Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ugolovno-protsessualnoe_pravo.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.96 Mб
Скачать

10 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі

10.1 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы өкілетті органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен: анықталады.

10.2 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттердің, шығарушы кафедр оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері, рецензент шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.

  1. Бір диплом жұмысын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша бір студентке 30 минуттан аспауы қажет.

  1. Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациялық комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығыңда баяндама жасап қорғайды. Студенттің қорғайтын жұмысы көрнекі плакаттар немесе слайдтармен интерактивті режимде болуы керек.

  1. Диплом жұмысын (жобаны) талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады.

  1. Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.

10.7 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.

10.8 Диплом жұмысын (жобаны) қорғаудың қорытындысы әр студент бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.

11 Диплом жұмысын (жобаны) сақтау тәртібі

11.1 Диплом жұмыстарын (жобаларды) қорғалғаннан кейін шығарушы кафедра жоғары оқу орнының архивіне тізбе арқылы, кафедра меңгерушісінің бекітуімен тапсырады.

11.2 Диплом жұмыстары (жобалар) жоғару оқу орнының архивінде 5 жыл сақталады. Бұл мерзім өткеннен кейін диплом жұмысьг (жоба) ректордың бұйрығымен құрылған комиссияның актісімен, істен шығарылады.

11.3 Оқу-әдістемелік көмек көрсету, конкурсқа қатысу, өңдірісте қолдану үшін оқу ісі жұмыстары жөніндегі проректордың рұқсатымен диплом жұмысының көшірмесі түсіріліп және мүдделі жаққа беріледі.

12 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына өзгертулер және қосымшалар енгізу тәртібі

  1. Толықтыру мен өзгерту оны әрі қарай жетілдіру МЖМБС-ның негізгі ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында қолданыстағы мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына енгізіледі.

  1. МЖМБС-ға толықтырулар мен өзгерістер енгізуді жүзеге асырады:

- білім беру мекемелері;

- білім саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

- 47 ТК.

  1. Қолданыстағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарындағы толықтырулар мен өзгерістерге білім беру ұйымдарының немесе 47 ТК ынтагерлік білдірген жағдайда, ұсыныстар мен ескертулер ҚР Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі.

  1. Білім және ғылым министрлігі бастамашылардан түскен ұсыныстар мен ескертулердің негізін және мақсаттылығын анықтауды 47 ТК-ге міндеттейді.

12.5 Қолданыстағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына ұсынылған толықтырулар мен өзгерістерге 47 ТК сараптама жүргізеді және оларды мақұлдағаннан кейін шешім қабылдау үшін ҚР-ның Білім және ғылым министрлігіне жібереді.

12.6 ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міңдетті білім беру стандарттарына толықтырулар мен өзгертулер өзгертілген стандарттың жаңа басылымы немесе қолданыстағы стандарттарға салма-кітапша түрінде басылып шығады.

Тест сұрақтары

[q][+]4:1:Қылмыстық іс жүргізудің түсінігі:

[а][+]Қылмыстық сот ісін жүргізудің түсінігіне сәйкес

[а]Сот төрелігі түсінігіне қарағанда, кеңірек

[а]Азаматтық сот ісін жүргізудің түсінігімен ұштасады

[а]Ешқандай түсінікпен байланысты емес

[а]Оның түсінігі жоқ

[q][+]4:1:Қылмыстық іс жүргізуде негізгі сатылары қанша:

[а][+]жеті

[а]Тоғыз

[а]Сегіз

[а]Екі

[а]Ондай сатылар жоқ

[q][+]4:1:Тұлға жасаған қылмысқа кінәлі болып табылады:

[а][+]Үкім шығарылған сәттен бастап

[а]Ұсталған сәттен бастап

[а]Қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шыққан сәттен бастап

[а]Айып тағылған сәттен бастап

[а]Жасалған қылмысқа кінәлілігі дәлелденбегенше және соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталғанша тұлға кінәлі емес танылады

[q][+]4:1:Кәулік иммунитеті жоқ тұлғалар:

[а][+]Жақын ДОСы

[а]Жақын туыстары

[а]Жұбайы (зайыбы)

[а]Ата аналары

[а]Сезікті

[q][+]4:1:Тұлғаны сезікті ретінде тануға негіз бола ала алмайды:

[а][+]Жауап алу үшін шақырылса

[а]Ол қатысты қылмыстық іс қозғалса

[а]Оған қатысты ұстау жүргізілсе

[а]Бұлтартау шарасы қолданылса

[а]куә, жәбірленуші тікелей оны көрсетсе

[q][+]4:1:Тұлға айыпталушы ретінде танылады, егер оған қатысты:

[а][+]Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шықса

[а]Айыптау үкімі шықса

[а]Қылмыстық іс қозғалса

[а]Жасалған қылмысқа кінәлілігі туралы қаулы шықса

[а]Айып тағылса

[q][+]4:1:Куә ретінде танылады:

[а][+]Іс үшін маңызды мән жайлар белгілі болған тұлғалар

[а]Қылмыс оқиғасын көрген Адам

[а]Кез келген тұлға

[а]Қылмыс оқиғасымен байланысты мән жайлар белгілі болған тұлғалар

[а]өз еркісін білдірген тұлға

[q][+]4:1:Қорғаушы ретінде бола алмайды:

[а][+]Жақын ДОСы

[а]Адвокат

[а]Жұбайы (зайыбы)

[а]Ағасы

[а]Кәсіподақ ұйымы

[q][+]4:1:Алдын ала тергеуді үзеге асырмайды:

[а][+]Прокуратура органдары

[а]Ішкі істер органдары

[а]Қаржы полиция органдары

[а]Ұлттық қауіпсіздік органдары

[а]Жоғарыда аталған барлық органдар

[q][+]4:1:Куәгер болу қажет

[а][+]Кәмелетке толған, қылмыстық қудалау органдарынан тәуелсіз әрі мүдделі емес азаматтар

[а]Істің нәтижесіне мүдделі емес, практика өтіп жатқан заң жоғары оқу орындарының студенттері

[а]Жас мөлшеріның маңызы жоқ; бастысы іске мүдделі емес әрі тәуелсіз болғаны

[а]Іске мүдделі емес кез келген кәмелетке толған тұлға

[а]Ешқандай талаптар қойылмайды

[q][+]4:1:Дәлелдемелер бұл:

[а][+]заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер

[а]Фактілер туралы мәліметтер

[а]Фактілерді жинау

[а]Фактілер және фактілер туралы мәліметтер

[а]Дәлелденуге жататын мән жайлар

[q][+]4:1:Төменде аталған мән жайлардың қайсысын дәлелдеу қажет: [а][+]Айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән жайлар

[а][Тұлғаның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі

[а]Жалпы жұртқа белгілі фактілер

[а]Тұлғаның заңды білуі

[а]Заңды күшіне енген үкім анықтаған мән жайлар

[q][+]4:1:Дәлелдемені іске қатысты ретінде танудың негіздері болады, егер:

[а][+]Фактілік деректердің растығына әсер етпей ҚІЖК талаптарымен алынса

[а]Белгісіз қайнар көзден алынса

[а]Тергеушінің мақсатын айытпай тұлғаны алдау арқылы алынса

[а]Процессуалдық әрекеттерді жүргізу тәртібінін елеулі бұзумен алынса

[а]Қазыргі уақыттағы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арықылы алынса

[q][+]4:1:Іске қатысты емес деп танылған дәлелдемелер:

[а][+]дәлелдеме ретінде қолданылмайды

[а]Ешбір жағдайда істе қолданылмайды

[а]Тараптардың өтініші бойынша шектелген күйде қолданылуы мүмкін

[а]Шексіз қолданылады

[а]Айыпталушының кінәсіздігі фактісін тану үшін қолданылады

[q][+]4:1:Дәлелдеуге қатысу кезінде қорғау нені жүзеге асыруға құқылы емес:

[а][+]Куәдан жауап алуға

[а]дәлелдемелер ұсынуға

[а]Заңдық көмек көрсету үшін қажетті мәліметтерді жинауға

[а]Жеке тұлғалардан сұрау салуға

[а]Анықтамаларды сұратуға

[q][+]4:1:Қандай жағдайда заттар заттай дәлелдемелер ретінде саналмайды:

[а][+]ҚІЖК ережелерін бұзуымен алынса

[а]Қылмыс құралы болса

[а]Қылмыстық әрекеттердің объектілер болса

[а]Қылмысты анықтауға құрал болу мүмкін ақшалар және басқада құндылықтар, заттар мен құжаттар

[а]Айналымда ұстауға тыйым салынған заттар

[q][+]4:1:Дәлелдемені зерттеудің құрамына не кірмейді:

[а]Дәлелдемелерді бағалау

[а]Қосымша дәлелдемелерді жинау

[а]Талдау

[а]Басқа дәлелдемелермен салыстыру

[а]Алынған қайнар көздерді тексеру

[q][+]4:1:Ғылыми техникалық құралдарды қолдану жарамдылығының жағдайы қандай:

[а][+]Қауіпсіз болуы

[а]әмбебаптық

[а]Шығындардың аз болуы

[а]Жоспарлануы

[а]Тұрақты болуы

[q][+]4:1:Дәлелдемелерді жинау кезеңдерінің элементтеріне не кірмейді:

[а][+]Фиксация

[а]Табу

[а]Бекіту

[а]Алу

[а]дурыс жауап жок

[q][+]4:1:Қандай дәлелдемелердің алдын ала заңдық күші болады:

[а][+]Ешқандай дәлелдемелердің

[а]Тікелей дәлелдемелердің

[а]Заттай дәлелдемелердің

[а]Айыпталушының жауабы

[а]Тергеу әрекеттерінің хаттамалары

[q][+]4:1:ҚР ҚІЖК 117 бабына сәйкес дәлелдеу пәніне қандай элементтері кірмейді:

[а][+]Жалпыға белгілі фактілер

[а]Қылмыс оқиғасы

[а]Залалдың сипаты мен мөлшері

[а]Қылмыстық әрекетті болдырғызбайтын мән жайлар

[а]Жасалған қылмыстық зардаптары

[q][+]4:1:Дәлелдеу бұл:

[а][+]дәлелдемелерді жинау,зертту, бағалау

[а]Дәлелдемелерді жинау мен бағалау

[а]Ойлау қызметі

[а]Практикалық қызмет

[а]Дәлелдемелерді бағалау

[q][+]4:1:Дәлелдемелердің қасиеттеріне қандай белгілер жауап бермейді:

[а][+]Жоғары сапалылығы

[а]Қатыстылығы

[а]іске жіберілуі

[а]дұрыстылығы

[а]жеткіліктілігі

[q][+]4:1:Дәлелдемелердің қайнар көздеріне жатпайды:

[а][+]Маманның анықтамасы

[а]Сезіктінің айғағы

[а]Сарапшының қорытындысы

[а]Тергеу әрекеттерінің хаттамалыры

[а]өзге де құжаттар

[q][+]4:1:Дәлелдемелердің жіктелуі былай бөлінеді:

[а][+]Жеңілдететін және ауырлататын

[а]Жеке және заттай

[а]Айыптайтын және ақтайтын

[а]Бастыпқы және туынды

[а]Тікелей және жанама

[q][+]4:1:Дәлелдеу субъектісіне жатпайды:

[а][+]маман

[а]Анықтау органы

[а]Прокурор

[а]Тергеу бөлімінің бастығы

[а]Анықтаушы

[q][+]4:1:Дәлелдеу процесіне не кірмейді:

[а][+]Бекіту

[а]Жинау

[а]Бағалау

[а]Пайдалану

[а]Зерттеу

[q][+]4:1:Сот үшін қандай процессуалдық акт преюдиция болып табылмайды:

[а][+]Қылмыстық қудалау органының қаулысы

[а]Заңды күшіне енген үкім

[а]Кінәлігі туралы тұжырымды шешпейтін заңды күшіне енген шешім

[а]Заңды күшіне енген үкім, егер онда талап арыз қанағаттандырылса

[а]Заңды күшіне енген актау үкімі

[q][+]4:1:Тергеу әрекеттерінің хаттамасына процеске қатысушы тұлға қол қоймаудың салдары қандай:

[а][+]Ол жөнінде хаттамаға тергеуші қол қойып, куәландырады

[а]Ол жөнінде хаттамаға сот отырысының хатшысы қол қойылған белгі қояды

[а]Ол жөнінде екі куә хаттамаға қол қойылған белгі қояды

[а]Процеске қатысушы хаттамаға қол қойюын мәжбүрлейді

[а]Хаттамаға қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды

[q][+]4:1:Сарапшының ауызша түсіндірмесі дәлелдеме ретінде саналады ма:

[а][+]Саналады, егер бұрын берген қорытындысын түсіндіруіне бағытталса

[а]Жоқ, саналмайды

[а]Саналады, егер енді берілетін қорытындыны түсіндіруге бағытталса

[а]әрқашанда саналады

[а]Тергеушінің ұйғарымы бойынша саналады

[q][+]4:1:Үкімді шығару немесе қылмыстық істі қысқарту барысында құндылығы жоқ заттардың одан арғы жағдайына не болады:

[а][+]Жоюылуға жатады

[а]Тәркіленуге жатады

[а]Мемлекеттің кірісіне жатады

[а]Тиісті мекемелерге беріледі

[а]Іс бойынша қалады

[q][+]4:1:Сезіктіні ұстау бұл:

[а][+]Қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы

[а]Қылмыстық іс жүргізудің алдын алу шарасы

[а]Қамауға алу

[а]Сезіктінің бостандығын шектеу

[а]Сезіктінің қылмыстық әрекетін алдын алу бойынша шарасы

[q][+]4:1:Қандай жағдайда тұлға сезікті ретінде ұсталынады:

[а][+]Қозғалған қылмыстық іс бойынша

[а]Оны айдап алып келген уақыттан бастап

[а]Күштеп ұсталынған уақыттан бастап

[а]Кез келген қылмыс жасалуына күдік туындалған жағдайда

[а]Барлық жағдайда

[q][+]4:1:Ұстау хаттамасы қанша мерзім ішінде жасалынады:

[а][+]Ұсталған кезден бастап 3 сағаттың ішінде

[а]Анықтау немесе алдын ала тергеу органдарына алып келінген сәттен бастап 3 сағаттың ішінде

[а]Анықтау немесе алдын ала тергеу органдарына алып келінген сәттен бастап 6 сағат ішінде

[а]Сезікті ретінде жауап алынған сәттен бастап 72 сағат ішінде

[а]Сезіктіні алып келген сәттен дереу

[q][+]4:1:Ұсталған тұлғаны жеке тінту қалай жүргізіледі:

[а][+]Арнайы қаулыны шығармай-ақ және прокуродың санкциясынсыз ол адам ұсталса не күзетпен қамау,а алынса

[а]Арнайы қаулыны шығармай-ақ, тек куәгерлердің қатысуымен

[а]Прокурор бекіткен қаулыны шағару арқылы және куәгерлердің қатысуынсыз

[а]Прокурордың санкциясымен және куәгерлердің қатысуымен

[а]Жүргізілмейді

[q][+]4:1:Ұсталынған тұлғаның туыстарына қанша мерзім ішінде хабарланады:

[а][+]12 сағат ішінде

[а][+]24 сағат ішінде

[а][+]48 сағат ішінде

[а][+]24 сағаттан кешікпей

[а][+]Дереу

[q][+]4:1:Қылмыс жасады деген сезік бойынша ұсталған адамды босатудың негізіне жатпайды:

[а][+]Ұсталынған дипломатиялық иммунитетке ие болуы

[а]Оның жасалған қылмысқа қатыстылығы расталмаса

[а]Ұсталынғанға қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алуды қолданудың негіздерінің болмауы

[а]Ұстау ҚІЖК 134 бабының талаптарын бұзуымен жүргізілсе

[а]Ұстаудың заңда белгіленген мерзімі аяқталса

[q][+]4:1:Бұлтартпау шарасының түрлеріне не жатпайды:

