Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек стат каз_2014.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
560.64 Кб
Скачать

3. Тақырып. Статистикалық бақылау

Жиналатын мәлiметтерге қойылатын талаптар. Статистикалық бақылау түрлерi және ұйымдастыру формалары

Статистикалық бақылауға дайындық

Статистикалық есеп беру

Статистикалық бақылау қателерi. Бақылаудың мәлiметтерiн тексеру әдiстерi

Жиналған мәлiметтер келесi екi талапқа сай болу керек: сенiмдiлiк және салыстырымдылық. Сенiмдiлiк - мәлiметтердiң нақты бар болуына сәйкестiк. Статистикалық бақылауды жүргiзудiң барлық әдiстемесi, ұйымдастырылуы және техникасы мәлiметтердiң айқындығын қамтамасыз етуге бағытталу керек. Бұл жағдайда туындайтын мәселелердi түсiну үшiн статистикалық бақылауды өзара тәуелдi компоненттер түрiнде қарастыру керек.

Мәлiметтердiң сенімділігі статистиканың келесi сипаттамаларына байланысты екенi анық - кәсiптiк дайындық, коммуникациялық, ұйымдастырушылық дағдылар және т.б.-мен қатар қолданылатын нұсқаулықтар сапасына - бақылау бағдарламасына, бланктiлер, анкета және оларды толтыру жайлы нұсқауларға. Мәлiметтердiң айқындығына объектiлердiң статистикалық зерттеуге дайындығы да әсер етедi. Ол тұрғындарды алдағы болатын зерттеу жұмысы жайлы алдын ала хабарландыру түрiнде - газет, радио, теледидар арқылы жүргiзiледi. Сенiмдiлiкке көше атын, үй мен пәтер нөмiрiн реттеудiң де ықпалы тиедi.

Статистикалық бақылау құралдары

Бақылау

объектiсi

Бақылау

мәлiметтерi

Статистика -

Статистикалық бақылау сызбасы

Мәліметтердің дұрыстығына көрсеткіштiң әлеуметтiк функциясы әсер етеді. Мысалы, бала өлімі (1 жасқа дейінгі бала өлімі) туралы мәліметтердiң қате екенi анықталған. Мұндай негiзгi қателіктер бала дүниеге келгеннен кейін өлсе, оны өлі күйінде дүниеге келген деп тіркеп, ал өлi күйінде дүниеге келгендерді кеш уақыттағы түсік деп жазып, АХАЖ-да тіркелмей қалатындықтан орын алады. Кәсіби ауруға шалдыққандар, қылмыстар саны мен сипаты және т.б. қоғамның «саулығын» көрсететiн мәлiметтер де шындыққа жақын емес, сенiмсiз.

Сенiмдiлiктi қамтамасыз етудің жалпы шарттары - бақыланатын объектіні қамту толықтығы; әрбір байқау бірліктері бойынша мәліметтерді тiркеу дәлдігі мен толықтығы болып табылады.

Әрбір жеке құбылыстар туралы мәліметтерді қорытындылау үшiн үшін, олар бір-бірімен салыстырылатын болу керек: яғни бiр ғана уақытта және ортақ әдiстеме бойынша жиналған болу керек. Сонымен қатар, құбылыстың қалай өзгеретінін түсiну үшін, алдыңғы өткен зерттеулермен салыстыруды қамтамасыз ету керек. Бұл үшін, ұйымдастырушы-әдiстемелiк факторлармен туындаған бақылау мәлiметтерiнiң айырмашылық себептерi мен сипаты түсiнiктi болатындай, статистикалық бақылаудың әдiстемесiнде және ұйымдастыруында толық айқындық болғаны жөн.

Егер бақылау бірліктерінiң бiр ғана анықтамасы, алғашқы белгiлердi тiркеудiң де ортақ әдiстемесi, өзіндік құн, еңбек өнімділігі, рентабелділік, ликвидтілік және т.б. сияқты екiншi реттi белгiлердi есептеудiң бiрдей әдiстемесi қолданылса, әртүрлі бақылаудың мәліметтерiне салыстыру жүргізуге болады.

Салыстырымдылықтың басты шарты - мәлiметтердi тiркеуге қатысты, бақылауды жүргiзу сәтi мен уақытын сақтау. Мысалы, студенттер саны оқу жылының алдында, стипендиялық қор - айға (немесе жылға) және т.б. анықталады. Әдетте, мәлiметтер, оқу, шаруашылық немесе қаржылық жыл және т.б. сияқты, зерттелетiн үрдiстiң толық бiр цикліне сәйкес болуы қажет деп қабылданған. Егер де мезгіл әсерi күштi болса, онда мәліметтер айлар немесе тоқсандар бойынша жинақталуы тиiс. Зерттеу уақыты, зерттелетін объектi ең тұрақты жағдайда болатындай етiп, таңдалады.

Статистикалық бақылау жүргiзiлген уақыт мен зерттеу бірліктерін қамтуы бойынша келесi түрлерге бөлiнедi.

