Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AiU_fizika-1.doc
Скачиваний:
226
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
496.64 Кб
Скачать

Электростатика (вакуумдағы)

  1. Әрбіреуінің заряды 10 Кл ені нүктелік хзарядтар 10 Н күшпен әсерлеседі. Олар қандай қашықтықта орналасқан?

  2. Әрбіреуі 1 Кл екі заряд 1 м қашықтықтан қандай күшпен әсерлеседі?

  3. Екі зарядтың біреуінің шамасын 4 есе артырғанда олардың арақашықтығын қанша есе өзгерту керек?

  4. Электр өрісінің бір нүктесіндегі 10-7 Кл зарядқа әсер етуші күш 4.10-3Н. Сол нүктедегі өрістің кернеулігін анықтаңыз?

  5. Электр өрісінің 0,1 мк Кл заряд орналасқан нүктесінің кернеулігі 5 В/м. Зарядқа әсер етуші күшті табу керек.

  6. Массасы 2.10-16г бөлшек кернеулігі 10 В/м. Электр өрісінде қозғалады. Оның үдеуін анықтаңыз.

  7. Электронның біртекті электр өрісіндегі қозғалысының үдеуі 1012см/2. Электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.

  8. Зарядтары тең q1= q2= q арақашықтығы d екі зарядтың ортасындағы нүктенің вакуумдағы кернеулігін табыңыз.

  9. Ұзындығы 10 см таяқшаның заряды 1 мк Кл. Таяқшаның зарядының сызықтық тығыздығын анықтаңыз.

  10. Радиусы 1 см металл шарға 6,3 мк Кл заряд берілді. Шардың зарядының беттік тығыздығын анықтаңыз.

  11. Ішіне + q1 және (-q2) зарядтары орналасқан вакуумдағы сфералық бет арқылы өтетін электр өрісінің кернеулік векторының ағынын табыңыз.

  12. Электр өрісінің берілген нүктесіне орналасқан нүктелік 10 нКл зарядтың потенциалдық энергиясы 10 мн Дж. Осы нүктенің потенциалын анықтаңыз.

  13. Егер 2 мн Кл зарядты шексіздіктен берілген нүктеге әкелгендегі істелген жұмыс 4.10-4 Дж болса, нүктенің потенциалын анықтаңыз.

  14. Зарядтары бірдей q аттас екі зарядтар бірі-бірінен 10 см қашықтыққа орналасқан. Әрбір зарядтан 10 см қашықтықтағы нүктенің потенциалын анықтаңыз.

  15. Зарядтары тең q әраттас екі зарядтар бірі-бірінен 10 см қашықтыққа орналасқан. Екі зарядтан 10 см қашықтықтағы нүктенің потенциалын анықтаңыз.

  16. Потенциалдар айырымы 8 В екі нүктенің арасында электр заряды q қозғалған кезде атқарылған жұмыс 4 Дж. Заряд q шамасы қанша?

  17. 20 н Кл заряд потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғандағы атқарылатын жұмыс қанша?

  18. 20 н Кл заряд потенциалы -100 В нүктеден потенциалы 400 В нүктеге орын ауыстырғандағы істелген жұмыс қандай?

  19. Потенциалдар айырымы 10 кВ нүктелер арасында қозғалған электрон қандай кинетикалық энергияға ие болады?

  20. Бір күш сызығының бойында бір-бірінен 4 см қашықтықтағы нүктелердің потенциалдар айырымы 120 В. Электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.

  21. Кернеулігі 60 кв/м біртекті өрісте 5 нКл заряд орын ауыстырды. Модулі 20 см орын ауыстыру бағыты күш сызығымен 600 бұрыш жасайды. Өрістің жұмысын табыңыз.

  22. Заряды 9,8.10-18 Кл бөлшек горизонталь орналасқан конденсатордың астарларының арасында тепе-теңдік күйінде қозғалыссыз тұр. Конденсатордың өрісінің кернеулігі 2.104 В/м. Бөлшектің массасын анықтаңыз.

  23. Конденсатор астарларының арасындағы электр өрісінің вакуумдағы кернеулігі 40 В/м, астарларының арақашықтығы 2 см. Конденсатор астарларының арасындағы кернеуді табыңыз.