[а][+]алып келу

[а]жеке кепілдік

[а]қамауға алу

[а]үйде қамау

[а]кепіл

[q][+]4:1:Бұлтартпау шарасын қолдану негіздеріне жатпайды:

[а][+]Тұрақты тұрғылықты орынның болмауы

[а]Айыпталушының болуы

[а]Тұлғаны ұстау

[а]Сезіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылса

[а]Бостандықты шектеу қажеттілігін көрсететін тиісті деректердің болуы

[q][+]4:1:Аталғандардың қайсысы бұлтартпау шаралары түрлеріне кірмейді:

[а][+]Келу туралы міндеттілік

[а]Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру

[а]Кепіл

[а]Жеке кепілдік

[а]Ұйде қамап ұстау

[q][+]4:1:Бұлтартпау шарасын қолдануға өкілетті емес тұлғалар:

[а][+]Істі тергелу реті бойынша берген тергеуші

[а]Іс бойынша тергеуді жүзеге асыратын анықтау органы

[а]өз өндірісіне алған тергеу бөлімінің бастығы

[а]Тергеудің заңдылығын қадағалайтын прокурор

[а]Басты сот талқылуындағы судья

[q][+]4:1:Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол алдыруды тағайындау үшін мән-жай болып табылмайды:

[а][+]Айыпталушы соттан және тергеуден қашып кетуі мүмкін болуы

[а]Оның тұрақты тұратын жерінің болуы

[а]Соттылығының болмауы

[а]Онша ауыр емес қылмыстың жасауы

[а]Оның тұрақты жұмыс орнының болуы

[q][+]4:1:Әскери бөлімінің командованиесінің бақылауына беру кезінде әскери қызметшіге қатысты қандай құқықтық шектеулер берілмеуі қажет: [а][+]Режимді бұзғаны үшін тәртіптік батальонына жіберілуі мүмкін

[а]Суық және ату қаруын алып жүру құқысынан айыру

[а]Нарядқа жіберілмейді

[а]Қысқа мерзімді демалысқа шығу құқығынан айыру

[а]Режимді бұзғаны үшін гауаптвахтыға жіберіледі

[q][+]4:1:Кепілдің ең төменгі мөлшері қандай:

[а][+]Айлық есептегіш көрсеткіштен 100 аса

[а]Айылық есептегіш көрсеткіштен 200 аса

[а]Айлық есептегіш көрсеткіштен 300 аса

[а]Айлық есептегіш көрсеткіштен 500 аса

[а]Заңда белгіленбеген

[q][+]4:1:Кепілдің жоғарғы мөлшері қандай:

[а][+] Айлық есептегіш көрсеткіштен 1000 аса

[а]Айлық есептегіш көрсеткіштен 500 аса

[а]Айлық есептегіш көрсеткіштен 1500 аса

[а]Айлық есептегіш көрсеткіштен 2000 аса

[а]Заңда белгіленбеген

[q][+]4:1:Қамауға алудың мерзімі қай уақыттан бастап есептелінеді:

[а][+]прокурордың берілген санкциясымен

[а]Тұлғаны қылмыс болған жерден ұсталудан

[а]Сезіктіні күштеп ұсталынғаннан

[а]Кезекші бөліміне алып келінген сәттен

[а]Қамауға алудан

[q][+]4:1:Сезіктіні ұстаудың мерзімі қанша:

[а][+]72 сағат,10 тәулік

[а]72 сағат; 7 күн

[а]30 тәулік

[а]2 ай

[а]Сезіктіні ұстауға тыйым салынады

[q][+]4:1:Алдын ала тергеуде қамауға алудың максималды мерзімі қанша:

[а][+]12 ай

[а]6 ай

[а]9 ай

[а]18 ай

[а]Заңда белгіленбеген

[q][+]4:1:Аудандық прокурорға қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту туралы өтінішті қанша мерзім ішінде ұсынуға болады:

[а][+]7 жеті тәуліктен кешікпей

[а]3 тәуліктен кешікпей

[а]5 тәуліктен кеікпей

[а]10 тәуліктен кешікпей

[а]15 тәуліктен кешікпей

[q][+]4:1:ҚР Бас прокурорына қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту туралы өтінішті қанша мерзім ішінде ұсынуға болады:

[а][+]15 тәуліктен кешікпей

[а]5 тәуліктен кешікпей

[а]7 тәуліктен кешікпей

[а]10 тәуліктен кешікпей

[а]30 тәуліктен кешікпей

[q][+]4:1:мәжбүрлеудің өзге де шараларына жатпайды:

[а][+]Куәландыру

[а]Алып келу

[а]Ақша өндіріп алу

[а]Мүлікке тиым салу

[а]қызметінен уақытша шеттету

[q][+]4:1:Келмеудің себепті жағдайына жатпайды:

[а][+]Тұрғылықты жерін ауыстыру туралы хабарламаны бермеуі

[а]Келуге, кедергі келтіретін ауру

[а]Шақырту қағасын уақытында алмауы

[а]әртүрлі табиғи аттардың болуы

[а]өзге де себептердің болуы

[q][+]4:1:Қандай тұлғаларға қатысты алып келуді жүзеге асыруға болмайды:

[а][+]16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға қатысты

[а]Түнгі уақытта

[а]14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға қатысты

[а]Жүкті әйелдерге қатысты

[а]Жұқпалы ауруға жалдыққан тұлғаларға қатысты

[q][+]4:1:Қандай мақсатта айыпталушы қызметінен босатылады:

[а][+]әділеттілікті орнату үшін

[а]Тергеуге кедергі келтірмеуі үшін

[а]Мекеме беделін сақтау үшін

[а]Жаңа қылмыстарды жасалуына кедергі келтірмеу үшін

[а]Еңбекке деген адал тәрбиелеуді қалыптастыру үшін

[q][+]4:1:Ақша өндіріп алу шаралары кімге берілмеуі мүмкін:

[а][+]Асыраушысына

[а] Тек айыптаушыдан, қорғаушыдан және сотталушыдан басқа, сот мәжілісіне қатысып отырған кез келген тұлғаға

[а]Кәмелетке толмаған тұлға қарауына берілген кез келген тұлғаға

[а]Сеніп тапсыруышысына

[а]дұрыс жауап жоқ

[q][+]4:1:Қылмыстық іс жүргізуде мүлікке тыйым салу қандай мақсатта қолданылады:

[а][+]Үкімнің азаматтық талап бөлігін орындауды қамтамасыз ету мақсатымен

[а]Дәлелдемелерді табу мақсатымен

[а]іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіретін әрекеттерді жою мақсатымен

[а]Бұлтартпау шараларын орындау мақсатымен

[а]әкімшілік айыппұлды төлеу мақсатымен

[q][+]4:1:Қылмыстық істі қозғаудың негізіне жатады:

[а][+]Қылмыс белгілерін көрсететін нақты деректердің болуы

[а]Қылмыс объектісінің болуы

[а]Қылмыстық субъективтік жағының болуы

[а]Қылмыс оқиғасының болуы

[а]Қылмыс оқиғасының және қылмыс жасаған тұлғаның болуы

[q][+]4:1:Қылмыстық істі қозғайтын органдарға жатады:

[а][+]Анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор,сот

[а]тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы

[а]Сот, прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы, анықтаушы

[а]Прокурор, тергеуші анықтау органының бастығы, анықтаушы

[а]Тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органы, анықтаушы, сот, прокурор

[q][+]4:1:Қылмыстық істі қозғаудың себептеріне жатады:

[а][+]Азаматтардың арыздары; ұйымдарда басқарушылық функцяиларды атқаратын лауазымды тұлғалардың хабарламалары; бұқаралық ақпараттар құралдарындағы хабарламалар; қылмыстық істі қозғауға өкілетті лауазымды тұлғалар мен органдардың қылмыстар туралы мәліметтерді тікелей анықтауы

[а]Азаматтардың арыздары; бұқаралық ақпараттар құралдарындағы хабарламалар; қылмыстық істі қозғауға өкілетті лауазымды тұлғаның және органдардың қылмыстар туралы мәліметтерді тікелей анықтауы; кінәсін мойындап келуі; Жедел іздестіру қызметінің қызметкерлерінің хабарлармалары

[а]Азаматтардың арыздары; бұқаралық ақпараттар құралдарының хабарламалары; қылмыстық істі қозғауға өкілетті лауазымды тұлғалар мен органдардың қылмыстар туралы мәліметтерді тікелей анықтауы; кінәсін мойындап келуі; домалақ арыздар

[а]бұқаралық ақпараттар құралдарындағы хабарламалар; қылмыстық істі қозғауға өкілетті лауазымды тұлғалар мен органдардың қылмыстар туралы мәліметтерді тікелей анықтауы

[а]Азаматтардың арыздары; кінәсін мойындап келуі; мемлекеттік органның не ұйымда басқарушылық функцияларды атқаратын лауазымды тұлғалардың хабарламалары; Жедел іздестіру қызметі қызметкерлірінің хабарламалары; бұқаралық ақпараттар құралдарындағы хабарламалар

[q][+]4:1:Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау мерзімі қанша:

[а][+]3 тәулік, 10 тәулік, 1 ай

[а]24 сағат, 3 тәулік, 1 ай

[а]3 тәулік, 7 тәулік, 1 ай

[а]3 тәуләк, 10 тәулік, 30 күн

[а]24 сағат, 7 тәулік, 1 ай

[q][+]4:1:Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау нәтижесінде қабылданатын шешімдер:

[а][+]Қылмыстық іс қозғау туралы; қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы; істі тергелу ретімен жіберу туралы хабарлама; жеке айыптау істері бойынша - соттылығы бойынша жіберу туралы хабарлама

[а]Қылмыстық істі қозғау туралы; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа іс материалдарын жіберу туралы

[а]Қылмыстық істі қозғау; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сотқа жіберу туралы; қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы

[а]Қылмыстық істі қозғау туралы; қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы; қылмыстық істі қысқарту туралы

[а]Қылмыстық істі қозғау туралы; қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы; хабарламаларды тергелу реті бойынша жіберу туралы; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін жіберу туралы

[q][+]4:1:Ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімінде арызды тіркеу кезінде арызданушыға қандай құжат беріледі:

[а][+]хабарлама талоны

[а]Анықтама

[а]Квитанция

[а]Қаулы

[а]Қол хат

[q][+]4:1:Домалақ арыздар қылмыстық істі қозғауға себеп бола алады ма:

[а][+]Болады, тек алдын ала тексерілгеннен кейін

[а]Ия

[а]Жоқ

[а]Егер ақпарат қайнар көзі анықталса, онда ия

[а]Тергеушінің еркі бойынша

[q][+]4:1:Кінәсін мойындап келу бұл:

[а][+]Жасаған қылмыс туралы тұлғаның ауызша нысандағы ерікті арызы

[а]Қылмысты нақты тұлғаның жасағандығы туралы көрген адамның арызы

[а]Жасаған қылмысы туралы жауап алу барысындағы сезіктінің жеке арызы

[а]Шын қөңілімен өкіну

[а]Жасаған қылмыстардың жаңа эпизодтары туралы тұлғаның жеке арызы

[q][+]4:1:Бұқаралық ақпараттар құралдарының хабарламаларына жатпайды:

[а][+]Кітаптан алынған мәліметтер

[а]Басылымда жарияланған ескертпелер мен хаттар

[а]Жерлікті радио бойынша алынған мәліметтер

[а]Жеке газетте жарияланған фельетон

[а]Телевидениядан алынған мәліметтер

[q][+]4:1:Қылмыстық істі қозғамай тұрып қандай тергеу әрекеттерін жасауға болады:

[а][+]Оқиға болған жерді қарау және сараптама тағайындау

[а]Қарау мен тінту

[а]Ұстау, тінту және алу

[а]Ұстау мен жауап алу

[а]Оқиға болған жерді тексеру мен ұстау

[q][+]4:1:Алдын ала тергеу бұл:

[а][+]Іс үшін маңызды мән жайларды анықтау кезінде дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау бойынша анықтау органының және тергеушінің қызметі

[а]Іс бойынша ақиқаты анықтау мақсатымен қылмыстық істі тергеу бойынша қылмыстық қудалау органының және жеке айыптаушының қызметі

[а]Іс үшін маңызды мән жайларды анықтау кезінде дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау бойынша анықтау органының, прокуратура мен соттың қызметі

[а]Іс үшін маңызды мән жайларды анықтау кезінде дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау бойынша анықтау органының, тергеушінің, прокурордың және жеке айыптаушының қызметі

[а]Ақиқатты анықтау мақсатымен қылмыстық істерді қозғау, тергеу және шешу бойынша процеске қатысушы барлық тұлғалардың қызметі

[q][+]4:1:Алдын ала тергеудің (іздестіру) түрлері:

[а][+]Алдын ала тергеу; анықтау

[а]Алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтау; жеделдетілген анықтау

[а]Алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтау; алдын ала тергеу; қысқартылған анықтау

[а]Алдын ала тергеу; анықтау; жеке айыптаушывның дәлелдемелерді жинауы

[а]Алдын ала тергеу; анықтау; жеке айыптаушының дәлелдемелерді жинауы; сотта айыптауды қолдау

[q][+]4:1:Алдын ала тергеудің мерзімдері:

[а][+]2 ай, 3 ай, 6 ай және т.б.

[а]10 тәулік, 2 ай, 3 ай және т.б.

[а]2 ай, 3 ай, 6 ай, 9 ай 12 ай

[а]15 тәулік, 2 ай, 3 ай, 6 ай және т.б.

[а]1 ай, 2 ай, 3 ай және т.б.

[q][+]4:1:Алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтау жүргізудің мерзімі:

[а][+]5 тәуліктен кешіктірмей

[а]10 тәуліктен кешіктірмей

[а]10 күннен кешіктірмей

[а]15 тәуліктен кешіктірмей

[а]30 күннен кешіктірмей

[q][+]4:1:Тергелу ретінің түріне жатқызылмайды:

[а][+]Істің байланысы бойынша соттылығы

[а]Пәндік (тектік)

[а]Аумақтық (жергілікті)

[а]Альтернативтік

[а]Аралас

[q][+]4:1:Алдын ала тергеу аяқталады:

[а][+]Айыптау қорытындысын жасаумен; Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшін қылмыстық істі сотқа жіберу туралы қаулысымен; қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысымен

[а]Қылмыстық істі сотқа жіберу туралы қаулысымен; қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысымен

[а]Айыптау қорытындысын жасаумен; Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшін қылмыстық істі сотқа жіберу туралы қаулысымен; Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулысымен

[а]Қылмыстық істі сотқа жіберу туралы қаулысымен немесе қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайларға байланысты қылмыстық істі қысқарту қаулысымен

[а]Прокурордың айыпталушыны сотқа беру туралы қаулысымен; қылмыстық істі сотқа жіберу туралы қаулысымен

[q][+]4:1:Кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттеріне жатқызылады: [а][+]Қарау, тінту, алу, куәландыру, ұстау, жауап алу

[а]Қарау, тінту, алу, тану, жауап алу

[а]Қарау, тінту, алу, қамау, куәландыру, жауап алу

[а]Оқиға болған жерді қарау, сараптама, ұстау, жауап алу

[а]Кез келген қажетті тергеу әрекеті

[q][+]4:1:Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы мына бөлімдерден тұрады:

[а][+]Кіріспе, сипаттама- дәлелдеу қарар

[а]Кіріспе, анықтау және қорытынды

[а]Жалпы және ерекше

[а]Кіріспе, сипаттау және қорытынды

[а]Қылмыстың сипатына байланысты әр түрлі бөліктер болуы мүмкін

[q][+]4:1:Тергеу әрекеті бұл:

[а][+]Қылмыстық ізге түсу органының дәлелдеме жинауға бағытталған іс әрекеті

[а]Қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық іс бойынша іздестіру жүргізуге бағытталған іс әрекеті

[а]Қылмыс жасаған тұлғаны әшкерелеуге бағытталған қылмыстық ізге түсу органының және соттың әрекеті

[а]Соттың, тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және адвокаттың дәлелдеу жинауға бағытталған әрекеті

