Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ugolovno-protsessualnoe_pravo.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Глоссарий

«процеске қатысушылар»- қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

«қылмыстық процестi жүргiзушi орган»- сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

«тараптар»- сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;

«айыптау тарабы»- қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

«қылмыстық iзге түсу (айыптау)»- қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

«қылмыстық iзге түсу органдары»- прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу - анықтау органының, анықтаушының, тергеушінің осы Кодексте белгіленген өкілеттіктері шегінде сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны;

«анықтау»- анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;

«қорғау»- қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

«жақын туыстар»- ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған туыс аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi;

«қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар»- сот отырысының хатшысы, аудармашы,көрген адам,куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;

«қылмыстық iс»- жасалды деп жорамалданған бiр немесе бiрнеше қылмыстар бойынша қылмыстық iзге түсу органы мен сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;

«iс бойынша iс жүргiзу»- қозғау, сотқа дейiнгi дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық iс бойынша жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiнiң жиынтығы;

«қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу»- қылмыстық iс қозғалған кезден бастап оны мәнi бойынша қарау үшiн сотқа жолдағанға дейiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық iс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы;

«iстiң материалдары»- iстiң құрамдас бөлiгi болып табылатын немесе оған қосу үшiн ұсынылған құжаттар мен заттар, хабарлаулар, сондай-ақ iс бойынша жағдайды белгiлеу үшiн маңызы болуы мүмкiн құжаттар мен заттар;

«iс жүргiзу әрекеттерi»- осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер;

«хаттама»- қылмыстық процестi жүргiзушi орган жасаған iс жүргiзу әрекетi көрсетiлетiн iс жүргiзу құжаты;

«iс жүргiзу шешiмдерi»- өз құзыреттерi шегiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органдар шығаратын және осы Кодексте айқындалған нысанда көрiнiс табатын қылмыстық iс жүргiзу құқығын қолдану актілері - үкiмдер, қаулылар, қорытындылар, ұсыныстар, санкциялар;

«қаулы»- соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында, сондай-ақ сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу шеңберіндеқабылданған шешiмдерi;

«үкiм»- айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi сатыдағы соттың басты сот отырысында немесе апелляциялық соттың талқылауында шығарылған сот шешiмi;

«қорытынды шешiм»- қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ, түпкiлiктi болмаса да, iстi мәнi бойынша шешетiн әртүрлi шешiмдерi;

«санкция»- прокурордың, соттың сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қылмыстық iзге түсу органы қабылдаған iс жүргiзу шешiмiн бекіту актiсi;

«түсiндiру»- процеске қатысушылар мен мәлiмдеушiлердiң өзiнiң дәмесiн немесе өздерi өкiлi болған адамдардың дәмесiн негiздеу үшiн келтiрiлген ауызша немесе жазбаша дәйектемесi;

«шағым, наразылық»- процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу, прокурор немесе соттың iс-әрекетiне өздерiнiң құзыретi шегiнде және осы Кодексте белгiленген тәртiппен енгiзiлген көңiл аудару актiсi;

«өтініш жасау» - тараптың немесе арыз берушінің қылмыстық процесті жүргізуші органға жолданған іс-жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу немесе іс жүргізу шешімін қабылдау туралы өтініші, ал қадағалау сатысында - қадағалау іс жүргізуін қозғау және заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы жолданым;

«ғылыми-техникалық құралдар»- дәлелдердi анықтау, көрсету, алу және зерттеу үшiн заңды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы жабдықтар, материалдар;

«арнаулы білім»- адам кәсiби оқудың непрактикалық қызметтің барысында алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi жалпы жұртқа белгiлi емес білім;

«арнаулы ғылыми білім» - сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;

«баспана»- бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта, көп пәтерлi үйлердi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын тұрғын үйлердiң верандалары, террасалары, галереялары, балкондары, жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi;

«түнгi уақыт»- жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден алтыға дейiнгi уақыт аралығы.

Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Аттестациялық әріптік баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Оқу пәнін игерудің %-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша қорытынды баға %-дық өлшемде анықталады:

АЕ1 + АЕ2

Қ % = --------------- × 0,6 + Е × 0,4

2

Яғни:

АЕ1 - 1 аралық емтиханның пайыздық өлшемі

АЕ2 - 2 аралық емтиханның пайыздық өлшемі

Е - емтихандық бағаның пайздық өлшемі

Келісу парағы

Қызметі

Аты-жөні

Мерзім

Колы

Танысу парағы

Қызметі

Аты-жөні

Мерзім

Колы

Өзгерістерді тіркеу парағы

Өзгеріс №

Өзгеріс туралы хабарлу №

Парақтар №

Паратардың барлығы (өзгерістерден кейін)

Енгізу мерзімі

Өзгерістер енгізушінің аты-жөні

Өзгеріс енгізушінің қолы

өзгертілген

ауыстырылған

жаңа

Алынып тасталған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]