Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_az__1241_debiet_test35_n_1201_s_1179_a.doc
Скачиваний:
439
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
562.18 Кб
Скачать

33 Нұсқа

1. Махамбет ақынның әкесінің атын табыңыз.

A) Зұлқарнайын. B) Жәңгір. C) Өтеміс. D) Исатай. E) Бекмағамбет.

2. Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.

A) «Талаптың пайдасы». B) «Атымтай Жомарт». C) «Әке мен бала»

D) «Қыпшақ Сейітқұл». E) «Бай баласы мен кедей баласы»

3. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.

A) С.Сейфуллин. B) І.Жансүгіров. C) Б.Майлин. D) М.Жұмабаев. E) Ж.Жабаев.

4. Сәбит Мұқановтың туған жерін табыңыз.

A) Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы. B) Алматы қаласы. C) Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы.

D) Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы. E) Шығыс Қазақстан облысы.

5. «Оянған өлке» романының авторын табыңыз.

A) Ж. Аймауытов. B) М. Жұмабаев. C) Ә. Сәрсенбаев. D) С. Мұқанов. E) Ғ. Мүсірепов.

6. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.

A) ’’Диуани хикмет’’. B) ’’Оғыз-нама’’. C) ’’Мұхаббат-наме’’. D) ’’Құдатғу біліг’’. E) ’’Кодекс-Куманикус’’.

7. Жаманға «Аяз би» деген атты кімнің қойғанын көрсетіңіз.

A) Нағашысы. B) Әкесі. C) Анасы. D) Бес ханның елі. E) Уәли бай.

8. Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген кім екенін белгілеңіз.

A) Алпамыс. B) Тортай. C) Байбөрі. D) Жәдігер. E) Құлтай.

9. Абайдың өлеңін көрсетіңіз.

A) ’’Арғымаққа оқ тиді’’. B) ’’Өнер-білім бар жұрттар’’. C) ’’Жазғытұры’’. D) ’’Әкеме’’. E) ’’Өзен’’.

10. «23 жоқтау», «Тіл жұмсар», «Оқу құрал» еңбектерінің авторын табыңыз.

A) Ш.Құдайбердіұлы. B) Ж.Аймауытов. C) М.Дулатов. D) А.Байтұрсынұлы. E) М.Жұмабайұлы.

11. ’’Қалың мал’’ романында: ’’Байдың қатыны өлсе,- төсегі жаңғырар, кедейдің қатыны өлсе,- басы қаңғырар’’ дегендей, басы қаңғырады дейтін жарлы емессің, мал берсең, қызын біреу өзі-ақ әкеп тастар,’’- деп жұбату айтушы кім екенін белгілеңіз.

A) Амантай. B) Серғазы. C) Қарағұл. D) Итбай.`E) Ауыл ақсақалдары.

12. Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен екенін белгілеңіз.

A) «Анау – аспан, мынау – бақ». B) «Қара өлең». C) «Мен таулықпын». D) «Фантазия». E) «Поэзия».

13. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.

A) Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын сипаттау. B) Екі адамның өзара кезектесе сөйлеуі.

C) Оқиғаның болған жерін көрсету. D) Табиғат көркін суреттеу. E) Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу.

14. «Көшпенділер» атты тарихи трилогияның екінші бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.

A) «Қатерлі өткел». B) «Жанталас». C) «Алмас қылыш». D) «Ғашықтар». E) «Қаһар».

15. Алдар көсе аңызында: - Естіген өтірік, көрген шындық,- деп айтатын кейіпкерді табыңыз.

A) Кемпір. B) Бізбикеш. C) Хан. D) Алдар. E) Бай.

16. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңіз.

A) Шұрайлы жер іздеу. B) Саяхат жасау. C) Өлеңдерін тарату. D) Игі жақсыларды жинау. E) Өзінің кәсібі.

17. Алғаным Әли ағаның қызы еді,

Қас арудың өзі еді.

Маңдайы күнге тимеген,

Желге шашын үрмеген,- деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынғанын анықтаңыз.

A) Қазтуған. B) Асан қайғы. C) Доспамбет. D) Шалкиіз. E) Бұқар.

18. Бұқар жыраудың өмір сүрген жылдарын табыңыз.

A) 1675-1768 жж. B) 1670-1730 жж. C) 1465-1560 жж. D) 1668-1781 жж. E) 1706-1778 жж.

19. «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп, өзін Шернияз ақын кімге таныстыратынын табыңыз.

A) Махамбетке. B) Бөкей ханға. C) Баймағамбет сұлтанға. D) Ел-жұртқа. E) Жәңгір ханға.

20. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романындағы жаңашыл қыздардың аттарын табыңыз.

A) Раушан, Күлтай. B) Аппақай, Күлтай. C) Зылиха, Рысты.

D) Қамар, Жамал. E) Жаңыл, Жәмила.

21. Қазақ поэмасына психологиялық талдау нақтылығын әкелген, оқиғалар тізбегіне баяндауды суреттеумен үйлестіруді жүзеге асырған І.Жансүгіровтің шығармасының атын табыңыз.

A) ’’Қырманда’’. B) ’’Егінші’’. C) ’’Көкшетау’’ D) ’’Тоғысу’’. E) ’’Күйші’’.

22. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.

A) Экспозиция. B) Пролог. C) Шешім. D) Кульминация. E) Эпилог.

23. ²Өз басым өзге елге сапарға шыққанда өзіммен бірге алып жүрер екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі - ²Манас², бірі - М.Әуезовтің ²Абай жолы², - деген пікірдің авторын көрсетіңіз.

A) З.Қабдолов. B) Ш.Айтматов. C) М.Шаханов. D) Ғ.Мүсірепов. E) С.Мұқанов.

24. О.Бөкейдің туған жерін есіңізге түсіріңіз.

A) Шығыс Қазақстан Қатонқарағай ауданы. B) Семей. Абай ауданы. C) Ақтөбе. Ырғыз ауданы.

D) Павлодар. Баянауыл ауданы. E) Қызылорда. Қазалы ауданы.

25. Сайф Сараидың «Гүлстан бит-туркі» неше тараудан тұратынын белгілеңіз.

A) Он. B) Жиырма. C) Сегіз. D) Он екі. E) Алты.

26. Мәтелді табыңыз.

A) “Бірлік болмай, тірлік болмас” B) “Ат – ер қанаты” C) “Ырыс алды - ынтымақ”

D) “Көппен көрген ұлы той” E) “Жердің сәні - егін”

27. Тарбағатай тауынан

Тоқсан сала қосылып,

Тоғыз өзен түйісіп,

Ақтың төмен жосылып ... – деген үзінді қай өлеңнен алынған, табыңыз.

A) «Арқалық аясында» B) «Жетісу суреттері» C) «Аягөз , қайда барасың?!»

D) «Тарланым» E) «Толағай»

28. "Зар заман" өкілдері кімдер екенін анықтаңыз.

A) Сәкен, Ілияс, Бейімбет. B) Шортанбай, Дулат, Мұрат. C) Сұлтанмахмұт, Міржақып, Мағжан.

D) Қалижан, Ғафу, Мұқағали. E) Ыбырай, Абай, Шоқан.

29. Шоқан Уәлиханов қай жылы Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысқанын көрсетіңіз.

A) 1851 ж. B) 1850 ж. C) 1853 ж. D) 1855 ж. E) 1856 ж.

30. «Ойым – у, өмірім – су, үмітім – бу» тіркестерінде Шәкәрім қандай көркем тәсілді қолданғанын белгілеңіз.

A) Метафора. B) Антитеза. C) Гипербола. D) Эпитетті метонимия. E) Теңеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]