Фактілерді тіркеу уақыты бойынша үздіксіз (ағымдық), мерзiмдiк (периодтық), бір жолғы деп жiктеледi. Ағымдық бақылау құбылыстың пайда болуына байланысты жүйелі, тұрақты, үздіксіз жүргiзiледi. Мысалы, АХАЖда туу туралы, өлім туралы, некеге тұру және ажырасу туралы мәлiметтер тіркеледі, ал зауыттар мен фабрикаларда өндiрiлген өнiм көлемi, жұмысшылардың жұмысқа келуі не келмеуі, дебиторлар мен несие берушiлармен есеп айырысу, кассаға ақшаның түсуі, ақшалай төлем-ақылар және т.б. ескерiлiп жазылып отырылады. Мерзiмдiк байқауда тiркеу анықталған, әдетте, белгiлi бiр уақыт аралығы өткен сайын жүргiзiледi, мысалы, емтихан сессиясының мәлiметтерi бойынша студенттердiң үлгерiмiнiң есебi. Бір жолғы бақылау қандай да бiр мiндеттi шешу үшiн, тек бір рет қана жүргізіледі және, қажеттi жағдайда, белгісіз уақыт аралығында қайталануы мүмкін. Мұнда мысал ретінде, тұрғын үй қорының санағы, оқушылар санағы және т. б. келтiруге болады.

Бақылаудың қандай да бiр түрiн практикада қолдану зерттелетін объектінiң ерекшелiгiне байланысты. Мысалы қоғамдық өндірістің жұмыс жасауы үздіксіз сипатқа ие : бірнеше өнiмнiң сан алуан, көптеген түрлері күнделікті өндіріледі және тұтынылады, олардың қоры өзгереді және т.б. Тоқтаусыз өндірістi қамтамасыз ету өндірістік шығындар мен олардың нәтижелерiн үзiлiссiз, жүйелі түрде есепке алуды қажет етедi. Халықтың құрамының әлеуметтiк және ұлттық белгiсi, бiлiмi және басқа құрамы бойынша өзгеруi басқа сипатқа ие. Тұрғындардың үлкен топтары үшiн бұл белгiлер қысқа мерзiмде елеулi өзгермейдi, сондықтан, оларды үздіксіз тiркеудiң қажеттiгi жоқ.

Бiр ғана үрдiстi зерттеу үшiн, ағымдықпен қатар, бiр жолғы бақылау да қолданылады. Мысалы, халық тұтынуын ағымдық бақылау мәлiметтерi бойынша (бюджеттiк зерттеу) мемлекеттiк статистика зерттейдi. Сонымен қатар көптеген зерттеушi коллективтер тұтынуды бiр жолғы мәлiметтер арқылы зерттейдi: "әдеттегi" азық –түлiктiң бiр күндiк сатып алу мөлшерi бекiтiледi, кейде ол мәлiметтер соңғы екi күндегi нақты сатып алу мәлiметтерiмен толықтырылады, соңғы ай, тоқсан, жарты жыл және басқа уақыт аралығында сатып алынған ұзақ мерзiмдi қолданылатын тауарлар мен азық-түлiк емес тауарлар көлемi анықталады.

Жиынтық бiрлiктерiн қамту бойынша бақылау жаппай және жартылай болып бөлiнедi.

Жаппай бақылауда жиынтықтың барлық бiрлiктерi тiркеуге жатады. Ол, мысалы, халық санағында, түрлi меншiктiк формалы кәсiпорын, мекемелер және тағы басқаларды қамтитын, есеп беру формасындағы, мәлiметтердi жинауда қолданылады.

Көп укладты экономиканың дамуы экономикалық қызметпен айналысатын объектiлердiң санын көбейте түстi. Бұл жартылай бақылау практикасының жетiлуiне көмектестi. Бұл бақылау, өз кезегiнде, жиынтықтың негiзгi бөлiгi, iшнара және монографиялық деп үшке бөлiнедi.

Негiзгi бөлiктi зерттеу әдiсiнде зерттелетiн құбылысқа ең көп үлес қосатын бiрлiктер бөлiгi зерттеуге ұшырайды. Жиынтықтың сипаттамасында үлкен рөл атқармайтын жиынтықтың белгiлi бiр бөлiгi бақылаудан алынып тасталады. Мысалы, құрылыс, көлiк, сауданың қаржылық жағдайын бақылау тек қана 500 және одан көп қызметкерлерi бар кәсiпорындардың мәлiметтерi бойынша жүргiзiледi. Статистикадағы "ценз" терминi тек қана белгiнiң шекаралық мәндерiнiң мағынасында ғана емес, сонымен қатар, санақты белгiлеу үшiн де қолданылатынын естен шығармау керек. АҚШ пен Англияда өнеркәсiп, халық санақтарын цензалар деп атайды.

Iшнара бақылау кезiнде жиынтықтың белгiлi бiр ретпен iрiктелген бiрлiктер бөлiгi ғана зерттелiнедi, ал алынған нәтижелер бүкiл жиынтыққа таралады. Iшнара бақылаудың отандық статистикада атқаратын рөлi зор, сондықтан iрiктеме, iрiктеу әдiстерiн, оның репрезентативтiгiнiң бағаларын анықтай бiлу жоспарлау жұмысы үшiн қажет.

Негiзгi бөлiктi және iшнара зерттеу мысалдары ретiнде, бақылау (жаппай болмаса да) бiрлiктерінің жиынын қамтитын, жалпы бақылауды қарастыруға болады Басқа түрдегi зерттеулер монографиялық деп аталады. Ол, терең зерттеу мақсатында, жиынтықтың жеке белгiлерiн толық сипаттау, сонымен қатар, ол жаппай бақылаудағыдай егжей-тегжей бола алмайды. Құбылыстың сапалық жағына, оның iс-әрекетiне, бағытына, даму перспективалары және тағы басқаларға басты көңiл аудару керек. Монографиялық зерттеу мысалдарына, жанұя өмiрi немесе бiрнеше отбасы және басқалар қарастырылатын, этнографиялық зерттеулердi жатқызуға болады.

Кез келген зерттеуде алғашқы мәлiметтердi алу көздерi тiкелей бақылау, құжаттар және пiкiр сұрау болуы мүмкiн.

