Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lab1.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
470.02 Кб
Скачать

1. Магнитэлектрлік механизм

2- суретте сыртқы магнитті магнитэлектрлік механизм көрсетілген.

3- суретте магнитэлектрлік механизмнің оңайлатылған құрылымдық сұлбасы көрсетілген

3 сурет. Магнитэлектрлік механизмнің құрылымдық сұлбасы.

4- суретте тілінген магнитэлектрлік механизм көрсетілген.

1 – тұрақты магнит;

2 – магнитжол;

3 – полюстік ұштықтар;

4 – қозғалмайтын өзекше;

5 – шиыршықты серіппе;

6 – қозғалмалы орауыш;

7 – магниттік шунт;

8 – нұсқағыш.

4- сурет. Тілінген магнитэлектрлік механизм.

Берілген механизмде қозғалғыш бөліктің өлшеуіш жақтаушасы ауалық саңылаудың магнит өрісінде орын ауыстырады. Жақтаушаға айналдырушы момент әсер етеді:

Майн = 0I

мұндағы 0=BS - тұрақты манит өрісінің қозғалушы жақтауша тудыратын өріспен ілінісуінің магнит ағыны;

В - жұмыс саңылауындағы магнит индукциясы;

S - жақтаушалардың активті ауданы;

- жақтаушаның орамаларының саны.

Жақтаушаға әсер ететін қарсы әсер етуші момент:

Мқәм=W,

мұндағы - жақтаушаның бұрылыс бұрышы;

W - меншікті қарсы әсер моменті.

Жақтауша тоқтағанда тепе- теңдік пайда болады:

0I = W,

осыдан:

,

мұндағы - аспаптың сезімділігі.

Артықшылықтары: жоғары сезімділік, үлкен дәлдік, тұтынатын қуаттың аздығы, межеліктің бірқалыптылығы, жақсы тынышталу.

Кемшіліктері: күрделілігі мен қымбаттылығы, артық жүктеу қабілетінің аздығы, серіппелердің аздап қызуы мен олардың қасиеттерінің өзгеруімен шарттасқан, температураның әсері, айнымалы тоқтар тізбегін өлшеуге жарамсыз.

Магнитэлектрлік механизм базасында дәлдік класы 0,25 болатын амперметрлер, вольтметрлер, омметрлер, гальванометрлер, кулонметрлер жасалынады.

Магнитэлектрлік типті аспаптардың мысалдары:

  1. М2018 вольтамперметрі, тоқ бойынша 15 поддиапазоны және кернеу бойынша 12 поддиапазоны бар. Тоқ бойынша өлшеу шектері: 0,75мА 30 А; кернеу бойынша– 15 мВ  30 В. Дәлдік класы – 0,2.

  2. М371 омметрі, 4 өлшеу диапазоны бар: 10  100 Ом; 100  1000 Ом; 1000  10000 Ом; 100 кОм  10 МОм. Дәлдік класы– 1,5.

  3. М4100/5 мегаомметрі. 2 өлшеу диапазоны бар: 0  2 МОм; 0  1000 МОм. Дәлдік класы– 1.

  4. Гальванометрлер: М17/10 – тоқ бойынша сезімділігі CI = 310-10 Ам/мм; М17/12 – кернеу бойынша сезімділігі CU = 510-8 Вм/мм.

М193/3 тасымалданатын гальванометрі. Бөлім бағасы 1,810-9 А/бөл, нұсқағыштың нольдік жағдайының тұрақтылығының дәрежесі 1,0.

  1. М17/12 баллистикалық гальванометрі. Электр мөлшері бойынша сезімділігі СQ = 0,810-9 Клм/мм.

  2. М501 вибрациялық гальванометрі. Жиілік диапазон 30100 Гц, тоқ бойынша сезімділік СI=1,610-7 А/бөл, кернеу бойынша сезімділік СU=2,210-5 В/бөл.

