- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Кіріспе Оқытушылар туралы мәлімет:
- •Пәннiң мазмұны Дәрiс сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтардың мазмұны
- •Соөж мазмұны және орындалу кестесі
- •Сөж мазмұны мазмұны және орындалу кестесі
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Философия пәнінен глоссарий
- •«Философия» пәнінен 1-ші аралық бақылау сұрақтары
- •«Философия» пәнінен II аралық бақылау сұрақтары
- •Философия мәдениет феномені хақысында
- •§2. Мифология (грекше мифос-аңыз, шежіре; логос-сөз, ілім)-алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли - ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.
- •§3. Дін -жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
- •Ежелгі Қытай және Үнді философиялық ойлары.
- •§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:
- •§1. Буддизм - Үндістанда (б.З.Д.V ғ. Кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ііі ғ. Кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни - философиялық ілім.
- •§2. Будда төрт ізгілікті (арийлік) ақиқатты айқындайды:
- •§3. Будда философиясы адамның өзіндік кемелденуі, Ұлы Азаттану- Нирванаға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл сегіз сатылы, сегіз буынды ұстаным, сегіздік жол:
- •§4. Буддизмнің бес өсиет-бағдары:
- •Көне грек өркениеті және көне философиялық дәстүрдің ерекшелік сипаты.
- •§2. Сократқа дейінгі кезеңге мыналар жатады:
- •§3. Сөйтіп, антикалық (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән:
- •§2. Софистерге тән сипаттар:
- •Ортағасырлық еуропалық мәдениеттегі философияның мәртебесі. Араб шығыстық ортағасырлық философиясы.
- •Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия
- •Философия және ғылым: жаңа еуропалық мәдениетіндегі философияның өз тағдырын өзі шешу мәселесі.
- •Декарттың рационалдық философиясы.
- •Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.
- •Еуропалық философиялық дәстүрді дамытуындағы неміс классикалық философиясы және оның рөлі.
- •XIX ғ. - XX ғ. Басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.
- •Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.
- •XX ғасыр және xxі ғасыр философиясы. Қазіргі философия идеялар мен тұжырымдамалардың динамикалық жиынтығы ретінде.
- •Болмыс философиясы. Онтология. Дүниені философиялық ұғыну.
- •Сананы философиялық ұғыну.
- •Философиялық білім жүйесіндегі гносеология. Эпистемология.
- •§2. Танымның (ойлаудың) екі формасы:
- •Философиялық антропология.
- •Әлеуметтік философия. Қоғам және табиғат.
- •§5. Демография (грек., демос – халық, графе – жазамын) – Жер шарындағы халықтардың саны, тууы, өлімі, өсімі, дамуы туралы ілім. Бұл терминді 1855 жылы француз а.Гийар енгізді.
- •Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Студенттердің өзіндік жұмыс орындау үшін таратпа материалдары
- •2..Әйгілі «апорийлердің» авторы, Ежелгі грек ойшылы:
- •Философия пәнінен тест
Философия мәдениет феномені хақысында
Мақсаты мен міндеттері: Философия руханияттың ерекше формасы, философия әлемді танудың ерекше формасы ретінде талдау жасау.
Жоспар:
Философиялық білім ұғымын анықтау. Философиялық таным ерекшелігі
Дүниеге көзқарас ұғымы, түрлері.
Философия пәні, функциялары.
Әдебиеттер тізімі:
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.
4. Ғ. Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2004.
5. Мир философии. Книга для чтения. В 2-х частях. М.,1991.
6. Спиркин А.Г. Философия. Учебник. М., 2006.
7. Канке В.А. Философия. М., 2001.
8. Спиркин А.Г. Философия. М. 2005.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Дүниеге көзқарас -объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған,қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.
Дүниеге көзқарас түрлері-
Әдеттегі, қарапайым, күнделікті өмірлік көзқарас;
Діни көзқарас;
Философиялық дүниеге көзқарас;
Адамзат тарихында дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы көрініс тапты:
Мифология;
Дін;
Философия
§2. Мифология (грекше мифос-аңыз, шежіре; логос-сөз, ілім)-алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли - ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.
