Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
все файлы 2 / ЕНТ каз тили / 11 сын қазақтіл сұрақ.doc
Скачиваний:
101
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
57.34 Кб
Скачать

Шешендік сөздің табиғаты.

  1. Сөйлеу стилі, сөзге қойылатын негізгі талаптарды сақтау, сөз мәнерлілігін арттыратын құралдардың қолданылуы шешендік сөздің несін танытады?

  2. Сөз мазмұнының тереңдігі, ойдың жүйелі берілуі, пікірдің дәйектілігі, дәлелдігі, сөз мағыналарының дұрыс берілуі, сөздік қордың байлығы, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді орынды қолдана білу - шешендік сөздің қандай белгісін анықтайды?

  3. Кідірістің неше түрі бар?

  4. Стилистикалық айшықтаулардың басқаша атауы.

  5. Сұрақ түрінде білгілі бір фразаға жинақталған межелі ұсыныстар түйінін не деп атаймыз?

  6. Сөзді өз қажетіне қарай бірнеше интонациялық реңкпен айту қалай аталады?

  7. Алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата қолдану қалай аталады?

  8. Сөздерді ауыспалы мағынада қолдануды не дейміз?

  9. Өмір- теңіз, білім-қайық, білік-ескек бүгінде. Құбылтудың қай түрі?

  10. Шешендік сөздер айтылатын орнына, мазмұнына және айтылу мақсатына қарай неше текке бөлінеді?

  11. Саяси және әлеуметтік тақырыпта жасалатын баяндамалар, митингілерде, конференцияларда, съездерде, сессияларда сөйленетін сөздер, ресми хабарлар, радио және теледидардан жүргізілетін әлеуметтік –саяси шолулар шешендік сөздің қай түріне жатады?

  12. Әлеуметтік-саяси шешендік сөзге стильдің қай түрі тән?

  13. Тыңдаушыларға ғаламды танудың жолын көрсету, жаратылыстың заңдары мен заңдылықтарын түсіндіру, шындықты логикалық жүйемен аша отырып, адамның ғылыми-танымдық өрісін кеңейту, дүниедегі алуан құбылыстардың табиғатын саналы түсінуге жол ашуды мақсат ететін шешендік сөздің түрі.

  14. Прокурордың айыптау сөзі, әлеуметтік айыптаулар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың сөзі, айыпкердің қорғану сөзі қай шешендік сөздің түріне жатады?

  15. Шешендіктің қай түрінде шешеннен мықты ұстамдылықты, сабырлылықты, сөзіне елді ұйыта алар жағымды дауысты қажет етеді?

  16. Шешендік сөздің қай тегі белгілі бір оқиғаға қатысты немесе жеке тұлғалардың қоғамдағы, өз ортасындағы атқарған ісін дәріптеу, мадақтау, оның сіңірген еңбегін бағалау тұрғысында тағылымды ой тастауды мақсат етеді?

  17. Үнемі ізденіп, өз білімін жан-жақты толықтырып отыруды қажет ететін шешеннің қасиеті?

  18. Тек сөйленер сөздің ғана емес, ойдың нақтылығы, тақырыптан ауытқымауы, өзін де, аудиторияны да «уысынан шығармауы» секілді мәселелерді қамтитын шешеннің қасиеті?

  19. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» шешенге қандай анықтама беріледі?

  20. Шешеннің табиғи сапасы деп: өткір ой, жады, жағымды дауыс, қалыпты тыныс, жинақылық, сүйкімді келбет пен табиғи қабілет деп санайтын орыс ғалымы?

  21. Бет-жүз, дене қимылдары шешен сөзіне көмекші құрал ретінде қызмет етеді. Атқаратын қосалқы қызметтеріне орай, ым-ишаралар іштей неше топқа бөлінеді?

  22. М.Аргайдың есептеуінше 1 сағат ішінде ең көп ым- ишара қолданатын ел...

  23. М.Аргайдың есептеуінше 1 сағат ішінде мүлдем ым- ишара қолданбайтын ел...