[а]қылмыстық іс бойынша іздестіру жүргізуге бағытталған тергеушінің, айыпталушының, прокурордың және анықтаушының іс әрекеті

[q][+]4:1:Тергеу әрекетіне жатпайды:

[а][+]Мүлікке тиым салу

[а]Хат-хабарды тұтқындау

[а]Хабарламаларды жолдан ұстау

[а]Сөйлесулерді тыңдау мен жазу

[а]Тінту мен алу

[q][+]4:1:Қарау мына мақсатпен жүзеге асырылады:

[а][+]Қылмыстың ізін анықтау, басқа материалдық объект, сонымен қатар қылмыстың мән-жайын анықтау

[а]Оқиға болған жердегі мән-жайдың ізін салыстыру жолымен анықтау [а]Оқиға болған жердегі мән-жайды анықтау

[а]Қылмыс жолымен алынған бағалы заттарды, құжаттарды табу және алу [а]Іс үшін маңызы бар құжаттарды. Іздерді, заттарды алу және қарау

[q][+]4:1:Эксгумация жүргізуге қажетті негіз болып табылады:

[а][+]Мәйітті қарау, тану үшін көрсету, сараптама жүргізу

[а]Мәйітті жақын туыстарына тану үшін көрсету

[а]Мәйітті қарау, сараптама жүргізу

[а]Қарау, мәйітті тану

[а]Сараптама жүргізу

[q][+]4:1:Куәландыру мына мақсатпен жүргізіледі:

[а][+]Адам денесіндегі ерекше белгілерді, қылмыс іздерін, денсаулығына келтірілген зиянның белгілерін анықтау, мас болу жағдайын немесе іс үшін маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгілерді анықтау үшін

[а]Қатысқан статистер арасындағы адамдарды айыру немесе ұқсастықты анықтау

[а]Жол қозғалысы апаттары жағдайындағы мас күйін анықтау

[а]Жақын туыстарының мәйітті тануы

[а]Адамның денесіндегі ерекше белгілерді анықтау

[q][+]4:1:Куәландыруға жатқызылмайды:

[а][+]Азаматтық жауапкер

[а]Сезікті

[а]Айыпталушы

[а]Жәбірленуші

[а]Куә

[q][+]4:1:Тану мына мақсатпен жүргізіледі:

[а][+]Бұрын байқалған адаммен немесе объектімен ұқсастықты немесе айырманы анықтау

[а]Мәйітті тану

[а]Тұлғаны тану

[а]Бұрын байқалған адаммен ұқсастықты анықтау

[а]Бұрын байқалған объектімен ұқсастықты анықтау

[q][+]4:1:Тану түріне жатқызылмайды:

[а][+] тану

[а]Адамдарды тану

[а]Заттарды тану

[а]Тірі жандарды тану

[а]Мәйітті тану

[q][+]4:1:Тінту мына мақсатпен жүргізіледі:

[а][+]Іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу

[а]Дәлелдеме болып табылатын заттарды табу

[а]Жүгінуге тиым салынатын заттарды алу және табу

[а]Қылмыс жолымен алынған бағалы заттарды, құжаттарды табу және алу [а]Егер іс үшін маңызы бар шектеулі заттардың немесе құжаттардың қайда және кімде екені толық анықталса, оларды табу және алу

[q][+]4:1:Жеке тінту арнайы қаулы шығармай және прокурордың санкциясынсыз, мынадай жағдайларда жүргізіледі, егер:

[а][+]Адам іс үшін маңызы болуы мүмкін құжаттарды немесе заттарды өз бойында жасырып отыр деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса; ол адам ұсталса немесе күзетпен қамауға алынса

[а]Адам іс үшін маңызы болуы мүмкін құжаттарды немесе заттарды жояды деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса

[а]Адамды ұстауға немесе күзетпен қамауға алу қажет болса

[а]Адам іс үшін маңызы болуы мүмкін құжаттарды немесе заттарды өз бойында жасырып отыр деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса

[а]Егер, прокурорға санкция алу үшін мүмкіншілік жағдай туындамаса

Дәріс сабақтарының тезисі

Жалпы бөлім

  1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы мен міндеттері

Қылмыстық іс жүргізу – соттың, прокуратура, алдын ала тергеу және анықтау органдарының қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғауға байланысты өз міндеттерін орындау мақсатында жеке тұлғаларды да қатыстыра отырып атқаратын заңмен реттелген қызметі, сондай-ақ осы қызмет саласында туындайтын құқықтық қатынастар жүйесі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу заңмен ретттелген мемлекеттік қызметтің арнайы саласы болғандықтан, оның қылмыстық іс жүргізу құқығымен тығыз байланысты екендігі айқын болып табылады.бұл туралы М.С.Строгович былай деп жазған: «Қылмыстықістерді тергеу және шешу тәртібі, тергеу және прокуратура органдарының, сондай-ақ соттың қызметі, олардың қылмыстық іс бойынша өндіріске қатысушы азаматтар және ұйымдармен қарым-қатынасы қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттеледі». Осы айтылғанның негізінен қылмыстық процесс ұғымының қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымынан айырмашылығы көрінеді: қылмыстық процесс ұғымының тікелей мағынасы іс жүргізу қызметін білдіретін болса, ал қылмыстық іс жүргізу құқығы – осы қызметті және осы қызметті атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының заты – сот және ізге түсу органдарының қызметтерінің жүзеге асуына байланысты процеске қатысушылар арасында туындайтын әрекеттерді реттейтін заңдардың шеңбері болып табылады.

Қылмыстық процестiң мiндеттерi қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.       Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуi тиiс.

Қылмыстық іс жүргізудің сатылары

Қылмыстық процестің сатылары – қылмыстық процестің міндеттерін орындау мақсатында процесс барысындағы тәртіптің қатаң сақталуын және ірбір істің рет-ретімен жүргізілуін талап ету. Яғни, құзыретті органдардың іс бойынша процессуалдық әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы.

Сатылардың белгілері:

  • әр асты іс жүргізудің жеке кезеңі ретінде ҚІЖК-нде арнайы белгіленген;

  • әр сатының жеке маңызы және қзіне тән міндеттері бар;

  • әр сатының мәнін құрайтын іс-әрекеттер заңмен реттелген және бұл іс-әрекеттердің субъектілері көрсетілген;

  • әр саты – оның нәтижесін қорытындылайтын процессуалдық шешім қабылдаумен аяқталады.

Қылмыстық процестің сатыларын негізгі және ерекше деп 2 топқа бөлінеді.

  1. Қылмыстық іс жүргізу заңы және оның қайнар көздері

Қылмыстық іс жүргізу заңы – қылмыстық істің қозғалуына байланысты туындаған қоғамдық қатынастың, сонымен қатар сотқа дейінгі, сотта сот шешімдерін орындаудағы нормалардың жиынтығы.

Қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары іс бойынша ізге түсу, сот органдарының қатынастарын реттейтін нормативтік актілердің жиынтығы. Аталған норматиытік актілер қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көзі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу тәртібін белгілейтін заңдар, олардың басым күшіне қарай бірнеше деңгейге бөлінеді:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Коституциялық заң. 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы»

  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

  4. Өзге заңдар. Атап айтқанда «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы, жедел іздестіру қызметі туралы, Қазақстан республикасындағы кеден ісі туралы, адвокаттық қызмет туралы, Алқабилер туралы, Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы және т.б.

  5. Халықаралық шарттар.

Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заң күшi болады және ол тiкелей қолданылады. ҚІЖК пен Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.       ҚІЖК пен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. ҚІЖК пен өзге де заңдар ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда ҚІЖК ережелерi қолданылады.       Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару қажет екендiгi айтылған жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.

Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қылмыс жасалған жерге қарамастан ҚІЖК-не сәйкес жүргiзiледi.       Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Қылмыстық сот iсiн жүргiзу iс жүргiзу әрекетiн орындау, iс жүргiзу шешiмiн қабылдау кезiне дейiн күшiне енген қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес жүзеге асырылады.       Жаңа мiндеттер жүктейтiн, процеске қатысушыларға тиесiлi құқықтардың күшiн жоятын немесе оларды кемiтетiн, оның пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтiн қылмыстық iс жүргiзу заңының керi күшi болмайды.       Дәлелдердiң жарамдылығы олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады.

Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеу органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi органның шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығын, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделсе, қолдануға болады.

Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзу ҚІЖК- не сәйкес жүзеге асырылады.       Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерi ҚІЖК-нің 53-тарауына сәйкес айқындалады.

  1. Қылмыстық процестің принциптері

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, жеке адамның абыройы мен қадыр-қасиетін құрметтеу. Адамның жеке басына тиіспеушілік. Қылмыстық іс жүргізу барысында азаматтардың, құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Жеке азаматтардың өміріне, мекен-жайына және мүлкіне қол сұғуына жол бермеу. Сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздеріне жүзеге асыру. Судьялардың тәуелсіздігі. Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру. Істің мән-жайын жан-жақты , толық және объективті зерттеу. Дәлелдемелерді ішкі сезім бойынша бағалау. Сезіктінің, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету. Куәлік айғақтар беру міндетінен босату. Білікті заң көмегін алу құқысын қамтамасыз ету. Жариялылық. Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі. Қылмыстық іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.

Қылмыстық іс жүргізу принципі – заң талаптарын міндетті түрде орындауға негізделген құқықтық ереже.

Принцип (лат. Principum-негіз, бастама) - әлдебір теорияның, ілімнің негізгі, бастапқы жағдайы, басшылық.

Сонымен, қылмыстық процесс қағидалары қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер.

Қазақстан Республикасының іс жүргізу Кодексінің 9-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мүндай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бүзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады.

Сөйтіп, қағидалар мәнінің ауқымды түсініктемесі мынадай:

1) қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде қағидалар орталық, басты орын алады;

2) олар өзара тығыз үйлесімді байланысты бастапқы, негізгі нормалар болып табылады;

  1. қағидалар құқықтық нұсқамалар ретінде қалыптасады және нормативті сипатта болады;

  1. олар қылмыстық процестің мақсатын, оның табиғаты мен жүйесін түсінудің кілті болып табылады;

5) қағидалар іс жүргізу қүқығының негізгі бағыттарын, даму перспективаларын айқындайды;

6) олар қолданылып жүрген заңдарды өзгерту мен толықтыруға байланысты үсыныстардың негізделгенін анықтау кезіндегі басты өлшемдер болып табылады;

7) қағидалар құқық қалыптастыру қызметінде әлеуметтік бағдарлар функциясын атқарады;

8) қағида іс жүргізу нормаларының дүрыс түсіндірілуіне жәрдемдеседі.

  1. Қылмыстық процеске қатысушылар

Процеске қатысушылар- қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi.

Мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар, процеске қатысушы заңды тұлғалар қылмыстық процестің субъектілері болып табылады. Іске қатысудағы рольдері алуан түрлі, сонымен бірге олар процесс субъектілері ретінде топтарға бөлінеді.

Оның біріншісіне мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар - сот (судья), прокурор, тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органы, анықтауды жүргізуші (анықтаушы). Тек аталған тұлғалар ғана құқық нормасын, сол немесе басқа тұлғаға процессуалдық мәжбірлеу шарасын қолдана алады, іс өндірісінің бастапқы шешімін шығарады, оның бағытын және істің мәнін шешеді.

Сезікті, айыпкер, олардың қорғаушылары, жәбірленуші, азаматтық жауапкер, азаматтық талапкер және олардың өкілдері қылмыстық процеске қатысушылардың екінші тобын құрайды.

Ендігі қарастыратын мәселе процеске қатысушылардың жүйесі.

Процеске субъектілердің және процеске қатысушылардың түсінігінің арақатынасы топ және түр ретінде белгіледі. Әрбір, процеске қатысушы оның субъектісі болады, бірақ әрбір процесс қатысушы бола алмайды.

Үшінші топ - тұлғалардың бірігуі, бұнда мемлекеттік органдарға көмектесуші ретінде процеске қатысады. Бұл куә, сарапшы маман, тілмаш, айғақ, сот мәжілісінің хатшысы.

Сотта істі қарағанда еңбек ұжымының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғамдық айыпталушылар және қорғаушылар, мекеме өкілдері, кәмелетке толмаған айыпкердің оқитын немесе жұмыс істейтін орындарына қатыса алады.

Жоғарыда айтылып кеткен қылмыстық процестің субъектілеріне

жүктелген құқықтар мен міндеттер бар. Бұнымен қылмыстық процесс субъектілерінің сипаты шектеліп қана қоймайды. Қылмыстық процесс қызметінің түсінігін қолдануда, қылмыстық процесс субъектілерінің сипаты маңызды толықтырылып және тереңдетіледі.

Субъектілердін әрекет бағыттарының түрлері, олардың рольдері, тағайындалу немесе іске қатысу мақсаты процессуалдық қызмет деп аталады. Бірінші және екінші топтағы субьектілердің әрекеті үш негізгі қылмыстық - процессуалдық қызметпен белгіленеді: айыптау, қорғау және істі шешу.

Прокурор және жәбірленуші сотқа тұлғаның кінәлі екендігі сұрағын кояды және өзінің дәлелдеудегі дұрыстығын мақұлдайды. Айыпкерді

айыптаудан қорғану қызметі, оның қорғаушысы, заңды өкілі жүзеге асырады. Сот әділ сотты жүзеге асырушы. Айыпкерді қылмыс жасаудағы кінәлі екендігін тану құқығын тек оған ғана берген.

Алдын-ала тергеу сатысының кызметі келесідей жүзеге асады. Тергеуші (анықтау органы) дәлелдемелерді жинауға және тіркеуге күштерін салып, істің барлық жағдайларын зерттеп, қылмыс жасаған тұлғаны анықтап алдын-ала тергеуді жүзеге асырады.

Алдын-ала тергеу сатысындағы қорғану кызметі сезіктінің айыпкердің және оның қорғаушысының толық немесе жартылай жалған екенін білдіруге бағытталған әрекеті. Айыптау және қорғану қызметімен азаматтық талапты қолдаушы және одан қорғану қызметі азаматтық талап және азаматтық жауапкер оның өкілдері орындауда жақын жанасады.

Сонымен бірге алдын-ала тергеу сатысында прокурорлық қадағалау қызметі алдын-ала тергеу және анықтау органының заңды біркелкі және дұрыс орындалуын қадағалап отырады.

Соттың істі қарауында мемлекеттік айыптаушы басқа айыптау түрлеріне қарағанда негізгі орынды иеленеді - қоғамдық айыпты қолданушы қоғамдық айыпкер және жәбірленуші қолдайтын жеке (азаматтық) айыптаушы. Осындай жағдайда соттың істі қарауындағы айыптау қызметін мемлекеттік айыптаушы, қоғамдық айыптаушы және жәбірленуші орындайды.

Айып әділ соттың міндетті алғы шарты. Онсыз тек қорғану қызметі пайда болып қоймайды және әділ сот қызметі болуға тиіс емес. Сот мәжілісінде қорғану қызметін сотталушы, оны қорғаушысы және қоғамдық қорғаушы жүзеге асырады.

Алдын-ала тергеу сатысындағыдай соттың істі қарауында азаматтық талапты колдаушы және одан қорғану кызметі орын алады. Азаматтық талапкер және онын өкілі материалдық зиянның орнын толтыру мүддесінде әрекет етеді, ал азаматтық жауапкер және оның өкілі барлық жақтардың кұкықтарын қолдануда азаматтық талаптан қорғану мүддесінде әрекет етеді.

Істі, әділ сот қызметін жүзеге асырушы сот шешеді. Айтылып кеткендей, әділ сот кызметінің негізгі мазмұны болып, жақтармен ұсынылған дәлелдемелерді тікелей зерттеу және істі мәні бойынша шешеді, бұл дегеніміз айыпкердің кінәсіз немесе кінәлі екендігін шешу және айыпкерді кінәлі деп танығанда жаза тағайындау.

  1. Қылмыстық ізге түсу

Қылмыстық iзге түсу (айыптау) - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi.