Тiкелей бақылау тiкелей қарастыру, есептеу, салмағын өлшеу, құрал көрсеткiштерi және т.б. негiзiнде, зерттелетiн бiрлiктер мен олардың белгiлерiн тiркеу жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, вагондар санағын жүргiзу кезiнде әрбiр вагон зерттеуден өтедi. Нарықтағы тауарды өткiзу көлемi мен бағасын тiркеу; ауа температурасы, қар қабаты, жауын-шашын мөлшерiн тiркейтiн метеорологиялық бақылау; қоймадағы тауарлық-материалдық бағалықтардың қалдығын инвентаризациялау- тiкелей бақылаудың мысалдары бола алады.

Бақылаудың құжаттық әдiсi кәсiпорын, мекеме және ұйымның түрлi құжаттарын статистикалық ақпар көздерi ретiнде қолдануға негiзделген, сондықтан бұл бақылау әдiсiн есептi деп те жиi атайды. Ол, мысалы, әсiресе инфляция жағдайында, амортизацияны есептеуге, қорлар мен олардың құрылымын пайдалануды талдауға негiз болатын, кәсiпорын мен ұйымдардың негiзгi қорын (құралдарын) қайта бағалау кезiнде қолданылады. Кез келген сала мен меншiктiк формадағы әрбiр жеке кәсiпорынды қайта бағалау бойынша мемлекеттiк статистикалық есептi толтыру кезiнде бастапқы есеп ақпараттарының келесi көздері қолданылады: инвентаризациялық санау, негiзгi қорлардың инвентарлық карточкалары, техникалық паспорт немесе басқа сәйкес құжаттар мен бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi.

Тiкелей бақылау мен құжаттық әдiс статистикалық мәлiметтердiң сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi.

Сұрақ-жауап тәсiлi кезiнде сұралатын адамдар берген ақпар - мәлiметтер көзi болып табылады. Бұл жерде, мәлiметтердi жинаудың экспедициялық, тiлшiлiк (корреспонденттiк) және өзiн-өзi тiркеу сияқты түрлi әдiстерi қолдануы мүмкiн.

Экспедициялық әдiсте арнайы дайындалған тiркеушiлер (санақшылар, есепшiлер), сұрақ-жауап негiзiнде, арнайы санақ формулярларын толтырады, сонымен қатар, алынған жауаптардың дұрыстығын тексередi. Бұл әдiс жеткiлiктi дәл нәтиженi қамтамасыз етедi, бiрақ қымбатқа түседi. Отандық статистикада экспедициялық әдiс халық санағын жүргiзгенде қолданылады.

Тiлшiлiк (корреспонденттiк) әдiсте статистикалық және басқа ұйымдар бланкiлердi периодты түрде толтырып және берiлген уақыт мерзiмiнде жеткiзiп отыруға келiсiм берген жеке ұйымдар мен таңдаулы тұлғаларға арнайы жасалған бланкiлер мен инструкциялар жiбередi. Мысалы, ғылыми зерттеу институты халықтық тұтыну тауарларына сұранысты және нарық конъюнктурасын зерттегенде, әрбiр аймақта, ақпар орталығына тұрғындардың сатып алу сұранысы, берiлген аймақты тауармен қамтамасыз ету және басқа ақпарат жайлы периодты хабарлап отыратын, корреспонденттiк желi құрды. Осы әдiстiң артықшылығы оның арзандығы болып табылады, бiрақ ол сұралушылардың сұрақты қабылдау деңгейi мен оның жауапкершiлiгiне, яғни толтырған анкетаны жiберу, жiбермеуiне, байланысты ақпарлардың жоғары сапасын үнемi қамтамасыз етпейдi.

Сұрау жүргiзетiн ұйымдардың қызметкерлерiнiң өзiн-өзi тiркеуiн немесе есептеуiн жүргiзу кезiнде сұралатын адамдарға сұрақ қағаздары иемесе анкеталар таратылып, оларға кеңес берiледi, содан соң толтырылған формулярларды жинап алып, алынған мәлiметтердiң дұрыстығы мен толықтығы тексерiледi. Бұл әдiстi мемлекеттiк статистика бюджеттiк зерттеулер, кейбiр санақтарды және т.б. жүргiзгенде қолданады.

Статистикалық бақылау жүргiзу үшiн, берiлген бақылау бойынша тексерiлуi қажет, негiзгi гипотезалар мен негiзгi мақсат құрылу керек. Жұмыстың бұл кезеңi одан кейiнгiлердi анықтайды, сондықтан, алдағы бақылау проблемасын талдау барысында барлық шешiмдер, әдетте, коллективтiк түрде шешiледi. Жұмыстың бұл кезеңiнде бақылаудың объектiсi мен бiрлiктерi анықталады, бақылау бағдарламасы жасалынып, бекiтiледi.

Бақылаудың объектiсiн анықтау бақылау бiрлiктерi, бақылау территориясы мен уақытын анықтауды қамтиды.

