Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_MPP-kaz_KYu.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
498.69 Кб
Скачать

12. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Аттестациялық әріптік баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Оқу пәнін игерудің %-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша қорытынды баға %-дық өлшемде анықталады:

АЕ1 + АЕ2

Қ % = --------------- × 0,6 + Е × 0,4

2

Яғни:

АЕ1 - 1 аралық емтиханның пайыздық өлшемі

АЕ2 - 2 аралық емтиханның пайыздық өлшемі

Е - емтихандық бағаның пайздық өлшемі

13. Оқу курсы барысында қолданылатын кейстер

Ескертпе: Аталған пәннің ауқымы үлкен болғандықтан, қолданылатын кейстер көлемі де үлкен. Сондықтан, төменде курс барысында қолданылатын кейстерді алудың көздері көрсетілген.

  1. Краткое изложение решений, консультативных заключений и постановлений Международного Суда (1948-2002). http://www.icj-cij.org/homepage/ru/summary.php

  2. Хрестоматия. Действующее Международное право. Бишкек, 2012. Электронды нұсқада. Оқытушы оқу курсының басында барлық студенттерге береді.

  3. Прецедентные дела Комитета по правам человека. Райя Хански, Мартин Шейнин. Институт прав человека. Университет Або Академии (Турку). 2004. 483 стр. (жазбаша нысанын оқытушылардан алуға болады, ал электронды нысаны: http://www1.umn.edu/humanrts/russian/hrtsbook/Rhrcases-index.html

  4. Сборник задач по Международному гуманитарному праву. Хорст Зайбт.М.: МККК, 1998. Университеттің оқу залынан алуға болады.

14. Дәрістер тезисі

Дәріс №1.

Халықаралық құқықтың түсінігі, пәні және жүйесі.

Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері. Халықаралық қатынастарды реттеудегі Халықаралық құқықтың алатын орны мен маңызын ашу. Халықаралық жария құқығының анықтамасын ашу және талдау.

Халықаралық құқық – құқықтың ерекше жүйесі ретінде. Халықаралық құқықтың реттеу пәні мен әдістерін ашу. Ұлттық құқықтан ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтау. Халықаралық құқық қайнар көздерінің пайда болуын талдау және ұлттық құқықтың қайнар көздерінің пайда болуымен салыстыру.

Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқық. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашу. Реттеу әдістерін талдау. Халықаралық жария құқықтағы мемлекеттің орны мен ролін анықтау. Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттің орны мен ролін анықтау.

Халықаралық құқық тарихы.

  1. Б.д.д. 4 мың жыл – б.д. 476 ж. – Ежелгі дуәірдегі халықаралық құқық.

  • Jus gentium - халықтар құқығы. Соғыс жүргізу, патшалықты құру, мүлікті бөлу, шекараларды бекіту, сауда және басқа да қатынастарды реттейтін ережелер жиынтығы. Ішкі құқықты және мемлекет аралық қатынастарды да реттейді.

  • Полис – Еж.Грекиядағы қала-мемлект. Қоғамның әлеум.-экон. саяси нысаны. Полистің өз азаматтығы, территориясы болды. Дипломатиялық қатынастар орнатты. Соғыс жасау және бейбітшілік жариялуа құқығы болды.

  1. 476 ж. – 1648 – Орта ғасырлардағы халықаралық құқық.

  • Құқықтың негізгі белгілері: Аумақтық. Қарапайым нормалардың шарттық нормалардан басым болуы. Халық.құқықтың пайда болуына шіркеудің елеулі әсері.

  • Гуго Гроций – Халықаралық құқық ғылымының негізін қалаушы (1583-1645).

  1. 1648-1919 жж. – Классикалық халықаралық құқық.

  • 1648 ж. Вестфалдық трактат: Саяси тепе-теңдік. Рухани биліктің зайырлы биліктен ажырату. Мемлекеттердің теңдігі.

  • 1176 ж. АҚШ тәуелсіздігі Декларациясы. 1787 ж. АҚШ Конституциясы. 1789 ж. Адам құқықтарының Декларациясы. Теңіз каналдарының мәртебесі. Соғыс заңдарын кодификациялау.

  1. ХХ-ХХІ ғғ. Халықаралық құқық.

  • Негізгі белгілері: Әскери күштерге қарсылық. Колониализмге қарсылық. Шарттық нормалардың едәуір өсуі. ХҚ-тың жаңа салаларының пайда болуы (қауіпсіздік, ғарыш, әуе, экология, адам құқықтары). ХҚ-тың кеңістіктегі күшінің артуы (жердің барлық бөлігі, ауа және жер асты)

Дәріс №2.

Халықаралық құқықтың қайнар көздері.

Латын тiлiнен аударғанда норма сөзi (латын. norma) –мiндеттi деп танылған заңдастырылған заң, тәртiп, құрылым деген мағынаны бiлдiредi.

Халықаралық-құқықтық нормалар – бұл халықаралық жария құқық субъектiлерiнiң тәртiптерiнiң белгiлi бiр ережелерi.

Халықаралық–құқықтық нормалар санының артуы оларды жiктеу қажеттiлiгiне әкеледi. Соның iшiнде көп таралғаны бұл нормалардың шарттық және жәй болып бөлiнуi. Дегенмен, оның күрделiлiгiне және көп қырлылығына байланысты басқа да маңызды белгiлердi ескеру қажеттiлiгi туындайды.