Қылмыстық ізге түсу шарттары:

  • қылмыс оқиғасы мен құрамын анықтау;

  • кінәлі адамдардың шеңберін анықтау;

  • оларды жазалауға шаралар қолдану;

  • жәбірленушіге қылмыспен келтірілген зиянды өтеу;

  • кінәсіз адамды ақтау.

Қылмыстық ізге 3 топқа бөлінеді:

  1. жеке

  2. жеке-жариялы

  3. жариялы

Қылмыстық iзге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы  мүмкiн қылмыстар  Қылмыстық iзге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 123, 129, 130, 136, 140, 142-баптарында, 144-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 145-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 300-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкiн.       Егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелдi жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетiнше пайдалануға қабiлетсiз адамдардың мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де iс қозғауға құқылы.

Қылмыстық iзге түсудi жеке-жариялы түрде жүзеге асыруЖеке-жариялы тәртiппен жүзеге асырылатын қылмыстық iзге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 103-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 104-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 117-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiгiнде), 120-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 121-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 135, 139-баптарында, 144-бабында (екiншi бөлiгiнде), 176-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 184-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 184-1-бабында (бiрiншi бөлiгiнде),  187-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 188, 200-баптарында, 226-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 227-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 228-бабында, 229-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 296-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 327-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық iс бойынша iс қозғалмайды.       Егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелдi жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетiнше пайдалануға қабiлетсiз адамдардың мүдделерiн қозғайтын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттiң елеулi мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жеке-жариялы айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де iс қозғауға құқылы.

  1. Ақтау, қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу

Ақтау ұғымының тікелей мағынасы кінәсіз адамды қылмыстық қудалауға ұшыраған жағдайда оның зиянды зардаптарын тез арада жойып, ол адамның құқықтары мен абыройын қалпына келтіру болып табылады. Кең мағынада, ақтау ұғымы – азаматтардың құқықтары мен бостандықтары заңсыз шектелген барлық кездерде де оның зардаптарын жою үшін қолданылатын шараларды білдіреді.

Қылмыстық процестегі ақтау институты соттың үкімімен ақталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс қысқартылған адамдарға таралады.

Қылмыстық істі қысқартудың негіздері 2 топқа бөлінеді:

  1. Ақтайтын негіздер;

  2. Ақтамайтын негіздер.

ҚІЖК-нің 39-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ақтайтын негіздерге мыналар жатады:

  • қылмыс оқиғасы болмауы;

  • әрекетте қылмыс құрамының болмауы;

  • жеке айыптау және жеке-жариялы айыптау істері бойынша жәбірленуші шағымының болмауы;

  • бұл адамға қатысты осы айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын соттың күшін жоймаған қаулысы болуы;

  • бұл адамға қатысты осы айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық қудалаудан бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы болуы.

Қылмыстық істі қысқартудың ақтамайтын негіздеріне ҚІЖК-нің 37-бабында 38-бабында көрсетілген басқа жағдайлар жатады ( рақымшылық актісінің болуы, қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескіруі және т.б.).

ҚІЖК-нің 39-бабында көрсетілгендей, сот бойынша ақталған адам, сондай-ақ ақтау негіздері бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс қысқартылған адам кінәсіз деп саналады.

Ақтау толық немесе ішінара болуы мүмкін. Мысалы: бірнеше қылмыстар бойынша айыпталған сотталушының айыптаудың бір бөлігі бойынша ақталып, ал басқа бөлігіне байланысты оған айыптау үкімінің шығарылуы, сол сияқты, қылмыстық істі қысқартудың да толық немесе ішінара болуы.

  1. Іс жүргізу мерзімдері

В.З.Лукашевичтің анықтамасы бойынша «заңда көзделген іс жүргізу мерзімдері қылмыстың шапшаң және толық ашылуын, кінәлілердің әшкереленуі мен әділ жазалануын қамтамасыз етуге, яғни қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін әрбір қылмыстық іс бойынша ең қысқа мерзімде, бірақ оны тергеу мен шешудің жан-жақтылығына, толықтығына және объективтілігіне нұқсан келтірместен орындауға бағытталған».    

Заңда іс жүргізу мерзімдерін белгілеудің салалық мақсаты – қандай да болсын іс –әрекеттің дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету.

Іс жүргізу мерзімдерінің негізгі маңызы:

  • Олар процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын, сот ісінің тез жүргізілуін, прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру шарттарын қамтамасыз ететін іс жүргізушілік ерекше кепілдіктер береді;

  • Қылмыстық процесте жүйелеу функциясын орындауға бағытталған құқықтық құрал болып табылады;

  • Сот ісінің жүргізілуіне белгілі бір қарқын беретін ұйымдық құрал болып табылады.

Мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен есептеледi.       Мерзiмдi тәулiкпен есептеу кезiнде мерзiм оның ақырғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады. Мерзiмдi айлармен немесе жылдармен есептеу кезiнде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айдың тиiстi күнi болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күнi емес (демалыс, мереке) күнге келсе, онда ұстау, қамауға алу, үйiнде қамауда ұстау және медициналық немесе арнаулы оқу-тәрбие мекемесiнде болуы кезiндегi мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң ақырғы күнi болып саналады.       Адамды қылмыс жасады деген күдiк бойынша ұстаған кезде мерзiм осы шара iс жүзiнде қолданылған сәттен (сағаттан) бастап есептеледi.

      Егер шағым, өтiнiш немесе өзге де құжат мерзiм аяқталғанға дейiн почтаға тапсырылса, оны қабылдауға уәкiлеттi адамға берiлсе немесе мәлiмделсе, ал күзетпен ұсталушы не медициналық ұйымға орналастырылған адамдар үшiн, - егер шағым немесе өзге де құжат күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне мерзiм аяқталғанға дейiн тапсырылса, мерзiм өтiп кеткен болып саналмайды. Шағымды немесе өзге де құжатты почтаға тапсыру уақыты почта штемпелi бойынша, ал оны қабылдауға уәкiлеттi адамға немесе күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне тапсыру уақыты - бұл ұйымдар кеңсесiнiң немесе лауазымды адамдарының қойған белгiсi бойынша айқындалады.       Мерзiм аяқталғаннан кейiн процеске қатысушылармен жасалған iс жүргiзу әрекетi жарамсыз болып саналады.

  1. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

Процеске қатысушы адамдарды, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарын, өмірін, денсаулығын және мүлкін қорғау мемлекет атынан жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қорғауды қадағалау ҚР Бас прокурорына және оған бағынышты прокурорларға жүктеледі.

Қылмыстық процестi жүргiзушi орган, егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге байланысты оларға қатысты күш қолдануды немесе қылмыстық заңда тыйым салынған өзге де әрекеттi жасаудың нақты қаупi болса, күдiктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнiң, айыпталушының, қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының қауiпсiздiгi шараларын қолдануға мiндеттi.       2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган олардың ауызша (жазбаша) мәлiмдемесiнiң негiзiнде немесе өз бастамашылығы бойынша осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың қауiпсiздiгi шараларын қолданып, ол туралы тиiстi қаулы шығарады.       3. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының өздерiнiң қауiпсiздiгi шараларын қолдану туралы мәлiмдемелерiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган оларды алған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей қарайды. Мәлiмдеушiге тиiстi қаулының көшiрмесiн жiбере отырып, оған қабылданған шешiм туралы дереу хабарланады.       4. Мәлiмдеушi өзiнiң қауiпсiздiгi шараларын қолдану туралы өтiнiшiн қанағаттандырудан бас тартылғанына прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы.       5. Қауiпсiздiк шараларын қолданудан бас тарту, егер бұрын берiлген өтiнiштен көрiнiсiн таппаған мән-жайлар туындаса, көрсетiлген шараларды қолдану туралы қайта өтiнiш жасауға кедергi келтiрiлмейдi.

2000жылғы 5-шілдедегі «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Заңға сәйкес қауіпсіздік шараларының түрлері:

1) күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да әрекеттер жасау қаупiн төндiретiн адамға оның қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн екендiгi туралы ресми ескертуге;       2) қорғалатын адам туралы мәлiметтерге қол жеткiзудi шектеуге;       3) айыпталушыға (сезiктiге) қатысты қылмыстық процеске қатысушы адамдарға күш қолдануды ұйымдастыру немесе өзге де қылмыстық әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мүмкiндiгiн болдырмайтын бұлтартпау шараларын таңдап алуға;       4) жекелеген адамдарды сот отырысы залынан шығарып жiберуге;       5) соттың жабық отырысын өткiзуге;       6) соттың куәден - бүркеншiк атын пайдалана отырып, оның жеке басы туралы мәлiметтердi жарияламай;       оны танып қоюды болдырмайтын жағдайларда;       сот талқылауына басқа да қатысушылардың оны сырттай шолып байқауынсыз;       қажет болғанда бейне, дыбыс жазуға және жауап алу барысын түсiрiп алудың өзге де тәсiлдерiне тыйым сала отырып жауап алуына;       7) жеке күзетуге, тұрғын үйiн және өзге де мүлкiн күзетуге;       8) белгiленген тәртiпте қарумен, жеке қорғану құралдарымен және техникалық құралдармен қамтамасыз етуге;       9) қауiпсiз орынға уақытша орналастыруға;       10) қорғалатын адамдар туралы мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге;       11) басқа тұрғылықты жерге көшiруге, жұмыс (қызмет) немесе оқу орнын ауыстыруға, жұмысқа орналасуына көмектесуге;       12) құжаттарды ауыстыруға;       13) сырт пiшiнiн өзгертуге.       Басқа тұрғылықты жерге көшіру, құжаттарды ауыстыру және сырт пішінін өзгерту қауіпсіздіктің ерекше шаралары болып табылады және қорғалатын адамның қауіпсіздігі басқа қауіпсіздік шараларын қолданумен қамтамасыз етіле алмайтын жағдайларда қолданылады.

  1. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер

Қылмыстық процесті жүргізуші орган іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға және зерттеуге міндетті, тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс материалдарына негізделген жорамалдар мен болжамдарды, қылмыстың жасалуының мән-жайларын, қылмыс жасаған адамдар, сол адамдардың қылмыс жасау себептері туралы мәліметтерді тексеруге міндетті.

Анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот қылмыстық, іс бойынша алдын ала тергеу мен сот тергеуін жүргізіп, сол істің мән-жайын анықтау үшін дәлелдемелерді қолданады.

Тергеуші немесе анықтаушы дәлелдемелерді тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, қылмыс болған жерді қарағанда, тінту жүргізген кезде, жауап алған уақытта, тағы да басқа тергеу жұмыстарын жүргізгенде ғана табады.

Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректер куәнің, жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының, жауабымен, сарапшының, қорытындысымен, айғақты заттармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де кұжаттармен анықталады.

Дәлелдеме болу үшін оларға мынадай талаптар қойылады:

  1. Фактілер қылмыстық іске байланысты болуы қажет, қылмыстық іс бойынша мән-жайды дәлелдеу керек. Мысалы, кісі өлтіруді тексеріп жатқанда, біреу басқа адамның ұрлығы туралы айтса, ол фактілер іске қатысты бола алмайды.

  2. Фактілер қылмыстық іс бойынша дәлелдеме болуы үшін ҚІЖК-де тәртіп бойынша анықталуы тиіс. Мысалы, куәдан жауап алу, тінту жүргізу, т. б. іс үшін маңызы бар мәліметтер тергеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде табылуы тиіс.

3. Қылмыстық іс бойынша дәлел болатын фактілер ҚІЖК 115-бабының 2-тармағында көрсетілген дәлелдер көзінен алынуы қажет, сонда ғана олар рұқсат етілген деп танылады (128-баптың 5-бөлігі). Мысалы, із кезуші ит қолдану нәтижесінде табылған фактілер, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде табылған деректер ҚІЖК-де көрсетілген дәлелдерді жинауды зерттеуді, бағалауды реттейтін тәртіпке сәйкес келмейінше, іс бойынша дәлелдеме бола алмайды.

Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән – жайларды анықтайтын, заңды түрде алынған деректер іс бойынша дәлелдемелер деп танылады.

Анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, соттың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген әрекеттердің болғандығын, айыпталушының сол әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да мән- жайларды, ҚІЖК-де белгіленген тәртіппен анықтауына негіз болатын, заңды түрде алынған деректер, қылмыстық іс бойынша дәлелдеме болып табылады.

Заңды түрде алынған деректер негізінде анықтаушы, тергеуші прокурор, сот ҚІЖК-де белгілен тәртіп бойынша мыналарды анықтайды:

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген іс-әрекеттердің болғандығы немесе болмағандығы;

- айыпталушының іс-әрекет жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін сондай-ақ, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтайтын болса, олар қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады (ҚІЖК 115- бабының 1-бөлігі).

Мысалы, тергеуші қылмыс болған жерде пышақ тауып алды делік.

Осы табылған пышақ дәлелдеме болу үшін, басқа фактілер дәлелденуі тиіс. Ол фактілер мынадай: табылған пышақ кімдікі, яғни пышақтың иесін табу керек, пышақ қолданылды ма, жоқ па, қылмыскер қылмыс болған жерге пышақты тергеуді шатастыру үшін әдейі тастап кеткен жоқ па?

Басқаша айтқанда, пышақ қылмыс болған жерден табылды деген факт ешкімге күмән келтірмеуі тиіс, ал пышақтың қылмыспен байланысы бар ма, жоқ па деген сұрақты дәлелдеу керек.

Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі де- ректер, куәнің, жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының, көр- сетулерімен; сарапшының қорытындысымен; айғақты заттармен; іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Сонымен, дәлелдеме деп — қылмыстық іс бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің болған немесе болмағандығын, осы іс-әрекетті жасаған адамның кінәлілігін немесе кінәсіздігін және істі дұрыс шешуге маңызы бар басқа да мән-жайларды заңда белгіленген тәртіп бойынша анықтауға негіз болатын нақты деректерді айтамыз.

Дәлелдеменің қайнар көздері:

- Сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң,                 куәнiң айғақтары

- Сарапшының қорытындысы

- Заттай дәлелдемелер

- Iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамалары

- Құжаттар

Дәлелдемелердің қасиеттері – мәліметтерді алу маңыздылығына байланысты заңмен қойылған талаптармен ретелуі. Мына қасиеттерге ие:

  1. Дәлелдемелердің іске қатыстылығы;

  2. Дәлелдемелердің іске жіберілуі;

  3. Дәлелдемелердің дұрыстығы;

  4. дәлелдемелердің жеткіліктігі

  1. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу

Дәлелдеу –қылмыстық процесті жүргізуші органның іс үшін маңызы бар мәліметтердің жиынтығы бойынша атқаратын қызметі.

М.С.Строгович «Дәлелдеу – қылмыстық істі шешу үшін маңызы бар барлық фактілерді, жағдайларды, қылмыстың жасалғандығын немесе жасалмағандығын, белгілі бір адамның қылмыс жасаудағы кінәлілігін немесе кінәсіздігін және қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін белгілейтін барлық өзге де жағдайларды дәлелдемелердің көмегімен анықтау».

Дәлелдеу кезеңдері:

  • дәлелдемелерді жинау;

  • дәлелдемелерді зерттеу;

  • дәлелдемелерді бағалау;

  • дәлелдемелерді пайдалану.

Дәлелдемелерді жинаудың кезеңдері:

  1. дәлелдемелерді табу – бұл оларды іздеу, табу, дәлелдемелік маңызы бар белгілі бір іс жүзіндегі деректерге назар аудару.

  2. Дәлелдемелерді бекіту – заң белгілеген тәртіппен жазып алудан көрінетін дәлелдемелерді жинаудың келесі кезеңі.

  3. Дәлелдемелерді алу – бұл дәлелдеу үшін оларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету, оларды іске тігу, сондай-ақ тергеу мен сот үшін оларды сақтаудың тәсілі.

Дәлелдемелерді зерттеу дегеніміз – олардың мазмұнын іс жүргізуші органның тануы дәлелдемелердің мазмұнын құрайтын іс жүзіндегі деректердің сенімділігін тексері, осы дәлелдеменің іс бойынша барлық қалған деректермен сәйкес келетіндігін анықтау.

