Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
все файлы 2 / ЕНТ К тарих / Басты оқиғала к тарих 2.doc
Скачиваний:
107
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
403.46 Кб
Скачать

Ресей азаттық қозғалысының өкілдері Қазақстанда.

Польшадан жер аударылған Густав Зелинскийдің поэмасы — «Қырғыз» («Қазақ»).

Польша азаттық күресінің 60 ж. Қазақстанда болған өкілдері ішінен ерекше көзге түскені — Гросс.

Польша азаттық күресінің Семей жерінде болған белгілі өкілі — Гросс.

ХІХ ғ. соңында Ресейден саяси жер аударылғандардың біршама шоғырланған өңірі — Шығыс және Орталық Қазақстан.

Польшадан жер аударылғандар Сібірге жіберілді.

Адам БеловскийСемей обл. Өскемен уезінің геологиялық картасын жасаумен шұғылданды.

Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген — Михаэлис.

Хх ғ-ң басындағы өлкедегі жағдай.

Орынбор-Ташкент шойын жолы 1906 ж. қаңтарда пайдалануға берілді.

ХХ ғ. басында Қазақстада негізінен дамыған өндіріс саласы — кен өндірісі.

1905-1907 ж. ревлюция ірі өнеркәсіп орны — Успен кеніші.

Отарлық ұлт аудандарының «Сілкініп оянуына» негіз болған 1905 ж. «Қанды жексенбі».

1905 ж. мамырда Қарқаралыда болған үкіметке қарсылық жиынына қатысқан — М. Дулатов.

Қазан айында жарияланған патша манифестінің жұртты алдау екендігін «Алаш» сияқты ұлттық партиялар әшкереледі.

1905 ж. қарашада Семей обл. Губернаторы Галкиннің әскери күш шақыруына себеп болған оқиға – пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілі.

1905 ж. желтоқсанында құрылған — «Орыс-қырғыз одағы».

1905 ж. қарашада Жаркент горнизоны солдаттарының қарсылығы болдвы.

1906 ж. қаңтарда өлкедегі қарсылықтарды басуға тапсырма берген министр кім? Дурнов.

Думаға Ақмола облысынан — Қошығұлұлы, Жетісудан — Тынышпайұлы, Семейден — Нұрекенұлы сайланды.

Семей облысынан мемлекеттік думаға сайланған, кейіннен сайлаушылар мүддесінен ауытқып кеткен тұлға — Н. Коншин.

1906 ж. қараша мен 1910 ж. Столыпин үкіметі қабылдаған аграрлық саясат неге бағытталды? Революцияны тұншықтыруға.

1906-12 ж. аралығында қазақтардан 17 млн десятина жер тартып алынды.

ХХ ғ. басында құрылған қоныстану қоры немен айналысты? Қазақтардың жерін тартып алумен.

Столыпин жүргізген реформа — аграрлық реформа.

ХХ ғ-ғы Жетісудағы кулактардың үлесі — 25 пайыз.

Столыпиннің аграрлық саясатынан кейін Ақмола облысындағы қазақтар саны — 36,6 пайыз.

1911 ж. мамыр айында ереуілге шыққан «Атбасар мыс-кендері» өндірісі.

1912 ж. қазан айында жалпы ресейлік саяси қозғалыстың құрамдас бөлігі болған Байқоңыр көмір өндірісіндегі ереуіл.

1914 ж. қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының мөлшері — 600 мың.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өндіріс орындарындағы жұмыс мерзімінің ұзақтығы — 12-14 сағат.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Семей, Ақмола облыстарынан майданға тартылған жұмысшылардың үлесі — 50 пайыз.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі 12-14 жас аралығындағы жеткіншектерге күніне еңбегі үшін 20 тиын төленді.

Хх ғ-ң басындағы қазақ мәдениеті.

А. Байтұрсынұлының 1911 ж. Орынборда басылған өлеңдер, аударма, мысалдар жинағы — «Маса».

1913-17 ж. «Қазақ» газетінің редакторы — А. Байтұрсынұлы.

М. Дулатовтың 1915 ж. шыққан туындысы — «Терме».

Абай шәкірттерінің ішінен ең мл мұра қалдырған — Шәкәрім.

