Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силл ПТГП каз 2015-2016 Шапак У.Ш..docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
53.81 Кб
Скачать

Семинарлық сабақтарына тапсырмалар (бағаланады)

Тапсырма

Дедлайн

Тапсырмалар мен кейстер

№1

2 апта

Тапсырма

Альдебаран корольдығының Конституциясын зерттеңіз. Құрылу тәртібіне, кеңістік және уақыт бойынша әрекетіне, мемлекет өкілеттілігінің мазмұнына байланысты мемлекеттік органдардың түрлерін анықтаңыз.

3-бап

30 маусым 1783 жылғы Шартқа, 9 маусым 1815 жылғы Вена трактатының 71 бабына және 11 мамыр 1867 жылғы Лондон трактатына сәйкес Альдебаран корольдығының тағы Монтомье жанұясында мұрагерлікпен беріледі.

33-бап

Король – елбасы, бірлік нышаны және ұлттық тәуелсіздік кепілі болып табылады. Елдің конституциясына және заңдарына сәйкес ол атқарушы билікті жүзеге асырады.

Орындау нысаны – эссе, 250 сөз.

№2

5 апта

Тапсырма

Президенттік және парламенттік республиканың ең аз дегенде бес оң жақтарын және бес кемшіліктерін атаңыз.

Президенттік республика

Оң жақтары (5)

Кемшіліктері (5)

Парламенттік республика

Оң жақтары (5)

Кемшіліктері (5)

№3

10 апта

Кейс

Дархан емтихан кезінде өзінің досы Азаматтан жауапты көшіріп алуды сұрайды. Азамат оған: «Бұл әрекет «Емтихан тапсыру ережесіне» қайшы келеді ғой» – деп, көмектесе алмайтындығын білдіреді. Бірақ Дарханның ойынша әрбір адам өз досына көмектесуі тиіс.

Есеп: Осы жағдайда кім дұрыс ұстанымға ие? Азамат па, әлде Дархан ба?

Өз жауабыңызды дәйектеңіз.

Жұмыс көлемі 250 сөзден кем емес.

№4

12 апта

Кейс

Құқық шығармашылық үдерісінде пайда болатын мәселелердің бірі – лоббилендіру. «Лоббизм» термині ағылшын тіліндегі «lobby» сөзінен пайда болған және «мәжіліс залы сыртындағы орын» дегенді білдіреді. Қазіргі кезде лоббизм түсінігі парламент депутаттарына жеке, жазбаша түрде немесе өзге әдістермен қысым жасау арқылы, белгілі заң жобасының қабылдануын немесе қабылданбауын қамтамасыз ету дегенді білдіреді.

Кейбір ғалымдардың ойынша лоббилендіруді заңдастыру қажет, ал басқа ғалымдардың пайымдауынша лоббилендіруге ресми түрде тыйым салынуы тиіс.

Есеп: Қай ғалымдардың ой-тұжырымы дұрыс деп санайсыз?

Өз жауабыңызды дәйектеңіз.

Жұмыс көлемі 250 сөзден кем емес.

Соөж жұмыстарын орындаудың тақырыптық жоспары (бағаланады)

Тапсырма

Дедлайн

Тақырып

№1 СОӨЖ жоба

6 апта

Топтарға бөлініп, келесі жобаны жасау:

Идеалды мемлекет құрастыру.

Басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режим, халық саны, экономика типі, территория көлемі және т.б. факторларды белгілеу.

Неліктен сіздің мемлекетіңіз идеалды екенін дәйектеу.

700 сөзден кем емес

№2 СОӨЖ жоба

13 апта

Топтарға бөлініп, келесі жобаны жасау:

«Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы»

Яғни, қазіргі кездегі құқық жүйесі және заңнама жүйесіндегі актуалды мәселелерді келтіру. Сонымен бірге 2050 жылға дейін осы мәселелерді шешу стратегиясы.

1000 сөзден кем емес

Сөж жұмыстарын орындаудың тақырыптық жоспары

СӨЖ

Тақырыптар

Жұмыс мазмұны

Орындау мерзімі

1

Келесі әдебиеттерді оқып келу.

