Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силл ПТГП каз 2015-2016 Шапак У.Ш..docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
53.81 Кб
Скачать

Баға қою саясаты

Сабаққа қатысу

        1. Студент әр сабаққа қатысуға міндетті. Сабаққа 4 рет қатыспаған студент емтиханға жіберілмейді.

        2. Сабаққа кешігіп келген студенттен 10 балл шегеріледі.

        3. Сабақ үстінде тыныш отырмаған студенттен әр ескерту үшін 10 баллдан шегеріледі.

        4. Пән бойынша сабаққа кешіккен немесе келмеген студент үшін бұл сабақты қайта тапсыру көзделмеген. Егер, студенттің сабаққа қатыспауы Жоғары мектептің шешімі бойынша себепті деп танылған жағдайда, пән бойынша баға қою Жоғары мектептің шешіміне сай жүргізіледі.

Тапсырмалар мен кейстер

              1. Орындалған тапсырмалар мен кейстер оқытушыға дедлайнға дейін жеткізіледі. Дедлайннан кейінгі үшінші күн – хард-дедлайн. Егер студент тапсырманы хард-дедлайнға дейін орындаса, тапсырма үшін баға 30%-ға төмен болады. Хард-дедлайннан кейін оқытушы тапсырмаларды қабылдамайды және тапсырма орындалмаған болып саналады.

              2. Плагиат белгілері табылған тапсырмалар мен кейстер үшін 0 балл қойылады.

Білім алушылардың бағасын белгілеу

«Өте жақсы»баға (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) мына жағдайларда, егер білім алушы бағдарлама материалын толық меңгергенде және ешқандай нақты емес қате жібермегенде, үй тапсырмасын, коллоквумдарды, жұмыстарды, бақылау тапсырмасын уақытында және дұрыс орындағанда, нақты ойлау қабілетін көрсеткенде, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқанда, пәнді оқу кезінде қосымша ғылыми әдебиеттерді өздігінен пайдаланғанда, өздігінен бағдарлама материалын жүйелей білгенде қойылады.

«Жақсы»баға (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%) мына жағдайларда, егер студент бағдарлама материалын 75 % төмен емес меңгергенде және сонымен бірге жауап бергенде дөрекі қате жібермегенде, үй тапсырмасын, коллоквумдарды, жұмыстарды, бақылау тапсырмасын уақытында орындағанда, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқанда, қосымша ғылыми әдебиеттерді оқытушының көрсетуі бойынша пайдаланғанда, студенттің өзімен дұрысталған дәлсіздіктер немесе нақты қателер жіберіліп оны студенттің өзі дұрыстағанда, бағдарлама материалын жүйелеуді оқытушының көмегімен білгенде қойылады.

«Қанағаттанарлық» баға (С+; 2,33; 70-74%; С – ;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) мына жағдайларда, егер студент бағдарлама материалын 50 % төмен емес меңгергенде, үй тапсырмасын, лабораториялық және бақылау жұмыстарын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет етсе, коллоквиумды тапсыру кезінде нақты емес және маңызды емес қате жібергенде, зерттеу жұмысында белсенді болмағанда, оқытушымен ұсынылған оқу әдебиеттерімен шектелгенде, материалды жүйелеуде көп қиындық көргенде қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға (F; 0; 0-49%) мына жағдайларда, егер студент бағдарламада көрсетілген негізгі материалды білуде кемшіліктер жібергенде, бағдарламада көрсетілген материалдың жартысынан көбін меңгермегенде, пән бағдарламасының жартысынан көбін меңгермегенде, жауап беруде маңызды қате жібергенде, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау нысандарында көрсетілген жеке тапсырмаларды орындамағанда, бағдарламада көрсетілген барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс істемегенде қойылады.