а) әрекет ету өрiсi бойынша – әмбебапты, аумақтық, партикулярлы (бытыраңқы).

Әмбебапты нормалардың болуы халықаралық әмбебап актiлермен қамтамасыз етiледi, олар халықаралық құқықтың көпшiлiк мақұлдаған нормалары деген атқа ие. Әмбебап нормалар БҰҰ Жарғысында, 1970 ж. халықаралық құқық қағидаларының Декларациясында бар, БҰҰ Бас Ассамблеясының көптеген резолюциялары, көпшiлiк мемлекеттердiң оның заңдық күшін қабылдағанынан кейiн, халықаралық құқықтың көпшiлiк мойындаған нормасына айналады. Әмбебап нормалардың негiзгi айырмашылық белгiсi олардың әрекет етуiнiң әмбебаптығы, жалпыға бiрдей мiндеттi күші болып табылады. Тек қана әмбебап норма ғана императивтi бола алады және ерекше әмбебап мiндеттемелердi жасай алады.

б) заңи күші бойынша – императивтiк және диспозитивтiк.

Халықаралық құқық доктринасы императивтiк нормажәне “jus coqens” терминдерiн тең дәрежеде қолданады. Императивтiк нормалардың пайда болуының алғы шарттарын БҰҰ Жарғысы жасады, мәселен 2 баптың 6 бөлігі, 106 бап. Онан әрi бұл тұжырымдаманы халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена Конвенциясы дамытты. Халықаралық құқық комиссиясы императивтiк нормалардың құқықтық табиғатын егжей-тегжейлi талқылады. Жалпы халықаралық құқықтың императивтiк нормаларына халықаралық құқықтың негiзгi қағидаларын; әлемдiк бiрлестiктердiң халықаралық құқықтың қол жеткiзген адамгершiлiк стандарттарын- әдiлдiк, адал ниет қағидаларын тарихи түрде бекiтетiн құқықтар мен нормалар; қол жеткiзген гумандық деңгейдi бекiтетiн – адамзат құқығы, халықтар, аз ұлттар құқығы жөнiндегi, соғыс құрбандарын қоғау жөнiндегi қағидалар; атмосфераны жалпылай ластауға, жер бетiн, теңіздердi былғауға тыйым салатын қағидалар мен нормалар; халықаралық кеңістiктердiң, ашық теңiздердiң, космостың, Антарктиканың режимiн айқындайтын қағидалар мен нормаларды жатқызуға болады.

в) халықаралық–құқықтық реттеу тетігі қызметі бойынша – материалдық және іс-жүргізушілік.

Халықаралық құқықтағы іс-жүргізу нормаларының мәнi ұлттық жүйеден өзгешелеу. Ондай нормалар арнайы заң шығарушы және құқықты қолданушы мекемелермен шығарылады және iске асырылады.

г) халықаралық-құқықтық нормалардың басқа түрлерi.

Нормаларды жүйелеуге байланысты көптеген негiздер бар. Мәселен, олар - тыйым салатын, мiндеттейтiн, құқық беретiн нормалар. Бұлай бөлуге заңи тәртiптiң деңгейi негiз болады. Мысал ретiнде, халықаралық қатынастардың қатысушылары ратификациялаған, оларға қосылған немесе қабылдаған халықаралық шарттарды айтуға болады.

Қайнар көздердiң жүйесi негiзгi және көмекшi болып екiге бөлiнедi. Негiзгiге мыналар жатады:

  • Халықаралық шарт;

  • Халықаралық дәстүр;

Халықаралық құқықтың көмекшi қайнар көздерiне мыналар жатады:

  • Халықаралық ұйымдардың шешiмдерi, резолюциялары;

  • Халықаралық Соттың және Төрелік соттың шешiмдерi;

  • Iшкiмемлекеттiк заңдар, ұлттық соттардың шешiмдерi;

  • Халықаралық құқықтағы ғалымдар доктринасы;

  • “өркениеттi ұлттар мойындаған құқықтың жалпы қағидалары”.

Халықаралық дәстүр дегенiмiз халықаралық тәжiрибеде қалыптасқан тәртiп ережесi, халықаралық құқық субъектiлерi оның заңи мiндеттi сипатын мойындайды. Дәстүрдiң шарттық нормадан айырмашылығы тиiстi ережелердi нақты көрсететiн заңдық құжат еместiгiнде. Дәстүр барлық немесе бiрнеше мемлекеттердiң халықаралық әрекеттерiнiң ұқсастықтарының күші бойынша жинақталады. Ол ұзақ мерзiм бойында қолданылады және заңдық мiндеттiлiгiне сенiм сипатында болады. Сонымен, мемлекет тәжiрибелерiнiң ұзақтылығы салыстырмалы сипатта. Бүгiнгi таңдағы халықаралық қатынастарда жәй нормалардың қысқа мерзiмде жасалуы да кездеседi, - мысалы, ғарыш құқығында, теңiз құқығында.

Сөйтiп, халықаралық дәстүрге мыналар тән:

  • Қолданылу мерзiмiнiң ұзақтылығы.

  • Мойындалуының жалпылығы.

  • Заңдық мiндеттiлiгiнiң сенiмдiлiгi.

Халықаралық құқықтың қағидалары.

Қағидалар дегенiмiз - қандай да бiр жүйенiң негiзiн қалайтын идеялар, нақты жүйенiң барлық нормалары бағынатын, әрекетi көлемдi нормалар болып табылады.

Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары - халықаралық құқықтың өзiнiң пайда болуы кезеңiмен сәйкес келмейтiн санатқа жатады. Мұндай сипаттағы қағидалар осы құқық дамуының белгiлi бiр сатысында пайда болады. Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары - бұл халықаралық- құқықтық салада болып жатқан түбегейлi өзгерiстердi айқын бейнелейтiн негiзгi бастаулар. Халықаралық құқықтың қағидалары оның басты ережелерi болып табылады, оның халықаралық-құқықтың толық нормалары мен арақатысын заңдағы нормалардың конституциялық қағидаларының арақатысымен салыстыруға болады.

Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары - өзiндiк сипаттамасы бар дербес құқықтық санатқа жатады. Бiрiншiден, қағидалар барлық құқықтық жүйеге таралады. Екiншiден, - олар мiндеттi (императивтi) сипатта jus cogens. Үшiншiден, қағидаларға жүйе құраушы рөл сипаты тән. Төртiншiден, қағидаларға заңдылық критерийi тән болады.

Халықаралық құқықта қағидалардың екi түрлi санаты бар: Жалпы, негiзгi қағидалар; және тар мағынадағы тәртiп ережелерiн бекiтетiн арнаулы қағидалар.

Қазiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары, ең бiрiншiден Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекiтiлген. Бiрақ, БҰҰ Жарғысы халықаралық құқық қағидаларын тұжырымдау жөнiнде арнайы мақсатты көздемегендiктен, олардың кейбiреулерi өте қысқа мазмұндалған. Сондықтан, бiрқатар мемлекеттердiң бастамашылығымен, бiрнеше негiзгi қағидалардың мазмұнын айқындау үшiн БҰҰ-да бiрсыпыра жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыс 1970 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының БҰҰ Жарғысына сай (мұнан былай, халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары туралы Декларация) мемлекеттер арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияны қабылдаумен аяқталды.

1970 жылғы Декларацияда халықаралық құқықтың 7 қағидасы мазмұндалған:

  1. Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы.

  2. Iшкi iстерге араласпау қағидасы.

  3. Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы.

  4. Мемлекеттердiң бiр-бiрлерiмен мiндеттi ынтымақтасу қағидасы.

  5. Халықтардың теңдiк және өзiн-өзi басқару қағидалары.

  6. Мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидасы.

  7. Мiндеттемелердi адал орындау қағидасы.

Дегенмен, бұдан халықаралық құқықта тек осы 7 қағида бар екен деген ой тумау керек. 1975 жылы Хельсинкиде болған жалпы еуропалық жиналыстың Қорытынды Актiсiнде 10 қағида бар. 1970 жылғы Декларациядағы тiзiмге келесiлер қосымша енгiзiлдi: шекаралардың мызғымастық қағидасы; аумақтық тұтастық қағидасы; адамның құқықтары мен негiзгi мiндеттерiн құрметтеу қағидасы. Айтып өтетiн бiр жәйт, халықаралық құқық халықаралық құқық субьектiлерiнiң басшылыққа алатын қағидаларының барлығын белгiлеудi өзiне мақсат тұтпайды. Әрбiр жеке тарихи кезеңде қолданыстағы қағидалар жаңаланып, эволюция жүрiп тұрады. Мысалы, халықаралық экологиялық құқықта қоршаған ортаға залал тигiзбеу сияқты; қоршаған орта мен оның компоненттерiн еркiн зерттеу және пайдалану қағидасы; қоршаған ортаны тиiмдi пайдалану қағидалары және т.б. бар. Халықаралық әуе құқығында халықаралық әуе хабарламаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидасы; заңсыз қол сұғу актiсiнен әуе кемелерiн қорғау және т.б. қағидалар негiзгi қағидалар болып табылады.

Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың ара-қатынасы.

Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың арақатынасының проблемасын айта отырып, мына мәселеге назар аударуымыз қажет:

  1. халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтың нақтылы өзара әрекетін анықтау.

  2. халықаралық құқық пен норманың, ішкі мемлекеттік құқықтың кейбір нормаларының заңдық күші қаншалық? Басқаша айтқанда, мемлекеттің аумағында халықаралық құқық нормасын қолдану тәсілдері мен ішкі мемлекеттік құқық нормаларын мемлекет аумағынан тыс қолдану тәсілдері қандай?

  3. ішкі мемлекеттік және халықаралық құқықтар құқықтың дербес жүйесі бола алады ма немесе қандай да бір басымдылықтар бар ма?

Халықаралық және ұлттық құқықтың ара қатынасы теориясы үш негізгі бағытты пайда қылды. Дуалистік және екі монистикалық- халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басым тұру теориясы және ұлттық құқықтың халықаралық құқықтын басым тұру теориясы.

Бірінші бағыт – дуалистік теория ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Оның өкілдері Триппель, Анцилотти, Холл, Штрупп, Ульман және басқалары. Дуализмнің мәні халықаралық және ұлттық құқықтардың екі түрлі құқықтық тәртіпте қаралуында. Триппель бұл екі шеңбердің жанасатынын, алайда ешқашан қиылыспайтыны туралы жазған болатын.

Ал екінші белгілі дуалист Д.Анцилотти халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтар мен құқықтық тәртіптерді көрсететінін атап көрсетті. Сөйтіп, дуалистер халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың әртүрлі құқықтық жүйесінің жекеленген түрлері деген көзқарасты ұстанады. Онан басқа, осы бағыттың өкілдері екі жүйенің тұтастай заңдық бір мағыналықты көрсететінін атап, бір жүйенің екінші жүйеден басымдығын жоққа шығарады.

