Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ugolovno-protsessualnoe_pravo.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Қазақстан республикасының білім беру жүйесі

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН

ОРЫНДАУ ЕРЕЖЕСІ

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

Енгізу күні 2009. 09. 01

1 Қолдану саласы

Осы стандарт жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесіне талаптар қояды.

Осы стандарттың ережелерін ҚР жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында, олардың ведомстволық бағыныштылығына, ұйымдық-құқықтық нысандарына, оқыту түрлеріне, мәртебесіне қарамастан қолдануға және сақтауға міндетті.

Осы стандарт жоғары оқу орындарында бітіруші курс оқушыларының диплом жұмыстарын (жобаларды) жазу және қорғау талаптары анықталғанда, жоғары оқу орнында мемлекеттік аттестациялауды және аккредитация өткізу барысында қолданылады.

Осы стандарт сонымен қатар мына жағдайда пайдаланылады:

а) жоғары оқу орындарының қызметін іштей және сырттай бағалау (аудит) үшін;

б) нормативтік құжаттарға сәйкесті әзірлеушілерге.

2 Нормативтік сілтемелер

Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалынған:

  1. Қазақстан Республикасының 2007 ж. 27.07. № 389-1 «Білім Туралы» Заңы;

  1. Қазақстан Республикасының 2004 ж. 9 қарашадағы № 603- II; «Техникалық реттеу» Заңына;

2.3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005ж. 2 наурыздағы № 195 қаулысымен бекітілген жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдардың типтік ережелері;

2.4 МЖМБС 5.03.001-2004 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері (Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің 2004 ж.30 сәуірдегі № 380, № 1 өзгерістері бар 2005 ж. 23.09. № 644 бұйрығы);

Ресми басылым

2.5 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің2006 ж. 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығымен бекітілген, білім беру ұйымдарында оқушыларды ағымдағы бақылаудан, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестациядан өткізу ережелері;

2.6 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2007 ж. 22 қарашасындағы № 566 бұйрығымен бекітілген кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі.

  1. Анықтамалар

Осы стандарта МЖМБС 5.03.001-2004, ҚР MБ 08-2004 Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Техникалық реттеу» Заңдарына сәйкес, терминдер мен анықтамалар қолданылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2006 ж. 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығымен бекітілген, білім беру ұйымдарында оқушыларды, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестациядан өткізу ережелері.

4 Жалпы ережелер

4.1 Осы стандарттың мақсаты, диплом жұмыстарына ұсынылған (жоба) жалпы талаптарды анықтау болып табылады.

4.2 Диплом жұмысы (жоба) жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер де бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған болса, жоғары оқу орнында оқушылар оқудың соңғы аяқталу кезеңінде орындайды.

4.3 Диплом жұмысы (жоба) мынадай мақсатта әзірленеді:

  1. мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге;

  1. ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;

  1. студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтау;

4.4 Диплом жұмысы (жоба) белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселесін, зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды;

4.5 Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  1. ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен, атап айтқанда, инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

  1. зерттелген объектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

4.5.3 нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]