Бақылау бiрлiктерi - белгiлерi тiркеуге жататын құбылыс. Бақылау бiрлiктерiнiң жиынтығы бақылау объектiсiн құрайды. Алдында айтып кеткендей, бақылау объектiсiнiң шекарасын анықтау үшiн ценз, яғни бақылау бiрлiктерiн басқа құбылыстардан бөлуге мүмкiндiк беретiн белгiнiң (немесе бiрнеше белгiлер) мәнi бекiтiледi. Шындығында, айқын деп санайтын объектiлердiң шекараларының өзiн анықтау қиынға түседi, мысалы, өндiрiстiк кәсiпорын: өндiрiстiк кәсiпорын түсiнiгiне не кiредi, ал не кiрмейдi. Өндiрiстiк кәсiпорынға автомобильдердi жөндеу мен жуумен, жемiс-жидектердi сатып алу мен өңдеумен және басқамен айналасатын кәсiпорындар жата ма? Тек қана қызметкерлер саны бойынша, сонымен қатар, өндiрiстiк құрал-жабдықтардың құны бойынша ценздiк мән қабылдауға бола ма? Халық санағын жүргiзу кезiнде шетелде ұзақ мерзiм жұмыс iстейтiн азаматтар ескерiле ме, бостандығынан айрылған және әскер қатарындағыларды қалай есептеу керек деген сұрақтар туындайды. Осындай сұрақтар жан-жақты талдауды қажет етедi. Оның шешiмдерi соңғы нәтиженiң қалай болатынындығына, зерттеу нәтижесiнде не алыну керектiгiне негiзделедi. Егер бастапқы кезеңде қажет нәрселердi ескермей кетсек, ол барлық зерттеу сапасына әсер етедi.

Бақылауды жүргiзу территориясы бақылау бiрлiктерi бар барлық жерлердi қамтиды, оның шекаралары бақылау бiрлiктерiн анықтауға байланысты. Барлық бiрлiктер үшiн мәлiметтердi тiркеу уақыты, толық емес немесе қайта есептеудi болдырмас үшiн, сонымен бiрге мәлiметтердiң салыстырымдылығын қамтамасыз ету үшiн, бiрдей болып белгiленедi.

Бақылаудың уақыты - жинақталған мәлiметтердiң қатысты уақыты.

Саны мен сипаттамалары үзiлiссiз өзгеретiн бақылау объектiсiн зерттеу кезiнде жағдайы бойынша ақпар жиналатын критикалық күн белгiленедi. Санақ кезiнде, әдетте, мәлiметтердi тiркеудiң бастапқы және соңғы уақыты белгiленедi. Мысалы, соңғы жалпы одақтық халық санағы 1989 жылғы 12 қаңтардан 19 қаңтарға дейiн, 8 күн аралығында; ал 5%-дық халықтың микро санағы 1994 жылы 14 ақпаннан 23 ақпанға дейiн, 10 күн аралығында жүргiзiлдi. Екi жағдайда да бақылау уақыты қысқы уақытқа, яғни жұмыс iстейтiндердiң демалысқа шығуы аз, мемлекеттiк мейрамдар немесе студенттер мен оқушылардың каникулдары жоқ күндерге, сәйкес келедi.

Халық сияқты өзгермелi объектiнi зерттеу кезiнде бақылау уақытын бекiту жеткiлiктi емес, себебi, халық құрамы үнемi өзгерiп отырады: әр минутта орташа есеппен «х-адам» дүниеге келiп, «у-адам» өледi. Сондықтан, мәлiметтер бақылаудың критикалық моментi (сәтi) деп аталатын, уақыттың белгiлi бiр сәтiндегi жағдай бойынша тiркеледi. 1994 жылғы халықтың микро санағы кезiнде критикалық момент ретiнде 13 ақпаннан 14 ақпанға қараған түнгi 0 сағат алынды. Сәйкесiнше осы уақытта тұрғындар микро санағының бланкiсiне жазылды, ал 13 ақпаннан 14 ақпанға қараған түнгi 0 сағаттан кейiн дүниеге келгендер мен қайтыс болғандар тiркеуге енгiзiлмедi.

Негiзгi қорларды қайта бағалау кезiнде негiзгi қордың (ғимарат, құрылғы, құрал-жабдық, көлiк және т.б.) жағдайы ескерiлетiн критикалық күн белгiленедi. Осындай соңғы қайта бағалаулардың бiрi 1994 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жүргiзiлдi. Негiзгi қорларға ие барлық кәсiпорындар ол туралы ақпарларды өздерiнiң есебiнде көрсету керек болды: егер 1994 жылы 1 қаңтар мен есеп бланкiлерiн толтыру уақыттары арасында қандай да бiр қор сатылса, немесе басқа иеленушiге берiлсе, жаңа иеленушi қайта есептеуге жол бермеу үшiн оларды өз есебiне кiргiзбеу керек.

Бақылау объектiсiн анықтау, оның территориялық орналасуы мен бақылау уақытында орындалу қажет жұмыс көлемiн анықтау үшiн маңызды. Егер бақылауды есеп беру формасы түрiнде жүргiзу жоспарланса, есеп беретiн кәсiпорындар мен ұйымдар тiзiмi жасалады. Арнайы ұйымдастырылған бақылауда жұмыс көлемiн анықтау бекiтiлген уақыт мерзiмiнде зерттеу өткiзу үшiн және қызметкерлер санын есептеу үшiн қажет. Бақылау бағдарламасының күрделiлiгiн, объектiнi орналастыру мен бақылау формулярын толтыру қиындығын ескерiлiп, тiркеушiнiң бiр күндiк жұмыс мөлшерi есептелiнедi. Мысалы, ауылдық жерлерде салынған құрылыс тығыздығы қаладағымен салыстырғанда төмен болғандықтан, күндiк жұмыс мөлшерi азырақ болып бекiтiледi. Бақылауды жақсы ұйымдастыру мен материал сапасын тексеру мақсатында барлық территория жеке санақ бөлiктерiне бөлiнедi: халық санағын жүргiзгенде 20-30 санақ бөлiктерi, бiр инструктор басқаратын, инструкторлық бөлiктi құрайды. Жаппай жұмысты жүргiзу көптеген орындаушылардың (халық санағына мыңдаған тiркеушiлер қатысады) қатысуын қажет етедi. Олардың бәрi статистикалық бақылау кезiнде қолдану керек формулярларды толтыру мен инструктаж жүргiзу жөнiнде арнайы үйретуден өтедi. Арнайы зерттеулер жүргiзу үшiн, бақылау материалдарын (бланкiлер мен инструкцияларды) көбейту мен байланыс пен көлiк құралдарына төлем, инструктор, есепшi және басқалардың жұмыс ақысын қарастыратын, смета жасалу керек. Статистикалық зерттеу - қымбат тұратын және қиынға түсетiн процедура. Зерттеу жүргiзу қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарымен бекiтiлуi және негiзделуi керек.