Дәлелдемелерді бағалау – бұл іс бойынша шындықты анықтауда жиналған дәлелдемелердің рөлін айқындауға бағытталған логикалық ой процесі.

Дәлелдемелерді пайдалану – процесті жүргізуші органның объектіні, оның қасиеттерін қажетті жағдайда пайдалануға мүмкіншілік тудыруы.

Дәлелдеу пәні – кез келген іс бойынша міндетті түрде дәлелденуге жататын мән-жайлардың шеңбері.

Қылмыстық iс бойынша дәлелдеуге жататын                 мән-жайлар       1) оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi (қылмыстың жасалу уақыты, болған жерi, әдiсi және басқа да мән-жайлары);       2) қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi кiмнiң жасағандығы;       3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаудағы кiнәлiлiгi, оның кiнәсiнiң нысаны, жасалған әрекеттiң себеп-дәлелдерi, заңдық және iс жүзiндегi қателiктер;       4) айыпталушының жауаптылығының дәрежесi мен сипатына әсер ететiн мән-жайлар;       5) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;       6) жасалған қылмыстың зардаптары;       7) қылмыспен келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi;       8) әрекеттiң қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;       9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар жатады.      

Дәлелсiз анықталатын мән-жайлар

  Егер тиiстi құқықтық рәсiмдердiң шеңберiнде керiсiнше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:       1) жалпыға белгiлi фактiлер;       2) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсiпте жалпы қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы;       3) заңды күшiне енген соттың шешiмiмен белгiленген мән-жайлар;       4) адамның заңды бiлуi;       5) адамның өзiнiң қызметтiк және кәсiби мiндеттерiн бiлуi;       6) олардың бар екендiгiн растайтын құжатты ұсынбаған және ол арнаулы даярлық немесе бiлiм алған оқу орнын немесе басқа да мекеменi көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе бiлiмнiң болмауы дәлелсiз анықталған болып саналады.

  1. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары

Іс жүргізудегі мәжбүрлеу шарасы дегеніміз – өылмыстық процестің міндеттерін орындау мақсатында процесті жүргізуші органның қолдануына мәжбүр болатын шаралар.

Мәжбүрлеу шаралары 3 топқа бөлінеді:

  1. Сезіктіні ұстау;

  2. Бұлтартпау шарасы;

  3. Өзге де мәжбүрлеу шаралары.

Сезіктіні ұстау – ҚІЖК-нің 132-бабындағы негіздердің орын алуына байланысты қысқа мерзімге бас бостандығынан айыруға бағытталған кейінге қалдыруға болмайтын іс жүргізу әрекеті.

Ұстаудың мақсаты:

  • Жеке басын анықтау;

  • Іс жүргізу әрекетіне қатысуын қамтамасыз ету;

  • Жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау;

  • Басқа қылмыс жасалудың алдын алу;

  • Тергеуден не соттан жасырынуға мүмкіндік бермеу;

  • Қылмыстың ізін суытпау, ізін жоймау;

  • Жәбірленуші мен куәларды азғырудан бөгет жасау;

  • Іс бойынша шындыққа жету үшін кедергі келтірмеуін қамтамасыз ету.

Сезіктіні ұстаудың негіздері:

      1) ол адам қылмыс жасау кезiнде немесе тiкелей оны жасағаннан кейiн ұсталғанда;       2) көрген адамдар, оның iшiнде жәбiрленушiлер қылмыс жасаушы ретiнде ол адамды тура көрсетсе не ол адам осы Кодекстiң 133-бабында көзделген тәртiппен ұсталса;       3) ол адамда немесе оның киiмiнде, өзiнде немесе оның тұратын үйiнде қылмыстың анық iзi табылған кезде; 4) жедел iздестiру қызметiнiң заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде.

Бұлтартпау шаралары – қылмыстық процестің міндеттерін орындауға бөгет жасайтын іс-әрекеттерді болдырмауға арналған айыпталушыға, ерекше жағджайда сезіктіге қолдануға мәжбүр болатын шаралар.

Бұлтартпау шарасын қолданудың мақсаты:

  • Тергеуден не соттан сезіктінің, айыпталушының, сотталушының жасырынуының алдын алу;

  • Оларды қылмыстық әрекетті одан әрі жалғастыруының алдын алу;

  • Олардың дәлелдемелерді зерттеуге және талдауға бөгет жасауының алдын алу,

  • Үкімнің орындалуын қамтамасыз ету.

Бұлтартпау шарасының түрлері:1) ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қол қойдыру; жеке кепiлдiк беру;3) әскери қызметшiнi әскери бөлiм командованиесiнiңбақылауына беру;4) кәмелетке толмағанды қарауға беру;  5) кепiл болу;6) үйде қамауда ұстау;7) қамау.

Өзге де шаралар дегеніміз – бұлтартпау шарасы таңдалмаған сезікті мен айыпталушыға қолданылуы мүмкін шаоалар, сонымен қатарөз міндеттерін орындамағаны үшін жекелеген процеске қатысушыларға қолдануға мәжбүр болатын шаралар.

Өзге де шаралардың түрлері:

  1. Анықтаушыға, тергеушiге, сотқа келу туралымiндеттеме

  2. Алып келу;

  3. Қызметінен уақытша шеттету;

  4. Ақша өндіріп алу;

  5. Мүлікке тыйым салу.

  1. Қылмыстық процестегі азаматтық талап

Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың есi кiресiлi-шығасылы адамның тiкелей қылмысымен немесе қоғамға қауiптi әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жерлеуге, зардап шеккен адамды емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтем ретiнде төленген сомаларды, жәрдемақыны немесе зейнетақыны, сондай-ақ өкiлдiкке шыққан шығыстарды қоса алғанда анықтау, алдын ала тергеу iсiне және сотқа қатысуымен байланысты шыққан шығыстарды өтеу туралы азаматтық талаптары қаралады.       Азаматтық талап айыпталушыға немесе айыпталушының әрекетi үшiн материалдық жауап беретiн адамдарға қойылады және қылмыстық iспен бiрге қаралады.

Азаматтық талап жазбаша нысанда берiледi. Талапта қандай қылмыстық iс бойынша, кiм, кiмге, қандай негiзде және қандай мөлшерде азаматтық талап қоятыны көрсетiледi, сондай-ақ зиянды өтеу үшiн нақтылы ақша сомасын немесе мүлiктi өндiру туралы өтiнiш жазылады.

Егер қылмыстық iс материалдарынан ақыл-есiнен айырылған адам қылмысы арқылы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған әрекетiмен азаматқа немесе заңды тұлғаға зиян келтiрген деп қаралса, анықтаушы, тергеушi, прокурор немесе сот оларға немесе олардың өкiлдерiне азаматтық талап қою құқығы бар екенiн түсiндiредi. Азаматтық талапкер өзi қойған азаматтық талаптан бас тартуға құқылы.      Азаматтық талапкердiң қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу сатысында талаптан бас тарту туралы өтiнiшi жазбаша түрде берiлiп, қылмыстық iске қоса тiркеледi. Егер азаматтық талапкердiң талаптан бас тартуы сот отырысында бiлдiрiлсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледi.      Талаптан бас тартуды анықтаушы, тергеушi немесе прокурор қылмыстық iс бойынша тергеу жүргiзудiң кез келген сәтiнде қабылдайды, бұл туралы қаулы шығарылады. Талаптан бас тартуды сот қаулы шығара отырып, сотта iс қараудың кез келген сәтiнде, бiрақ сот үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн қабылдай алады.      Талаптан бас тартуды қабылдау ол бойынша iс жүргiзудi тоқтатуға әкеп соғады.

Ерекше бөлім

  1. Қылмыстық іс қозғау

Қылмыстық істі қозғау бұл қылмыстық процестің бірінші және міндетті сатысы болып табылады.

Қылмыстық іс қозғау дегеніміз – қылмыс туралы не дайындалып жатқандығы туралы хабар болған жағдайда істі қозғауға себептер мен негіздердің орын алуына байланысты уәкілетті органдардың қабылдаған шешімі.

Қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органдар мен лауазымды тұлғалар:

  1. Прокурор (ҚІЖК-нің 33-баптың 2-бөлігі, 197-баптың 2-бөлігі);

  2. Тергеуші (ҚІЖК-нің 192, 185, 191-баптар);

  3. Анықтаушы, анықтау органдары (ҚІЖК-нің 200, 285, 288-баптар).

Қылмыстық iс қозғаудың себептері:азаматтардың арыздары;       2) кiнәсiн мойындап келу; мемлекеттiк органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы; бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар; лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы.

Қылмыстық іс қозғаудың негіздері:1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болмаған кезде, қылмыс белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiңболуы;2) егер өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде осы мерзiмде жүргiзiлген жедел iздестiру iс-шаралары арқылы адамның тұрған жерiн анықтау мүмкiн болмаса, адамның жоғалып кетуi негiз болып табылады.

Қылмыс туралы арызды немесе хабарды қарау                 нәтижесiнде қабылданатын шешiмдер:1) қылмыстық iс қозғау туралы;       2) қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы;      3) арызды, хабарды тергеу ретiмен, ал жеке айып тағу iстерi бойынша - сот ретiмен беру туралы;       4) сотқа дейiнгi жеңiлдетiлген iс жүргiзудi ҚІЖК-тің 23-1-тарауында көзделген тәртiппен жүзеге асыру туралы.

ҚІЖК-нің 23-1-тарауында белгiленген жағдайларды қоспағанда, ҚІЖК-нің 177-бабында көрсетiлген себеп пен негiз болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарады.

Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кiм жасағаны, iс қозғаудың себептерi мен негiздерi, ол кiмге қатысты немесе қандай факт бойынша қозғалып отырғаны, белгiлер бойынша iс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ iстiң бұдан былайғы бағыты көрсетiледi. Қылмыстық iс қозғау туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi. Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге және өзiне қатысты iс қозғалып отырған адамға оған қылмыстық iзге түсудiң басталуына байланысты құқықтар мен мiндеттердi түсiндiре отырып, хабарланады.

Қылмыстық iс қозғауға негiздер болмаған кезде қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.      Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға және арыз берушiге жiберiледi. Бұл ретте арыз берушiге құқықтары мен қаулыға шағымдану тәртiбi түсiндiрiлуге тиiс.      Тергеушiнiң, анықтаушының қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулысына тиiсiнше тергеу бөлiмiнiң бастығына, анықтау органының бастығына, сондай-ақ прокурорға немесе сотқа осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға болады. Соттың жеке айыптау туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады.

Прокурордың қылмыстық iс қозғаудың заңды                 болуын қадағалауы Қылмыстық iс қозғаудың заңды болуын қадағалай отырып, прокурор:       1) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және қылмыстық iс қозғаудан бас тартуға немесе материалдарды қосымша тексеру үшiн iс жүргiзуге жiберуге;       2) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшiн жоюға және қылмыстық iс қозғауға;       3) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және егер қылмыстық iс бойынша тергеу iс-әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы.

  1. Алдын ала іздестірудің жалпы шарттары

Алдын ала іздестірудің жалпы шарттары дегеніміз – ол іс жүргізу әрекеттерінің тәртібін және ол бойынша шешім қабылдау тәртібін анықтайтын заңмен белгіленген талаптар.

Жалпы шарттары:

  • алдын ала іздестіру тек қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шыққанннан кейін ғана жүргізіледі;

  • алдын ала тергеудің міндеттілігі, міндетті емес істер бойынша анықтау;

  • тергеу әрекетін түнгі уақытта жүргізуге жол берілмейді (кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда);

  • алдын ала іздестірудің толық, жан-жақты, объективті жүргізілуі;

  • алдын ала тергеуді тергеушілер тобының жүргізуі, тергеушілер тобының жетекшісін анықтау;

  • тергеу органдарына анықтау органдарының көмегі;

  • іздестіру барысында жасалатын құжаттар;

  • тергеу мен анықтау деректерін жария етуге жол бермеу;

  • тергеу мен анықтауды қадағалау жөніндегі прокурордың өкілеттігі.

Алдын ала іздестіру - уәкiлеттi органдардың заңмен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны.

Тергелу реті– іздестіру бойынша қылмыстық істі қай органның қарамағына жататындығын заңмен реттеу.

Тергелу ретінің түрлері:

  • тектік;

  • аумақтық;

  • дербес;

  • баламалы;

  • аралас.

Алдын-ала тергеудi жеке айыптау, алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу істерін қоспағанда, барлық қылмыстық iстер бойынша жүргiзу мiндеттi.     Алдын ала тергеудi кәмелетке толмағандар немесе өздерiнiң дене немесе ақыл-ой кемiстiктерiне байланысты өздерiнiң қорғану құқықтарын өздерi жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық iстер бойынша, сондай-ақ ҚІЖК-нің 177-бабының екiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көзделген тәртiппен қозғалған қылмыстық iстер бойынша жүргiзу мiндеттi.       Қылмыстық iстер бойынша алдын-ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, iшкi iстер және қаржы полициясы органдарының тергеушiлерi, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда прокурорлар жүргiзедi.

Алдын ала тергеу қылмыс жасалған ауданда (облыста) жүргiзiледi.       Алдын ала тергеу жедел және толық болуы мақсатында қылмыс анықталған орын бойынша, сондай-ақ сезiктi, айыпталушы адам немесе куәлардың көпшiлiгi тұрған жерде жүргiзiлуi мүмкiн.

Алдын ала тергеу қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.

Алдын ала тергеу:

  • айыптау қорытындысын жасау;

  • қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы;

  • қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.

Алдын ала тергеу мерзiмi – қылмыстық іс қозғалған күннен бастап 2 айдан кешіктірілмей аяқталуға тиіс.

  1. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту

Айыпталушы ретінде жауапқа тарту дегеніміз – қылмыс жасаған тұлғаға қатысты жеткілікті деректердің орын алуына байланысты тергеушінің қабылдаған шешімі.

Тергеуші қабылдаған шешімнің маңызы:

  • Айыпталуышының кінәлілігіне жеткілікті дәлелдемелердің болуы;

  • Іс бойынша мән-жайларды нақтылау;

  • Қылмыс субъектісін, яғни мәртебесін анықтау, оның құқықтарын түсіндіру;

  • Айыпталуышының қорғану құқығын қамтамасыз ету;

  • Қауіптілігіне орай бұлтартпау шарасын таңдау.

Айып тағу

   Айып, егер қорғаушының қатысуы заң бойынша мiндеттi болса немесе бұл туралы айыпталушы өтiнiш бiлдiрген болса, қорғаушының көзiнше және адамды айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей тағылады. Айыпталушы немесе оның қорғаушысы келмей қалған жағдайда айып үш тәулiк өткеннен кейiн де тағылады.       Айдап әкелiнген айыпталушыға айып айдап әкелiнген күнi тағылады. Бұл ретте тергеушi айып тағу кезiнде қорғаушының қатысуы заң бойынша мiндеттi болған жағдайларда қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету шараларын қолдануға тиiс.       Тергеушi айыпталушының жеке басын анықтағаннан және қорғаушының қорғауды жүргiзу тапсырмасын тексергеннен кейiн айыпталушыға және оның қорғаушысына айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулыны хабарлайды.       Тергеушi айыпталушыға тағылып отырған айыптың мәнiсiн түсiндiруге мiндеттi.

Айып тағуды өзгерту мен толықтыру. Қылмыстық                 iзге түсудi айып тағу бөлiгiнде қысқарту

      Егер алдын-ала тергеу кезiнде тағылған айыпты өзгертуге немесе оны толықтыруға негiздер пайда болса, тергеушi ҚІЖК-нің 207-бабының талаптарын сақтай отырып, айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы жаңа қаулы шығаруға және оны айыпталушыға ҚІЖК-нің 208-209-баптарында белгiленген тәртiп бойынша ұсынуға мiндеттi.       Егер алдын ала тергеу барысында тағылған айыптың әлде бiр бөлiгi расталмаса, тергеушi өзiнiң қаулысы арқылы осы бөлiк бойынша қылмыстық iзге түсудi қысқартады, қабылданған шешiмнiң көшiрмелерiн тапсыра отырып, бұл туралы айыпталушыға және процестiң басқа да қатысушыларына хабарлайды.