  24. Электр өтімділігі ε=1,5, кернеулігі Е=2. 103 В/м электр өрісінің тығыздығы қандай?

В

  1. + q нүктелік зарядтың А және С нүктелеріндегі кернеуліктердің қатынасы қандай? ОА=АС

  1. + q нүктелік зарядтың А және С нүктелеріндегі потенциалдарының қатынасы қандай? ОА=АС

  1. Екі бірдей метал шариктердің біреуінің заряды екіншісінен 3 есе артық етіп зарядталады. Зарядтар аттас. Шариктердің бірі-біріне тиістіріп, қайтадан бұрынғы орнына апарып қойды. Олардың өзара әсерлесу күштері Ѓ2 / Ѓ1 қалай өзгерді.

  2. Екі бірдей металл шариктердің біреуінің заряды екіншіден 3 есе артық. Зарядтар аттас емес (әр аттас). Шариктерді бірін-біріне тиістіріп, қайтадан бұрынғы орындарына апарған олардың өзара әсерлесу күштерінің қатынасы Ѓ2 / Ѓ1 қалай өзгереді?

  1. Қабырғасының ұзындығы σ вакуумдағы куб көлемдік тығыздығы ρ зарядпен зарядталған. Кубтың қабырғалары арқылы өтетін электр өрісінің кернеулік векторының ағынын анықтаңыз.

  2. Х ось бойындағы кернеулікті анықтаңыз. Өріс потенциалының х-пен байланысы

  3. Массасы m, заряды оң + q шарик υ жылдамдықпен қозғалады. Ол алдында тұрған нүктелік оң зарядқа Q қанша қашықтыққа дейін жақындай алады?

  4. Оң зарядтар q1 =10 мк Кл және q2 =40 мк Кл вакуумда бірі-бірінен 4 м қашықтыққа орналасқан. Екі зарядты бір-біріне 2 м қашықтыққа дейін жақындату үшін қандай жұмыс істеу керек ?

  5. жылдамдығы 3600 Км/с электрон күш сызығының бойымен кернеулігі 3 В/см біртекті электр өрісінде қозғалып келе жатып тоқтайды. Электронның тоқтағанға дейінгі жол ұзындығын анықтаңыз. Электронның меншікті заряды qэл /mэл =1,8.1011 Кл/кг;

  6. Радиусы R металл шарға заряд берілді. Шардан 4 R қашықтықтағы нүктенің кернеулігі 2 В/м. Шар бетінің өріс кернеулігін анықтаңыз.

  7. Екі нүктелік зарядтар 6 q және 2 q бірі-бірімен 0,3Н күшпен әсерлеседі. Егер зарядтарды бір-бірімен тиістіріп содан кейін бұрынғы орнына апарып қойғанда қандай күшпен әсерлеседі?

  8. Зарядтары бірдей екі кішкене мойыншақтың біреуінің зарядының 2/3 бөлігін алып екінші мойыншаққа қосса, олардың кулондық тебі күші неше есе өзгереді?

  9. де орналасқан. Егер Кернеулігі 60 кв/м біртекті өріс 5 нКл заряд орын ауыстырды. Модулі 20 см орын ауыстыру бағыты күш сызығы бағытымен 600 бұрыш жасайды. Орын ауыстырудың алғашқы және соңғы нүктелері арасындағы потенциалдар айырымын табыңыз.

14.Массасы m тозаң түйірінің заряды Q. Ол электр өрісінің күш сызықтары бағытымен ұшып кіреді де И потенциалдар айырымын жүріп өткеннен кейін υ жылдамдыққа ие болады. Тозаң түйірінің өріске кірген кездегі жылдамдығын υ 0 анықтаңыз.

15.Біртекті электр өрісіндегі электрон 1012 см/с2 үдеумен қозғалады. Бастапқы электрон жылдамдығы О (нөль) болса 104С өткеннен кейінгі жылдамдығын табу керек.

16.Электрон конденсатордың бір астарынан екінші астарына қарай қозғалады. Астарлардың потенциалдар айырымы 4 кВ, арақашықтығы 8 мм болса, электронның қозғалысының үдеуін табыңыздар.

