Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС микроэкономика.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
239.1 Кб
Скачать
  1. Дәрістің тақырыптық жоспары

Тақырыптар және олардың көлемі (сағаттар).

Бақылау сұрақтары

Дәрістің мақсаты және міндеттері

Мәселелік сұрақтар

1.

Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы -1 сағат

  • Микроэкономика пәні. Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен міндеттері.

  • Экономикалық ресрустар.

Экономиканың негізгі үш мақсаты.

Зерттелетін курс мақсаттары мен міндеттерін зерттеу:

  • микроэкономика пәні;

  • адамдардың қанағатының шексіздігі;

  • Нарық туралы түсінік;

Позитивті және нормативті талдау;

Тиімді және тең өлшемді модельдер.

1. Экономикалық білім берудегі микроэкономиканың мәні.

2. Қазіргі кезде қазақстандық экономика үшін қандай микроэкономикалық мәселелер актуалды болып табылады?

2.

Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері – 1 сағат

  • Құндылық туралы түсінік және бағалар.

  • Сұраныс. Сұраныс функциясы. Сұраныс көлемі. Сқраныс қисығы.

  • Сұранысқа әсер ететін факторлар.

  • Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыным қисығы. Ұсыныс өзгеруі.

Зерттелетін курс мақсаттары мен міндеттерін зерттеу:

  • сұраныс. Сұраныс қисығы. сұраныс өзгеруі.

  • тауарлар мен қызметтер ұсынысы.

  • ұсыныс қисығының өзгерісі.

  • Сұраныс және ұсыныс заңдары.

  • Гиффен парадоксы.

  • Веблема нәтижесі.

  • Нарықтық тепе-теңдік.

1. Нарықтық экономикадағы бағалық және бәсекелестік механизм ролі.

2.Нарықтық тепе-теңдік не себептен өзгереді?

3. Сұраныс пен ұсынысқа қандай факторлар және қалай әсер етеді?

4. Сұраныс және ұсыныс икемділігін анықтаудың тәжірибелік мәні.

3.

Сұраныс және ұсыныс икемділігінің теориясы - 2 сағат

  • Икемділік туралы түсінік.

  • Сұраныстың бағалық икемділігі.

  • Сұраныс қисығының икемділігі.

  • Нүктелік және доғалық икемділік.

Сұраныстың табыстық икемділігіне әсер ететін факторлар, Энгель заңы.

  • Икемділік туралы жалпы түсінік беру.

  • Сұраныстың бағалық, нүктелік, доғалық икемділіктерін ажырата білу.

  • Өте икемді және өте икемсіз сұраныс.

  • Сұраныстың бағалық икемділігіне әсер ететін факторлар.

  • Сұраныстың қиылысқан бағалық икемділігі.

1. Икемділік ұғымы нені білдіреді?

2.Өте икемді және өте икемсіз тауарларға қандай мысал келтіре аласыз ?

3. Энгель заңы дегеніміз не?

4.

Тұтынушы талғамы теориясы - 2 сағат

  • Пайдалылық ұғымы, пайдалылықтың сандық теориясы.

  • Шекті пайдалылық, Госсеннің бірінші заңы- шекті пайдалылықтың азаю принципі.

  • «Баға-тұтыну» қисығы.

  • Сапалы және сапасыз тауарлар.

Пайдалылықтың реттік теориясы. Тұтынушының пайдалылықты максималдау шарттары. Госсеннің екінші заңы. Реттіліктің толық жаңа аксиомасы. Тұтынушының тәуелсіздік аксиомасы. Тойымдылық аксиомасы. Талғамсыздық қисығы. Бірін бірі толық ауыстыратын тауарлар үшін алмастырудың шекті нормасы (MRS). Алмастырудың кемімелі шекті нормасы. Бюджет сызығы. Бюджет сызығының теңдеуі. Тұтынушының тепе-теңдік шарты. Кәдуілгі тауарлар, сапасыз тауарлар және Гиффен тауарлары үшін табыс және тұтыну икемділігі.

1. Шекті пайдалылық дегеніміз не?

2. Гиффен тауарларына мысал келтіріңіз.

3. Бюджет қисық сызығы нені білдіреді?

4. «Баға - тұтыну» қисығы және «Табыс-тұтыну» қисықтары?

5. Бірін бірі толықтырушы тауарларға мысал келтіріңіз.

5.

Өндіріс теориясы - 2 сағат

  • өндіріс туралы ұғым, өндіріс факторлары. Өндіріс технологиялары.

  • Өндіріс функциясы және оның қасиеттері.

  • Изокванталар.

  • Кобба-Дуглас функциясы.

Өндіріс масштабының тиімділіктері.

  • өндіріс факторлары және өндірістік функция;

  • фирма өнімдері және оның түрлері;

  • фирманың табыстары.

  • Шекті өнімділіктің азаю заңы.

  • Тұрақты және айнымалы өндіріс факторлары.

  • Қысқа және ұзақ уақыт мерзімдері.

Технологиялық алмастырудың шекті нормасы (MRTS).

1. Капиталды еңбекпен ауыстыру мысалын келтіріңіз?

2. Қолданылатын өндіріс факторларының арасындағы белгіленген пропорция кезіндегі изокванта?

6.

Өндіріс шығындары – 2 сағат

  • Шығындар туралы түсінік. Өндіріс шығындары және балама шығындар.