Шәкәрімнің кітабы — «Мұсылмандық шарты».

Ағарту ісін насихаттаған журнал — «Айқап».

Халық арасында батырлар жырын насихаттап, шеберлік сапасына көтерген кім? Н. Байғанин.

ХХ ғ. басында қазақ бұлбұлы атанған — Майра Шамсуддинова.

Абайдың жинағы ресми түрде баспадан 1909 ж. шықты.

Естайдың әні — «Майда қоңыр».

«Гәккуді» шығарған кім? Үкілі Ыбырай.

ХХ ғ. басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала — Музыка мәдениеті.

Қазақстандағы халық ағарту ісі

«Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы: Ә. Бөкейханов.

1907-12жж. Қазақстанға қоныстандырылған адам саны – 2млн 400мың.

1917ж-ға қарай қазақтардан тартып алынған жер көлемі – 45млн-нан астам.

1913ж. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп жазған – А.Байтұрсынов.

«1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы жанжалдар өмірінің сипатты белгісіне айналды» деп жазған – Т.Рысқұлов.

1914-18жж. Ресей үшін Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі байланысы күшейді: І Дүниежүзілік соғысқа байланысты.

1916ж. ұлт-азаттық көтерілістің басты себебі:19-43жас аралығындағы адамдарды қара жұмысқа алу (25 маусым).

Түркістан мен Дала өлкесінен алу көзделді – 500мың адам.

1916ж. 23 тамызда үстемтап өкілдерін жұмыстан босату туралы жарлық шығарған – Куропаткин.

1916ж. қозғалыстың ірі орталығы – Жетісу.

1916ж.тамызда көтерілісшілер басып алған жәрмеңке - Қарқара.

1916ж. Торғай уезінде хан етіп сайланған – Ә.Жанбосынов.

Ырғыз, Торғай уездерінде хан етіп сайланған адам саны – 9.

Көтеріліс сардарбегі – А. Иманов.

Торғайды 15мың жауынгермен қоршаған – Иманов.

Имановтың серігі, мерген – Кейкі батыр.

Торғай көтірілісінің ерекшелігі – бір орталыққа бағындырылып, басқарылудың тәртіпке келтірілуімен.

Көтерілістің сипаты – отаршылдыққа қарсы.

1916ж.жазалау нәтижесінде қазақтар саны кеміді – жарты млн-ға жуық.

1916ж. Жетісудан Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған – 238мың (екі жүз отыз сегіз мың).

«Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер» деп жазғандар: Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов.

Жетісуда орыс шаруаларының ішінен Қарқар ошағын ұйымдастырушылардың бірі – Е.Курев

Верный уезі Жайымтал болысының ханы болып сайланған – Б. Әшекеев.

Боралдайда дарға асып өлтірілген – Әшекеев.

Қарқарадағы көтеріліс жетекшілерінің бірі – Ж. Мәмбетов.

1916ж. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып сайланған – Куропаткин.

Жергілікті казактардан жазалаушы отряд құрған – Фольбаум.

1916ж.оқиғалар қарсаңында енгізілген жаңа салық түрі – соғыс салығы.

1917ж.27 ақпандағы революцияның сипаты – буржуазиялық-демократиялық (монархия құлатылды).

Уақытша үкіметтің Ресей жерінде ұлттық келісім орнатуға бағытталған шешімінің бірі – 1917ж.20наурыздағы азаматтардың дін ұстануына, ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеуді жою туралы шешім.

1917ж. «Қара жұмысшылар одағы» құрылған қала – Верный.

«Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы» - Сергиопольде.

«Жас арбакештер одағы» құрылған қала – Петропавлда.

«Қазақ жастарының революцияшыл одағы» - Әулиеата мен Меркеде.

«Жас қазақ» ұйымы – Ақмолада.

Кадеттер ұйымының Семейде шығарған газеті - «Свободная речь».

Түркістан автономиясының орталығы – Қоқан (Шоқай) (ислам).

Ххғ.басында ұлттық сананы оятушы, кадет партиясыеың мүшесі болған – Ә. Бөкейханов.

Түркістан федералистер партиясы құрылды – 1917ж.

Қоқон қаласында федералистер партиясы құрылды – 1917ж.

