Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lab1.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
470.02 Кб
Скачать

7. Логометрлер

14- суретте магнитэлектрлік жүйенің логометрлік механизмінің құрылғысы көрсетілген.

Логометрлер– электрлік немесе электрлік емес сияқты басқа шамалардың функциясы болып табылатын екі электрлік шамалардың бөлігін есептеу операциясын жүзеге асыратын аспаптар.

Логометлерде магнитэлектрлік немесе электрдинамикалық механизмдердің қозғалмалы бөлігі орамаларынан I1 және I2 тоқтары ағатын, бір- бірімен берік бекітілген екі орауыштар түрінде жасалған. Орауыштарға тоқ қарсы әсер етуші моменті жоқ металл таспалар көмегімен келеді. Тұрақты магниттің магнит өрісі мен орауыштардағы тоқтардың өзара әсерлері тудыратын М1 және М2 моменттері бір- біріне қарама- қарсы бағытталған. Моменттердің біреуі қозғалмалы бөліктің бұрылыс бұрышына тәуелді болуы керек, сондықтан саңылауды бірқалыпты емес етіп жасайды. Моменттердің тепе- теңдігінде М1=-М2, сонда:

мұндағы В1 және В2 - қозғалмалы бөліктің орауыштарының индуктивтілігі;

S1 және S2 - қозғалмалы орауыштардың активті қимасы;

w1 және w2 - орауыштардағы орам мөлшері;

I1 және I2 - орауыштан өтетін тоқ.

Сонда:

.

Осылайша:

.

Логометрлік механизмнің базасында сұлбасы 15- суретте көрсетілген омметр жасалған.

Бұл жағдайда қозғалмалы бөліктің ауытқу бұрышы мына формуламен анықталады:

,

мұндағы R1 және R2 - орауыштардың кедергілері.

Электродинамикалық жүйенің логометрінің базасындағы жиілікөлшегіш 16- суретте көрсетілген.

Қозғалмалы орауыштың тізбегінің параметрлері өлшенетін жиіліктің I1 тоғы мен UХ кернеуінің фазалық ығысуы 90- ке тең болатындай етіп таңдалады.

А қозғалмайтын орауышының, Б2 қозғалатын орауышының, R2, L2 және C2 элементтерінің тізбектерінің параметрлерін таңдай отырып,

жиілігіндегі осы тізбектің кернеуінің резонансына қол жеткізуге болады.

Бұл жиілік жиілікөлшегіштің орта диапазонына тең. Бұнда қозғалмалы бөліктің ауытқу бұрышы қозғалмалы орауыштар тізбегіндегі реактивті кедергілердің қатынасының функциясы болып табылады:

,

мұндағы ,, а.

Осыдан:

.

Электродинамикалық жүйенің логометрлік механизмінің базасындағы фазометр 17- суретте көрсетілген.

I1 және I2 тоқтарының тепе- теңдігіндегі I1 және I2 тоқтарының арасындағы фазалық ығысу логометрлік механизмнің қозғалмалы орауыштарының арасындағы бұрышқа тең және аспаптың қозғалмалы бөлігінің ауытқу бұрышы Z жүктемесіндегі тоқ пен кернеу арасындағы фазалық ығысуға тең. Осылайша фазометрдің межелігі  және cos бұрыштарының мәндерінде градуирленуі мүмкін.

Логометрлік механизмі бар аспаптың мысалы болып температураны өлшеуге арналған Ш69001 логометрі табылады. Сезімділігі- 10К/бөл. өткізгіштердің кедергісі - 15 Ом- нан аз емес. Дәлдік класы– 2,0.

8. Практикалық жұмыс

8.1. №2 и №3 зертханалық жұмыстарының стендтерінде ампер- сағаттардың санауыштарының, активті және реактивті энергияның санауыштарының, ваттметрлердің, вольтметрлердің және амперметрлердің құрылымдарын талдау.

9. Жұмыс бойынша есеп беру

9.1. жұмыс бойынша есеп берудің ішіне:

  • аспаптардың құрылымының сипаты;

  • аспаптардың сипаты;

  • аспаптардың қолданылу аймағы;

  • аспаптардың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері;

  • қолданылатын өлшеуіш механизмдердің типтері.

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР

  1. Өлшеуіш механизм дегеніміз не?

  2. Магнитэлектрлік өлшеуіш механизмнің (ӨМ) негізгі бөліктері.

  3. Магнитэлектрлік ӨМ- нің неше шиыршықты серіппесі бар?

  4. ӨМ- нің қозғалмалы бөлігінің атауы.

  5. Магнитэлектрлік ӨМ- нің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  6. Электромагниттік ӨМ- нің негізгі бөліктері.

  7. Электромагниттік ӨМ- нің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  8. Электродинамикалық ӨМ- нің негізгі бөліктері.

  9. Электродинамикалық ӨМ- нің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  10. Ферродинамикалық ӨМ- нің негізгі бөліктері.

  11. Ферродинамикалық ӨМ- нің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  12. Электростатикалық ӨМ- нің негізгі бөліктері.

  13. Электростатикалық ӨМ- нің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  14. Индукциялық ӨМ- нің негізгі бөліктері.

  15. Индукциялық ӨМ- нің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  16. Магнитэлектрлік ӨМ- нің қолданылу аймағы.

  17. Электромагниттік ӨМ- нің қолданылу аймағы.

  18. Электродинамикалық ферродинамикалық ӨМ- нің қолданылу аймағы.

  19. Электростатикалық және индукциялық ӨМ- нің қолданылу аймағы.

  20. Әртүрлі жүйелердің өлшеуіш аспаптарының типтеріне мысалдар және олардың мінездемелері.

  21. Логометрлер. Құрылымы, қолданылу аймағы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]