радиацияны өлшейтін құралдарды атаңыз?

2. Өлшеу құрылғыларының жұмыс істеу принципі?

3. Радиация мөлшері қалай анықталады?

2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ. Химиялық бақылауға арналған құралдар. Химиялық ахуалды бағалау

Жұмыстың мақсаты: Студенттерді оқыту:

жұмыс қабылдау кезінде бастапқы мақсат химиялық барлау құралдарымен қатты әсер ететін улы заттардың (ҚӘУЗ) концентрациясының бағдарлық мөлшері және кейбір улы заттар (УЗ) туралы ілім алу;

ЗЗ деңгейін төмендету және оның салдарын жою бойынша жүргізілген шаралар мен құтқару жұмыстары туралы өз уақытында қабылданған шешім, қорғаныш шаралары, химиялық ахуалды бағалау бойынша тапсырмаларды шешу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

Химиялық оқ-дәрілердің негізін УЗ – физикалық және химиялық қасиетімен анықталатын улағыш химиялық қосындылар құрайды, олар жергілікті жерлерді ұзақ уақытқа зақымдау үшін қолданылады.

УЗ іс-әрекеті сипаты бойынша топтарға бөлінеді: өлімге әкелетін, уақытша қатардан шығаратын, тітіркендіретін. Өлімге әкелетін – жүйкелік, тері-іріңдік, жалпы улағыш, тұншықтырғыштық.

Уақытша қатардан шығаруға психохимиялық, тітіркендіргіштікке тітіркендіргіштік жатады.

  1. Жүйкелік – зарин, зоман, Ви-икс.

  2. Тері-іріңдік – иприт.

  3. Жалпы улағыш – хлорциан.

  4. Тұншықтырғыштық – фосген.

  5. Тітіркендіргіштік – Си-эс (CS).

  6. Психохимиялық – Би-зет (BZ).

Химиялық зақымдану аумағына химиялық қару әсерлерінен зақымданған аймақтар, уланған ауа бұлттары тараған аймақтар жатады. Химиялық уланған аймақтар қатарына химиялық қару әсерінен адамдардың зақымданғаны және ауылшаруашылық малдардың зақымдануы жатады.

1. ХИМИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАР. Әртүрлі объектілерден алынған техникадағы, тұрғылықты жерлердегі, ауадағы зиянды заттарды КПХР, ППХР, ГСП-11 түріндегі химиялық барлау құралдарының көмегімен анықтаймыз.

Химиялық барлаудың негізгі құралы химиялық барлаудың әскери құралы (ХБӘҚ) болып табылады.

Химиялық барлаудың әскери құралы (ХБӘҚ) тұрғылықты жерлердегі, техникадағы, ауадағы зиянды заттарды анықтауға арналған. Зиянды заттардың түрлері: GB (зарин), GD (зоман), HD (перегнанный иприт), CG (фосген), AC (нілдегіш қышқыл), CK (хлорциан).

Х

1 – қолмен іске қосылатын насос, 2 – насостың саптауы, 3 – қорғаныс қақпақшалары, 4 – түтінді сүзгіштер, 5 – химиялық әдіспен жылытудың патрондары, 6 – электрлік фонарь, 7 – жылытқыш, 8 – штырь, 9 – күрекше, 10 – индикаторлық тұрбалармен құндақтар

2.1 - сурет – Химиялық барлаудың әскери құралы

БӘҚ жұмысының қағидасы келесі көрсетілген-дей: талдауға алынған ауа индикаторлы тұрба арқылы өткен кезде тұрбаны толтырып тұрған сұйықтық түсін өзгертсе, онда ауаның құрамында зиянды заттардың бар екені анықталынады, осыған байланысты зиянды заттардың концентрациясын шамамен анықтауға болады.

И

а - GB (зарин), GD (зоман) және Ви-Экс (VX): 1тұрба корпусы, 2 - мақталы тығын, 3 – толтырғыш, 4 – реактивтермен ампуа; б - CG (фосфоген), AC (нілдегіш қышқыл), CK (хлорциан); в - HD (иприт).

2.2- сурет – УЗ анықтауға арналған индикатор құбыры

ндикаторлы түтік (ИТ) зиянды заттарды анықтауға арналған және ол ішіне сұйықтық пен реактивтермен шыны ампуа орналасты-рылған дәнекерленген шыны тұрба болып табылады (2.2 - сурет). ИТ жоғары бөлігінде зиянды заттың түрін анықтауға арналған шартты белгі орналастырылған: қызыл сақина мен қызыл нүкте GB, GD, VX анықтауды, ал үш жасыл сақина CG, AC, CK анықтайды, бір сары сақина HD анықтайды.

