Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
immundy_1179_tapshyly_1179_zha_1171_daylar.docx
Скачиваний:
131
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
51.43 Кб
Скачать

Фагоцитарлық жүйенің біріншілік тапшылықтары.

Адам иммунитеті күрделі көп компонентті жүйе болып табылады. Ағзаны жұқпадан қорғау үшін ,туа пайда болған төзімділікпен қатар, жүре пайда болған иммунитет факторлары да қатысады. Жұқпалық үрдістер дамуының ерте кезеңдеріұқпалық үрдістер дамуының ерте кезеңдерінде - алғашқы 3-4 тәулікте – организмнің жұқпалық агенттерден қорғанысы иммунитеттің арнайы емес факторлар жиынтығымен жүзеге асады. Олар комплемент жүйесі, жедел фазалық нәруыздар, монокиндер, фагоциттер, табиғи киллерлер және т. б.

Шартты түрде барлық микроағзаларды жасушадан тыс және жасушаішілік деп бөлуге болады. Жасушадан тыс қоздырғыштарға қарсы күресте негізгі эффекторлық жасушалар нейтрофилдер болып табылады. Олардың жұту және бактерицидтік қызметтері , комплемент және антиденелердің қатысуымен, сонымен қатар, макрофагтар, NK- жасушалары және Т – лимфоциттер өндіретін ісік некроздаушы факторлармен күшейеді.

Жасушаішілік қоздырғыштарға қарсы күресте негізгі эффекторлық жасушалар макрофагтар болып табылады. Олар NK – жасушаларымен және Т –хелпер -1 жасушаларымен кооперацияда жұмыс істейді. Макрофагтардың бактерицидтік және цитотоксикалық қасиеттері, қоздырғыштардың антигендерімен белсенгеннен кейін, Тх1 және NK –жасуша бөлетін интерферондардың, TNF – альфа және т.б. цитокиндермен жоғарылайды.

Шырыш немесе тері жабындылары арқылы енген кезде қоздырғыштардың алғаш кездесетін жасушасы тіндік макрофаг болып табылады. макрофаг микробты ұстап алғаннан соң белсенденіп, жаңа моноциттер/ макрофагтардың, нейтрофилдердің