  3. М337 кулонметрі. Өлшеу диапазондары: 030 Кл; 0150 Кл. Импульс ұақтылығы 0,050,2 с мен амплитудадағы 100 мА келтірілген қателік 5%.

  4. СА-М640 және СА-М6404 ампер-сағаттардың санауыштары. Дәлдік класы – 0,5.

2. Электродинамикалық механизмдер

Электродинамикалық аспапта (5- сур. қар.) тұрақты магниттің қызметін тізбектей жалғанған (6- сур. қар.) екі қозғалмайтын орауыш атқарады.

2 қозғалатын орауышқа тоқ қарсы әсер моментін тудыратын серіппелер арқылы келеді (магнитэлектрлік механизмдегідей).

Тынышталу 4 ауалық тыныштандырғышпен тудырылады.

Бұл механизмде айналдыру моменті қозғалмалы жақтауша мен қозғалмайтын орауыштан сәйкес ағатын I1 және I2 тоқтарының өзара әсерлерінен пайда болады.

Сонда тұрақты тоқ үшін айналдыру моменті мынаған тең болады:

,

мұндағы - механизмнің қозғалмалы бөлігінің ауытқу бұрышы.

Айнымалы тоқ үшін бұл формула келесі түрде болады:

,

мұндағы i1(t)=Im1sin(wt + 1); i2(t)=Im2sin(wt + 2);

1, 2 – фазалық ығысудың бастапқы бұрышы.

Сонда айналдыру моментінің период үшін орташа мәні мынаған тең болады:

,

мұндағы Т – период;

I1, I2 – орамалардағы тоқтардың ортаквадраттық мәні;

 = 1-2 – I1 және I2 тоқтарының векторларының арасындағы фазалық ығысудың бұрышы.

Механизмнің қозғалмалы бөлігінің ауытқу бұрышы:

.

Ақырғы формуладан межеліктің әркелкі екенін көреміз. Межеліктің сипаттамасы орауыштың түріне және олардың өзара орналасуына тәуелді.

Артықшылықтары: айнымалы және тұрақты тоқтардың тізбектерінде өлшеу мүмкіндігі, уақыт бойынша көрсеткіштердің тұрақтылығы.

Кемшіліктері: аз сезімділік, тұтынатын қуаттың көптігі, тоқ бойынша артық жүктеу қасиетінің аздығы, шығыстық шаманың кірістік сигналдың жиіліктеріне, температураға, сыртқы магнит өрістері мен механикалық әсерлерге тәуелділігі, құрылымының күрделілігі мен жасап шығарудың қымбатқа түсуі.

Өнеркәсіп тұрақты және айнымалы тоқта өлшейтін, дәлдік кластары 0,5; 0,2; 0,1 аспаптарды шығарады.

Электродинамикалық жүйенің аспаптарының мысалдары:

  1. Д578 фазометрі. Фазалық ығысуды өлшеу диапазоны 0-90-180-270-360; өлшеу диапазоны cos +1  0  -1,орнату уақыты– 4 с.Тұтынатын қуат– 4 ВА.

  2. 5017 амперметрі. Жиілік аймағы- 451000 Гц. Өлшеу диапазоны - 0,120 А. Дәлдік класы– 0,2.

  3. Д37 ваттметрі. Өлшеу жиілігі 50, 500, 1000, 4000, 8000, 10000 Гц. Дәлдік класы– 2,5.

  4. Э361 жиілікөлшеуіші. Жиілік аймағы 4555, 180220, 450550 Гц. Кернеу торабы 127, 220, 380 В. Дәлдік класы– 2,5.

  5. Д5015 вольтметрі. Жиілік аймағы 45500 Гц.Өлшеу диапазоны 060 В.Дәлдік класы– 0,2.

  6. Д5016 ваттметрі. Номиналды тоқ – 5 А, қуат коэффициенті cоs=1, Өлшеу диапазонының ақырғы мәні– 6000 Вт. Дәлдік класы– 0,2.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]