  • Айқын және айқынсыз шығындар.

  • Изокоста. Шығындарды төменгі деңгейге жеткізу шарты.

  • Ұзақ мерзімдегі шығындар қисығының қысқа мерзімдегі шығындар қисығымен ұқсастығы.

  • Шығындар функциясы.

  • Ұзақ және қысқа мерзімдегі шығындар.

  • Бухгалтерлік және экономикалық пайда.

  • Кәдуілгі пайда және изокоста.

  • Тұрақты және айнымалы шығындар.

  • Орташа айнымалы, орташа жалпы және шекті шығындар. Олардың арасындағы қатынас.

  • Изокванталар және ауқымнан әр түрлі берілу мүмкіндігіндегі шекті және орташа шығындар.

  • Қысқа және ұзақ мерзімдегі шығындар арасындағы байланыс.

1. Шығындарды қалай түсінесіз?

2. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар арасындағы айырмашылық қандай?

3. айқын және айұынсыз шығындар мәні неде?

4. Шығындарды төмендету мәні?

7.

Жетілген бәсекелестік нарықтағы ұсыныс - 2 сағат

  • Нарықтық құрылымдарының алуан түрлері

  • Нақты және идеал құрылымдар.

Жетілген бәсекелестегі нарық модельдеріне қойылатын шектеулер.

  • Қысқа уақыт мерзімінде пайданы мейлінше арттыру.

  • Қысқа уақыт мерзіміндегі шығындарды минималдау.

  • Қысқа уақыт мерзіміндегі фирманың ұсыныс қисығы.

  • Ұзақ уақыт мерзіміндегі бәсекелес фирманың тепе-теңдігі.

  • Тұтынушы және өндіруші ұтымдарына талдау.

1. Жетілген бәсеке жағдайындағы фирманың іс-әрекеті.

2. Қазақстанда қандай нарықтың түрлері дамымай қалған және оған қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

8.

Монополия –2 сағат

  • Монополия түрлерінің алуандығы. Таза монополия.

  • Монополистің өніміне деген сұраныс.

  • Монополистің максималды пайда нүктесі. Монополиялық биліктің болуының тиімділігі.

Бағалық дискриминация.

  • Монополияға жалпы сипаттама.

  • Қысқа мерзім кезеңіндегі монополиялық тепе-теңдікті графикалық талдау.

  • Ұзақ мерзім кезеңіндегі монополия.

  • Монополияның әкелетін зардаптары.

  • Баға белгілеудегі «бес бармақ» ережесі. Бағалық дискриминация моделі.

Әділдік және бағалық дискриминация.

1 . Таза монополия жағдайындағы фирмалар әрекеті қандай?

2. Монополия не үшін қажет?

3. Қазақстанда қандай монополияға қарсы заңдар қызмет етеді?

9.

Монополиялық бәсекелестік – 2 сағат

Жетілмеген бәсеке және өнімді сараптау.

Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.

Монополиялық бәсекелес фирманың шығыны.

  • Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.

  • Қысқа мерзімдегі баға мен өнім көлемін анықтау.

  • Ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирманың тепе-теңдігі.

  • Өндірістік қуат артықшылықтары.

  • Таратылым шығындары және бағаға байланыссыз бәсекелестік.

1. Монополиялық бәсекенің негізгі белгілері қандай?

2. Монополиялық бәсекелестіктің артықшылықтары?

3. Монополиялық бәсекелестіктің кемшіліктері?

10.

Олигополия - 2 сағат

  • Олигополияның негізгі сипаттамалары.

  • Олигополиялық баға қақтығыстары. Курно моделі, Штакельберг моделі, Бертран моделі.

  • Картель құру.

  • Олигополиялық баға қақтығыстары.

  • Курно және Штакельберг тепе-теңдігін салыстыру. Әсер сызықтары.

  • Баға шектелімінің формуласы.

  • Картельдердің құрылуы.

  • Тұтқындар диллемасы.

  • Нэш және Парето тиімділіктері.

Тұрақтылық мәселесі.

ҚР қандай нарықтарды олигополиялық және монополиялық нарықтарға жатқызуға болады?

11.

Өндіріс факторлар нарығы - 2 сағат

1. Өндіріс факторлары туралы түсінік.

2. Өндіріс факторларының нарығындағы сұраныс және ұсыныс.

3. Еңбектің нарықтық ұсынысы.

4. Өндіріс факторларының нарығындағы монополиялық билік. Қоғамның шығындарын сызба түрінде талдау.

Экономикалық ресурстардың ұсыныс қисығы және оның икемділігі.

Ресурстардың икемділігіне әсер ететін факторлар. Тауарлар мен қызметке деген сұраныстың туындысы ретіндегі ресурсқа деген сұраныс.

Еңбек, капитал және жер нарықтарының қызмет ету механизмдерін игеру.

  • ресурс нарықтарының ерекшеліктері;

еңбек нарығы және жалақы, кәсіпкерлік қызмет және пайда.

1. Қазақстандағы еңбек нарығының жағдайы.

2. Қазақстандағы еңбек нарығындағы кәсіподақтар міндеттері.

3. Қазақстандағы жұмыссыздық: себептері, көрсеткіштері және экономикалық өсуге әсері.

Барлығы: 20 сағат