Екінші бағыт – халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдық теориясы.

Аталмыш теорияны Кельзен, Гуггенхейм, Ссель, Руссо жақтаған. Бұл теорияның мәні халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығын қолдауда, сол арқылы мемлекеттік тәуелсіздік жоққа шығарылды. Тіпті Кельзен мен Ссель осы көзқарасты жақтап тәуелсіздіктің «көнергенін» және оның «құқықтың дамуына» кедергі келтіретінін дәлелдегілері келді.

Үшінші бағыт – ұлттық құқықтың халықаралық құқықтан басымдық теориясы. Аталған теорияны қолдаушылар (Гегель, Цорн, Кауфман) халықаралық құқықты түрлі мемлекеттердің сыртқы мемлекеттік құқықтарының жиынтығы деп қарастырды. Гегель мемлекет жер бетіндегі абсолюттік билікті сипаттайды деп дәлелдемек болды. Сөйтіп, ішкі мемлекеттік нормаларды, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын өзгертуге құқылы болды. Гегельдің бұл көзқарастары фашизм теориясында халықаралық қатынастардың тәлкекке ұшырауын ақтау үшін пайдаланылды. Ұлттық құқықтың халықаралық құқыққа мұндай басымдығын мақұлдау құқықтық немқұрайдылыққа әкеліп соғады.

Дәріс №3.

Халықаралық құқықтың субъектілері.

Халықаралық құқықтың кейбiр ерекшелiктерiне қарамастан теориядағы құқық субъектiлерiне берiлген түсiнiк оған да бiрдей болып келеді. Субъективтi заңдық құқықтары мен мiндеттерi бар халықаралық құқық қатынасы қатынасушылары халықаралық құқық субъектiлерi болып табылады. Олар халықаралық қатынастарға дербес күйде қатысуға; басқа субъектiлермен заңдық қрекеттестiкке тiкелей түсуге қабiлеттi жқне тқуелсiз болады. Халықаралық құқық субъектiлерi екi топқа бөлiнедi; алғашқы және туынды. Алғашқы топқа тәуелсiздiгi бар мемлекеттер; өз тәуелсiздiктерi үшін күресушi халықтар мен ұлттар кiредi. Соңғылары өзiнiң мемлекеттiк құрылысын өзi шешу құқығын жүзеге асырады. Субъектiнiң бұл екi тобы алғашқы топқа жалпы белгiлерi – тәуелсiздiгi арқылы бiрiккен. Мемлекетте ол белгi – мемлекеттiк болса, ал өз тәуелсiздiктерi үшін күресушi ұлттар мен халықтарда – ұлттық белгі болады. Екiншi топқа халықаралық ұйымдар мен мемлекет тәрiздес құрылымдар кiредi. Жеке тұлғалар халықаралық құқық субъектiлерiнiң ерекше тобын құрайды.

Мемлекеттер халықаралық құқықтың негiзгi субъектiлерi ретінде. Қазақстан Республикасы – халықаралық құқық субъектiсi.

Халықаралық құқық субъектiсi ретiндегi мемлекеттер үшін ерекше саяси – заңдық сипат тән, өз аумағындағы үстемдiгi және халықаралық қатынастардағы тәуелсiздiгi. Мемлекет өз тәуелсiздiгiнiң күшi бойынша құқық субъектiлiкке ipso-facto-ға ие, яғни өзiнiң өмiр сүру фактiсiнiң нәтижесiнде ие болады. Мемлекеттердiң әрекет қабілеттігі оның халықаралық шарттық тәжiрибелерге қатысуынан, дипломатиялық және елшiлiк қатынастарды орнату нәтижесiнен, халықаралық ұйымдарға мүше болу мәселелерiнен көрiнедi. Мемлекеттiң халықаралық құқық субъектiсi ретiнде болуы халықаралық жүйенiң өзгешелiгiн құрайды. Мемлекет бiр жағынан алғанда халықаралық жүйенiң бiр бөлiгi болса, екiншi жағынан одан тыс та дами бередi. Мысалы, XX жүзжылдықтың 60 жылдарының басында Албания халықаралық ұйымдарының құрамынан шығып, басқа мемлекеттермен дипломатиялық жқне елшiлiк қатынастардың бқрiн тоқтатып, автономды түрде дамуға бел байлады. Дегенмен, халықаралық құқықтың даму тарихында мемлекеттердiң өз iшкi мүмкіндіктерін түгелдей тауысқан кездерi сияқты мысалдар да аз емес. Халықаралық ынтымақтастықты қажет ететiн объективтi сұраныс туындайды. Осындай тарихи кезеңнен Албания да өттi, ол бүгiнгi таңда халықаралық құқықтың тең құқылы субъектiсiнiң бiрi.

Дәріс №4.

Халықаралық шарттар құқығы.