Оң бірдей маркирленген ИТ қағаз кассетада орналастырылады. Кассетаның бет жағында колиметрлік түсті эталоны бар, ИТ жұмысының тәртібі туралы қысқаша мәліметтер, шыққан мерзімі және сақтау жылы көрсетілген.

1 – насостың басы, 2 – насостың цилиндрі, 3 – насостың тұтқасы, 4 – ампуланы ашқыш

2.3 - сурет - Қолмен жұмыс істелінетін насос

1 – пышақ, 2 – ИТ қондыруға арналған ұя, 3 – ИТ соңғы бөліктерін сындыруға арналған тереңдік

2.4 - сурет – Насостың басы

1 – корпус, 2 – воронка, 3 – шыны цилиндр, 4 – гайка, 5 – қысқыш сақина, 6 – ысырма

2.5 - сурет – Насосқа арналған саптама

Поршен түрдегі насос (2.3- сурет): ИТ арқылы ауаны өткізуге арналған. Қондырғыдағы насостың тұтқасы мен басының көмегімен ИТ шашып, ондағы амплуаны сындырады (2.4 - сурет). Зиянды заттарды анықтауда насостың тербелу жиілігі 1 минутта 50-60 болу керек.

Насосқа арналған саптама (2.5 - сурет) зиянды заттардың топырақтағы, техникадағы және басқалардағы құрамын анықтайтын құрал жұмысына арналған.

Түтінге қарсы сүзгіштер түтіндегі немесе ауадағы зиянды заттарды анықтауға арналған. Зиянды заттар әсерінің алдын алуға арналған саптаманы сақтау үшін қорғаныс қақпақшалары қолданылады, олар полиэтиленнен жасалынады және ауа өтуге арналған саңылауы болады.

Ж

1 – датчик, 2 – КН-22 аккумулятор батареялармен жұмыс істейтін жәшік, 4 – төзімді сигнализацияның пульті, 5 – төзімді сигнализацияның пультіне қосатын кабель, 6 – индикаторлы құралдар, (2 жиыны), 7 – қордағы бөліктер мен қажетті заттардың жиыны, 8 – эксплуатациялық құжаттар

2.6 - сурет - ГСП-11 автоматты газды сигнализатордың жиыны

ылытқыш (грелка) ИТ ауа температурасы төмен болғанда жылыту үшін қолданылады. Ол металды гильзадан, мыс хлоридінің ерітіндісі бар ампуладан және пластмасс қалпақшадан тұратын химиялық патронның көмегімен іске қосылады. Гильзаның түбіне магний порошогы себілген және оның бетін міндетті түрде сүзгіш қағаздан жасалынған прокладкамен жабамыз. Пластмассалы қалпақша полистирилді пленкамен жабылған орталық саңылауы бар түрде болады. Бұл саңылауға патронды пайдалану кезінде ампуланы сындыруға арналған штыр енгізіледі.

ХБӘҚ жұмысын бастау үшін алдын ала оның жиыны, насос және басқа қажетті құрамдас бөліктердің жұмысқа жарамдылығын тексеру керек. ИТ кассеталары жоғарыда қызыл сақинасы бар тұрбаны, содан кейін үш жасыл сақинасы бар тұрбаны және астыңғы бөлігіне сары сақинасы бар тұрбаны орналастырады.

Ауада зиянды заттардың болу жағдайында газқағар киіп, ауаны ИТ көмегімен зерттейді. Зерттеулерді қызыл сақиналы тұрбамен, содан кейін жасыл сақиналы тұрбамен, соңында сары сақиналы тұрбамен зерттейді.

ИТ ашу үшін насосты сол қолына алып, ал тұрбаны оң қолына алып, ИТ екі жағын кесу керек және насостың басында орналасқан пышақтың көмегімен кесілген бөліктерді насостың басындағы арнайы тереңдіктің көмегімен сындырамыз. Ампуладағы ИТ насостың тұтқасында орналасқан ампуланы ашатын штырлердің көмегімен сындырылады.

Қызыл сақинасы мен нүктесі бар тұрбаның жұмысында УЗ анықтайды, ал жағымсыз қорытынды алынған кезде-қауіпсіз.

Фосфорорганикалық улы заттарды (ФУЗ) (VХ, GВ, GD) анықтауға арналған қажетті құралдар жұмысының сатысы: кассетадан қызыл сақина мен нүктесі бар екі ИТ алып, екі соңғы жағын ашып, екі ИТ ампуласын сындырып, ерекшеленген бөліктерінің соңын қолға алып, бір уақытта 2-3 рет сілкіп, бақылау тұрбасындағы толтырғыш түсінің өзгерісін бақылаймыз.