IV съезді ашқан – М. Шоқай.

1917ж.30қарашада мұсылмандар манифесі өткен қала – Қоқан.

1917ж. 21-26желтоқсанда жалпы қазақ съезі өткен қала – Орынбор.

Алашорда төрағасы – Ә. Бөкейханов.(«Қазақ» газетінде жарияланды, 10 бөлімнен тұрды).

Кеңестер билігі алғаш орнаған қала – Перовск (Қазан).

Жетісу облысындағы Кеңес өкіметі жеңді – 1918ж.наурыз.

1917ж. Кеңес үкіметіне қарсы біріккен күштер – Ақ гвардияшылар мен Алашорда.

1918жсәуірде Ташкентте құрылған Түрк.АКСР-ң құрамына кірген облыстар: Жетісу, Сырдария.

1917ж.басталған ҚазАКСР-н құру жөніндегі жұмыстың уақытша тоқтап қалу себебі – Азамат соғысының басталуы.

1917-18жж.қазақ, орыс, ұйғыр еңбекшілері арасындағы қатынастарды жақсартуға үлес қосқан – Розыбакиев.

Кеңес үкіметінің кедейлерге қайтарып берген жер көлемі – 3,5млн десятина.

Оралда, Петропавлда кеңес өкіметі орнады – 1918ж.қаңтар.

Семейде кеңес өкіметі орнады – 1918ж.қаңтар.

Орынборда кеңестердің Торғай облыстық І съезі қызыл армия бөлімдерін құру туралы шешім – 1918ж.наурыз-сәуір.

Ақмола уездік съезінің Алашорда автономиясының теріске шығарған қаулысы – 1918ж.наурыз.

Азамат соғысы – 1918-20жж.

Азамат соғысы – ол мемлекет ішінде билік үшін соғыс (Ақтар vs Қызылдар).

Азамат соғысында ақгвардияшылармен бір топта болған – Алашорда.

Ақгвардияшыларға көмек ретінде Иран мен Каспий өңіріне енген әскер – Ағылшын әскері.

1918ж.маусымда атаман Дутов басып алған қала – Орынбор.

1920ж.қарай Қазақ әскери Комиссариаты құрған әскери бөлімшелер саны – 37.

Азамат соғысы жылдары Кеңарал болысында партизан жұмысын ұйымдастырушы – Ө.Ыбыраев.

Колчак әскерін талқандау жүктелген Шығыс майданның Оңтүстік тобының қолбасшысы – Фрунзе.

1920ж.наурызда Семей обл.сол-нің ақгвардияшылардан азат етілуі нәтижесінде жойылған майдан – Жетісу майданы.

1920-21жж.өлкедегі еңбек армиясы қатарында болған адамдар саны – 6мыңға жуық.

Қарағандыда көмір өндіру қысқарды – 5 есеге (8млн).

Қазақ өлкесін басқару жөніндегі комитет құрылды – 1919ж. 10шілде (Пестковский).

Қазревком органы болған баспасөз – «Ұшқын» газеті.

«Алашорда» үкіметі таратылды – 1920ж.9наурыз.

ҚазАКСР-і жарияланды – Орынборда (астанасы).

ҚазАКСР-н құру туралы декрет шықты – 1920ж.20тамыз.

ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің алғашқы төрағасы – С. Мендешев.

Байтұрсынов пен Сералин Қазақстанға қосу қажет деп дәлелдеген аймақ – Қостанай.

Қазақ жерлерін біріктіруде Қазақстан мүддесін жақтаған – Ленин.

Азамат соғысы жылдары мемлекетке 6млн пұт астық тапсырған уезд – Қостанай.

1926ж. Қазақстандағы қазақ халқының үлес салмағы – 61,3%.

1926ж. ҚазАКСР-ң халық саны – 5млн 230мың.

1924ж. ҚазАКСР-ң астанасы көшірілген қала – Қызылорда.

1921ж. Қазақстан комсомолының І съезі өткен қала – Орынбор (Ғ. Мұратбаев).

Әйелдер қозғалысының көрнекті қайраткерлері – Оразбаева, Құлжанова.

«Қырғыз(қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет – 1923ж.