Бақылау бағдарламасы бақылаудың әрбiр бiрлiгi бойынша тiркеуге жататын белгiлердi қамтиды. Оның мазмұны бақылау мақсаты мен мiндеттерiне байланысты. Бақылау бағдарламасы қандай да бiр мөлшерде бөлiнген қаржыға байланысты: қаржы аз болса, бағдарлама қысқа және бақыланатын бiрлiктер аз болуы мүмкiн. Сондықтан бiрiншi принцип бақылау бағдарламасын құру: берiлген зерттеуге қатысты емес, ешқандай ақпарат кiрмеу керек. Екiншi принцип пiкiр сұрау кезiнде сенiмдi мәлiметтердi алу үшiн маңызды: күдiк туғызатын, және адамдардың дәл жауап бере алмайтыны алдын-ала белгiлi сұрақтарды бақылау бағдарламасына кiргiзбеу. Мысалы, потенциалды эмиграцияны зерттеу кезiнде "Сiз шетелге ұзақ мерзiмге барасыз ба, әлде ешқашан оралмайсыз ба?" деген тiкелей сұрақтарды анкетаға кiргiзудiң қажетi жоқ. Тiкелей сұраққа қорытынды жасай отырып, жауап табатын сұрақтардың бiрiгуi ретiнде құрылған жүйенi қолдану тиiмдiрек болады.

Бақылау бағдарламасы үнемi тану белгiлерiн қамтиды: зерттеу мақсатына тiкелей байланысты сұрақтар, тексеру сұрақтары. Бiр ғана сұрақ мазмұндық та, тексеру де функциясын атқаратындықтан соңғыларды анықтау шартты нәрсе. Мысалы, халық санағының бағдарламасы адам жасы, бiлiмi, отбасы жағдайы, баласының болуы, олардың жасы мен бiлiмi және басқа мәлiметтердi қамтиды. Олар өзара логикалық байланыста болады, осы қатынас жауаптың дұрыстығын тексеруге мүмкiндiк бередi. Табыс пен шығын мәселелерi сияқты бюджеттiк зерттеулер тану функциясын да, өзара бақылау функциясын да атқарады.

Тану белгiлерi тiркелетiн мәлiметтерге қатысты жиынтық бiрлiгiн сәйкестендiруге мүмкiндiк бередi. Әлеуметтiк зерттеулерде сұрақ-жауап жүргiзу жасырын түрде болады. Бiрақ есепке алмай қалу мен қайта есепке жол бермеу үшiн, әрбiр бақылау бiрлiгiне (сұралушыға) қандай да бiр нөмiр (шифр) берiледi, сонымен қатар тұратын жерi (тұрғылықты жерi) көрсетiледi. Есеп беру формасындағы мәлiметтердi жинау кезiнде мемлекеттiк статистика регистрiндегi шифр, салалық бөлiнуi, адрес, телефон нөмiрi, факс және т.б. тану белгiлер болып табылады.

Бақылау бағдарламасының барлық сұрақтары жауаптың белгiлi бiр формасына бағытталады: сандық, альтернативтiк ("иә" не "жоқ"), жауаптың ұсынылған варианттарының жиынынан бiр немесе бiрнеше варианттарды таңдау арқылы жауап беретiн көп вариантты және т.б. Адам жасы туралы жауап сандық формада берiледi, яғни жас туралы, жұмыс стажы жайлы сұрақтарға сандық жауаптар, ал автомобиль немесе сая-жайдың болу, болмауы туралы сұрақтың жауабы "иә" және "жоқ" түрiндегi альтернативтi формада берiледi, ал оқу немесе жұмысқа қанағаттану дәрежесi жайлы сұраққа жауап ұсынылған варианттардан таңдап алынады. Олар әдетте симметрия принципiне сүйенедi: алдымен абсолюттi жағымсыз (немесе, керiсiнше, жағымды) қатынас, содан соң одан әлсiздеу баға, содан соң толық немқұрайлық, одан соң баға қарама-қарсы облысқа өтедi: жағымды болса жағымсызға, және керiсiнше.

Жауаптардың ұсынылған варианттары пiкiр берушiлерге көмек болады. Олардың болуы бағдарлама сұрақтарын дұрыс түсiнудi қамтамасыз етедi, сонымен қатар мәлiметтердi әрi қарай өңдеудi жеңiлдетедi. Себебi, кез келген жауаптардың ұсынылған варианттарының өзiнiң коды мен шифрi болғандықтан, мәлiметтердi өңдеуге дайындау жұмысы жауап варианттарында көрсетiлмеген, сұралушылардың (тiркелушiлердiң) өздерi жазған жауаптары бойынша жүргiзiледi.

Мысал ретiнде "НП" жастар газетiнiң оқырмандарының анкетасынан үзiндi келтiремiз.

"НП"–нiң осы нөмiрiн қайдан алдыңыз?

  1. — мен осы газетке жазылушымын;

  1. — таныстардан алдым;

  1. — газет дүңгiршегiнен сатып алдым;

  2. — менiң үйiмдегiлер осы газетке жазылған;

  3. — басқа жауап.