17. Электрон кернеулігі 200 кВ/м біртекті электр өрісінде орналасқан. Егер оның алғашқы жылдамдығы 0 болса 1 нс ішінде қандай жол жүреді?

18. Электрон кернеулігі 200 кВ/м біртекті электр өрісінде орналасқан. Егер оның алғашқы жылдамдығы 0 болса 1 нс уақыттан кейінгі жылдамдығы қандай болады?

19. Радиусы 1 см, зарядының беттік тығыздығы 10-11Кл/см2 шардан 10 см қашықтықтағы өріс нүктесінің потенциалын табыңыз.

C

1. Жылдамдығы U0=1 мм/с электрон кернеулігі Е=1rd/v біртекті өріске күш сызығы бойымен ұшып кіреді. Электронның алғашқы жылдамдығының жартысына тең болатын нүктеге дейінгі жол ұзындығын L анықтаңыз.

2. Зарядтар Q1=90 нКл және Q2=10 нКл бірі-бірінен 4 см қашықтыққа орналасқан. Осы екі зарядтың тарапынан әсер етуші күштердің модулі тең, бағыттары қарама-қарсы болуы үшін үшінші зарядты қандай қашықтыққа орналастыру керек?

3. Біртекті электр өрісіндегі электрон 1012 см/с2 үдеумен қозғалады. Электр өрісінің 10-4 С ішіндегі жұмысын анықтаңыз.

4. Электрондық лампаның аноды мен катодының арасындағы потенциал айырымы 90 В, ара қашықтығы 1мм. Электрон катодтан анодқа қанша уақытта жетеді?

5. Екі Q1=2Q және Q2=-Q зарядтары бір-бірінен d арақашықтыққа орналасқан. Осы екі зарядтар арқылы өтетін түзудің бойында жатқан, кернеулігі Е= 0 болатын нүктенің орнын анықтаңыз.

6. Майдың екі бірдей тамшысының әрқайсысында 100 артық электрондар бар. Олардың электрлік тебу күші гравитациялық тарту күшіне тең. Егер майдың тығыздығы 0,9.103 кг/м3 болса, әрбір тамшының көлемін анықтаңыз.

Электростатика (зат ішіндегі)

A

  1. Этил спирті құйылған ыдыс ішінде екі нүктелік заряд бар. Спирт ұшып кеткеннен кейін зарядтардың өзара әсерлесу күштері қалай өзгереді (Есп = 25).

  2. Вакуумдағы екі нүктелік зарядтардың 27 см қашықтықтан әсерлесу күші диэлектрик ішінде 3 см қашықтықтан әсерлесу күшіне тең. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігін анықтаңыз.

  3. Егер конденсатордың кернеуі И=500В, С=5пф болса оның астарларының заряды қандай?

  4. Егер конденсатордың астарларының ауданын 5 есе ұлғайтып және оған 5 есе кем заряд берсек оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді?

  5. Конденсатордың астарларының ауданын 5 есе өсіріп, ал арақашықтығын 6 есе кішірейтсек оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді?

  6. Әрбір конденсатордың сыйымдылығы 3 миф болса, екі конденсаторды параллель қосқандағы жалпы сыйымдылық қандай?

  7. Конденсаторлар батереясының электр сыйымдылығы қандай?

  8. Конденсатордың астарларының арақашықтығын 3 есе ұлғайтты. Егер конденсаторды кернеу көзінен ажыратса, өріс кернеулігі неше есе өзгереді?

  9. Конденсатордың астарларының арасын диэлектрлік тұрақтысы ε диэлектрлікпен толтырса, оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді?

  10. Конденсатордың сыйымдылығы С 5пф, астарларындағы кернеу 300 В болса, оның энергиясы қандай?

  11. Cыйымдылығы 10пф конденсаторға 4 мнКл заряд берілді. Зарядталаған конденсатордың энергиясы қандай?

В

1.Сыйымдылығы 0,02 мкф жазық конденсаторда ток көзімен қосқанда оның алған заряды 2.10-8 Кл болды. Егер астарларының арақашықтығы 5мм болса, конденсатор астарларының арасындағы кернеулік қандай?

2. q1=10 Кл, q2= 3 Кл, q3=5 Кл зарядтар ауданы 18м2 тұйық беттің ішіне орналасқан. Осы аудан арқылы өтетін электр индукциясы векторының ағынын табыңыз.