Халықаралық шарттар құқығы – шарттық-құқықтың нормалар жиынтығын құрайтын, халықаралық шарттардың жасалу тәртiбiн, жарамдылық шарттарын, әрекет етуi мен тоқтатылуын айқындайтын халықаралық жария құқықтың бiр саласы. Халықаралық шарттардың құқығы қазiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi салаларының бiрi, ол халықаралық құқықтың барлық құқықтық нормаларымен, институттарымен және салаларымен тығыз байланысты болып табылады. Осы сала қазiргi заманғы халықаралық құқықтың қызмет тәртiбiн, шарттық нормаларды жасау тәртiбiн, олардың жарамдылығын, әрекет ету, тоқтау іс-жосықтарын, өзiне жүктелген мiндеттемелердi орындамаудың құқықтық салдарларын айқындайды. Шарттық құқықтың мұндай басымдылық рөлi оның реттеу объектiсiнiң ерекшелiгiмен, қазiргi заманғы халықаралық қатынастардағы маңызымен, сондай-ақ халықаралық шарттар құқықтарының қайнар көздерiнiң өзгешелiгiнен айқындалады. Халықаралық шарттың өзi - халықаралық шарттар құқығының объектiсi болып табылады, ол халықаралық құқықтың негiзгi қайнар көзi; жәй ғана емес, сонымен бiрге шарттық ережелердi де өзгерту құралы; халықаралық жария құқықтың барлық салаларында халықаралық құқықтың маңызды жаңа нормаларының жасалуына мүмкiндiк бередi. Құқықтың осы саласының құрылымында, мазмұнында болып жатқан өзгерiстердiң халықаралық құқықтың басқа салаларының мазмұнынан көрiнiс табары сөзсiз. Жоғарыда атап өтiлгендер халықаралық жария құқықтың қазiргi заманғы жүйесiнде халықаралық шарттар құқығының ерекше орын алатындығын көрсетедi.

Халықаралық шарт – бұл халықаралық құқық субъектiлерiнiң, ең алдымен және негiзгi орайда мемлекеттер ерiктерiнiң келiсiлген көрiнiсi, ол тараптардың өзара мүдделi мәселелерi бойынша жасалады; және қатынастарды халықаралық құқықтың негiзгi қағидаларына сай, өзара құқықтар мен мiндеттердi жасай жолымен реттейтiн шарттық ережелер болып табылады. Мұнда айта кететiн бiр жәйт, халықаралық құқықтағы шарт шарттық процесс қатысушыларының ерiктi ғана емес, сонымен бiрге бiр-бiрiне маңызы бiрдей жол берушiлiк нәтижесiнде пайда болады. Халықаралық шарт құқығының теориясы шарттарды тең құқықты және тең құқықсыз деп екiге бөледi. Халықаралық жария құқық субъектiлерiнiң сапалы шарттық тәжiрибелерi үшiн тең құқықты шарттардың алар орны ерекше екенi дау тудырмайды, олар шарттық процесс қатысушыларының тәуелсiздiгi мен дербестiгiн өзара мойындауға негiзделген.

Ратификациялау (ratificatio және ratus деген латын сөздерiнен шыққан - шешiлген, бекiтiлген деген мағынада) шарт процесiнiң маңызды сатыларының бiрi, ол мемлекеттiк билiктiң жоғарғы органының халықаралық шартты бекiтуiн көрсетедi. Ратификациялау шартқа заңдық күш бередi. Кейбiр елдерде, мәселен АҚШ-та ратификациялау конституциялық түзетулердi бекiтудiң ерекше тәртiбi болып саналады. Ратификациялаудың екi түрлi тәсiлi бар: ратификациялық грамоталар түрiндегi - халықаралық және заң немесе жарлық нысанындағы және мемлекет iшiндегi. Ратификациялау халықаралық шарт жасаудың мiндеттi сатысы болып есептелмейдi. Ратификациялау арқылы - халықаралық шарттың қатысушысы - мемлекеттiң тыныш жағдайда халықаралық шарт мазмұнын ойлау мүмкiндiгi, өзiнiң өкілетті тұлғаларының әрекеттерiн тексеру, қоғамдық пiкiрмен үйлестiру мүмкiндiгi пайда болады. Халықаралық тәжiрибеде мемлекеттiң халықаралық шартқа қол қойғанымен, оны ратификациялаудан бас тартатын жағдайлары болып тұрады. Ратификациялаудан бас тарту халықаралық құқықты бұзу болып есептелмейдi. Сонымен бiрге, халықаралық бiрлестiк мұндай бас тартудың негiзделген болуын көздейдi, өйткені бұл халықаралық құқықтың үдемелi дамуына кедергi келтiруi мүмкiн. Қазақстандық заңнамаға сәйкес, Конституциялық Кеңес халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестiгiн оларды ратификациялауға дейiн тексередi. Мұндай іс-жосық үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттарының көпшiлiк санының кем дегенде 1/5 бөлігі және Премьер-министрдiң үндеулерi қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп танылған халықаралық шарттар ратификацияланбайды және қолданысқа енгiзiлмейдi.

Дәріс №5.

Халықаралық құқықтағы жауапкершілік.

Жауапкершiлiк институтын пайдалану халықаралық құқықтық тәртiптi қамтамасыз етудiң бiр тәсiлi болып табылады. Iшкi заңнама нормаларын сақтау тиiстi ұлттық жүйенiң заң нормалары мен мәжбүрлеу институтын қолдану арқылы қамтамасыз етiледi. Халықаралық қатынастарда орталықтандырылған мемлекеттiк мәжбүрлеу аппараты жоқ. Халықаралық-құқықтық жауапкершiлiк жеке қағида немесе құқықтық норма емес, ал халықаралық жария және халықаралық жеке құқыққа белгiлi құқықтық институт болып табылады. Осы институт халықаралық жария құқықтың барлық салаларына тән.