    1. Зиманов С.З. Жалпы құқық теориясы және оның құқықтану жүйесіндегі орны.

    2. Сәбикенов С.Н. «Мемлекетану әдістемелігі мәселесі»

    3. 1.3. Сәбикенов С.Н. «Салыстырмалы мемлекеттану әдістері»

    4. әл-Фараби «Юриспруденция»

    5. Еллинск Г. «Мемлекет туралы ілімнің өзге әлеуметтік ғылымдарға қатынасы

    6. Гегель Г.В. «құқық туралы ғылым – философияның құрамдас бөлігі».

1.7 Гроций Г. Құқық ғылымының нысаны

1.8 Гроций Г. Заң ғылымдарының әдіснамасы

1.9 Коркунов Н.М. Құқық туралы ғылымның әдіснамалық проблемалары

1.10 Хвостов В.М. Қоғам, мемлекет және құқық туралы

1.11 Алексеев Н.Н. Мемлекет туралы ғылымның нысаны мен әдісі

1.12 Гамбаров Ю.С. Құқықты зерттеуге ғылыми көзқарас

1.13 Сорокин П.А. Құқықтың жалпы теориясы туралы түсінік

1 апта

2

Келесі әдебиеттерді оқып келу:

2.1. Энгельс Ф. «Отбасының нысандары».

2.2. Энгельс Ф. «Ирекез руының ерекшеліктері»

2.3. Энгельс Ф. «Одақтың белгілері»

2.4. Энгельс Ф. «Грек руының басқару ұйымы

2.5. Энгельс Ф. «Афин, Рим және Герман мемлекеттерінің тууы».

2.6. Локк Д. «Табиғи және соғыс жағдайы»

2.7. Локк Д. «Саяси қоғамдардың пайда болуы»

2.8. Карамзин Н.М. «Варяг князьдарын Ресейге шақыру. Монархия құру»

2.9. Юм Д. «Мемлекеттік өкіметтің шығуы»

2.10. Гоббс Т. «Мемлекеттің пайда болу себептері туарлы»

2.11. Руссо Ж.Ж. «Қоғамдық келісім туралы»

2.12. Руссо Ж.Ж. «Азаматтық ахуал туралы»

2.13. Монтеське Ш.Л. «Шарт теориясы негізінде мемлекеттердің шығуы туралы»

2.14. Кропоткин П.А. «Қауым және мемлекеттің өмірге келуі»

2.15. Аристотель «патриархалдық теория»

2.16. Энгельс Ф. Германдар мемлекетінің құрылуы

2.17 Цицерон. Мемлекет туралы

2.18 Шан Ян (б.д.д. 390-338) Тәртіп орнату қажеттілігіне қарай мемлекеттің пайда болуы

2.19 Г. Спенсер [1820-1903]Органикалық теорияның көзқарасы тұрғысымен мемлекеттің пайда болуы

2.20 Б. Спиноза (1632-1677) (Мемлекеттің пайда болуы туралы) Б. Спиноза. Діни-саяси трактат.

2.21 В. М. Хвостов (1868-1920) (Мемлекеттің пайда болуына септесетін факторлар)

2.22 Г.Ф. Шершеневич (1863-1912) Мемлекеттің пайда болу әдістері. Құқықтың жалпы теориясы

2.23 Е.Н. Трубецкой (1963-1920) (Құқықтың пайда болуы туралы тарихи мектеп)

2.24 Н.М. Коркунов (1853-1904) (Құқықтық туралы көзқарастардың психологиялық тұрғыдан алғандағы дамуы)

2 апта

3

Келесі әдебиеттерді оқып келу:

3.1. Сартаев С.С., Нұрпейісов Д. «Мемлекеттің белгілері»

3.2. Сартаев С.С., Нұрпейісов Д. «Мемлекеттің түсінігі»

3.3. Сартаев С.С., Нұрпейісов Д. «Мемлекет егеменігі мемлекетке тән басты белгі»

3.4. Ленин В.И. «Мемлекет – топтық қайшылықтардың ымыраласпайтындығының жемісі»

3.5. Энгельс Ф. «Мемлекеттің түсінігі мен белгілері»