3. Кернеулігі Е=12 Кв/м біртекті электр өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр диэлектриктен жасалған (ε=3) пластинка орналасқан. Осы жағдайдағы диэлектриктің поляризациялануының сандық мәнін Р анықтаңыз.

4. Жазық ауа конденсаторын (ε=1) зарядтап алып ток көзінен ажыратты. Егер конденсатор астарларының арасын слюдамен (ε=6) толтырсақ, оның энергиясы қалай өзгереді?

5. Конденсатор батареясының жалпы сыйымдылығын анықтаңыз. Әрбір конденсатор үшін С=3 мкф.

6. Екі бірдей параллель жалғанған конденсаторлардың энергиясы W=1 Дж. Олардың кернеуі И=1 кв. Әрбір конденсатордың сыйымдылығын анықтаңыз

7. Астарларының арақашықтығы d конденсатор кернеуді тұрақты И ток көзіне жалғанған. Конденсаторларды ток қөзінен ажыратпай оның астарларының арасын 3 ға ұлғайтқанда астарларындағы заряд қалай өзгереді?

8. Астарларының арақашықтығы d конденсатор кернеуі тұрақты И ток көзіне жалғанған. Конденсаторды ток көзінен ажыратпай оның астарларының арасын 3d ұлғайтқанда конденсатордағы кернеу қалай өзгереді?

9. Конденсатордың астарларының ауданы S, астардағы заряд q .Астарлары арасындағы өріс кернеулігін анықтаңыз.

10. Жазық ауа конденсаторы 500В потенциал айырымына дейін зарядталған, астарлардың арасы 5мм. Конденсатордың энергиясының көлемдік тығыздығын анықтаңыз.

С

  1. Кернеулігі Е0 біртекті электр өрісінің кеңістігі диэлектрлік тұрақтылығы диэлектрикпен толтырылған. Диэлектриктегі өріс кернеулігін Е және оның поляризациялануын Р анықтаңыз.

  2. Кернеулігі Е0= 700 В/м біртекті электр өрісінің кернеулік векторына перпендикуляр қалыңдығы d=1см, ауданы S=200 см2 шыны пластинка (ε=7) қойылған. Пластинкада жинақталған электр өрісінің энергиясын анықтаңыз.

  3. Жазық конденсатордағы электр өрісінің кернеулігі E=27104B астар ауданы S=200 см2, астарлар арақашықтығы d=1 cм, ε=4 конденсатор зарядын анықтаңыз.

  4. Ауданы S=150 см2 жазық ауа конденсаторының заряды 5.10-8 Кл. Астарлардың бірін-бірі тарту күшін анықтаңыз.

  5. Сыйымдылығы 20 пф конденсаторы 150 В дейін зарядталған. Конденсатордың ішіндегі электр өрісінің кернеулігі 6.102В/м. Конденсатордың астарларының ауданын табыңыз.

Тұрақты ток

А

  1. Өткізгіштегі ток күші 5 С уақытта О-ден 2А дейін өсті. Өткізгіштен өткен зарядты анықтаңыз.

  2. Тізбектегі гальванометрдің көрсетуі 1 мА болуы үшін өткізгіштің көлденең қимасынан бір секунта қанша электрон өтеді?

  3. Электр шамының қылынан өткен ток күші 0,5 А, ал оның ұштарындағы кернеу 2В. Қылдың кедергісі қандай?

  4. Егер кедергісі 6 Ом өткізгіштен 10 С уақытта 3 Кл заряд өтсе, кедергідегі кернеудің төмендеуін анықтаңыз.

  5. Электр тізбегі ішкі кедергісі 2 Ом ток көзінен және 1 Ом кедергісі бар өткізгіштен құралған. Тізбектегі ток күші 6 А. Ток көзінің ЭҚК-ін анықтаңыз.

  6. Ток қөзінің ЭҚК ε=2В, ішкі кедергісі Z=0,5 Ом болса қысқаша тұйықталу тогын анықтаңыз.