Тұрбадағы қызыл түс егер түсін өзгертпесе, онда концентрацияда ФУЗ бар, ал егер сары түске өзгерсе, онда концентрацияда ФУЗ жоқ.

Зиянсыз концентрациядағы ФУЗ анықтауда жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады, бірақ насостың шайқалуы ұлғайып, 2-3 минуттан кейін ИТ ампула сынады.

Егер тұрба сынғаннан кейін сары түс пайда болса, онда ауада қышқыл заттардың бар екеніне куәландырады. Бұл жағдайда түтінге қарсы сүзгішті пайдаланып, ФУЗ анықтаймыз.

Үш жасыл сақиналары бар индикаторлы тұрбалармен жұмыс жасағанда ИТ ашып, ондағы ампуланы сындырып, 10-15 минут насоспен шайқап, кассетадағы үлгідегі түспен тұрба толтырғышының түсін салыстырамыз.

Бір сары сақинасы бар ИТ жұмысында тұрбаны ашып, 60 рет насоспен шайқап, 1 минуттан кейін кассетадағы үлгідегі түспен толтырғыштың түсін салыстырамыз.

Тұрғылықты жерлердегі, техникадағы зиянды заттарды анықтау ауаның зиянды заттарын анықтауға ұқсас болады, бірақ оның бір ерекшелігі саптаманы қолдануда. Саптама воронкасына қорғаныс қалпақшасын кигіземіз, ал қысқыш сақина ашық қалпында болады. Қорғаныш қалпақшасы кигізілген және бұрандамалы саптамасы бар ИТ насосын зерттелініп отырған бетке басып, ауа айдайды.

Түтіндегі зиянды заттарды анықтау үшін воронка саптамасын қысқыш сақинамен бекітілген түтінге қарсы сүзгішті қолданады.

Топырақтағы зиянды заттарды анықтау үшін әр түрлі беттердегі зиянды заттарды анықтауға арналған құралды дайындағандай етіп әзірлейміз, содан кейін саптама воронкасына кигізілген қалпақшаға күректің көмегімен топырақты шашамыз. Воронканы түтінге қарсы сүзгішпен жауып, қысқыш сақинамен бекітеміз. Ауаны өткізген кезде воронканы төмен қаратып насосты ұстап тұрамыз. Зиянды заттарды байқауға алғаннан кейін қорғаныс қалпақшасы мен сүзгішті лақтырып тастаймыз.

2. НЫСАНДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ БАҒАЛАУ. Химиялық ахуал ретінде шаруашылық объектісінің қызметіне, АҚ күштерімен халыққа әсер ететін, жердің ҚӘУЗ-мен химиялық зақымдану салдарынан болған апатты жағдайды айтады.

Химиялық ахуал ҚӘУЗ төгілуі немесе химиялық зақымдану аймағы мен химиялық зақымдану ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде болады.

Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді:

  • химиялық зақымдау көлемі мен сипатын анықтау;

  • олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;

  • адамдардың зақымдануын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нұсқаларын іріктеу.

Химиялық ахуалды бағалау болжау әдісімен, барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде химиялық ахуалды бағалауды радиациялық және химиялық қорғану (РХҚ) нүктелері жүргізеді.

Химиялық ахуалды бағалаудың бастапқы мәліметтері:

  • ХБӘҚ, түрі мен көлемі, қаруды қолдану құралы мен ЗЗ түрі;

  • улы заттардың шығарылуы (төгілуі), химиялық қарудың қолдану ауданы мен уақыты;

  • адамдардың қорғану деңгейі;

  • жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты.

  • ауа райы (жер бетінің қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейі).

Ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейін шамамен ауа райын бақылау арқылы анықтауға болады.

Ауаның вертикалдық тұрақтылығы 3 деңгейге бөлінеді: инверсия, изотермия, конвекция.

Химиялық және радиациялық бақылау орындарынан түсетін метеоберілгендер 4 сағаттан жиі болмауы керек. Жерге жақын ауа қабатының тік төзімді деңгейі берілген кестедегі ауа райы бойынша анықталуы мүмкін.

Өндірістік апат кезінде ҚӘУЗ қалдықтарымен немесе химиялық оқ-дәрілер әсерінен уланған бұлт пайда болады, ол алғашқы деп есептелінеді. Бұл бұлттың құрамы ҚӘУЗ қасиетінен немесе оқ-дәрілер жағдайына байланысты болады.