3.6. Локк Д. «Мемлекеттің түсінігі»

3.7. Боден Ж. «Мемлекеттің шығуы және егемен билік»

3.8. Еллинск Г. «Егемендіктің мәні»

3.9. Фихте И.Г. «Мемлекет»

3.10. Юм Д. «Мемлекеттік өкімет»

3.11. Мөде. «Ғұн елінің аумағы – ел бірлігі»

3.12. Гоббс Т. «Мемлекеттің анықтамасы»

3.13. Гоббс Т. «Егеменнің міндеттері туралы»

3.14. Руссо Ж.Ж. «Егемен туралы»

3.15. Фейербах Л. «Мемлекет туралы пайымдаулар»

3.16. Аристотель «Мемлекет саяси қатынас туралы»

3.17. Гегель Г.В. «Мемлекетті – философиялық жүйе ретінде анықтау»

3.18 Гроций Г. Мемлекет туралы ұғым

3.19 Хвостов В.М. Мемлекет туралы жалпы ілім

3.20 Сорокин П.А. Мемлекет туралы ілім

3.21 Сапарғалиев Ғ. Ибраева А.С. Мемлекет ұғымы және белгілері

4.1. Энгельс Ф. «Тағылық және Варварлық»

4.2. Энгельс Ф. «Варварлық пен цивилизация»

4.3. Данильевский Н.Я. «Қоғам және өркениет»

4.4. Фурье Ф.М.Ш. «Өркениет құрлысының өркендеу жүйесі»

4.5 Дж. Вико (1668-1744) [Қоғам дамуының үш кезеңі (құдайлардың, батырлардың және адамдардың дәуірлері); мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуы]

4.6 Г.В. Ф. Гегель (1770-1831) [Әлемдік тарих әлемдік рухтың патшалығы ретінде; әлемдік-тарихи төрт патшалық (шығыс, герек, рим, герман патшалықтары )

4.7 Г. Спенсер (1820-1903) [Қоғамның әскери және өнеркәсіптік үлгілері]

4.8 А. Дж. Тойнби (1889-1975) [Өркениеттердің жіктелуі мен дамуы]

4.9 Д. Белл (1919 ж. туған) [Индусрияға дейінгі, индустриялық және постиндустриялық қоғам]

5.1. Зиманов С.З. «Күшті атқару билігі немесе биліксіздік»

5.2. Зиманов С.З. «Президенттік билік. Үміт пен күтім»

5.3. Сартаев С.С., Нұрпейісов Д. «Саяси билік»

5.4. Сартаев С.С., Нұрпейісов Д. «Мемлекеттік билік»

5.5. Кенжалиев З.Ж. «Дәстүрлі мемлекеттік билік»

5.6. Сартаев С.С. «Атқарушы билік және президентура «институты»

5.7. Сәбикенов С.Н. «Мемлекеттік билік түсінігі»

5.8. Сәбикенов С.Н. «Сот билігінің ерекшеліктері мен ролі»

5.9. Локк Д. «Мемлекеттегі заң шығарушы, атқарушы және федеративті билік туралы»

5.10. Локк Д. «Мемлекеттегі биліктердің өзара бағыныштылығы туралы»

5.11. Сперанский М.М. «Самодержавиялық басқару және билік бөлу»

5.12. Медисон Д. «Заң шығару, атқару және сот билігі»

5.13. Медисон Д. «Билік тармақтарының арақатынасы»

5.14. Джефферсон Т. «Билік бөлу»

5.15. Руссо Ж.Ж. «Аралас басқармалар туралы»

5.16. Монтескье Ш.Л. «Билік бөлудің класикалық үлгісі»

5.17. Кабе Э. «Икарияның саяси құрлысының қағидалары»

5.18. Аристотель «Саяси билік»

5.19. Аристотель «Сот билігі»

5.20. Гегель Г.В.Ф. «Соттың мәні»

6.1. Зиманов С.З. Қазақстандағы зейнетақы реформасы және оның жақын арадағы міндеттері

6.2. Артхашастра «Патшаның міндеті»