Әдетте, миф мына негізгі мәселерге көңіл аударады:
Әлем, жер және адамның пайда болуы;
Табиғи құбылыстарды ұғыну;
өмірдің, тағдырдың, адам өлімінің себеп- салдары;
ұждан, парыз, әдеп пен әдет мәселелері;
Мифтік белгілерге мыналар жатады:
табиғатты адамиландыру;
әпсаналық құдайлардың болуы, олардың адамдармен қоян-қолтық араласуы;
абстракциялық ойлаудың(рефлексияның) болмауы;
мифтің нақты өмірлік мәселелерге (шаруашылыққа, табиғи апаттан қорғануға және т.б. ) практикалық бағытталуы;
мифологиялық көріністердің біркелкілігі, жұтаңдығы.
§3. Дін -жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
Діни көзқарасқа қоршаған ортаны сезімдік, бейне -эмоциялық, тылсымдық (бейрационалдық) формада қабылдау тән.
Дін мына мәселелерді қарастырады:
Құдайдың бар екеніне шәк келтірмеу;
Әлемнің, жаһан дүниенің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы;
табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;
адам тағлымы, тағдыры мәселесі;
Әдептілік- этикалық мәселер.
Негізгі әлемдік діндер:
христиандық;
буддизм;
ислам;
Әлемдегі ірі және неғұрлым кең тараған ұлттық діндер:
синтоизм;
индуизм;
иудаизм.
Дүниеге көзқарастан өзге, дін мына функцияларды атқарады:
біріктіруші(бір идея төңірегінде қоғамды ынтымақтандыру);
мәдени -танымдық(белгілі бір мәдениетке ықпал ету);
әдептілік-тәрбиелік (қоғамда адамға деген сүйіспеншілік, махаббат, кешірімділік, адалдық, ізеттілік, төзімділік, борыштық).
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: философия, мифология, фетишизм, тотемизм, анимизм, дін, гносеология, онтология, объективтік идеалазм, субъективтік идеализм және т.б.
№ 2 дәріс.
Ежелгі Қытай және Үнді философиялық ойлары.
Мақсаты мен міндеттері: Философия тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі. Ежелгi шығыс философияның ерекшелiктерiнiң қарастыруы бұл қазiргi шығыс менталитетiнiң негiзi ретінде қарастыру.
Жоспар:
Философия тарихын оқып үйрену дегеніміз не
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері мен сипаты., мектептері.
Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері, негізгі даму кезеңдері және мектептері.
Әдебиеттер тізімі:
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.
4. Ғ. Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2004.
5.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002
6.Хрестоматия по философии РнД., 1997
Древнекитайская философия. В 2-х т. М., 1972.
7.История китайской философии. М., 1989
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қытай философиясы өзінің даму барысында үш негізгі кезеңнен өтті:
Б.з.д. VIIғ.-б.з.ІІІғ.- ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы;
ІІІ-ХІХ ғ.ғ. Үндістаннан Қытайға буддизмнің (б.з.ІІІғ.)енуі және оның ұлттық философиялық мектептерге ықпалы;
ХХІ ғ.-қазіргі заманғы кезең- Қытай қоғамының біртіндеп ашыла бастауы, қытай философиясының еуропалық және дүние жүзілік философия жетістіктерімен сусындауы.
Қытайдағы ежелгі ұлттық философиялық ілімдер:
даосизм;
конфуцийшілдік;
легизм.
Онша көп таралмаған ілімдер:
моизм;
натурфилософия;
номинализм.
Қытайға буддизм (ІІІ ғ.) енгеннен кейінгі және ХІХ ғ. соңына (екінші кезең) дейінгі қытай философиясының негізін қалаған ілімдер:
чань-буддизм (ұлттық қытай буддизмі);
неодаосизм;
неоконфуцийшілдік.
ХХ ғасырда қытай ұлттық философиясы мына әлемдік философиялық идеялармен байыды:
христиандық діни философия;
марксизм;
еуропаның көрнекті философтарының идеялары;
американдық прагматизм философиясы.