а б

2.7 - сурет– Химиялық уланған аймақ сызбасы: а – УЗ және б – ҚӘУЗ химиялық уланған ошағыменен

Аэрозольдік бөлшектермен тамшылардың булануы кезінде уланған жерлермен бірге қосымша бұлт пайда, ол тек қана будан тұрады. Соған байланысты химиялық уланғандарды алғашқы және қосымша деп бөледі. Алғашқы химиялық улану кезінде ауа, аумақ, адамдар мен техника уланады, ол қорғалмаған адамдарды тікелей улаудың себебі болып табылады.

Адамдарды қосымша химиялық улау ол уланған аумақтармен нысандармен байланыс кезінде болуы мүмкін. Техника мен көліктің қосымша химиялық улануы уланған аумақтардан өту кезінде болуы мүмкін. Соған байланысты ірі өндіріс апаттары салдарынан немесе химиялық оқ-дәрілерді пайдалануға байланысты химиялық уланған аумақтармен химиялық улану ошақтары пайда болу мүмкін. (2.7 - сурет).

ҚӘУЗ бар нысандардағы химиялық жағдайларды бағалау арнайы қорғалған адамдардың көмегімен жүзеге асырылады, яғни олар химиялық уланған аумақтарда бола алады және оған мыналар кіреді:

  1. Ұшақтар саны мен көлемі (бір, екі және топ);

  2. УЗ түрі және оларды қолдану;

  3. Метеожағдай (жерге жақын жел бағыты мен жылдамдығы);

  4. Аумақ сипаты.

Уланған ауа бұлты α мен әуеге таралу ауданын қолдана отырып, химиялық улы заттарды қолдану аумағының ауданын есепке ала отырып аумақ ұзындығына зақымданған аумақ тереңдігін көбейте отырып, химиялық уланған аумақ көлемін мына формуламен анықтаймыз, км2.

Sз=Г∙(L+ α), (2.1)

мұндағы Sз – химиялық уланған аумақ ауданы, км2;

Г – уланған аумақ тереңдігі;

L – уланған аумақ ұзындығы;

α – ауаның тік төзімділігінің коэффициенті:

- инверсия кезінде α=0,05Г;

- конвекция кезінде α=0,1Г;

- изотермия кезінде α=0,08Г.

Химиялық УЗ нысандарында жұмыс істеу кезінде және соған байланысты УЗ сақтау үшін сыйымдылығы бар немесе сыйымдылықты бұзу мен зиянды және қауіпті заттарды төгіп алу 2.2 формуласымен анықталады. Химиялық уланған аумақ ауданы Sз тең бүйірлі ұшбұрыштың ауданы сияқты қолданылады, яғни ол уланған ауаның таралу тереңдігінің уланған аумақ еніне қатынасының жартысына тең:

Sз=Г×Ш, (2.2)

мұндағы Sз – химиялық уланған аумақ ауданы, км2;

Ш – химиялық уланған аумақ ені, км, келесі қатынас бойынша анықталады: инверсия кезінде Ш=0,03·Г; изотермия кезінде Ш=0,15·Г; конвекция кезінде Ш=0,8·Г;

Г – 2 және 3 қосымшаларында келтірген кестелік шама, уланған ауа бұлттарының таралу тереңдігі.

Инверсия әдетте шамамен күн батардан бір сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін бір сағаттың бойында бұзылады.

Инверсия кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғарғы қабаттарынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және бастаған жинақталған ауаның сақталу үшін аса қолайлы жағдай жасайды.

Изотермия ауаның теңдігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20-30 метр биіктік шегінде ауаның температурасы жердікімен шамалас. Ол жауын-шашынды ауа райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертеңгі және кешкі уақыттарда инверсиядан конвекцияға (таңертең) және керісінше (кешкі) көшпелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.

Конвекция әдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан соң пайда болады және шамамен күн батардан 2-2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғарғы қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез таралуына және оның зақымдағыш әсерінің азаюына ықпал етеді.

Ауаның жер бетіндегі қабатының вертикалдық тұрақтылық деңгейі кесте көмегімен ауа райы болжамының мәліметтері бойынша анықталуы мүмкін.

Жел жылдамдығы м/с

Түн

Күн

ашық

бұлыңғыр

бұлтты

ашық

бұлыңғыр

бұлтты

0,5

Инверсия

Конвекция

0,6…2

2,1…4

Изотермия

Изотермия

4 тен астам

2.8- сурет – Берілген ауа райы бойынша ауаның тік тұрақтылық дәрежесін бағалауға арналған график