Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_az__1241_debiet_test35_n_1201_s_1179_a.doc
Скачиваний:
439
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
562.18 Кб
Скачать

34 Нұсқа

1. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.

A) Абылай хан B) Жолбарыс хан C) Жәңгір хан D) Тәуке хан E) Әбілқайыр хан

2. Ы.Алтынсарин өлеңін табыңыз.

A) «Қыпшақ Сейітқұл» B) «Өнер – білім бар жұрттар» C) «Әке мен бала»

D) «Өлең – сөздің патшасы» E) «Ғылым таппай мақтанба»

3. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын көрсетіңіз.

A) Достық. B) Табиғат, жер. C) Білім, өнер. D) Адамгершілік қасиет. E) Кедейлердің аянышты халі.

4. С. Мұқановтың қазақ ауылы кедейлерінің типтік бейнесін танытқан өлеңін табыңыз.

A) «Балқаш». B) «Сүт заводы». C) «Шоқпыттың шаруасы». D) «Майға сәлем!». E) «Кедей баласы».

5. Ғ. Мүсіреповтің туған өлкесін табыңыз.

A) Шығыс Қазақстан облысы. B) Батыс Қазақстан облысы. C) Солтүстік Қазақстан облысы.

D) Алматы қаласы. E) Оңтүстік Қазақстан облысы.

6. ’’Оғыз Қаған’’жырындағы Оғыздың ақылшысы кім екенін белгілеңіз.

A) Қорқыт. B) Күлтегін. C) Білге. D) Ұлық Түрік. E) Тоныкөк.

7. «Ақ жүрген азбас» мақаланың тақырыбын белгілеңіз.

A) Төрт түлік мал, кәсіп, егіншілік туралы B) Үнемшілдік жайында C) Адамгершілік, жақсы- жаман мінез туралы

D) Отан, туған жер, халық туралы E) Оқу, білім, өнер туралы

8. Асан атына ’’қайғы’’ деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.

A) Жай қоя салған. B) Айналасына наразылықтан. C) Өз басында қайғысы бар адам.

D) Мұңды адам. E) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.

9. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз.

A) Бұқар. B) Шалкиіз. C) Ақтамберді. D) Доспамбет. E) Қазтуған.

10. Ескендір патшаның өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартуына төмендегі мінездемелердің қайсысы сәйкес келетінін көрсетіңіз.

A) Мақтаншақ, даңғой. B) Даңққұмар, озбыр. C) Тойымсыз, дүниеқоңыз.

D) Қара басының қамын ойлаушы. E) Қанішер, жауыз.

11. М. Дулатовтың 1909 жылы Уфа қаласында басылып шыққан кітабын атаңыз.

A) “Оян, қазақ”. B) “Азамат”. C) “Есеп құралы”. D) “Қирағат”. E) “Терме”.

12. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.

A) Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы. B) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.

C) Міндетті түрде өмірде болған адамдар. D) Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.

E) Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін

образдар.

13. Рубаилары әлем поэзиясының өшпес жұлдыздарының бірінен саналатын ақынды табыңыз.

A) О.Хайям. B) Низами. C) Айбек. D) Рудаки. E) Фирдоуси.

14. «Қызыл жебе», «Жетім қыз» шығармаларының авторын табыңыз.

A) І.Есенберлин. B) Ш.Мұртаза. C) Ә.Нүрпейісов. D) О.Бөкей. E) М.Шаханов.

15. Аяз би қандай бейне екендігін анықтаңыз.

A) Аңыздан туған. B) Қиялдан туған. C) Типтік бейне. D) Шыншыл бейне. E) Сиқырлы бейне.

16. Алдар Көсенің шайтанды алдауы деген аңыздағы шайтандардың атын көрсетіңіз.

A) Зор-теке, Сор-теке. B) Мүкен, Түкен. C) Құлан, Түлен. D) Әңкір, Мүңкір. E) Шойынқұлақ, Көкеман.

17. ’’Жар-жар’’ өнердің қай түріне жататынын табыңыз.

A) Шешендік өнер. B) Жыраулық. C) Күйшілік. D) Термелік. E) Айтыс.

18. Жыраулар толғауында көп кездесетін өлең үлгісін анықтаңыз.

A) Эпиграмма, арнау жырлары. B) Қара өлең. C) Баллада. D) Ән өлең. E) Бейне өлең.

19. Алмажанның дастанын табыңыз.

A) “Бірінші тілек тілеңіз” B) “Еспембет” C) “Арнау өлеңдері” D) “Баймағамбет сұлтанға айтқаны” E) “Жетім қыз”

20. Шортанбай Қанайұлының өлеңдеріндегі сарындарды белгілеңіз.

A) Қазақ даласына келген сауданы айыптау, елдің ақшаға құнығуын сынау. B) Дінді сынау.

C) Оқу-білімге үндеу. D) Кедейлерді күреске шақыру. E) Орысша оқуға шақыру.

21. Ахмет Байтұрсыновтың туған жерін анықтаңыз.

A) Ақмола. B) Семей. C) Көкшетау. D) Кереку. E) Қостанай.

22. «Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен » деген үзінді қай шығармадан алынғандығын табыңыз.

A) «Көкшетау». B) «Кім жазықты». C) «Дала». D) «Қалың мал». E) «Қамар сұлу».

23. «Кім жазықты» романының авторын табыңыз.

A) Ж.Аймауытов. B) М.Сералин. C) Т.Жомартбаев. D) С.Торайғыров. E) С.Көбеев.

24. Параллелизм деген ұғымның мәнін табыңыз.

A) Қайта айту деген мағынаны білдіреді. B) Екі нәрсені қатарластыра алып бейнелеу тәсілі.

C) Керексіз, орынсыз, басы артық сөз. D) Қарама-қарсы ұғымдарды жақындату.

E) Басқа біреудің әдеби шығармасын иемдену.

25. Сарай қаласынан шыққан Құтб ақын қай кезде өмір сүргенін белгілеңіз.

A) XV ғ. B) XІІ ғ. C) XІ ғ. D) XІV ғ. E) X ғ.

26. Дулат ақынның дүниеге келген жылын көрсетіңіз.

A) 1802 ж. B) 1810 ж. C) 1683 ж. D) 1847 ж. E) 1728 ж.

27. «Ақындарға» өлеңінің авторын табыңыз.

A) А. Құнанбаев. B) С.Сейфуллин. C) І. Жансүгіров. D) М.Дулатов. E) Ш. Құдайбердіұлы.

28. ’’Лермонтов болмағанмен біздің Ақан,

Кісі ме еді ақындықтан құр алақан?

Ортасын олқы көрген бұл да дара,

Имеген иттерге бас сері, дарқан,’’- деп, Ақан сері туралы айтқан ақынды белгілеңіз.

A) О.Сүлейменов. B) І.Жансүгіров. C) А.Құнанбаев. D) М. Әуезов. E) М. Жұмабаев.

29. Баубек Бұлқышевтың «Өмір сүргім келеді» деген әңгіме-хатты жазғанда неше жаста екенін табыңыз.

A) Жиырма бірде. B) Он тоғызда. C) Жиырма үште. D) Жиырмада. E) Жиырма екіде.

30. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде Байтас шалдың шекарадан жалғыз өту себебін белгілеңіз.

A) Балаларын ұстап алып, түрмеге қамап тастаған. B) Балалары болған, бірақ қайтыс боп кеткен.

C) Балалары туған жерге кетіп қалған. D) Балалары жоқ адам. E) Балалары туған жерге қайтқысы келмеген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]