1922ж. Батыс Қазақстанда ашаршылыққа ұшырағандар мөлшері – 82 пайыз.

1921ж. «Нақты ет салығы туралы» декрет блйынша жартылай көшпелі қазақ шаруалары – ет салығынан босатылды.

1921ж. Құрылған - «Қосшы одағы», 1930ж-дан кейін - «Кедей одағы».

Ақшалай салық енгізілді – 1924ж.

Салық негізінен көп салынған – кулактар мен байларға.

1925-33жж.елді басқарған – Голощекин.

Қазақстанды индустрияландыру басталды – табиғи байлықтарды зерттеуден.

Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик Губкин «Бұл кен орны мұнайға аса бай»деген.

Түрксібте еңбек еткен адамдар саны – 100мың.

Түрксіб пайдалануға берілді – 1931ж. (1933ж.).

«Қазақстан отар болып келді, солай болып қалды» деп айтқан – Сәдуақасов.

Голощекин ұсынған идея - «Кіші Қазан».

Түрксіб жалғастырды – Орта Азия мен Сібірді.

Орталық Қазақстанда шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі - Курнаков.

Кеңес Одағының тұтас металогенді аймағы болып табылады.

1939жылы қалаларда тұрған қазақтар саны – 375 мың адам.

Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілген – шикізат көздері.

Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданған әдіс - әміршіл-әкімшіл жүйеде басқару.

Түрксіб темір жолында жұмысшыдан, “Қазақкөлікқұрылыс” тресінің басшысына дейін көтерілген – Қазыбеков.

Қатардағы жұмысшыдан, Түрксіб темір жолының бастығына дейін көтерілген – Омаров.

Түрксіб темір жолы түйісті – Айнабұлақта(1931).

“Аса ірі бай шаруаларды тәркілеу туралы” декрет – 1928 жылы.

Колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылығы артелі.

МТС-тер құрылды – 1929ж.

150 шақырым жерден жинап әкеліп қала үлгісіндегі поселка жасаған аудан – Шу.

1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазған – Рысқұлов.

Бесеудің хаты жазылды – Голощекинге.

1931-1933ж. аштықтан қырылған адам саны - 2,1 млн.(40 пайыз).

Қазақтан басқа халықтың шығыны – 0,4млн.

Бандит-басмашылардың көтерілісі деп бағаланған көтеріліс – Батпаққара.

Көтерілісшілер басып алған аудан орталығы – Созақ.

Иран, Ауғаныстанға көшіп кеткендер – Маңғыстау мен Ойылдан.

Ұжымдастыру алдындағы мал саны – 40,5млн.

1933 жылы қалғаны – 4,5млн.

1931-1933ж. Шұбартау ауданында барлық малдың етке өткізілгені – 80 пайыз.

1928 жылы Қазақстан шаруашылығының 2 пайызы ұжымдастырылса, 1931 жылы ұжымдастырылды – 65 пайызы.

Ұжымдастыру барысында компартия Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылдады – 1932 жылы.

1938 жылы Қиыр Шығыстан көшіріліп әкелінген – корейлер(100 мыңнан астам) Алматы, Қызылорда, 57 ұжымшар құрылды.

Ұжымдастыру жылдарындағы толқулар мен көтерілістер саны – 372.

Қарақұм көтерілісін, Орынбордан келіп басқан – 8 дивизия.

Торғайлық асыра сілтеушілер “Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” деп млн-ға жуық малдан қалғаны – 98мың.

Ұжымдастыру жылдарында тыс жерге көшіп кеткен адамдар саны – 1 млн-нан аса.

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды – 1927 жылы. XVсъезде.

Орталық комитет ҚазАКСР-де ұжымдастыруды негізінен аяқтауды белгіледі – 1932 жылдың көктемінде.

Лаңкестік жаппай сипат алды – 1937-1938 жылдары.

1931 жылы Қарағанды облысы, Осакаров ауданында пайда болған обсервациялар саны – 25 қоныс.

101 мың қазақтар ГУЛАГ азабынан өтіп, оның атылғандары – 27 мыңнан астам.

1930 жылы атылған жазушы – Ж.Аймауытов.

Қазақстан “Қызыл астанасы” салушылардың сатқындығы деп айыпталғандар – Будасси, Голдгор, Тынышпаев.

