Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lab10.1.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
195.07 Кб
Скачать

Сельсиндер көрсеткіштік режімде

Көрсеткіштік режімдегі сельсиндер өлшеуіш техника және автоматика құрылымдарында кеңінен қолданылатын синхронды беріліс жүйесін (СЖ) құрайды.

Егер құрылымдық жасалуы бірдей екі сельсинді алсақ және олардың бірфазалық орамаларын айнымалы тоқ көзіне, кеңістікте 120 бұрышпен орналасқан және жұлдыз болып байланысқан екінші ретті үшфазалық орамаларды бір- бірімен қоссақ қарапайым СЖБ- ті аламыз (2- сур).

Бірфазалық айнымалы тоқ әр сельсиннің магнит тізбегінде екінші ретті орамаларда электрқозғалтқаш күшті индукциялайтын пульсациялық тоқ туғызады. Бергіштің роторлары мен сельсин- бергіштің әр фазасындағы ЭҚК- ті қабылдағыштың бірдей орналасуында сельсин- қабылдағыштың әр фазасындағы сәйкес ЭҚК теңгеріледі немесе екінші ретті тізбекте тоқ жоқ болады. Бергіштің роторын бұрғанда сәйкес орамалардағы ЭҚК роторлар статордың орауыштарының осіне қарағанда бірдей болып орналаспағандықтан, шамалары бойынша әр түрлі болады. Бұл жағдайда сәйкес орамалардағы ЭҚК тең болмайды. Және де тізбектерде теңестіруші тоқ ағады.

Екінші ретті ораманың қорытқы ампер- орамдарының қоздыру ағынымен өзара әсерлері С-Б және С-Қ біліктерінде синхрондаушы моментті тудырады. Егер С-Қ роторы тежелген болса, онда пайда болған синхрондаушы момент оны бергіш роторымен бірдей күйге келтіруге тырысады.

С-Б роторының тоқтаусыз айналуында С-Қ роторы сол жылдамдықпен айналады.

Практика жүзінде, С-Қ роторының осінде жүктеме мен үйлестіргіштің бар болуынан ығысу белгілі бір қателікпен жүзеге асады. СБЖ келесі негізгі көрсеткіштерді сипаттайды:

Статикалық синхрондаушы момент

Мст = f (Q) (1)

Мст деп қабылдағыш білігінің синфазалық орналасуынан бұрышқа бұрылуы кезінде пайда болатын моментті түсінеміз

Q = Q1 — Q2 (2)

мұндағы Q - үйлесімсіздік бұрышы, град.(3- сур)

Q1 – бергіш роторының бұрылыс бұрышы

Q2 – қабылдағыш роторының бұрылыс бұрышы

Сельсиндердің негізгі қасиетіне байланысты статикалық синхрондаушы момент

Мст = Мmax · sinQ (3)

мұндағы Мmax – Q = 90- тағы  синхрондаушы моменттің максимал мәні.

Меншікті синхрондаушы момент мынаған тең:

(4)

Динамикалық синхрондаушы момент:

Мd = f (ω) (5)

мұндағы Мd – қабылдағыштың өзінің білігінде берілістің белгілі бір жылдамдығында синхронизмнен шықпай дамытатын максимал моменті. 500-600 айн/м үлкен емес жылдамдығында СБЖ- ның негізгі көрсеткіші болып қабылдағыш роторы бергіш ротордың артынан еретін дәлдік болып табылады. Дәлдікті бағалау үшін сельсин қабылдағыштың осіндегі үйкелісті жеңу үшін жеткілікті синхрондаушы момент туатын үйлесімсіз Qст бастапқы бұрышын алған қолайлы

Статикалық режімдегі қателікті көбінесе экспериментальді түрде анықтайды. Бұл үшін, зерттелетін сельсин 2- суреттегі сұлба бойынша сельсин- бергішке қосылады. Бергіш үшін бірінші класс дәлдікті сельсин қолданылады. Бергіш роторын бір айналым шегінде бірқалыпты межелік бойынша бірдей бұрыштарға бұрады. Зерттелетін сельсиннің көрсеткіштерін де осындай межелік бойынша есептейді. Бергіш пен зерттелетін сельсиннің көрсеткіштерінің айырымы болып бергішті екі бағытта айналдыру барысында алынатын максимал қателіктердің ортажиынтығы табылады, немесе :

(6)

Берілістің дәлдігіне қорек көзінің кернеуінің тербелісі әсер етеді. Кернеудің тербелісі кезіндегі синхрондаушы моменттің өзгеруі келесі теңдік арқылы анықталады:

(7)

мұндағы Мст ном – номинал кернеудегі синхрондаушы моменттің номинал шамасы;

Uном – номинал кернеу.

Қорек көзінің жиілігінің тербелуінде де синхрондаушы момент өзгереді және келесі тәуелділік арқылы көрсетіледі:

(8)

мұндағы fном - номинал синхрондаушы моментке сәйкес келетін жиілік.

СБЖ- ның жұмысының дәлдігіне берілістің ұзақтығы әсер етеді. Берілістің ұзақтығын көбейтсек беріліс және қабылдағыш сельсиндерінің қоздыру орамаларында кернеу әр түрлі болады (бір көзден қоректену кезінде). Сондықтан, олар тудыратын пульсациялық ағындар әр түрлі болады. Осының салдарынан, роторлардың синфаздық қалпында қосымша қателік тудыратын теңгеруші тоқтар ағады. Бұл қателік үшін сельсиндердің қоздыру орамаларындағы ағындарды теңестіру керек. Осы мақсатта сельсиннің жоғарғы кернеуі бар қоздыру орамалары мен сельсиндердің ағындарын теңестіретін қосымша кедергіні тізбектей қосады.

Берілістің ұзақтығын үлкейту үшін сельсин- қабылдағыштың синхрондаушы моментін азайтады. Бұл меншікті моменттің шамасы сельсиндердің синхрондау орамасының толық кедергісі мен оларды байланыстыратын сымдарға кері пропорционал екендігімен түсіндіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]