Барлық бiрлiктердiң мәлiметтерi мен барлық сұрақтарға жауап алғаннан кейiн, статистик өз жұмысын, бiрден, жиналған материалдарды өңдеудi жеңiлдететiн кодтар беруден бастайды.

Мемлекеттiк статистика жүргiзетiн халық санағы мен басқа арнайы зерттеулердегi сұрақтардың жауаптары барлық варианттарды қамтиды (ешқандай қосып жазусыз). Мысалы, микро санақ бағдарламасы бойынша тұрғын үй типтерi жайлы сұрақтың жауаптары келесi варианттарды қамтиды: жеке үй, жеке пәтер, ортақ (коммуналдық) пәтер, жатақхана, басқа тұратын жер, тұратын орынды жалға алу.

Бақылау бағдарламасын құру күрделi де, жауапкершiлiгi мол мәселе. Мемлекеттiк статистикада арнайы зерттеу бағдарламасын құрумен, Ғылыми-әдiстемелiк кеңес өкiлдерi мен басқа қызығушылық бiлдiретiн ұйымдардың қатысуымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiнiң мамандары айналысады. Халық санағы, негiзгi қорды қайта бағалау және басқа осындай маңызды және жаппай жұмыстарды зерттеу бағдарламасы арнайы отырыстарда, баспаларда талқыланады, бұл оның жоғары сапасын қамтамасыз етедi.

Статистикалық бақылаудың құралдарына формулярлар және оны толтыру жайлы инструкциялар жатады. Бақылау формулярларлары - бақылау бағдарламаларының сұрақтары жазылған және артынан жиналған мәлiметтер енгiзiлген бланкiлер, сауал қағаздары, анкеталар және т.б. Яғни, формулярларда сұрақ пен жауапқа орын қарастырылу қажет. Әдетте, формулярлардың жоғары жағында немесе бiрiншi бетiнде тану белгiлерi, сол жақта бақылау бағдарламасының сұрақтары жазылады, ал оң жақта жауапқа орын қалдырылады. Бақылау формулярларлары карточкалы (жеке-дара) немесе тiзiмдiк болуы мүмкiн. Бiрiншi жағдайда ол бақылаудың тек қана бiр бiрлiгiнiң, екiншiде бiрнеше бiрлiгiнiң мәлiметтерiн жазу үшiн қолданылады. 1994 жылы Қазақстан Республикасы халқының микро санағында тiзiмдiк форма пайдаланылды және олар үй шаруашылықтары бойынша толтырылды. Сонымен қатар, егер үй шаруашылығы мүшелерiнiң саны бестен асса, онда қосымша бланкiлер қолданылды, ал тану бөлiгiнде бланкiнiң әрiптiк белгiлеулерi қойылды (а,б және т.б.).

Бағдарламаның құрылуы мен формулярлардың жасалуы жан-жақты ойластырылған болса да, бақылау бағдарламаларының сұрақтарын талдау мен формулярларын толтырудың бiркелкiлiгiн қамтамасыз ету үшiн инструкция қажет. Бұл құжат, нақты мысалдарды, бағдарлама сұрақтарын түсiндiрудi, сұрақтардың өзара байланысы жайлы ескертулердi қамтиды. Инструкциялар не жеке брошюра түрiнде, не жауаптар варианттарында, не бақылау формулярларының өзiнде (әдетте, артқы жағында) берiледi.

Статистикалық есеп беру - мемлекеттiк статистикаға ғана тән мәлiметтердi ұйымдастырудың ерекше түрi. Ол статистикалық жұмыстардың федералды бағдарламасына сәйкес жүргiзiледi. Мемлекеттiк статистикалық есеп беру статистикалық бақылаудың барлық түрлерiн (үнемi және периодты есеп, бiр жолғы есеп, түрлi санақтар, iшнара, анкеталық, әлеуметтiк, монографиялық зерттеулер және т.б.), Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi бекiткен формалар мен бағдарламаларды қамтиды. Кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметi жайлы ақпар статистикалық органдарға анықталған мерзiмде, белгiлi құжат (есеп) түрiнде жеткiзiледi. Есептердiң мұндай бланкiлерi статистикалық есеп беру формалары деп аталады. Олардың әрқайсысының өз шифрi мен аты бар. Мысалы, 1-п "Өнеркәсiп кәсiпорнының өнiмi туралы есеп" немесе "Кәсiпорынның (ұйымдардың) қаржылық қызметiнiң жеке көрсеткiштерi бойынша есеп". Есеп беру бағдарламасын, яғни жиналатын ақпар тiзiмi, оларды тiркеу әдiстемесi және есеп беру бланкiсiнiң формасын Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi жасайды және бекiтедi. Қаржылық нәтижелердi қамтитын есеп беру формаларын, статистика агенттiгiмен қатар, Қазақстан Республикасының қаржы Министрлiгi де бекiтедi.

Есеп беру периодтылығына қарай келесiлерге бөлiнедi: шұғыл – бiр ай және одан аз мерзiмдегi мәлiметтердi қамтиды; тоқсандық; жарты жылдық; жылдық. Жылдық есеп беру бағдарламасы тереңiрек, жан-жақты болады. Шұғыл есеп беру телефон (немесе факс) арқылы жеткiзiледi, және телеграфтық деп, ал мәлiметтер пошта арқылы жiберiлсе, пошталық деп аталады.

Есеп беру формасындағы статистикалық бақылау мәлiметтердiң бiр ғана көзiн, яғни құжаттарды пайдаланады.

Кез келген меншiк формасында кәсiпорындар мен ұйымдар белгiлi уақытта есептерiн бекiтiлген формада жеткiзуге мiндеттi. "Мемлекеттiк статистикалық есеп беру тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы" Заң қолдануға енгiзiлген. Ол мемлекеттiк статистикалық есеп беру мәлiметтерi мен мемлекеттiк статистикалық бақылауды жүргiзуге қажеттi басқа мәлiметтердi ұсыну тәртiбiн бұзғаны үшiн кәсiпорын, мекеме, ұйым және бiрлестiктердiң құқықтық жауапкершiлiгiн анықтайды. Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика органдарына, меншiк формасына қарамастан, әрбiр кәсiпорын, мекеме, ұйым және бiрлестiктердiң басшылары мен лауазымды тұлғаларына мемлекеттiк статистикалық есеп беру тәртiбiн бұзғаны үшiн, мемлекеттiк статистикалық бақылау жүргiзуге қажеттi басқа мәлiметтер мен есептi ұсынбағаны үшiн, есептiк мәлiметтердi бұрмалағаны және есеп беру мерзiмiн бұзғаны үшiн ескерту немесе айыппұл түрiнде әкiмшiлiк айып салуға, бiр жыл iшiнде қайталанған жағдайда айыппұл түрiнде әкiмшiлiк айып салуға құқық бередi. Мемлекеттiк статистикалық есеп берудi ұсыну мерзiмiн бұзу бiр тәулiкке кешiгу болып саналады, ал бiр аптадан асып кетсе, есеп бермеу ретiнде қарастырылады. Есептiк мәлiметтердi бұрмалау лауазымды тұлғалардың табысты азайту мақсатында және басқа өз мүддесi үшiн қасақана жасалған iс-әрекетiнiң нәтижесiнде, сонымен қатар статистикалық есеп берудi құру кезiнде қажеттi инструкциялар мен әдiстемелiк бағыттарды сақтамағаны және арифметикалық қателердiң салдарынан жол берiлген мемлекеттiк статистикалық есеп берудегi мәлiметтердiң дұрыс емес көрсетiлуi.

Мемлекеттiк статистиканың маңызды функциясы есеп берушi бiрлiктер шеңберiн анықтау. Осы мақсатта меншiк формасына қарамастан, кәсiпорын, мекеме, ұйым және бiрлестiктер, сонымен қатар кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдар, идентификациялық кодтарды тағайындау, статистиканың басқару классификаторы негiзiнде классификациялау белгiсiн анықтау үшiн, мемлекеттiк статистика органдарына құрылтайшы құжаттарды жеткiзу керек. Түскен мәлiметтер тексерiлгеннен кейiн олар өңделедi: бекiтiлген формалар бойынша жиынтық кестелер құрылады. Мәлiметтер салалар, ұйымдастырушы-құқықтық формасы, меншiк формасы, территориясы және т.б. бойынша қорытындыланады. Жергiлiктi статистикалық органдардың жиынтық кестелерi Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiне жiберiледi, онда тұтас ел бойынша жиынтық кестелер құрылады, мәлiметтердiң сол топтауын (салалар, ұйымдастырушы-құқықтық формасы, меншiк формасы, территориясы және т.б.) ескере отырып, жиынтық көрсеткiштер есептеледi. Мемлекеттiк статистиканың жергiлiктi органдары, әдетте, жергiлiктi әкiмшiлiк пен ғылыми ұйымдардың тапсырысы бойынша есеп беру мәлiметтерiне қосымша өңдеу жүргiзедi.

Бақылау құралдары жан-жақты қарастырылып, орындаушыларға нұсқаулар берiлсе де, бақылау материалдары тексерудi қажет етедi. Бұл статистикалық жұмыстың жаппай сипаты мен оның мазмұнының күрделiлiгiмен түсiндiрiледi.

Ең алдымен бақылаудың бiрлiктердi қамту толықтығы тексерiледi. Осы мақсатта кәсiпорын мен ұйымдардың тiзiмi бойынша мәлiметтердi салыстыру жүргiзiледi, толтырылған анкеталарың саны саналады. Жалпы социологиялық зерттеу жүргiзгенде, негiзгi тiзiмнен басқа, осы тiзiмде қандай да бiр себеппен сұралмайтындар үшін, сұралушылардың қосымша тiзiмi құрылады. Сондықтан, тексеру кезiнде нақты сұралғандар санының негiзгi және қосымша тiзiмге сәйкестiгi анықталады. Бiрлiктердi қамту толықтығын тексеру жаппай бақылауды қолдануды ғана бiлдiрмейдi. Ол есептелмей қалғандарды немесе есептеудiң қайталануын анықтау мен жиналған мәлiметтердiң жобаланған көлемiн қамтамасыз етумен байланысты болады.

Осы кезеңмен бiр мезгiлде есеп беру, анкета және тағы басқа формалар сияқты бақылаудың әрбiр формулярын толтыру толықтығы тексерiледi.

Осындай жалпы тексеруден кейiн әрбiр толық толтырылған формулярды егжей-тегжей тексеру жүргiзiледi.

Тексерудi дұрыс ұйымдастыру үшiн мүмкiн болатын қателер сипатын көрсете бiлу керек. Бақылаудың барлық қателерiн тiркеу қателерi деп атауға болады. Бiрақ олар түрлi сипатта болады және статистикалық зерттеу нәтижесiне әртүрлi әсер етедi. Қателер кездейсоқ және жүйелiк болуы мүмкiн. Екеуi де пiкiр сұрау кезiнде пайда болады, бiрақ тiкелей немесе құжаттық бақылау кезiнде де жол берiлуi мүмкiн.

Барлық жағдайда қателердiң көзi - бақылау объектiсiнен түскен ақпарат (сұралушы жауабындағы қате, құрал көрсеткiшiндегi кателер, объектiнiң қандай да бiр қасиетiн тiркеудегi бұрмалаушылық, есеп құжаттарындағы қателер) және тiркеушi немесе мәлiметтердi ұсынатын кәсiпорын экономистiнiң қатесi (сұралушылардың жауабын дұрыс жазбау, құрал көрсеткiшiндегi бақылауларды, есеп құжаттарындағы мәлiметтердi формулярларға көшiру кезiнде жiберiлген қателер) болуы мүмкiн.

Кездейсоқ қателердiң ешқандай да бағыт-бағдары жоқ. Олар дұрыс баспау, қате айту, сандардың цифрларын ауыстырып алу және т.б. Материал бөлiгiн қорытындылау кезiнде олар өзара жойылады және жиынтық көрсеткiштер мәнi мен талдау нәтижелерiн бұрмалай алмайды.

Жүйелiк қателерде басқа жағдай орын алады, олар кездейсоқ емес және оның белгiлi бiр бағыт-бағдары бар. Бұндай қателер өте қауiптi және статистикалық зерттеудiң нәтижелерiн бұрмалауға әкеп соғады. Ондай қателер қасақана, әдейi жiберiлген болады. Мысалы, адамдар өзiнiң табыстарын азайтуға, жасын жуықтауға жақын, және, шындығында керiсiнше болса да, ғылым мен мәдениет жайлы көп бiлетiндiгiн көрсетуге тырысады. Кәсiпорындар өздерiнiң ақпараттарына, әсiресе салықтық төлемдер шамасы, несие берушiмен есептесу және т.б. байланысты болатын сипаттамаларда, сенiмдiлiк танытуға келмейтiн жалған элементтер енгiзуi мүмкiн. Бұл түрiндегi барлық қателердi анықтау және түзеу керек. Сондықтан, мәлiметтердiң толықтығы тексерiлгеннен кейiн оларды есептеу арқылы және логикалық түрде тексеруден өткiзедi.

Есептеу арқылы тексеру қосу, алу, көбейту, бөлу сияқты арифметикалық амалдармен тексерiле алатын белгiлер арасындағы қатаң байланысқа негiзделген. Мұндай түрдегi байланыс есептеу бағанасының тақырыбында, мысалы, келесi түрде жазылады: X бағанасы тең болады Y бағанасы плюс Z бағанасы немесе X бағанасы тең болады Y бағанасы бөлiнген Z бағанасына және т.б. Есептеу арқылы тексеру қорытынды қосындыны (барлығы) тексеру үшiн қолданылады. Егер ұсынылған қосылғыштар саны толық болмаса, онда қосылғыштар жалпы қосындыдан (барлығынан) аз немесе тең болу керек, бiрақ ешқашан аспау керек.

Есептеу арқылы тексеру қателердiң бар екенiн өте анық табады, ал логикалық тексеру мәлiметтердiң дұрыстығына тек қана сенiмсiздiк көрсетедi. Логикалық тексеру белгiлер арасындағы логикалық өзара байланысқа негiзделген. Халық санағы кезiндегi мәлiметтердiң өзара байланысының мысалы - классикалық мысал болып табылады: жасы, бiлiмi, жанұя жағдайы жайлы мәселелер өзара тексерiледi. Егер мысалы он жасар азамат үйленген болса немесе бес жасар баланың жалпы орта бiлiмi болса, формулярды толтыру кезiнде жасын немесе басқа сипаттамаларын жазғанда қате жiберiлгенi анық.

Логикалық тексеру өткен уақыттың мәлiметтерiмен салыстыруға да негiзделген. Мысалы, түрлерi бойынша өнiм өндiру көлемi туралы мәлiметтердiң сенiмдiлiгi осы кәсiпорынның өткен уақыттағы мәлiметтерiмен салыстыру арқылы жүргiзiлуi мүмкiн. Сонымен қатар, логикалық тексеру белгiнiң мүмкiн болатын мәндерiнiң максимум және минимум шегiн көрсетуге сүйенедi. Мысалы, есептi тексеру кезiнде, дебиторлық қарызды жабу мерзiмiн байқауға болады. Дебиторлық қарыздың айналым шамасы есемен өрнектеледi. Осы көрсеткiштiң жылына 5-тен аз немесе 12-ден көп болу ықтималдығы өте аз. Дебиторлық қарызды жабу мерзiмiн тексеру кезiнде бiз осы шаманың нормативтi мәнiн де қолдана аламыз (әдетте 30 күн). Егер нақты қарызды жабу мерзiмi нормативтiден қандай да бiр жаққа ауытқыса (бiрнеше аптаға), бiрден, өзгешеленетiн мәлiметтерге сенiмсiздiк көрсетiп, кәсiпорындардан дұрыстарын талап ету керек.

Әдетте, түскен бақылау материалдарын тексеру үшiн тексеру нұсқауы құрылады, оған бақылау бағдармаларының мәселелерi арасындағы арифметикалық және логикалық сияқты барлық байланыстар кiредi.

Формулярға ешқашан өздiгiнен түзету енгiзуге болмайды. Статистиктiң өзi қайтадан бақылауды жүргiзу (қайтадан пiкiр сұрау және т.б.) керек немесе ұсынылған ақпаратқа жауап беретiн адамдармен (директор, кәсiпорынның бас бухгалтерi) қатынасуы қажет.

Егер бақылау мәлiметтерi бақылаудан өтсе және, қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгiзiлсе, онда олар қабылданған деп саналады. Жиналған мәлiметтердi тексеру арқылы статистикалық зерттеудiң бастапқы кезеңi аяқталады.