Тіл білімінің негізін салушы айыпталған – Байтұрсынов.

КСРО конституциясы қабылданды – 1936 жылы.

ҚазКСР конституциясы қабылданды – 1937 жылы.

1938 жылы маусымда Қазақ КСР Жоғары кеңесіне сайланған – 300 депутат.

300 депутаттың қазағы – 152.

1937 жылы желтоқсанда КСРО Жоғары кеңесіне рес-дан сайланған – 44 депутат.

Жазалаудың құрбаны болған, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы – Асфендияров.

АЛЖИР-де әйелі мен қызы азап шеккен мемлекет қайраткері –Т. Рысқұлов.

Сауатсыздықты жою қоғамы ұйымдастырылды – 1924 жылы.

Рес-ның ХКК-і “ҚазАКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын” қабылдады – 1926 жылы.

1931 жылы 15-50 жасқа дейінгілерге енгізілген – жалпыға бірдей міндетті оқу.

Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны ашылды – 1928 жылы Абай атындағы.

Киров атындағы Қазақстан мемлекеттік университеті ашылды – 1934 жылы.

1930 жылдары өзге рес-дың оқу орындарында оқыған қазақстандық жастар – 20 мыңдай.

Отан соғысы қарсаңында Қазақстандағы жоғары оқу орындар саны – 20.

КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылды – 1932 жылы.

Тараз қаласы орнында қазба жұмысын жүргізген – Массон.

Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды – 1926 жылы қаңтарда, режиссер – Шанин(“Еңлік - Кебек”).

Театрға қазақ академиялық драма театры атағы берілді – 1937 жылы.

Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры ашылды – 1933 жылы.

Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды – 1934 жылы.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестірін құрған – А.Жұбанов(1934 жылы).

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды – 1936 жылы.

Қазақ кино өнері бастау алған жылдар – 1930 жылдар.

Бірінші дыбысты фильм “Амангелді” түсірілді – 1938 жылы.

“Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” жинақтарын жариялаған – Затаевич.

Затаевичке Қазақстанның халық әртісі атағы берілді – 1932 жылы.

1936 жылы КСРО халық әртісі атағын алған – Байсеиітова. (24 жасында)

Талантты суретші - Ә. Қастеев.

1930 жылдары орнаған жүйе – социалистік.

1940 жылдары Қазақ кәсіпшілер – 1 млн-дан астам еңбекшілерді біріктірді.

Қ. Сәтпаевқа Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық берілді – 1942 жылы.

Отан соғысы басталды – 1941 жылы.

Ж.Жабаев “Ленинградтық өренім” өлеңін жазды – 1941 жылы.

Германияның қауырт соғыс жоспары аталды – Барбаросса.

Мәскеу түбінде генерал-майор Панфилов қолбасшылық еткен дивизия – 316-шы атқыштар дивизиясы.

“Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ” – Клочков.

Мәскеу үшін шайқаста 316-шы атқыштар дивизиясы марапатталды – Қызыл ту орденімен.

Бородино селосында ерекше ерлік көрсеткен – Тоқтаров.

М. Ғабдуллин, Т.Тоқтаров Кеңес Одағының батыры атағын алды – Мәскеу үшін шайқаста.

Б. Момышұлы – батальон.

Ленинград үшін шайқаста жаудың қорғаныс ұясының аузын кеудесімен жауып, қаза тапқан –

С. Баймағамбетов.

Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді – 1942 жылы.

Қазақстанға жақын майдан – Сталинград.

“Павлов үйі” үшін соғыста ерлік көрсеткен – Мырзаев.

Минометші – Сыпатаев.

18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанған – Елеусізов.

2 мәрте Кеңес Одағының батыры ұшқыш – Т.Бигелдинов.

Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген, екі мәрте батыр атағын алған – С. Луганский.

Қарағандының өкілі, ұшқыш – Н. Әбдіров.

Батыр, мерген қыз - Әлия.

Пулеметші – Мәншүк.

Мәншүк шайқасқан бригада – 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасы.

Қазақстан комсомолы қамқорлыққа алған трактор заводы – Сталинград.

Еділ бойынан көшіріліп әкелінгендер – немістер.

Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық – Қошқарбаев.

Соғыс жылдарындағы қазақстандық партизандар саны – 3,5 мың адам(Қ.Қайсенов).

Шетелдегі қарсыласу қозғалыстарына қатысқан қазақтар – Егоров, Құсайынов.

Берлин операциясы басталған уақыт – 1945 жыл 16 сәуір.

Берлинді алды – 2 мамыр.

С.Нұрмағамбетовқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді – Берлин үшін шайқаста.

Соғыс жылдары Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтар саны – 500-ге жуық.

Отан соғысы аяқталды – 1945 жылы.

1998 жылы Назарбаевтің өкімімен, Халық Қаһарманы атағы берілген – Бейсекбаев.

Қазақ ғылым академиясы ашылды – 1946 жылы маусым(Қ. Сәтбаев).

“XIX ғ. 20-40 жылдары Қазақстан” туралы жазған – Бекмаханов.

1947 жылы 21 қаңтарда тыйым салынды – XIX ғ. рухани мұрасын зерттеуге.

1940-1950 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған ғалымдар – Ысмайылов, Сүлейменов, Кеңесбаев.

1943 жылы ҚазКСР тарихының авторларының бірі - Бекмаханов

1954 ж. орнынан босатылған Шаяхметов

Шаяхметовтың орнына сайланған Пономаренко

Биология, медицина, геология ғалымдарына тағылған айып космополит

1950 ж. қазақ жастары оқыған көрші ел Қытай

Минералды шикізаттар кен орындарының картасын жасағандары үшін Қ.Сәтбаев бір топ ғалымдарға Лениндік сыйлық берілді

ҚазКСР ҒА-ның философия және құқық институты құрылған жыл 1958 ж.

Тіл білімі, әдебиет және өнер институттары ашылды 1961 ж.

Қаз КСР тарихының II томдығыжарияланды 1957-59 ж.

М. Әуезов «Абай» романының 2 кітабын жазып бітірді 1947 ж.

М. Әуезовке Лениндік сыйлық берілді 1959 ж.

1950 жылдардағы Ғ. Мүсреповтың романы «Оянған өлке»

Ғ. Мұстафиннің шығармалары «Шығанақ», «Қарағанды», «Миллионер»

«Тың игерушілер» очеркінің авторы И. Шухов

Сталин өлімінен кейін, ХХ съезден кейін ақталғандар

Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров, Асфендияров, Жандосов, Исаев, Мендешов

1952 ж. КСРО мемлекеттік сыйлығына ұсынылған драма Абай

Карточка жүйесі жойылды, ақша реформасы жүргізілді 1947 ж.

Соғыстан кейінгі жылдарда мектептерге көмек көрсету, қор жасау үшін ұйымдастырылған

жексембіліктер

Соғыстан кейінгі жылдарда малшы балалары үшін салынған

мектеп-интернаттар

Жалпыға бірдей 7 жылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынған жыл 1949 ж.

1947 ж. екінші сайланған ҚазКСР Жоғары Кеңесінің құрамы 300 депутат

Үшінші сайланғанның құрамы 400 депутат

1955 ж. төртінші сайланғанның құрамы 450 депутат

1950 ж. республикадағы коммунистердің саны 58 920

1960 ж. республикадағы коммунистердің саны 345 115

Ж. Шаяхметов Қазақстан КП(б) Орталық Комитетінің I-ші хатшысы болып сайланды 1949 ж.

Қазақстан кәсіподақтарының республикалық I конференциясы өтті 1948 ж.

1954-1956 ж. одақтық органдардың қарауынан республиканың қарауына 144 кәсіпорын өтті

Сталин қайтыс болды 1953 ж.

1943 ж. жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты еңбектің авторларының бірі Е. Бекмаханов

25 жылға сотталып, 1954 жылы ақталып шыққан Бекмаханов

Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді 1947 ж.

Тың игеру жүргізілген облыстар Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Торғай

Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды 1954 ж.

Тың игеру кезінде келген адам саны 2 млн.

483 шақырым Мойынты – Шу темір жолы салынды 1950 ж.

1965 ж. республикада халық шаруашылығында жұмыс істеген дипломды маманның саны