  1. Берілген вольтамперлік сипаттама бойынша тізбек бөлігінің кедергісін табыңыз

  1. Өткізгіштің меншікті кедергісі 1.10-6Ом.м, ұзындығы 100 м, көлденең қимасы 0,2 мм2 . Оның электрлік кедергісі қандай?

  2. Ұзындығы 6 см өткізгіштің кедергісі 3 Ом. Осындай өткізгіштің ұзындығы 10 м, көлденең қимасы бірдей болса, оның кедергісі қандай болады?

  3. Тұйық электр тізбегінің сыртқы кедергісі 3 Ом, ал ішкі кедергісі 1 Ом болса, оның ПӘК-і қандай?

  4. Тұйық электр тізбегінің сыртқы кедергісі R мен ішкі кедергісі Z тең болса, тізбектің ПӘК-і қандай?

  5. Суреттегі R1=100 Ом кедергіден өткен ток күші I1=2А болса

R2= 200 кедергіден өтетін ток күші қандай?

  1. Кернеу 4,5 В болғанда электр шамындағы ток күші 0,5 А болды. Шамның тұтынатын қуатын анықтаңыз.

  2. Тізбектің бөлігіндегі 3с уақытта 6 Дж жұмыс атқарылады. Тізбектің бөлігіндегі кернеу 2В болса тізбектегі ток күшін есептеңіз.

  3. Кедергісі 10 Ом өткізгіштен 5А ток күші өтсе оның қуаты қандай

  4. Ток көзінің кернеуі 12 В болса, қуаты 60 Вт, шамдағы ток күші шамасы қандай?

  5. Ток көзінің 0,6 А, электр шамы. 1,5 В ЭҚК-інен қоректенсе, 1 минут уақыттағы гольвано элементіндегі бөгде күштің жұмысы қандай?

  6. Кернеулігі 2В/м , қозғалғыштығы 0,07 мм2/Вс ионның жылдамдығы қандай?

В

  1. Егер көлденең қимасы 1,6мм2 өткізгіштен 2с уақытта 2.1019 электрон өтсе ток күші қандай болады

  2. Өткізгіштегі ток күші I=4+2t заңы бойынша өзгереді, мұнда I Ампермен, t секундпен өлшенеді. 4 с уақытта өткізгіштің көлденең қимасынан қанша заряд өтеді?

  3. Көлденең қимасының ауданы 1,5 мм2 өткізгіште ток жүреді. Заттағы еркін электрондардың концентрациясы 1028м-3. Егер ток күші 0,3 А болса еркін электрондардың реттелген қозғалысының жылдамдығын анықтаңыз.

  4. Ұзындығы 10м темір сымның кернеуі И=6 В болса ток тығыздығын j анықтаңыз.

  5. Нихром сымының кедергісі 24 Ом, ұзындығы 4,8 м сымның диаметрін анықтаңыз.

  6. Көмір таяқшасының кедергісі, температура 500-ден 5450С дейін өзгерткенде, 5,0 тен 4,5 Омға дейін өзгереді. Көмірдің кедергісінің температуралық коэффициентін анықтаңыз.

  7. Екі бірдей кедергіні тізбектей жалғағанда жалпы кедергі 40 Ом болса, оларды параллель жалғағанда жалпы кедергісі қандай болады?

  8. Екі өткізгішті тізбектей жалғағанда жалпы кедергі 54 Ом, ал параллель жалғағанда жалпы кедергі 12 Ом болса, әрбір кедергінің шамасы қандай?

  9. Сымның кедергісі 36 Ом. Осы сымды бірнеше тең бөліктерге бөліп оларды параллель жалғасақ жалпы кедергі 1 Ом болды. Сымды қанша бөлікке бөлген.

  10. Сұлбадағы амперметр мен вольтметрдің көрсетулері 2А және 50В. Егер амперметрдің ішкі кедергісі R=0,5 Ом болса, резистордың кедергісін анықтаңыз.

  1. белгісіз

  2. Электр шамын ЭҚК-і 4,5 В ток көзіне қосқанда вольтметр 4 В, ал амперметр 0,25 А ток күшін көрсетті. Ток көзінің ішкі кедергісі қандай?

  3. ЭҚК-і 12 В және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом реостат жалғанды. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің ұштарындағы кернеуді табыңыздар.

