Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
все файлы 2 / ЕНТ каз тили / 11 сын қазақтіл сұрақ.doc
Скачиваний:
101
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
57.34 Кб
Скачать

Шешендікке машықтану жолдары.

  1. Жұрт алдында сөйлеуге негіз болатын неше себеп бар?

  2. Жұрт алдында сөйлеуде идеяның тууынан бастап, оның жүзеге асырылуының соңғы нүктесіне дейінгі аралықты қамтитын әрекеттер неше бөлімге тармақталады?

  3. Жұрт алдында сөйлеуде идеяның тууынан бастап, оның жүзеге асырылуының соңғы нүктесіне дейінгі аралықты қамтитын әрекеттер 5 бөлімге тармақталады. Олар ғылым тілінде қалай аталады?

  4. Риторикалық канондардың бірінші бөлімі инвенция деп аталады. Инвенция дегеніміз не?

  5. Болашақ мазмұнды ойды жүйелеп орналастыру қалай аталады?

  6. Жұрт алдында сөйлеуде ескерілетін басты неше қағида бар?

  7. Меморио дегеніміз- ...

  8. Жұрт алдында сөйлеуге дайындық неше сатыдан тұрады?

  9. Нақты сөзге дайындықтың алғашқы кезеңі.

  10. Көпшілік алдында сөйлеудің неше тәсілі бар?

  11. Ең тиімді, ең ұтымды тәсіл?

  12. Үздіксіз жаттығу үстінде шыңдалып, жетіле, ұштала түсетін қасиет?

  13. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы неше бөлімнен тұрады?

  14. Сөз құрылымын анықтаудың негізі- ...

  15. Жоспардың неше түрі болады?

  16. Негізгі жоспар қандай 2 түрде жасалады?

  17. Тыңдаушының назарын сөз мазмұнына бұру, ойына түрткі жасау арқылы негізгі бөлімде айтылар тұжырымдарды қабылдауға дайындау бөлімі қалай аталады?

  18. Шығарманың төрттен бір бөлігін қамтитын сөйленетін сөздің бөлімдері.

  19. Жұрт алдында сөйленетін сөздің түйінді мәселелерін, ойға өзек болған негізгі идеяны таратып, жүйелеп түсіндіру қай бөлімнің міндеті болып табылады?

  20. Бір нәрсені ғылыми түрде жан-жақты зерттеу, талдау арқылы заттар мен құбылыстар ойша бөлшектенеді, олардың негізгі белгілері сараланады. Бұл талдаудың логикалық тәсілдерінің қайсысы?

  21. Анализге қарама-қарсы логикалық процесс.

  22. Екі немесе бірнеше нәрселер мен құбылыстардың басты белгілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша сараптау қалай аталады?

  23. Баяндауда автордың жалпылама ойдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке қарай ауысуы қалай аталады?

  24. Дәлелдемелердің неше түрі бар?

  25. Айтылған немесе жазылған сөздің тұжырымды түйінін, шешімін жасау, ойды қорыту арқылы сөз өтімділігін арттыру, тыңдарманға ой салу – қай бөлімнің міндеті?

  26. «Қорыта айтқанда», «Сонымен» т.б. сөз оралымдары сөздің қай бөлімінде қолданылады?

Пікірталас мәдениеті.

  1. Белгілі бір қоғамдағы айтыс, тартыс, дау қалай аталады?

  2. Пікірталасқа қатысатын адам неше мәселені білуі шарт?

  3. Пікірталасқа қатысушылардың санына қарай қалай бөлінеді?

  4. Пікірталас қалай жүзеге асады?

  5. Тақырыптан ауытқымау, өзін дұрыс ұстай білуі, сөйлеу шеберлігі, регламент сақтау- кімдерден тікелей талап етіледі?

  6. Қатысушылардың дөңгелене қойылған үстел басында бір-біріне қарап отырып бетпе-бет сөйлесуі пікірталастың қай түрінде жүзеге асады?

  7. Дискуссия қай елдің сөзі?

  8. Пікір таластыра отырып әр түрлі көзқарастардың тоғысуы нәтижесінде дұрыс, ортақ бір шешімге келуді мақсат ететін пікірталас түрі?

  9. «disput» - латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

  10. Ойталқыда баяндамашы айтылған пікірлерге жауап береді. Түйінді сөзді кім қорытады?

  11. «Дебат» қай елдің сөзі?

  12. Ойкөкпарда әр топтың мүшелері кім деп аталады?

  13. Ең залалсыз, жоспарсыз, күнделікті өмірде жиі кездесетін қарапайым сөз қақтығыстары қалай аталады?

  14. Полемика грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

  15. Сөйлеушінің жеке беделінен гөрі оның шешендігі, ұстанған бағыт-бағдары шешуші рөл атқаратын пікірталас түрі?

  16. Түркі тілдес халықтардың ішінде қазақ халқында ғана сақталып қалған пікірталас түрі?

  17. Қазақ айтысындағы ерекшелік.

  18. Пікірталаста тойтарыс берудің бір шарты қарсыластың әлдебір жаңсақ айтқан пікірін мүлт жібермей дәл аңдау, оны өз пайдасына айналдыру, болмашы қателігі арқылы негізгі пікірлерін теріске шығару қалай аталады.

  19. Сайыс үстінде айтылған белгілі-бір тұжырымдардың жалғандығын не негізділігін нақты заттарды, құбылыстарды, жағдайларды келтіре отырып дәйектеу тойтарыс берудің қай түрі?

  20. Шешендік мәдениеттің басты талабы?

  21. «Өлшеп айтылса ғана жөнді сөз болады.» Кімнің сөзі?