Жауапкершiлiк институтының маңызы мен мәнi халықаралық құқықтың қызмет етуiмен, халықаралық бейбiтшiлiк пен құқықтық тәртiптi нығайтумен тiкелей байланысты. Халықаралық құқық доктринасында көпке дейiн жауапкершiлiктi мемлекет қасиетiне телiп келдi. Алайда, жауапкершiлiкте ондай қасиет жоқ, себебi халықаралық мiндеттемелерiн адал орындайтын, құқықтың басқа субъектiлерiне зиян тигiзбейтiн мемлекет жауапкершiлiкке тартылмайды. Онан гөрi, жауапкершiлiктi халықаралық қатынастардың бiр қасиетi ретiнде бейнелесе болады. Тиiсiнше, халықаралық қатынастардың мұндай қасиетiнiң болуы халықаралық бiрлестiкке тәртiптi ұстанудың бiр тәсiлi болып табылады.

Халықаралық құқықтағы жауапкершiлiк – бұл халықаралық - құқықтық мiндеттемелердi бұзған жағдайда халықаралық құқық субъектiлерi үшiн туындайтын заңдық салдарлар. Мұнда, жауапкершiлiк, тек жауапкершiлiктен босату негiздерi болмаған жағдайда ғана туындайтынын айта өту керек.

Жауапкершiлiк институты қазiргi заманғы халықаралық құқықтың барлық салаларының негiзiн қалаған қағидалармен негiзделедi.

  1. Мемлекет өзiнiң iшкi құқығына сiлтеме жасау арқылы халықаралық - құқықтық жауапкершiлiктен босатылмайды. Бұл қағида тек халықаралық жария құқықта ғана қолданылады, өйткенi жеке құқықта ұлттық заңнамаға сiлтеме жасала отырып, халықаралық - құқықтық жауапкершiлiк жоққа шығарылады. Халықаралық жеке құқықтың коллизиялық нормаларының мәнi осында.

  2. Халықаралық құқықтың көпшiлiк мойындаған нормаларына қайшы келетiн заңдарды қабылдағаны үшiн, сондай-ақ, құқық субъектiлерiнiң халықаралық - құқықтық мiндеттемелердi орындауы үшiн қажеттi заңдарды қабылдамағаны үшiн мемлекеттiң жауапкершiлiк қағидасы.

  3. Халықаралық құқық субъектiлерiнiң мәжбүрлеп, қол астында ұстауы немесе кез-келген күш көрсетуi үшiн жауапкершiлiк қағидасы.

  4. Басқыншылық актiсiн дайындағаны, жоспарлағаны және жүзеге асырғаны үшiн халықаралық бiрлестiк алдындағы жауапкершiлiк қағидасы.

  5. Құқық субъектiсiне мiндеттеменi бұзған үшiн халықаралық - құқықтық санкцияны қолдану және келтiрiлген залалдың орнын толтыру қағидасы.

Жауапкершiлiк институтын реттейтiн құқықтық нормалар жүйесi жәй сипаттағы нормалармен ұсынылады. Сондықтан, осы институтты кодификациялау мәселелерi өзектi болып отыр. Осы бағытта кодификациялық жұмыстар iстеуге әрекеттенген Ұлттар Лигасы мемлекеттiң шет елдiк тұлғаға және мүлкiне келтiрiлген залал үшiн жауапкершiлiктi көздеумен ғана шектелдi. БҰҰ-ның халықаралық құқық жөнiндегi Комиссиясы жауапкершiлiк институтының нормаларын кодификациялауды 1956 жылы бастады. Халықаралық - құқықтық жауапкершiлiкке мынадай анықтама берiлген едi: «Мемлекеттiң халықаралық құқыққа қарсы әрекетiнiң нәтижесiнде халықаралық құқық аясында пайда болуы мүмкiн барлық құқықтық қатынастардың жаңа түрлерi, бұл қатынастың құқыққа қарсы әрекет жасаған мемлекеттiң, тiкелей зәбiр көрген мемлекетпен арасындағы құқық қатынастармен шектелетiндiгiне қарамастан, немесе халықаралық құқықтың басқа субъектiлерiне таралатын болса немесе кiнәлi мемлекеттiң залал келтiрiлген мемлекеттiң құқықтарын қалпына келтiру мiндетiне және заладың орнын толтыртуға қарамастан немесе залал келтiрiлген мемлекеттiң, яғни халықаралық құқықтың басқа субъектiлерiнiң құқықтарын қамтитын болса, онда кiнәлi мемлекетке халықаралық құқық қарастыратын санкцияның бiрiн қолдану керек. Бұл көлемдi, әмбебап түсiнiкте маңызды сәттер ескерiлген.

Мемлекеттердiң жауапкершiлiгiн болғызбайтын жағдаяттар

Қазiргi заманғы халықаралық қатынастарда мемлекет тәртiбi халықаралық - құқықтық мiндеттемелерге сәйкес келмесе де, құқыққа қайшы әрекет болып есептелмейтiн жағдайлар кездесiп тұрады. Халықаралық құқық Комиссиясы мемлекеттердiң жауапкершiлiктерi туралы баптардың жобасына «құқыққа қайшылықты болғызбайтын жағдаяттар» деген тарауды енгiздi.

Мұндай жағдайларда ескерiлетiн мән – жайларға келiсiм, халықаралық - құқыққа қайшы әрекеттерге қатысты жауап қату шаралары, форс – мажор жағдайлары, күтпеген жағдай, апатты жағдайлар, қажеттiлiк, заңды қорғану жатқызылады. Мұндай мән–жайлар мемлекеттiң тәртiбi құқыққа қайшы еместiгiн көрсететiн айғақты жағдайлар немесе заңи фактiлердi көрсететiнiн атап айту керек, соған орай халықаралық - құқықтық жауапкершiлiк туындамайды.

Дәріс №6.

Халықаралық ұйымдар құқығы.

Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың қосымша субъектілерінің қатарына жатқызылады. Олар мемлекетпен бірге доктриналдық, сондай-ақ конвенциялық тәртіпте халықаралық құқықтың субъектілері болып есептеледі. Халықаралық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өзара ықпалдасуының ең бір күрделі проблемасын – мемлекеттік тәуелсіздік пен үкіметаралық ұйымдардың құзіретіндегі мемлекеттен тыс белгілердің ара қатысындағы мәселе ретінде көрсетеді.

Ұйым Жарғысының заңды күшіне енуі белгілі бір құқықтық салдарларды қамтамасыз етеді. Мәселен, халықаралық құқықтың жаңа субъектісі пайда болады, ол өзін құрған мемлекеттен өзгеше сипатпен аңықталады. Дегенмен де, халықаралық ұйым халықаралық құқықтың негізгі субъктілеріне тән маңызды ерекшелігіне – мемлекеттер, ұлттар мен халықтар өз тәуелсіздігін – дербестігін қорғап күресу ерекшелігіне ие бола алмайды. Мемлекет, кез келген халықаралық ұйымға кірген кезде өзінің тәуелсіз құқықтарын жүзеге асырады. Бірақ, мұндай жағдайда мемлекет пен ұлттық ұйымдардың байланысу сипаттары мемлекеттің тәуелсіздігін толықтай шектейді деген ұғым туындамауы керек. Тәуелсіздік – бұл мемлекеттік биліктің күрделі саяси-заңдық сипаты, ол құзіреттердің саяси режимі, билік механизмі сияқты құқықтық институттар арқылы жүзеге асыралады. Халықаралық ұйымдардың жарғыларында тек қана бір белгі- құзіреттер бойынша ғана шектеу қойылады. (Халықаралық Даму және қайта құру Банкісінде, Халықаралық Валюта Қорында – бұл экономикалық мәселер, БҰҰ-ның. Қауіпсіздік Кеңесінде – бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мәселелері).

Халықаралық Ұйым – халықаралық қатынастарды халықаралық – құқықтық реттеу жүйесіндегі қажет нақты объективті құбылыс. Халықаралық тәжірибеде халықаралық ұйымдардың қызметіне және оның көптеген бағыттары бойынша ары қарай дамуына әсерін тигізетін факторлар мен шарт – жағдайлар жүйесі болады. Олар мынадай:

  • шаруашылық қызметін интернационалдау;

  • ғылыми-техникалық процесс;

  • қазіргі заманғы маңызды проблемалардың ғаламдық сипаты.

Халықаралық ұйымдар құқығы - халықаралық ұйымдардың қызметтерін және құқықтық мәртебесін, пайда болу мәселелерін реттейтін қағидалар мен нормаларды біріктіретін қазіргі заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.

Көп жағдайларда халықаралық ұйым құқығы халықаралық құқықтың бір саласы ретінде танылады. Сонымен қатар, баяғы қалпынша халықаралық құқықтың жүйенің ішкі құрылымының проблемалары шешілмеген, соның ішінде бұл жүйедегі халықаралық ұйымдардың құқықтарының алатын орыны әлі айқындалмаған. ХІХ ғасырдың ортасында тұрақты әрекет ететін халықаралық ұйымдар пайда болғанға дейін мемлекетаралық тікелей байланыстар халықаралық қатынастардың негізгі түрі болып келді. Кейінірек, халықаралық ұйымдардың пайда болуына орай, халықаралық ұйымдардың шеңберінде халықаралық қатынастар пайда болды, олар:

  • мемлекеттердің, халықаралық ұйым мүшелері есебінде өзара байланыстары;

  • мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен қатынасы;

  • халықаралық ұйым органдарының өзара қатынастары;

  • ұйымдардың мүшелері емес мемлекеттермен халықаралық ұйымдардың байланыстары.

Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғаты.

Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың туынды субъектісі болғандықтан мемлекеттің әртүрлі әлеуметтік - экономикалық құрылымдармен ынтымақтастығын қамтамасыз етеді, қазіргі заманғы ғаламдық проблемаларды шешеді. Халықаралық ұйымдардың дамуы олардың халықаралық құқықсубъектілігін алуымен тікелей байланысты. Халықаралық ұйымдар нормашығарушылық, кодификациялық және бақылау қызметтерін жүзеге асырады. Аталған қызметтерді жүзеге асыру халықаралық ұйым қызметтерін халықаралық – құқықтық реттеу механизміне ықпал етуді арттыруды қамтамасыз етеді.

Халықаралық ұйымдардың жіктелуі көптеген қиыншылықтармен байланысты. Біріншіден, бір ұйымға берілетін анықтаманың өзіне әртүрлі жақтан келуге болады. Екіншіден, түрлі ұйымдар бар, олардың маңызды ерекшеліктеріне қарай сан түрлі санатқа бөлуге болады. Жіктеудің негіздеріне мыналар кіреді:

  • Мүшелікке қойылатын талаптар:

а) үкіметаралық (мемлекетаралық)- мұндай ұйымға тек мемлекеттер ғана мүше бола алады. Мұндай талапты қолдану құқықсубъектілікті анықтаған кезде үлкен маңызға ие (БҰҰ, ХЕҰ, БДҰ, ЮНЕСКО).