  4. ЭҚК-і 1,5 гальваникалық элементтің ішкі кедергісі 1 Ом, сыртқы 4 Ом кедергіге қосылған. Тізбектегі ток күшін және элементтің ұштарындағы кернеуді анықтаңыздар.

  5. Үш кедергіні тізбектей жалғағанда ток күші 5 А -ге тең болды. Егер кедергілер 4 Ом, 6 Ом және 10 Ом болса тораптағы кернеуді және әрбір кедергідегі кернеудің төмендеуін анықтаңыз.

  6. Өткізгішті тұрақты кернеуі 120 В торапқа жалғағанда ток күші 1,5 А болды. Өткізгішке тізбектей қосымша кедергіні жалғаса ток күші 1,2 А болады. Қосымша кедергіні табу керек?

  7. Батареяның ЭҚК-і 12 В. Ток күші I=4А болғанда батареяның ПЭК-і q =0,6 болды. Батареяның ішкі кедергісін Z анықтау керек

  8. Егер амперметрдің көрсетуі 2А, ал шунттың кедергісі амперметрдің кедергісінен 5 есе аз болса, тізбектегі жалпы нақты тоқ қанша?

  9. Тізбек ЭҚК-і 7,5В, ішкі кедергісі 0,3 Ом ток көзінен және өзара параллель жалғанған екі 3 Ом және 2 Ом кедергілерден тұрады. Екінші кедергідегі I2 токты анықтаңыз.

  10. ЭҚК-і 6В ток көзіне кедергісі R=4Ом резистор қосылған. Амперметрдің көрсетуі 1 А. Егер резисторды R=2Ом кедергімен ауыстырса ток күші қандай болады?

  11. Берілген үшін Кирхгофтың екінші ережесін жазыңыз.

  12. ЭҚК-і 12 В және ішкі кедергісі z=1Ом аккумулятор кедергісі

11 Ом сыртқы тізбекті қоректендіреді. Сыртқы тізбекте 1с уақытта қанша жылу бөлінеді?

  1. Қуаты 300 Вт электр утюгінің қылы жанып кеткен соң ¼ ұзындыққа қысқартты. Оның қуаты қандай болды?

С

  1. ЭҚК-і 4,5 В қалта шамының батареясын 7,5 Ом кедергіге жалғасақ ток күші 0,5 А болады. Оның қысқаша тұйықталуы кезіндегі токты табыңыз.

  2. Шунтталған амперметр 10А токты өлшейді. Егер амперметрдің кедергісі 0,02 Ом және шунттың кедергісі 5 м Ом болса амперметр шунтсыз қандай ең үлкен ток күшін өлшейді?

  3. Батареяның ЭҚК-і 80В, ішкі кедергісі z=5 Ом. Сыртқы тізбектің қуаты P=100 Вт. Тізбектегі ток күшін анықтаңыз.

  4. Батареяның ЭҚК-і 24 В. Батареяның бере алатын ең үлкен тогы Iмах=10 А. Сыртқы тізбектің бере алатын ең үлкен қуаты қандай?

  5. Кедергілері 3 және 12 Ом шамдарын ток көзіне кезекпен қоссақ бірдей энергия жұмсалады. Ток көзінің ішкі кедергісін табыңыз.

  6. Өткізгіштегі ток күші нөлден бастап 20С уақытта бірқалыпты өседі. Бұл уақытты өткізгіште бөлінген жылу мөлшері Q=4 кДж. Егер өткізгіш кедергісі R=5 Ом болса токтың өсу жылдамдығын анықтаңыз.

  7. Өткізгіштегі ток күші I=I0.ℓ-αt заңы бойынша өзгереді. Бастапқы ток күші I0 =20 A, α102С-1. Өткізгіште t=10-2С уақытта бөлінетін жылуды анықтаңыз.

50. Иондағыш камераның электродтарының ортасымен электродтарға параллель α-бөлшегі ұшып өтіп, өз жолында иондар тізбегін туғызды. Егер электродтардың арақашықтығы d= 2см, потенциалдар айырымы

И=6 кв және әр түрлі таңбалы иондардың қозғалғыштығы тең в+= в-=1,5 см2/(В.с) болса, α-бөлшегі өткен соң қанша уақыттан кейін иондар электродқа жетеді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]