Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек стат каз_2014.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
560.64 Кб
Скачать

4 Тақырып. Статистикалық топтау, ақпар, кестелер.

  1. Топтаудың мәнi мен мағынасы

  2. Топтаудың түрлерi

  3. Көп өлшемдi топтау

  4. Статистикалық кестелер

Орыс статистигi Журавский Д.П. (1810 - 1856) статистиканы "категория бойынша есеп" ретiнде дәл анықтаған. Шындығында, құбылыстардың шексiз түрiнiң арасынан, әдетте, ақырлы топтар мен типтердiң бар екенiн байқаймыз. Әр адамның бет-пiшiнi қайталанбаса да, оны белгiлерi бойынша (ат жақты, сопақша, дөңгелек және т.б.) жiктеуге болады; ал кәсiпорындар меншiк формаларына, өндiрген өнiмiнiң сипатына, кәсiпорын көлемiне (iрi, орта, шағын), қаржылық жағдайына байланысты топтар құрайды; мемлекеттер экономикалық даму деңгейiне байланысты бөлiнедi және т.б. Мысалдарды шексiз жалғастыруға болады және қандай жиынтықты қарастырсақ та, оны топтарға бөлiп зерттеуге болатыны анық. Бұл жеке жиынтықтардың бар болуы, өзгермесi сияқты құбылыстардың объективтi қасиеттерiмен шартталады.

Топтау – бiрлiктердi келесi принциптерге сәйкес топтарға үлестiру: бiр топқа жатқызылған бiрлiктер арасындағы айырмашылық түрлi топқа енгiзген бiрлiктер арасындағы айырмашылықтан аз болу керек.

Топтау жиналған ақпаратпен әрi қарай жүргiзiлетiн барлық жұмыстар негiзiнде жатыр. Топтау негiзiнде топтар бойынша ақпар көрсеткiштерi есептеледi, топтар арасындағы ерекшелiктердiң себебiн талдауға, салыстыруға, олардың арасындағы өзара байланысты зерттеуге мүмкiндiк туады. Егер ақпар көрсеткiштерiн жалпы жиынтық бойынша есептесек, бiз олардың құрылымы, жеке топтардағы ролi мен олардың спецификасын анықтай алмаймыз.

Сондықтан, топтау мәнi мәлiметтердi қорытындылауды, оларды шағын, көрнекi түрде көрсетудi қамтамасыз етедi; сонымен қатар талдау мәлiметтердiң келесi ақпары мен оларды талдау үшiн негiз құрайды.

Экономикадағы құрылымдық өзгерулердi зерттеу үшiн, мемлекеттiк статистика шаруашылық объектiлерiнiң классификациясы негiзiнде оларды топтауды қолданады. Меншiк формасы мен ұйымдастырушы-құқықтық формасының классификациясы қолданылады.

Егер, бiрiншiден, топтау дұрыс жүргiзiлсе, екiншiден, топтар саны жеткiлiктi болса, онда жеке топтар үшiн жиынтық көрсеткiштер типтiк және тұрақты болып табылады. Бiрiншi шарт топқа бөлу үнемi анық еместiгiне байланысты. Жеткiлiктi көп бiрлiк (топтағы бiрлiктер 5-тен аз емес) болғанда, жиынтық көрсеткiштерде кездейсоқ сипаттамалар өзара жойылып, заңды, типтiк сипаттамалар пайда болатындықтан, екiншi шарттың орындалуы қажет.

Топтау есебiн шығару үшiн бiрлiктi қандай да бiр топқа жатқызу ережесiн бекiту керек.

Бұл ережеге топтау өткiзiлетiн сипаттамаларды (белгiлер), яғни топтастырушы белгiлердi, және олардың бiр тобын екiншiсiнен бөлiп көрсететiн мәндерiн (топтаудың деңгей аралығын) анықтау жатады.

Егер топтауды құруға тек бiр ғана топтастырушы белгi қолданса, ол жай (монететикалық) ал бiрнеше белгi бойынша жүргiзiлсе, күрделi (политетикалық) деп аталады. Әдетте, топтау құрамдастырылған түрде жүргiзiледi, яғни бiр белгi бойынша ерекшеленген топтар, әрi қарай басқа белгiмен iшкi топтарға бөлiнедi. Бұл әдiс бойынша топтарды анықтау әдiсi қарапайым топтаудан тиiмдiрек болу керек сияқты, себебi топтар арасындағы ерекшелiктердi тек бiр белгi негiзiнде анықтау мүмкiн деп айту қиын.

Сонымен қатар көп өлшемдi топтастыру немесе көп өлшемдi классификациялар да жиi қолданылады.

Топтастырушы белгiлердiң деңгей аралығын анықтауға тоқталайық. Деңгей аралықтары ашық және жабық болып бөлiнедi. Жабық жағдайда деңгей аралығының жоғарғы және төменгi шекаралары көрсетiледi. Мысалы, жұмысшылар саны бойынша кәсiпорындар тобы: 200-600, 600-1000, 1000-2000. Бұл жазу, деңгей аралығының жоғарғы шекарасына сәйкес келетiн мәннiң бiрлiгi келесi топқа қатысты екенiн көрсетедi, мысалы «200-ден 600-ға дейiн».

Жабық деңгей аралығының шекаралары жоғарғы және төменгi шекаралар бiрлiгiн қамтиды. Мысалы, жас бойынша тұрғындарды топтау, жастары: 0-4, 5-9, 10-14, 15-19, 20-24, 25-29 және т.б. болып бөлiнедi. Егер тек жоғарғы немесе тек төменгi шекара: 200 адамға дейiн немесе 2000 және одан көп адам, деп көрсетiлсе, деңгей аралығыны ашық деп аталады. Жабық деңгей аралықтары тең және тең емес деп бөлiнедi. Тең емес деңгей аралықтары тең толтырылған ретiнде анықталады. Деңгей аралығының шекаралары әр топтағы белгiнiң нақты мәндерiне сәйкес келедi.

Кейбiр жағдайда топ саны алдын ала белгiлi болып, топтастыру варианттарын теру негiзiнде тәжiрибелi жолмен анықталады, мұндай вариантты табу топтар арасындағы ерекшелiктердi анығырақ көруге мүмкiндiк бередi. Егер топтастырушы белгi сандық емес және мәнi көп емес болса, онда топтау белгiнiң осы мәндерiне ие бiрлiктердi санау жолымен жүргiзiледi.

Топтау әдiсi топтық және құрамдастырылған кесте түрiнде, сонымен қатар құрылым бөлiктерi мен олардың өзара қатынасын көрсетенiн графиктiк бейнедегi мәлiметтердi ұсынумен тығыз байланысты екенi анық.

Топтау статистикалық байланыс пен заңдылықтарды анықтау, объектiнiң сипатын жасау, зерттелiнетiн жиынтықтың құрылымын анықтау мақсатында жүргiзiледi. Топтастырулардың дың мақсаттық жағынан айырмашылығы отандық статистикада жүргiзiлетiн топтастыру классификациясына байланысты: типтiк, құрылымдық, аналитикалық.

Типтiк топтастыру әлеуметтiк-экономикалық типтердi анықтау үшiн қолданылады. Топтаудың бұл әдiсi зерттелетiн жиынтықта қандай типтердiң кездесетiнi жайлы елеулi деңгейде сарапшылардың түсiнiгiмен анықталады. Осы топтаудың ерекшелiгiн түсiндiру үшiн, оны жүргiзуге қажеттi әрекеттер тiзбегiне тоқталайық: