Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой.docx
Скачиваний:
97
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
74.28 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ «АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТ» КЕББМ «Бағалау, есеп және аудит және қаржы» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің аудиті» «Аудит» пәні  5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы 

Орындаған: Қабланбаева А.К., 4 курс студенті Тексерген: д.э.н., доцент Жұмабаева М.Д.

Алматы, 2015

ЖОСПАР

КІРІСПЕ....................................................................................................................3 1. Аудиторлық тексерудің міндеті мен мақсаты..................................................5

2. Ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің аудиті..............................7

3. Кредиторлық берешектердің аудиті..................................................................9

4. Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың аудиті.....................................14

5. Жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілермен есеп айырысу аудиті және аудит бағдарламасы...............................................................................................23

6. Салықтық міндеттемелерді аудиторлық тексеру ерекшеліктері..................27

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................33

Кіріспе

  Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Қаржылық есептілік, аудиттің маңызды объектісі болып табылады, ол оның мәліметтерінің дұрыстығын анықтау үшін арналған. Аудит ғылымның жаңа саласы ретінде пайдаланылып, оның теориялық және практикалық бағыттарын дамыту қажет етеді.

Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын қабылдадық. 2004 жылы бухгалтерлік есеп  методология департаменті қаржылық есеп беру ұлтық стандарты жасақталынды. Қаржылық есеп бере екі бөліммнен түрады. Бірінші бөлім жеке кәсіпкерлер және орташа кәсіпорындарға арналған, екінші бөлімі Қазақстан территориясындағы үлкен кәсіпорындарға және шетелдік  серіптестік ұйымдарға арналған. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қаржылық шаруашылық қызметке ие Қазақстандағы кәсіпорындар қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарына көшті.

Кәсіпорын қаржылық – шаруашылық қызметті жүргізу кезінде қызқа мерзімді міндеттемелері пайда болады. Себебі, бюджетпен, банктік ұйымдармен есеп айырысу, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу, жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу сияқты міндеттемелері туындайды.

Қысқа мерзімді міндеттемелерге 12 айдың ішінде өтелуі тиіс кредиторлық берешектер жатады.

Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қыскқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.

Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жасауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өндірісті ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтап, оған зиян келтірмеуге мүдделі.

1. Аудиторлық тексерудің міндеті мен мақсаты

Аудиттің негізгі мақсаты ұйымның бухгалтерлік есебін тексеру болғандықтан, оның ең негізгі көзі болып бухгалтерлік құжаттар саналынады. Ақпарат көзі ретінде есеп кестелері ерекше орын алады, себебі қандай есеп болса да есеп көрсеткіштері есеп жасау үшін кестелер арқылы бір жүйеге келтіріледі. Өз кезегінде есеп көрсеткіштері кестелер арқылы бір жүйеге келтіріледі. Өз кезегінде есеп көрсеткіштері кестелердің топталған екі жақты жазу әдісін қолданып негізделген мәліметтер арқылы жасалынады.

Аудит жұмысы барысында бухгалтерлік есеп кестесінің алатын орны ерекше. Себебі, есеп көрсеткіштері кестелер арқылы жүйеге келтіріледі. Есеп кестелерінің түрі, мазмұны есеп формаларына сәйкес әр түрлі болады. Қазіргі кезде комьютерлік есеп жүргізу көп қолданылғанымен алғашқы есеп құжаттарын жүйеге келтіру үшін есеп кестелері, кітап, ведомость ретінде қолданылып отыр. Ондағы мақсат сол есеп кестелері арқылы бухгалтерлік есеп ақпаратын бір жүйеге келтіру, олардың мазмұн-мағынасын есеп жүргізу талабына сәйкес келтіру, сонымен қатар заң талабына сәйкес есеп ақпаратын топтау.

Сондай жүйеге келтірілген есеп кестелері отчет жасауға, оперативтік анализ жасауға, әр жүйедегі информация көрсеткіштерінің арасындағы байланысты анықтауға тиімді есеп қүралы болады. Аудит барысында тиімді есеп кестелері үлкен қызмет көрсетеді. Дүрыс жүргізілген есеп кестелері арқылы аудиторлық тексеру жүргізіп қорытынды жасауға болады.

Аудит барысында алғашқы есеп қүжатымен жүмыс істеу өте күрделі. Себебі, есеп қүжаттары барлық информация көзі, қандай мөлімет болса да, ол тек бухгалтерлік қүжат арқылы ғана дәлелденеді. Сол бухгалтерлік қүжаттарының өзінде көптеген түрлі қателер жөне қылмыстық мақсатпен жөндеулер заңсыз жөндеу немесе санды жөндеу, қол қоюдың жасанды болуы, арифметикалық қате жіберілуі және сол сияқты көптеген кездейсоқ жағдайлар кездесуі мүмкін. Сондықтан, аудитор алғашқы есеп қүжатын тексеруде ерекше мүқият, ынталы, ерекше талаптанып қарауы қажет. Бухгалтер қүжаты тек қана сиямен немесе пастамен толтырылған болуы қажет.

Ақша операциясының бухгалтерлік қүжаттары ерекше мүқияттылықпен толтырылады, онда қате жіберілген жағдайда ондай қүжаттарда түзету жасауға болмайды. Ақша қүжаттары төртіп бойынша арнайы тіркеуден өткізіледі, сондықтан да бухгалтерлік қүжатта қате жіберілген болса ондай ақша қүжаттары жойылмай сақтауға алынуға тиісті. Ондай қүжаттарға «аннулированң деп қызыл сиямен жазылып сақтауға алынады. Касса операциясын жүргізу ережесі бойынша кіріс және шығыс касса ордерлерін үшінші қызметкер толтыруы қажет, оны әкім өз бүйрығымен анықтауы қажет. Касса ордерін толтыруға кассирдің де, аға бухгалтердің де қүқы жоқ.

Касса операциясында қате немесе ондай фактілер касса түгендеу, ревизия жасалған кезде анықталады. Ондағы қолданылатын ең сенімді тексеру әдісі — ол карама-қарсы қүжаттарды салыстыру өдісі. Мысалы, дүкенші кассаға нақты ақша өткізсе, кіріс касса ордері касса отчетына тіркеледі де, оның карточкасың ттіркеме үзіндісі дүкенші отчетына тіркеледі. Яғни кассир отчетымен дүкенші отчетының тіркеуінде бірдей сома көрсетілуі қажет. Немесе кассир банкіден чек кітапшпсымен нақты ақша алған болса, сол соманы банк выпискасымен (көшірмесімен) қарама-қарсы тексеріледі. Касса отчетында бір қүжат қайталануы да мүмкін (шығыс ордерлерінің немесе басқадай ақша шығыс қүжаттарының). Касса операциясын тексеруде касса ордерлерін тіркеу кітабын, касса кітабын, касса есебін мүқият тексеру қажет.

Материалдың алғашқы бухгалтерлік есебін қүжаттау процесі де өте күрделі. Бұл тексеру, материалға жауапты жұмысшылар отчетын тексеру арқылы анықталады. Материалды кіріске алі есебінде алғашқы қүжаттарды тексеру үшін, жабдықтаушылармен есеп айырысу журнал-ордері арқылы тексеру ерекше орын алады. Себебі, материалды кіріске алу, ол ушін төлем жасау қарама-қарсы тексеру жолын қамтамасыз етеді. Материалды шығысқа шығару есебінің қүжаттарын тексеру, материалды кіріске алған цехтардағы есеп арқылы қарама -қарсы тексеріледі.

Ұйымдарда алғашқы бухгалтерлік қүжаттар - есептеу кестелері болады. Оларды тексеру бухгалтерлік нормативтік қүжаттар арқылы жүргізіледі. Мысалы, жүмысшыларға еңбекақы төлемін есептеу немесе тауардың табиғи шығыс сомасын есептеу, өндірісте өндіріс өнімінің өзіндік қүнйн есептеу калькуляциясын тағы да басқа көптеген қүжаттар тексеріледі.

Қорыта келгенде, қандай алғашқы есеп қүжаты болмасын барлығы мемлекеттік бухгалтерлік есеп жүргізу заңының талабына сай болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]