  1. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу

Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу дегеніміз – анықтау органының, анықтаушының, тергеушінің белгіленген өкілеттік шегінде ауыр емес, орташа ауыр, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қызметі.

Жеңілдетілген тәртіппен іс жүргізілетін жағдайлар:

  • жеңіл, орта, ауыр қылмыс санаты болуы тиіс;

  • қылмыс жасаған адам белгілі болса;

  • толық кінәсін мойындаса;

  • дәлелдемелер фактіні растаса;

  • зиянның сипаты мен мөлшерін дауламаса.

Жеңілдетілген тәртіппен жүргізілмейтін жағдайлар:

  • қылмыстардың iшiнде ең болмағанда бiреуi аса ауыр болып табылатын қылмыстардың жиынтығына қатысты;

  • кәмелетке толмағандарға және өзiнiң қорғану құқығын дене немесе психикалық кемiстiктерiне байланысты өздерi жүзеге асыра алмайтын адамдарға қатысты;

  • сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi меңгермеген адамдарға қатысты; артықшылықтары және қылмыстық қудалауға қарсы иммунитетi бар адамдарға қатысты; бiрге қатысушылардың ең болмағанда бiреуi өз кiнәсiн мойындамаған жағдайда;

  • 10 тәулік мерзiмдерде iстiң барлық мән-жайының жан-жақты және толық зерттелуiн қамтамасыз ету мүмкiн болмаған кезде;

  • күдiктiнi ҚІЖК-нің 132-бабы негiзiнде ұстау немесе оған бұлтартпау шараларын қолдану қажет болған кезде.

Іс бойынша мән-жайларды анықтау үшінжүргізілетін тергеу әрекеттері:

  • қылмыс жасаған адамнан, арыз берген, көрген адамдардан сұрау салу;

  • іс бойынша материалдар, құжаттар талап етіледі;

  • тексеру актісі, ревизия, сараптама актілері, соттылығы бойынша анықтама, мінездеме, аудио-бейнежеазбалар қоса тігілуі мүмкін.

Сотқа дейінгі іс жүргізу хаттама жасаумен аяқталады, хаттамаға іс материалдары және сотқа шақырылатын адамдардың тізімі қоса тігіледі. Хаттамада: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кiмнiң жасағаны; қылмыс жасаған адам туралы деректер; қылмыстың жасалу мән-жайлары; адамның кiнәлiлiгiн растайтын дәлелдемелер; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi бойынша қылмыстың саралануы (бап, бөлiк, тармақ); адамның өз кiнәсiн мойындағаны және қылмыс арқылы келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерiне келiскенi көрсетiледi. Сотқа дейiнгi жеңiлдетiлген iс жүргiзу хаттамасын тергеушiнiң жасауы не оны анықтау органы бастығының бекiтуi қылмыстық iстiң қозғалғанын және қылмыс жасаған адамның айыпталушы деп танылғанын бiлдiредi.

  1. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау

Анықтау - анықтау органдарының ҚІЖК-пен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны.

Анықтау жүргізудің тәртібі:

  • Анықтау бірыңғай тәртіппен жүргізіледі, анықтау барысында ҚІЖК-нің 117-бабына сәйкес қылмыстың оқиғасы, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адам, адамның кiнәлiлiгi, залалдың сипаты мен мөлшерi және iс бойынша мәнi бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады. Жәбірленушіден, куәдан сұрау салу, ал сезіктіден жауап алынуы тиіс.

  • Анықтау сезікті белгілі болғанда жүргізіледі, және есі дұрыс, кәмелетке толған болуы тиіс.

  • Іздестіру қысқартылған нысанда жүзеге асырылады, яғни қылмыстық іс қозғалған күннен бастап 30 тәулік мерзімде істі сотқа жіберу үшін прокурорға бергенге дейін жүргізіледі. Аталған мерзімде істің мән-жайын толық, жан-жақты қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда анықтау органының бастығы алдын ала тергеу жүргізуді тағайындауға құқылы.

  • Айыптау актісі меністің аяқталуы ол айып тағумен теңестіріледі.

  • ҚІЖК-нің 287-бабына сәйкес, айыптау хаттамасын жасаумен аяқталады. Онда: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кiмнiң жасағаны; қылмысты жасаудың мән-жайлары; оны жасады деп айыпталған адам туралы деректер; iс үшiн мәнi бар басқа да мән-жайлар, сондай-ақ қылмыстың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi бойынша (бап, бөлiк, тармақ) дәрежеленуi көрсетiледi. Хаттамаға анықтау барысында алынған барлық материалдар, сондай-ақ сотқа шақыртуға жататын адамдардың тiзiмi қоса берiледi.  Өзiне айыптау хаттамасы жасалған адам айыпталушы болып танылады.  Анықтау органының бастығы айыптау хаттамасы мен оған қоса берiлген материалдарды зерделеп, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:       1) хаттаманы бекiту және материалдарды сотқа жiберу үшiн прокурорға беру туралы; 2) хаттаманы бекiтуден бас тарту туралы.

6. Алдын ала тергеудің аяқталуы

Алдын ала тергеудің аяқталуы дегеніміз – сотқа дейінгі (қылмыстық істі қозғау, алдын ала іздестіру) сатылары бойынша қылмыстық істің қорытынды жиынтығы, яғни қылмысты ашумен, қылмыс жасаған адамды әшкерелеумен, іске қатысты басқа да фактілерді толық, объективті зерттелу нәтижесі бойынша ізге түсу органымен қабылданатын шешім.

Алдын ала тергеу мерзiмiне iс қозғалған күннен бастап iстi айыптау қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселенi қарау үшiн iстi сотқа беру туралы қаулымен бiрге прокурорға жiберген күнге дейiнгi не iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейiнгi уақыт енгiзiледi.       Алдын ала тергеу мерзiмiне ҚІЖК-де көзделген негiздер бойынша алдын ала тергеу тоқтатыла тұрған уақыт, айыпталушы мен оның қорғаушысын қылмыстық iс материалдарымен таныстыру уақыты, сондай-ақ айыпталушының шағымы бойынша талап етiлген қылмыстық iстiң сотта және прокуратурада жатқан уақыты енгiзiлмейдi.

Қылмыстық істі қысқарту дегеніміз – ҚІЖК-нің 37-38-баптарында көзделген негіздердің орын алуына байланысты процесті жүргізуші органның істің аяқталуы туралы қабылдаған шешімі.

Қылмыстық іс мына негіздер бойынша қысқартылуға жатады:

1.- Ақтайтын негіздер,;

- Ақтамайтын негіздер.

2. материалдық және процессуалдыұ.

Айыптау қорытындысы – алдын ла тергеудің аяқталғандығын баяндайтын прцесуалдық акт, яғни ізге түсу органдары істің мән-жайын, дәлелдемелердің жеткіліктігін, айыпталушының іске қатыстылығын дәлелдейтін және істі сотқа жіберу қажеттілігін қамтамасыз ету.

Тергеушiнiң айыптау қорытындысы кiрiспе, сипаттама-дәлелдеу және қарар бөлiмдерiнен тұрады.      Кiрiспе бөлiмде тергеушi айыптау қорытындысы жасалып отырған айыпталушының (айыпталушылардың) тегiн, атын, әкесiнiң атын, оның әрекеттерiне баға берiлiп отырған қылмыстық заңды (бабын, бөлiгiн, тармағын) көрсетедi.      Сипаттама-дәлелдеу бөлiмiнде, айыптаудың мәнiсi, қылмыс жасалған орын мен уақыт, оның әдiстерi, себептерi, салдары мен басқа да елеулi мән-жайлары, жәбiрленушi туралы мәлiметтер, айыпталушының кiнәсiн растайтын дәлелдер; оның жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар; айыпталушы өзiн қорғау үшiн келтiрген дәлелдер және осы дәлелдердi тексеру нәтижелерi баяндалады. Айыптау қорытындысы iстiң томына және бетiне жасалған сiлтеменi қамтуға тиiс.       Қарар бөлiмiнде айыпталушының жеке басы туралы мәлiметтер келтiрiледi және осы қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заңды (бабын, бөлiгiн, тармағын) көрсете отырып, тағылған айыптың сипаты баяндалады.       Айыптау қорытындысына оның жасалған орны мен күнiн көрсетiп, тергеуші қол қояды.

Айыптау қорытындысына қосымшалар:

1) сотқа шақырылатын адамдадың тізімі;

2) іс бойынша анықтама.

Айыптау қорытындысына сот отырысына шақыртылуға тиiстi жәбiрленушiлердiң, куәлардың, сарапшылардың тiзiмi қоса тiркеледi. Тiзiм екi бөлiктен - айыпталушы мен қорғаушы атаған адамдардың тiзiмiнен (қорғаушы тiзiмi) және тергеушi жасаған тiзiмнен (айыптаушы тiзiмi) тұруға тиiс.      Сот отырысына шақыртылуға тиiстi адамдардың тiзiмiне олардың мекен-жайы немесе тұрғылықты жерi және iстiң олардың айғақтары немесе қорытындылары баяндалған беттерi көрсетiледi.

Айыптау қорытындысына, сондай-ақ iстiң тиiстi беттерi көрсетiле отырып, тергеу мерзiмдерi туралы, тұтқынға алу және үйде қамауда болған уақыты көрсетiле отырып, қолданылған бұлтартпау шаралары туралы, заттай дәлелдемелер туралы, азаматтық талап қою туралы, азаматтық талапты қамтамасыз ету жөнiндегi қабылданған шаралар туралы және мүлiктi ықтимал тәркiлеу туралы, iс жүргiзу шығыстары туралы анықтамалар қоса тiркеледi.

7. Қылмыстық істердің соттылығы

Қылмыстық іс жүргізу заңы соттар арасында қылмыстық істі қарастыру ережесін бекіткен, яғни әрбір қылмыстық іс қай сотта, қандай құрамда қарастырылуға жататындығы туралы шешілетін сұрақтар қылмыстық істің соттылығы институтын құрайды.

Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар бiрiншi сатыдағы сот ретiнде әрекет етедi.      Мамандандырылған соттардың соттауына жатқызылған қылмыстық iстердi қоспағанда, барлық қылмыстық iстер аудандық және оған теңестiрiлген соттың соттауына жатады.      Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар қылмыстық процестiң сотқа дейiнгi сатысында қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыратын анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағымдарды қарайды, тергеушiнiң, анықтау органының күдiктiге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түрiндегi таңдаған бұлтартпау шараларына, олардың мерзiмдерiн ұзартуға санкция бередi.

Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына:       1) қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизонның әскери сотының соттауына жатқызылған iстердi қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы;       2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 103 (екiншi бөлiгiнiң л) тармағында), 104 (екiншi бөлiгiнiң з) тармағында), 122, 124, 131, 132, 132-1, 133 (бiрiншi – үшiншi бөлiктерiнде), 134, 135-баптарында, 136-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 137, 138, 139-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер жатқызылады. Қылмыстық iс қылмыс жасалған жердегi сотта қаралуға тиiс.      Егер қылмыс бiр соттың қызмет жасайтын жерiнде басталып, басқа соттың қызмет жасайтын жерiнде аяқталса, iс тергеу аяқталған жердегi сотта қаралады. Бiр адамды немесе адамдар тобын бiрнеше қылмыстар жасағаны үшiн айыптау кезiнде, олардың ең болмағанда бiреуi аса ауыр қылмыс санатына жататын болса, iстi қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот қарайды, ал ҚІЖК-нің 290-3-бабында көрсетiлген қылмыстар туралы iстердi қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сот қарайды.       Аса ауыр қылмыстар санатына жатпайтын қылмыс бiрге қатысумен жасалған жағдайда және iстi жеке iс жүргiзуге бөлiп шығару мүмкiн болмаған кезде iстердi:       егер бiрге қатысушылар арасында әскери қызметшi болмаса, бiрге қатысушылардың ең болмағанда бiреуi кәмелетке толмаған болып табылатын iстердi кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот;       бiрге қатысушылардың ең болмағанда бiреуi әскери қызметшi ҚІЖК-нің 290-3-бабы үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көрсетiлген басқа тұлға болып табылатын iстердi гарнизонның әскери соты қарайды.

Мамандандырылған ауданаралық соттар:

  • Аса ауыр қылмыстық істер бойынша;

  • Кәмелетке толмағандардың істері бойынша;

  • Әскери істер бойынша;

  • Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданатын арнайы соттар.

8. Басты сот талқылауын тағайындау сатысы

Қылмыстық iс сотқа түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья iстi сотта iс жүргiзуге қабылдау туралы мәселенi шешедi.      Судья келiп түскен iс бойыншамына шешімдердің бірін қабылдайды:       1) басты сот талқылауын тағайындау;       2) iстi алдын ала тыңдауды жүргiзу туралы.

Шешiм iс сотқа келiп түскен сәттен бастап 5 тәулiктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс.

Судья iстi қосымша тергеуге қайтару, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру, iстi соттылығы бойынша жiберу, iстi қысқарту, қылмыстық iстердi бiрiктiру туралы шешiмдердi қабылдау үшiн, сондай-ақ тараптардың өтiнiштерiн қарау және сот талқылауын қысқартылған тәртiппен өткiзу туралы мәселенi шешу үшiн аса ауыр қылмыстар туралы iстер бойынша, сондай-ақ басқа да iстер бойынша тараптардың қатысуымен iстi алдын ала тыңдауды өткiзедi.       Iстi алдын ала тыңдауды судья соттың жабық отырысында жеке-дара өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдау өткiзiлетiн уақыт пен орын тараптарға хабарланады. Iстi алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргiзiледi.       Сот отырысына сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттiк айыптаушының қатысуы мiндеттi. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнiнде өтiнген кезде оның қатысуынсыз жүргiзiледi. Қорғаушы дәлелдi себептерсiз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкiндiгi болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң келмеуi iстi алдын ала тыңдауға кедергi болмайды.

Басты сот талқылауының жалпы шарттары

  • Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы;

  • Iстi талқылау кезiнде сот құрамының өзгертiлмеуi;

  • Запастағы судьяны тағайындау;

  • Сот талқылауының үздіксіз жүргізілуі;

  • Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы;

  • Мемлекеттiк айыптаушының басты сот талқылауына  қатысуы

  • Жәбiрленушiнiң басты сот талқылауына қатысуы;

  • Азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң басты сот талқылауына қатысуы.

Басты сот талқылауы соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайда өтедi.      Соттың сот отырысы залына кiруiнiң алдында сот приставы: "Сот келе жатыр" деп хабарлайды, сот отырысына қатысып отырғандардың бәрi орындарынан тұрады, мұнан соң төрағалық етушiнiң ұсынуы бойынша өз орындарына отырады.      Сот талқылауына қатысушылардың бәрi сотқа қарап сөйлегенде, айғақтар бергенде және мәлiмдеме жасағанда орындарынан тұрады. Бұл ережелерден ауытқуға төрағалық етушiнiң рұқсатымен жол берiледi.      Басты сот талқылауының барлық қатысушылары, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтардың барлығы төрағалық етушiнiң сот отырысының тәртiбiн сақтау туралы өкiмiне бағынуға тиiс.      Он алты жасқа дейiнгi адамдар, егер олар тарап немесе куә болмаса, сот отырысы залына жiберiлмейдi. Қажет болғанда сот приставы азаматтан оның жасын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы. Залға сондай-ақ мас адамдар жiберiлмейдi.       Сот отырысы залында суретке түсiруге, дыбыс, бейнежазбаларды қолдануға және киноға түсiруге төрағалық етушiнiң рұқсатымен ғана жол берiледi.

