Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
все файлы 2 / ЕНТ каз тили / 11 сын қазақтіл сұрақ.doc
Скачиваний:
101
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
57.34 Кб
Скачать

Қазақ тілі пәнінен 11- сыныпқа арналған сұрақтар топтамасы:

Сөз мәдениеті, шешендік өнер.

  1. Адамның барлық саналы әрекетінің құралы.

  2. «Сөз мәдениетінің жоғары формасы- .... (М.Балақаев)

  3. Әлеуметтік қызмет атқаратын іс-әрекеттің атауы.

  4. Өзінің нысанасы, теориясы, категориялары, тарихы бар жеке ғылым саласы.

  5. Шешендік өнер иелерінің шаршы топ алдында сөйлейтін сөзі.

  6. а) Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында айтылатын сөз болуы керек; б) Әңгіме өзегінің дәлелі болуы тиіс, в) Тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылуыд көздеуі қажет; г) Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандырып, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі; д) Шешендік шындықты, ақиқатты тануға ұмтылдыруы тиіс. Бұл шешендік сөздің несі?

  7. Шешендік сөздің сөйлеушілер санына қарай неше түрі бар?

  8. Жеке адам толғанысы арқылы сөз иесінің сөйлеу шеберлігі көрінетін шешендік сөздің түрі қалай аталады?

  9. Бірнеше шешеннің бір-бірінің сөзін іліп әкетіп, дамыта жалғастыруы шешендік сөздің қай түрі?

  10. Шешендік сөздің қай түрінде әңгіме, пікірталас үстінде , айтыста сөз иесінің пікірсайыс шеберлігі байқалады?

  11. «Шешендік- сөзбен жүзеге асырылатын әрі сөзбен барша жетістіктерге жеткізетін өнердің саласы. Ол өз бойына барша өнердің қасиет-күшін жинақтаған деуге болады.» Кімнің сөзі?

Шешендік өнер тарихы.

  1. Шешендіктің отаны.

  2. Қай елде шешендіктану, яғни шешендік өнер туралы ғылым жүйелі дамып, оның теориясы тұңғыш рет қалыптасқан?

  3. Нешінші ғасырда Элладаның қалаларында шебер сөйлеудің дамуына қажетті алғышарттар пайда бола бастады?

  4. Ежелгі Грекияда көркем тілдің жүйесін, заңдылықтарын ақылы түрде үйрететіндерді кімдер деп атаған?

  5. Софистердің дәуірінде «барлық ғылымның патшасы» деп бағаланған өнердің түрі қалай аталады?

  6. Сөздің шындықпен арақатынасы жөнінде софистерге қарсы бағыт ұстанушылардың бірі ежелгі грек философы кім?

  7. Софистердің риторикасын ғылым ретінде жоққа шығарған Сократтың шәкірті.

  8. Б.з.д. 384-322 жж өмір сүрген. Александр Македонскийдің тәрбиешісі. «Алғашқы ұстаз» атағын алған ғұлама.

  9. Аристотельдің шешендік өнер туралы жазған үш кітаптан тұратын еңбегі қалай аталады?

  10. Ресейде шешендік өнердің теориясы қай ғасырда қалыптасып, өркендей бастаған?

  11. Қазақтың ұлттық шешендіктану ғылымының тамыры алғаш кімнің еңбектерінен бастау алады?

  12. Әл-Фарабидың күрделі трактаты қалай аталады?

  13. Әл- Фараби өзінің трактатында қала әкімінде қанша қасиет болу керек деп көрсеткен?

  14. «Тіл- елшінің қылышы» кімнің сөзі?

  15. Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің дамуы неше кезеңнен тұрады?

  16. Қазақ шешендік өнерінің кең дамып, биіктеген кезеңі қай ғасыр?

  17. XVII-XVIIIғасырдағы қазақтың аты аңызға айналған шешендері.

  18. Қазақтың төл шешендік өнері туралы, қазақ даласындағы билердің қоғамдық –әлеуметтік рөлі туралы тұңғыш ой-пікірін білдірген ғалым.

  19. Соңғы кезде шешендік өнерді зерттеп, жинақтап жүрген ғалым.