6.3. Әмір Темір аманаты «Халықтан алым-салық жинау, мемлекет ішін тәртіпке келтіру және оны нығайту жолдары

6.4. Назарбаев Н.Ә. Жаһандану жағдайында есірткі бизнесі және нашақорлықпен күрестің міндеттері

6.5. әл-Фараби «Қаланың сақтық қоры және соғыстар туралы»

6.6. Баласағұн Ж. «Әскер басшылары, қолбасылар қандай болу керектігі»

6.7. Баласағұн Ж. «Қазынашылыққа қандай кісі керек»

6.8. Сюнь-Цзы «Мемлекетті байыту»

6.9. Ибн-Халдун «Салық жинау түрі»

6.10. Чичерин Б.Н. «Мемлекет мақсаты»

6.11. Годвин В. «Басқару хақында»

6.12. Гумбольдт «Мемлекеттік қызметтің шегін белгілеу тәжірибесі»

6.13. Гоббс Т. «Мемлекеттің мақсаты

6.14. Спиноза Б. «Мемлекеттің шын мақсаты – бостандық»

6.15. Монтескье Ш.Л. «Түрлі мемлекеттердің мақсаттары туралы»

6.16. Монтескье Ш.Л. «Мемлекеттің кірістері туралы»

6,17 Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекеттің қызметтері

3 апта

4

Келесі материалдарды оқып келу.

1 қыркүйек 2006 жылы «Караван» газетінде шыққан Рахат Алиевтің - «Республикостан или Казахский Султанат. Какой выбор мы сделаем?» атты мақаласы.

4 апта

5

Құқық типтері және

қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер

Мына сұрақтар бойынша өздігінен дайындалу:

  • Құқық типі түсінігі. Құқық типін анықтайтын факторлар

  • Формациялық көзқарас тұрғысынан құқық типі

  • ¤ркениеттік көзқарас тұрғысынан құқық типі

  • Құқықтық жүйе және құқық жүйесі.

Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:

  • Романо-германдық құқықтық жүйе

  • Англо-саксондық құқықтық жүйе

  • Дәстүрлі діни құқықтық жүйелер

  • Мұсылмандық құқықтық жүйе

5 апта

6

Келесі тақырыпқа ақпарат жинау:

«Әдет-ғұрыптың бірте-бірте құқық нормасына айалуы»

6 апта

7

Тақырып - Құқықшығармашылық.

  1. Нормативтік актілерді жүйелеу ұғымы, ерекшеліктері және түрлері

  2. Инкорпорация: ұғымы, және түрлері

  3. Кодификация ұғымы және түрлері

  4. Консолидация түсінігі

  5. Заңды техника ұғымы және түрлері

7 апта

8

Тақырып - Құқықты іске асыру

  • Құқықты қолдану құқықты іске асырудың ерекше нысаны

  • Құқық қолдану үрдісінің негізгі кезеңдері

  • Құқық нормаларын қолдану актілері: түсінігі, ерекшелігі, түрлері

Құқықтағы олқылықтар. Құқық нормаларын ұқсастығы бойынша қолдану

8 апта

9

ҚР Конституциялық Кеңестің келесі нормативтік қаулыларын оқу:

  1. Конституциялық мерзімдерді есептеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсіндіру туралы

(Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 2 Нормативтік қаулысы)

  1. Маңғыстау облыстық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 292-бабының алтыншы бөлігін конституциялық емес деп тану туралы ұсынымы жөнінде

(Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің Қаулысы 1999 жылғы 5 мамыр N 8)

  1. Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты төрайымының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы жөнінде

(Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қаулысы 1999 жылғы 29 қазан N 20/2)

  1. Ақмола облыстық сотының "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынымы туралы

(Қаулы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 2000 жылғы 2 тамыз N 17/2)

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабы 3-тармағы екінші абзацының нормасын ресми түсіндіру туралы

(Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 3 Нормативтік қаулысы)

9 апта

10

Құқықтағы коллизиялар туралы ақпарат жинау.

  • Заңды коллизиялардың түсінігі және себептері

  • Заңды коллизиялардың түрлері

Заңды коллизияларды шешудің тәсілдері

10 апта