Басты сот талқылауы кезiнде сот отырысының хатшысы хаттама жүргiзедi.      Хаттама компьютерлiк, электрондық (цифрлық дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда) машинада жазу не қолмен жазу тәсiлiмен жасалады.            Хаттамада: басты сот талқылауының күнi, оның басталу және аяқталу уақыты; қандай iс қаралып жатқаны; соттың атауы мен құрамы, хатшы, аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сот шақырған басқа да адамдар; сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы; соттың жүргiзiлген реттегi iс-әрекетi, iске қатысушы адамдардың арыздары, қарсылық бiлдiрулерi және өтiнiштерi; соттың кеңесу бөлмесiне бармай шығарылған қаулылары, қаулылардың кеңесу бөлмесiнде шығарылуына нұсқау; iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiнiң түсiндiрiлуi; айғақтардың егжей-тегжейлi мазмұны; сот бөлген немесе жауап алынатын адам жауап беруден бас тартқан жауап алуға қатысқан адамдардың сұрақтары; сарапшыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары; сот мәжiлiсiнде жүргiзiлген тексерулер мен дәлелдердi зерттеу жөнiндегi басқа iс-әрекеттердiң нәтижелерi; iске қатысушы адамдар хаттамада куәландыруды өтiнген фактiлерге нұсқамалар; тараптардың сот жарыссөзiнде сөйлеген сөздерiнiң және сотталушының соңғы сөзiнiң негiзгi мазмұны; үкiмiнiң жарияланғаны және оған шағымдану тәртiбi мен мерзiмi түсiндiрiлгенi туралы нұсқама көрсетiледi. Айғақтар бiрiншi жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады, сұрақтар мен оларға жауаптар жауап алу кезiнде орын алған жүйелiлiк бойынша жазылады. Бұған қоса, хаттамада егер орын алған болса, сотты сыйламаушылықты куәландыратын фактiлер және тәртiп бұзушының жеке басы мен соттың тәртiп бұзушыға қолданған ықпал ету шаралары да атап көрсетiледi.       Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейiнгi 5 тәулiктен кешiктiрiлмей жасалып, оған төрағалық етушi мен хатшы қол қоюға тиiс. Сот талқылауы барысында хаттама бөлiп-бөлiп жасалуы мүмкiн, оларға және бүтiндей хаттамаға сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы қол қояды.

9. Басты сот талқылауы

Басты сот талқылауы – бірінші сатыдағы соттың қылмыстық істі мәні бойынша қарауы.

Басты сот талқылауының кезеңдері:

1) басты сот талқылауының дайындық бөлімі;

2) Сот тергеуі;

3) Сот жарыссөзі;

4) сотталушының соңғы сөзі;

5) үкім шығару.

Дайындық бөлімінде мына мәселелер қарастырылады:

  • Басты сот талқылауының ашылуы

  • Басты сот талқылауына шақырылған адамдардың келуiн тексеру

  • Аудармашыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

  • Аудармашыдан бас тарту туралы мәселенi шешу

  • Куәларды сот отырысы залынан шығару

  • Сотталушының жеке басын және оған айыптау қорытындысы көшiрмесiнiң уақтылы тапсырылғанын анықтау

  • Сот құрамын, процеске басқа қатысушыла  жариялау

  • Сотталушыға оның құқықтарын түсiндiру

  • Басқа да процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

  • Iске қатысушы адамдардың бiрi болмаған кезде iстi тыңдау мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу.

Сот тергеуі:

  • Сот тергеуi айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнiсiн баяндаудан, ал жеке айыптау iстерi бойынша - арыз берген адамның немесе оның өкiлiнiң, ал олар болмағанда - сот отырысы хатшысының шағымды баяндауынан басталады.

  • Сотталушының көзқарасын анықтау

  • Сотталушыдан жауап алу;

  • Сотталушының айғақтарын жария ету;

  • Жәбірленушіден жауап алу;

  • Сарапшы қатысса одан жауап алу;

  • Куәлардан жауап алу;

  • Дәлелдемелерді зерттеу.

Сот жарыссөзі

    Сот жарыссөзiне қатысушының өтiнiшi бойынша оған сот жарыссөзiне дайындалу үшiн уақыт берiледi, ол үшiн төрағалық етушi оның ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысында үзiлiс жариялайды.      Сот жарыссөзi айыптаушының, жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң және азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, сотталушы мен қорғаушының сөздерiнен тұрады. Iске қатысушылардың сөздерiнiң реттiлiгiн олардың ұсыныстары бойынша сот белгiлейдi, бiрақ барлық жағдайларда бiрiншi болып айыптаушы сөз алады.      Егер мемлекеттiк айыптауды бiрнеше мемлекеттiк айыптаушы қолдаса, iске бiрнеше жәбiрленушi, қорғаушы, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi, азаматтық талапкерлер мен олардың өкiлдерi, сотталушылар қатысса, төрағалық етушi өз сөздерiнiң кезектiлiгiн өзара келiсуi үшiн оларға уақыт бередi. Қажет болғанда бұл үшiн сот отырысында үзiлiс жариялануы мүмкiн. Егер аталған адамдар жарыссөздегi өз сөздерiнiң кезектiлiгi туралы келiсiмге келе алмаса, сот олардың пiкiрлерiн тыңдап болып, сөз кезегi туралы қаулы алады.      Сот жарыссөзiне қатысушылар өз сөздерiнде сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме жасауға құқылы емес. Сотқа жаңа айғақтар ұсыну қажет болса, олар сот тергеуiн қайта бастау туралы өтiнiш жасай алады.      Сот сот жарыссөзiнiң ұзақтығын белгiлi бiр уақытпен шектей алмайды, алайда төрағалық етушi, егер жарыссөзге қатысушы азаматтардың сөзi қаралатын iске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты не сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге негiзделген болса, оларды тоқтатуға құқылы.

Сотталушының соңғы сөзі

Сот жарыссөзi аяқталған соң, төрағалық етушi сотталушыға соңғы сөз бередi. Сотталушыға оның соңғы сөзi кезiнде ешқандай сұрақ қоюға жол берiлмейдi.      Сот сотталушының соңғы сөзiнiң ұзақтығын белгiлеуге құқылы емес. Төрағалық етушi, егер сотталушының сөзi қаралған iске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты болса, оны тоқтатуға құқылы.

Үкім шығару

Үкiм - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi, апелляциялық сатыдағы сот шығарған сот шешiмi.

Үкім:

1) ақтау үкімі;

2) айыптау үкімі.

10. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау. Апелляциялық саты

Апелляциялық саты– бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi мәнi бойынша қарайтын сот.

Апелляция термині латынның «appellacio» «жүгіну» деген сөзінен шыққан. Яғни бұл істі қараған кезде төменгі сатыдағы соттың үкімін, қаулысы мен өзге де шешімін қайта қарау мақсатында жоғары тұрған апелляциялық сотқа жүгіну болып табылады.

Апелляциялық сатының міндеті:

  • Қылмыстық іс жүргізуде іс үргізу заңының дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету;

  • Сот шығарған шешімдерде жіберілген қателіктерді қалпына келтіру;

  • Тараптардың шағымдану бостандығын қамтамасыз ету;

  • Істі қарау барысында соттың және тараптардың жауапкершілігін күшейту.

Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар үкiм, қаулы шығарған сот арқылы берiледi.

Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар үкiм (қаулы) жарияланған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiлуi мүмкiн, ал қамауда отырған сотталған адам оны өзiне үкiмнiң (қаулының) көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап нақ сондай мерзiмде бере алады.

      Iс ол келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуы тиiс. Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелердi зерттеу және жаңа үкiм шығару қажеттiгiне негiз бар деп тапса, iс ол келiп түскен күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуы тиiс. Дәлелдi себептер болған кезде, бұл мерзiмдер iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту тиiстi облыстық және оған теңестiрiлген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте iстi қарау мерзiмiн әрбiр ұзарту бiр айдан аспауға тиiс.

Апелляциялық сатының өкiлеттiгi:

1) сотталған адамның, жәбiрленушiнiң және iске қатысушы басқа да тұлғалардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы сотталғандығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етiп алуға, тараптардың өтiнiштерi бойынша басқа да құжаттарды талап етiп алуға;       2) сот-психиатриялық немесе өзге де сараптама тағайындауға;       3) сот отырысына қосымша куәларды, сарапшыларды, мамандарды шақыртып, олардан жауап алуға, тараптар табыс еткен немесе олардың өтiнiштерi бойынша талап етiп алынған жазбаша, заттай немесе өзге де дәлелдемелердi зерттеуге;       4) бiрiншi сатыдағы сот зерттеген материалдарды дәлелдеме ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi деп тануға және оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастауға;       5) бiрiншi сатыдағы сот дәлелдемелер қатарынан алып тастаған материалдарды дәлелдеме ретiнде пайдалануға жол берiледi деп тануға және оларды зерттеуге;       6) азаматтық талап қоюға қатысты мән-жайларды зерттеуге және азаматтық талап қою бойынша шешiм қабылдауға;       7) iстiң барлық материалдарын толық, жан-жақты және объективтi түрде зерттеудi қамтамасыз ету және iс бойынша ақиқатты анықтау үшiн қажеттi басқа да iс-әрекеттердi орындауға құқылы.

Апелляциялық саты қабылдайтын шешiмдер:

1) бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiн (қаулысын) – өзгерiссiз, ал апелляциялық (жеке) шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;       2) үкiмдi өзгерту туралы;       3) үкiмнiң күшiн жою және iстi қысқарту туралы;       4) айыптау үкiмiнiң күшiн жою және ақтау үкiмiн шығару туралы;     

5) ақтау үкiмiнiң күшiн жою және айыптау үкiмiн шығару туралы;       6) алқабилердiң қатысуымен шығарылған үкiмнiң күшiн жою және iстi жаңадан сот қарауына жiберу туралы;       7) үкiмнiң күшiн жою және iстi ҚІЖК-нің 303-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша қосымша тергеуге жiберу туралы;       8) қаулыны өзгерту, жаңа қаулы қабылдау арқылы қаулының күшiн жою туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.

11. Кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істі қарау

Кассациялық саты – бiрiншi және апелляциялық сатыдағы соттың заңды күшiне енген үкiмдерiне, қаулыларына кассациялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi қарайтын сот.

      Кассациялық сатыдағы сот үкiмдi (қаулыны) шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңдарының нормаларын сақтауын тексередi және соның негiзiнде үкiмнiң (қаулының) заңдылығын, негiздiлiгiн және әдiлдiгiн тексередi.

      Iс кассациялық сатыға келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. Бұл мерзiм iстiң қиындығына немесе көлемiнiң үлкендiгiне байланысты, сондай-ақ өзге де дәлелдi себептер болған кезде iстi қарайтын соттың қаулысымен, бiрақ әр ретте бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.

Кассациялық сатыдағы соттың өкiлеттiгi:

1) сотталған адамның денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы сотталғандығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етiп алуға;       2) уақыт, кеңiстiктiк тұрғысынан заңның қолданысын айқындау үшiн және бiрiншi және апелляциялық сатылардағы сот iстi шешкен кезде қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңдарының нормаларын дұрыс қолданғанын айқындау үшiн қажеттi мәлiметтердi талап етiп алуға құқылы.

Кассациялық саты қабылдайтын шешiмдер:

1) бiрiншi саты үкiмiн және апелляциялық саты қаулысын өзгерiссiз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;       2) сот актiлерiнiң күшiн жояды және iстi тоқтатады;       3) апелляциялық сатыдағы сот актiлерiнiң күшiн жояды және бiрiншi саты үкiмiн өзгерiссiз қалдырады;       4) апелляциялық сатыдағы сот актiлерiнiң күшiн жояды және iстi апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жiбередi;       5) бiрiншi сатыдағы сот актiлерiнiң күшiн жояды және егер iс апелляциялық тәртiппен қаралмаған болса, сондай-ақ бiрiншi сатыдағы сотта iс алқабилердiң қатысуымен қаралған болса, iстi бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жiбередi;       6) бiрiншi саты үкiмiн және апелляциялық саты қаулысын өзгертедi;       7) үкiмнiң күшiн жояды және iстi ҚІЖК-нің 303-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша қосымша тергеуге жiбередi;       8) ҚІЖК-нің 387-бабында көрсетiлген мән-жайлар анықталған кезде жеке қаулы шығарады.

12. Сот шешімдерін орындау

Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сот, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот, гарнизонның әскери соты шығарған бiрiншi сатыдағы сот үкiмдерi, егер оларға шағым жасалмаса немесе наразылық келтiрiлмесе, апелляциялық шағым жасау немесе наразылық келтiру мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi және орындалуға жатады.      Iс апелляциялық сатыда қайта қаралған жағдайда, егер үкiмнiң күшi жойылмаса, ол апелляциялық қаулы шығарылған күнi күшiне енедi. Егер апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейiн керi қайтарып алынса, үкiм апелляциялық сатының шағымның, наразылықтың керi қайтарып алынуына байланысты iс жүргiзудiң тоқтатылғаны туралы қаулысы шығарылған күнi заңды күшiне енедi.      Бiрiншi сатыдағы сот үкiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрмей үкiмдi орындауға кiрiседi.

ҚІЖК-нің 450-451-баптарына сәйкес, үкімді орындауға кірісу туралы тараптарға хабарланады және сотталушының туыстарымен жүздесуге рұқсат беріледі.

Адамды қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартуға, бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға соттау туралы үкiмдi орындау мынадай негiздердiң бiрi болған кезде:       1) жазаны өтеуге кедергi келтiретiн, сотталушының ауыр сырқаты болса, - ол сауығып кеткенге дейiн;       2) сотталған әйелдiң жүктi болуы немесе сотталған әйелдiң жас балалары болса және жас балаларды жалғыз өзi тәрбиелейтiн еркектерге қатысты - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабында көзделген тәртiпте;       3) өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесiнiң ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше жағдаяттардың салдарынан, сотталған адам немесе оның отбасы үшiн жазаны дереу өтеуi аса ауыр зардапқа әкелiп соқтыруы мүмкiн болса, сот белгiлеген алты айдан артық емес мерзiмге, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға қатысты - үш айдан артық емес мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн.

Соттылықты алып тастау туралы мәселенi жазасын өтеген адамның өтiнiшi бойынша тұрғылықты жерiндегi сот шешедi.

      ҚР ҚК-нің 77-бабы 3-бөлігіне сәйкес соттылық жойылады:       а) шартты түрде сотталған адамдар жөнiнде - сынақ мерзiмi өтуi бойынша;       б) әскери қызмет бойынша шектеу немесе абақтыда ұстау түрiнде жазасын өтеген әскери қызметшiлер жөнiнде - iс жүзiнде жазаны өтеу бойынша;       в) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңiл түрiне сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн бiр жыл өтуi бойынша;       г) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн үш жыл өтуi бойынша;       д) ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн алты жыл өтуi бойынша;       е) аса ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн сегiз жыл өтуi бойынша.

13. Сот актiлерiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауы

Қадағалау сатысы - заңды күшiне енген сот шешiмдерiне өтiнiштер, наразылықтар бойынша iстi қадағалау тәртiбiмен қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы, сондай-ақ Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымын немесе Бас прокурордың наразылығын қарайтын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы.

Қадағалау сатысының маңызы - тергеу не сотта істі қарау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол берілуінің салдарын қайта қалпына келтіру кепілдігі.

Төменгі тұрған сот шешімдері заңды күшіне енгенннен кейін ҚІЖК-нің 459-бабына сәйкес негіздерр бойынша қайта қаралуға жатады, сонымен қатар, мемлекет қауіпсіздігіне не адам өмірі үшін орны толмас ауыр салдарды жою үшін берілген ұсыныстар қаралады.

Қадағалау тәртібімен қаралуға жатпайтын шешімдер:

  • Мемлекеттiк айыптаушының және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты;

  • қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасына және оның мерзiмiн ұзартуға санкция беру мәселелерi бойынша;

  • анықтауды немесе алдын ала тергеудi жүзеге асыратын тұлғалардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне немесе прокурордың iстi алдын ала тергеу сатысындағы iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне берiлген шағымдарды шешу жөнiнде шығарылған шешімдер.

