Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lab10.1.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
195.07 Кб
Скачать

Трансформаторлық режімдегі сельсиндер

Үлкен моменттермен жүктелген атқарғыш аспаптарға қозғалысты беру үшін ілеспе жүйе қолданылады. Трансформаторлық режімдегі сельсиндер ілеспе жүйелерінде үйлесімсіздікті өлшеу үшін қолданылады.

Трансформаторлық режімдегі сельсиндердің принциптік сұлбасы 3- суретте көрсетілген.

Берілген сұлбаның индикаторлықтан айырмашылығы- сельсин- қабылдағыштың бірфазалық қоздыру орамасы кернеу көзіне қосылмайды, шығыс болып табылады және күшейткіш құрылғысының кірісіне қосылған.

Сельсин- қабылдағыш трансформатор сияқты жұмыс істейді. Сельсин- бергіштің айнымалы тоқтың кедергісінің көзіне қосылған бірінші ретті орамасы бергіштің екінші ретті орамасында ЭҚК- ті келтіретін пульстік ағынды тудырады. Әр фазаның ЭҚК- і сельсин- бергіштің екінші ретті орамасының қоздыру орамасына қатысты орналасуымен анықталады. Бұл ЭҚК- тер сельсиндердің екінші ретті тізбектерінде сельсин- қабылдағыштың бірфазалық орамасында ЭҚК- ті индукциялайтын тоқтарды тудырады.

Сельсиндердің негізгі қасиетіне байланысты қабылдағыштың (3. сур. 1,2 нуктелерінің) бірфазалық орамасының шығысындағы қосынды ЭҚК мынаған тең болады:

Е = Umax · cos Q (9)

мұндағыUmax - сельсин- қабылдағыштың шығыстық кернеуінің максимал шамасы.

Теңдеуде көрсетілгендей, сельсин- қабылдағыштың бірфазалық орамаларының қысқыштарындағы кернеу бергіш пен қабылдағыш роторларының бұрылыс бұрыштарына емес, олардың арасындағы үйлесімсіздік бұрышына Q тәуелді. Егер қабылдағыштың тежелген роторында бергіш роторын бұрсақ, онда сельсин- қабылдағыштың бірфазалық орамасындағы кернеу E селсин- бергіштің роторының бұрылыс бұрышының косинусына пропорционал болады. Бұл жағдайда Е шамасы Q = 0°- да максимал, ал Q = 90°- та минимал болады. Трансформаторлық режімдегі сельсиндерді практикада қолданғанда кері тәуелділік қолайлы, немесе сельсиндер Q = 0 болғанадағы келісілген күйде болғанда ЭҚК нольге тең болуы керек Е = 0. Бұл қабылдағыш роторын бастапқы күйінде 90°- қа бұрсақ жеңіл алынады, сонда

Е = Umax cos(Q - 90 ) = Umax sinQ (10)

Трансформаторлық режимде жұмыс істейтін сельсиндердің құрылымына сәйкес параметрлері максималды әсерлік кернеу Umax = 50 – 100В болатындай болады. Шығыстық кернеудің қисығының тіктігі

(11)

Трансформаторлық режімдегі сельсиндердің жұмысының дәлдігі

Трансформаторлық режімдегі сельсиндердің жұмысында келісілген жағдайында (бергіш пен қабылдағыш сельсиндердің роторлары 90°- қа ығыстырылған кезде) сельсин- қабылдағыштың бірфазалық орамасындағы кернеу нольге тең болуы керек, сонда да келісілген жағдайдағы сельсиндерде болатын қателіктердің қатарының салдарынан сельсин- қабылдағыштың бірфазалық орамасының шығысында трансформаторлық режімдегі сельсиндердің қателерін анықтайтын қалдық кернеу болады.

Зертханалық жұмысты орындау реті

Зертханалық стендтің принципиалды сұлбасы 4- суретте көрсетілген.

Индикаторлық режімдегі сельсиндерді зерттеу

1. Бұрыштың сельсин- қабылдағыштың қоздыру кернеуін беру қашықтығына тәуелді индикаторлық берілісінің дәлдігін анықтау. Дәлдікті анықтау жоғарыда көрсетілген әдіс бойынша жүзеге асырылады. Берілген пункт бойынша зерттеуді жүргізу үшін «сеть» тумблерін қосу керек. Қалған ауыстырып қосқыштардың орналасуы эксперименттің нәтижелері енгізілетін 1- кестеде көрсетілген. Берілгендер бойынша бұрыштың индикаторлық берілісінің дәлдігіне беріліс сызығының ұзындығы қалай әсер ететіні туралы тұжырым жасау.

2. Мсинхр синхрондаушы моментінің сельсин- бергіш пен сельсин- қабылдағышқа келтірілетін қоздыру кернеуіне және оның беріліс сызығының ұзындығына тәуелділігін алу. Рычагтың ұшына салынған білікке қатаң бекітілген СҚ-2 сельсин- қабылдағышты күшейтумен тепе- теңдік қалыпқа келтіру арқылы қол жеткізілетін синхрондаушы моментті өлшеу. Күшейту рычагтың ұшына бекітілген тостағанға қондырылған таразы тастарымен алынады.

Өлшеу реттері мен баптау күйлері 2- кестеде көрсетілген. Алынған мәндер бойынша Мст = f(α) тәуелділігінің 4 қисығын салу және синхрондаушы моменттің әр- түрлі беріліс ұзындықтарындағы және бергіш пен қабылдағыштың әр- түрлі қоздыру кернеулеріндегі бергіштің бұрылыс бұрышына тәуелділігі туралы тұжырымдар жасау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]