 Заңды күшiне енген айыптау үкiмiн сотталған адамның кiнәсiздiгi себептерi бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына қарай онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкелетiн өзге де негiздер бойынша сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарау туралы өтiнiш жасау, наразылық беру мерзiммен шектелмейдi.       Заңды күшiне енген ақтау үкiмiн, айыптау үкiмiн жазаның жеңiлдiгiне қарай неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкелетiн өзге де негiздер бойынша не соттың iстi тоқтату туралы қаулысын сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарау туралы өтiнiш, наразылық беруге олар заңды күшiне енгеннен кейiн бiр жыл iшiнде жол берiледi.

Заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қарау туралы өтiнiш, наразылық Жоғарғы Сотқа жазбаша түрде берiледi.

Заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қарау туралы өтiнiштi Жоғарғы Сот Төрағасының немесе алқа төрағасының тапсырмасы бойынша құрамы үш судьядан тұратын сот алдын ала зерделейдi және қарайды.

Қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот мына шешімдердің бірін қабылдайды:

1) соттың үкiмiн, қаулысын – өзгерiссiз, ал оларды қайта қарау туралы өтiнiштi, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;       2) бiрiншi, апелляциялық сатылардағы соттың үкiмiн, бiрiншi, апелляциялық және кассациялық сатылардың қаулысын өзгертедi;       3) үкiмнiң және одан кейiнгi барлық қаулылардың күшiн жояды және iстi қысқартады;       4) үкiмнiң және кейiнгi барлық қаулылардың күшiн жояды және егер iс апелляциялық тәртiппен қаралмаса, сондай-ақ егер iс бiрiншi сатыда алқабилердiң қатысуымен қаралса, iстi апелляциялық сатыдағы сотқа немесе бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жiбередi;       5) соттың үкiмiн өзгертiп немесе оны өзгерiссiз қалдыра отырып, апелляциялық және кассациялық тәртiппен шығарылған қаулылардың күшiн жояды.     

  1. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастау

Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс боынша іс жүргізуді қайта бастауды заң әдебиетінде мәні алдын ала тергеу органдары мен сотқа бұрын белгілі болмаған жағдайларда заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларда жіберілген қателер мен олқылықтарды түзетуден тұратын қылмыстық процестің ерекше сатысы деп қарастырады.

Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу сатысының қылмыстық іс жүргізуде алатын орны ерекше. Ол «қылмсытық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз сотталған не айыпталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыпастыруға жәрдемдесуі тиіс» деген қағиданы жүзеге асыратын саты болып табылады.

Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi:       1) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған жәбiрленушiнiң немесе куәгердiң айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрiнеу жалғандығы, сондай-ақ заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан заттай айғақтардың, тергеу және сот iс-әрекеттерi хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу бұрыс жасалуы;       2) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық iс-әрекеттерi;       3) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған, қылмыстық iс-әрекеттерi;       4) ҚІЖК-нің 474-бабында көзделген тәртiппен тексеру немесе тергеу арқылы анықталған және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкiм шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған өзге де мән-жайлар сотталушының айыпсыздығы туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыс жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адамның айыптылығын өз алдына немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге айғақтайтын ұйғарымдар;       5) өзiне қатысты ҚІЖК-нің 315-бабы екiншi бөлiгiнiң 2) тармағында белгiленген тәртiппен iс қаралған сотталушының, ол қылмыстық процестi жүргiзушi органға келген жағдайда ерiк бiлдiруi;       6) сот актiсiн шығару кезiнде сот қолданған заңды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң конституциялық емес деп тануы болып табылады.

    Айыптау үкiмiн жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сотталушының пайдасына қайта қарау ешқандай мерзiммен шектелмейдi.       Ақтау үкiмiн, iстi тоқтату туралы қаулыны қайта қарау, сондай-ақ жазаның жұмсақтығы себебi бойынша немесе сотталушыға анағұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгi бойынша айыптау үкiмiн қайта қарауға қылмыстық жауаптылыққа тартудың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 69-бабында белгiленген мерзiмнiң ескiруi iшiнде ғана және жаңа мән-жайлардың ашылған күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей жол берiледi.

Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғау құқығы сотталғанға, ақталғанға, жәбiрленушiге немесе олардың заңды өкiлдерiне, қорғаушыларына, сондай-ақ прокурорға тиесiлi. Өтiнiш үкiм, қаулы шығарған сотқа берiледi.

      Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкiмнiң күшi жойылған жағдайда iстi бастапқы қараған кезде қозғалған азаматтық талап жалпы негiздерде қайтадан қаралады. Азаматтық талап бөлiгiнде ғана iстi қайта бастауға тек азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жол берiледi.

  1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу

ҚІЖ заңына сәйкес, кәмелетке толмағандардың істері бойынша мына талаптар сақталуы тиіс:

  • Іс бойынша жариялылықты шектеу;

  • Ересектермен бірге қылмыс жасаса істі бөлектеу мүмкіндігі;

  • Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарының заңды өкілдері арқылы қорғалуы;

  • Кәмелетке толмаған сезікті, айыпталушыдан күніне 4 сағаттан аспайтын мерзімде жауап алу, 2 сағат сайын үзіліс;

  • Педагог пен психологтың қатысу ерекшеліктері.

Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша, ҚІЖК-нің 117-бабында көзделгендерден басқа, дәлелдеуге жататын мән-жайларды алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргiзу кезiнде:       1) кәмелетке толмағанның жасы (туған күнi, айы, жылы);       2) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы;       3) интеллектуалдық, ерiк-жiгерiнiң және психикалық даму дәрежесi, мiнезi мен тегеурiндiлiк ерекшелiктерi, мұқтаждары мен мүдделерi;       4) кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға тиiс.

Кәмелетке толмағанға үкiм шығару кезiнде сот ҚІЖК-нің 371-бабында аталған мәселелермен бiрге бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза тағайындау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген жағдайларда жазадан босату туралы мәселенi талқылауға мiндеттi.      Бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза шараларын қолдану, ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымына орналастыру не тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдану жағдайларында сот бұл туралы мамандандырылған мемлекеттiк органға хабарлайды және оған сотталушының мiнез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыруды жүктейдi.

  1. Артықшылықтары мен қылмыстық iзге түсуден иммунитеттерi бар адамдардың iстерi бойынша iс жүргiзудiң ерекшелiктерi

Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түмуден иммунитеттері бар адамдар, бұлар сот процесінде ерекше адамдар, Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент депутаттары, Бас Прокурор, судьялар, Коституциялық Кеңес мүшелері.

Иммунитет латын тілінен алынған, «immunities» аударғанда, «қандай да бір міндеттен босату» деген мағына береді. С.И.Ожеговтың сөздігінде иммунитет сөзі кейбір адамдарға жалпы заңдарға бағынбайтын ерекше заң деген мағына берілген, ал дипломатиялық имммунитет дегеніміз жеке басына, қызмет орнына, үй-мүлкіне қол сұғуға болмайды дегенді білдіреді.

Республика Парламентiнiң депутатына қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк органының басшысы ғана қозғауы мүмкiн. Қылмыстық iстiң қозғалуы туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабардар етiледi. Шұғыл тергеу қимылдарын жүргiзген соң iс қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Бас прокуроры арқылы тергеушiге берiледi. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi.       Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын өз өкiлеттiк мерзiмi iшiнде, қылмыс жасаған орнында қолға түсу немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Парламенттiң тиiстi Палатасының келiсiмiнсiз қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк органының басшысы ғана қозғай алады.

Судьяға қатысты тергеу iсiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғауы мүмкiн, ол анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы органға тергеу жүргiзудi тапсырады. Судьяға қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi.

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық iстi оның бiрiншi орынбасары ғана қозғауы мүмкiн. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған кезден бастап Бас Прокурордың бiрiншi орынбасарының ұсынуы бойынша тергеу аяқталғанға дейiн өзiнiң қызметтерiн атқарудан Қазақстан Республикасының Президентi шеттетедi. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өзiнiң өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз, қылмыс үстiнде қолға түскен немесе ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтiрiлмейдi, қылмыстық жауапқа тартылмайды.

Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қылмыстық iзiне түсуден иммунитеттi мынадай адамдар пайдаланады:       1) шет мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық қызметкерлерi және, егер олармен бiрге тұрса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасыларының мүшелерi; 2) өзара негiзде дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсету қызметкерлерiмен, егер осы қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, олармен бiрге тұратын олардың отбасыларының мүшелерi, консулдықтардың басшылары және олардың қызмет мiндеттерiн атқаруы кезiнде жасаған әрекеттерiне қатысты, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, басқа да консулдық лауазымды адамдар; 3) өзара негiзде дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық қызметтерiнiң қызметкерлерi және, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, олармен бiрге тұратын олардың отбасыларының мүшелерi;4) дипломатиялық курьерлер;5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, Парламент және Үкiмет делегацияларының мүшелерi және өзара негiзде - Қазақстанға халықаралық келiссөздерге, халықаралық конференциялар мен кеңестерге қатысу үшiн немесе басқа ресми тапсырмалармен келетiн, не сондай мақсаттармен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол шеккен шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi және егер бұл отбасылар мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, аталған адамдардың олардың қасына ерiп жүрген отбасыларының мүшелерi; 6) халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi мен қызметкерлерi, халықаралық шарттардың немесе жалпы жұрт таныған халықаралық салт-дәстүрлер негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн осы ұйымдардың лауазымды адамдары; 7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтушi шет мемлекеттердiң үшiншi бiр елдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, өкiлдiктерiнiң дипломатиялық қызметкерлерi және аталған адамдардың қасына ерiп жүретiн немесе оларға қосылу немесе өзiнiң елiне оралу үшiн жеке келе жатқан олардың отбасыларының мүшелерi; 8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар.      

17.Ессiз күйдегi адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша сот iсiн жүргiзу

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша сот iсiн жүргiзу есі кіресілі-шығасылы күйде қылмыстық қаңмен тыйым салынған әрекет жасаған не қылмыс жасаған соң жаза тағайындау не оны орындау мүмкін олмайтын дәрежеде психикасы бұзылып, ауырған адамдарға қатысты істер бойынша жүзеге асырылады.

Бұндай істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.

 Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:       а) есi дұрыс емес жағдайда ҚК-тің Ерекше бөлiмiндегi баптарда көзделген әрекеттердi жасаған; б) қылмыс жасағаннан кейiн психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкiн емес болып бұзылған;       в) қылмыс жасаған және есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн;       г) қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындауы мүмкiн.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары:

  • Қоғамға зиян келтіретін адамның денсаулығын жақсарту;

  • Қоғамға зиян келтіретін адамның қылмыс жасағаннан кейінгі және оған дейінгі әрекетін ескеру;

  • Психикалық ауытқушылық өзі не басқа адамдар үшін қауіп-қатермен байланысты болған не оның өзге де елеулі зиян келтірмеуін қамтамасыз ету;

  • Медициналық мәжбұрлеу мекемелеріндегідей әлеуметтік реабилитациялық шараларды қолдану.

ҚР ҚК-нің 90-бабына сәйкес, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері:емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу; жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;интенсивтi қадағаланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу. Алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде мынадай мән-жайлар анықталуы тиiс: жасалған әрекеттiң уақыты, орны, тәсiлдерi мен басқа да мән-жайлары; осы адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасауы; әрекетпен келтiрiлген залалдың сипаты мен мөлшерi; қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адамның оны жасағанға дейiнгi, кейiнгi мiнез-құлқы; осы адамда бұдан бұрын психикалық ауытқушылықтың бар-жоғы, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасау кезiнде немесе iстi қарау кезiнде психикалық сырқаттану дәрежесi мен сипаты. Заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған және психикалық сырқатқа шалдыққан адамдарға бұлтартпау шаралары қолдануға болмайды. Осы адамдарға қажет болған жағдайда мынадай қауiпсiздiк шаралары қолданылады: денсаулық сақтау органдарын хабарландыра отырып, ауруды туыстарының, қамқоршыларының, қорғаншыларының қарауына беру;психиатриялық көмек көрсететiн арнаулы медициналық ұйымға орналастыру.Iстi сотта талқылау процесiнде мынадай мәселелер зерттелуi және шешiлуi тиiс: қылмыстық заңмен көзделген әрекет орын алды ма;iсi қаралып отырған адам әрекет жасады ма; iсi қаралып отырған адам әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы күйде жасады ма; осы адам қылмысты жасағаннан кейiн жаза тағайындау және оны орындау мүмкiн болмайтын психикасы бұзылумен ауырды ма; адамның дерттi психикасы бұзылуы оның өзi немесе басқа адамдар үшiн қауiптi ме не оның өзге де елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiн тудыра ма; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылуға тиiс пе және нақ қандайы.

18.Алқабилердiң қатысуымен iстер бойынша iс жүргiзу

      Алқаби - соттың қылмыстық iстi қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы.

Қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотта және қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сотта алқабилердiң қатысуымен сот бiр судьяның және он алқабидiң құрамында әрекет етедi.

Қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыру айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.       Тергеушi алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн айыпталушыға iстiң барлық материалдарын таныстыру кезiнде оған соттың оның iсiн алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiш беру құқығын, сондай-ақ соттың алқабилердiң қатысуымен шығарған үкiмiне шағым жасау және шағымды қарау ерекшелiктерiн қоса, осындай өтiнiштi қанағаттандырудың құқықтық салдарын түсiндiруге мiндеттi.

Сот басты сот талқылауын тағайындағаннан кейiн айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшi қабылданбайды.

      Айыпталушының iстi соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшi болған кезде судья алдын ала тыңдау жүргiзедi.

Судья алдын ала тыңдауды мiндеттi түрде прокурордың, соттың iстi алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiш бiлдiрген сотталушының және оның қорғаушысының қатысуымен жабық сот отырысында жеке дара жүргiзедi.

Төрағалық етушi сот тергеуiнiң нәтижелерiн, тараптардың жарыссөздерiн ескере отырып, алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтарды жазбаша түрде тұжырымдайды, оларды оқиды және тараптарға бередi.

Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтардың мазмұны:

  1. әрекеттiң орын алғаны дәлелдендi ме;

2) бұл әрекеттi сотталушының жасағаны дәлелдендi ме; 3) бұл әрекеттiң жасалуына сотталушы кiнәлi ме.

Жарыссөздер аяқталғаннан кейiн судья және негiзгi алқабилер үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi.Судья мен алқабилерден басқа, кеңесу бөлмесiнде өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi.

Негiзгi мәселелер бойынша дауыс беру жазбаша жүргiзiледi. Судья мен алқабилердiң дауыс беру кезiнде қалыс қалуға құқықтары жоқ. Судья мен алқабилердiң дауыстары тең.

Егер ҚІЖК-нің 566-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген үш сұрақтың әрқайсысына мақұлдаған жауаптарға дауыс берушiлердiң көпшiлiгi дауыс берсе, айыптау шешiмi қабылданған болып есептеледi.      Егер қойылған негiзгi сұрақтардың кез келгенiне берiлген құпталмаған жауапқа дауыс берушiлердiң алтауы және одан да көбi дауыс берсе, ақтау шешiмi қабылданған болып есептеледi.

Он бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза, егер осындай шешiмге дауыс берушiлердiң сегiзi және одан да көбi дауыс берсе, тағайындалуы мүмкiн.       Айрықша жазалау шарасы - өлiм жазасы судья мен алқабилер бiрауыздан шешiм шығарған кезде ғана тағайындалуы мүмкiн.

Алқабилердiң қатысуымен сотта қылмыстық iстi талқылау мына шешiмдердiң бiрiн: iстi қысқарту туралы қаулыны; алқабилердiң қатысуымен ҚІЖК-нің 566-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiзгi үш сұрақтың кем дегенде бiреуiне терiс жауап берген жағдайларда, ақтау үкiмiн; айыптау үкiмiн қабылдаумен аяқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]