б) үкіметаралық емес ұйымдарға заңды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар (қызыл крест пен қызыл жарты ай қоғамы, БҰҰ-ның дүниежүзілік бейбітшілік кеңесі жәрдемдесу ұйымы).

  • Қызмет ету мерзімі.

а) Уақытша – бұл топқа халықаралық жиналыстар, халықаралық конференциялар жатады.

б) Тұрақты – бұл топқа қазіргі кезде әрекет ететін ұйымдарды – БҰҰ, ТМД, барлық мамандандырылған ұйымдарды жатқызуға болады. Осы аталған талаптардың бәрі шартты екенін атап айтқан жоқ. Мысалы, экономикалық көмек кеңесі, Варшава Шарт Ұйымы өздерінің әрекет еткен кезеңдерінде тұрақты халықаралық ұйымдар болған еді.

  • Аумақтық қызметтері бойынша;

а) Бүкіләлемдік – оларға БҰҰ, Юнеско, халықаралық Жастар Одағы т.б. жатады.

б) аймақтық – қызмет әрекеті белгілі бір аймаққа таралатын ұйымдар – араб мемлекеттерінің Лигасы, Африкалық бірлестік ұйымы, Американдық мемлекеттер ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер. Достастығы.

  • Қызмет түрлері бойынша;

а) қызмет түрі шектелмеген ұйымдар – БҰҰ, араб елдерінің Лигасы.

б) арнайы мәселерді шешетін құзіреттері бар Ұйымдар – БҰҰ-ның барлық мамандандырылған мекемелері;

Бiрiккен Ұлттар ұйымы (БҰҰ) - құрамына 193 мемлекет кiретiн әмбебап халықаралық ұйым. Құрылып, қалыптасқасқалы берi БҰҰ ұдайы даму үстiнде. Бүгiнгi таңда оның құрамындағы 2/3 мүшелерi бiр кездерi колониялық тәуелдiлiкте болған, ал қазiргi кезде даму жолындағы мемлекеттер. Дегенмен, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы абсолюттi мiнсiз ұйым емес. Осы ұйым 1945 жылы 51 мемлекеттi бiрiктiрiп, бүгiнгi күнге дейiн өз құрылымын сақтап қалды, мүшелерiнiң үш еседей артуына қарамастан, өз жұмысында бәз-баяғы іс-жосығын қолданып келедi. Бүкiләлемдiк ұйымның барлық қызметi бiр проблеманы шешуге бағытталған: ол - өзiне мүше әрбiр мемлекеттiң ұлттың мүдделерi мен тұтастай алғандағы халықаралық бiрлестiктiң мүдделерiнiң арақатысын шешу. Осы негiзгi проблема шеңберiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қызметiн үш негiзгi бағытқа бөлуге болады:

  1. Бiрiншiсi - халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау.

  2. Екiншiсi - БҰҰ-ның әлемдi қайта қалыптастырудағы күнделiктi әрекеттерi.

  3. Үшiншiсi - адамзаттың болашағын халықтар арасындағы ғаламдық ынтымақтастықты реттеу арқылы жоспарлау немесе болжалдау.

Бiрiккен Ұлттар Ұйымы құрылудың алдында мынадай конференциялар болған едi:

  1. 1941 жылдың 12 маусымында Лондонда Одақтық декларацияға қол қойылды, онда одақтастардың “бейбiтшiлiкте де, соғыста да еркiн халықтармен бiрге жұмыс iстеуге” деген ұмтылысы өз негiзiн тапты. Осы кездесу БҰҰ-ны құрудың алғашқы қадамы болды. Кеңес үкiметi екiншi дүниежүзiлiк соғыстың алғашқы сатыларында-ақ, соғыстан кейiнгi кезеңде қауiпсiздiктiң тиiмдi халықаралық ұйымын құрудың мақсатқа сай келетiндiгi туралы мәселе қозғаған болатын.

  2. 1941 жылдың 14 тамызында Атланта Хартиясына қол қойылды. Америка Қүрама Штаттарының Президентi Франклин Делано Рузвельт пен Британ королдығының премьер-министрi Уинстон Черчилль халықаралық ынтымақтастық және бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау қағидаларының топтамасын ұсынды.

  3. 1942 жылдың 1 қаңтарында Вашингтонда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Декларациясына қол қойылды. Оған Атланта Хартиясының ережелерiн қолдаған 26 мемлекеттiң өкiлдерi қатысты. Президент Рузвельт ұйымға “Бiрiккен Ұлттар” деген жаңа атауды қоюды ұсынды. Бiрiккен Ұлттар Декларациясында осы ресми атау бiрiншi рет қолданылды.

  4. 1943 жылдың 30 қазанында Москва Декларациясына КСРО, Бiрiккен Корольдық, Құрама Штаттар және Қытай үкiметтерi қол қойды. Осы құжатта бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау үшiн тезiрек халықаралық ұйымды құру айтылды.

  5. 1943 жылдың 1 желтоқсанында Қүрама Штаттардың, КСРО мен Бiрiккен Королдықтың басшылары Тегеран конференциясын өткiздi, онда тағы да бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау үшiн халықаралық ұйымды тезiрек құру мәселесi қозғалды.

  6. 1944 жылдың 21 қыркүйегiнен 7 қазан аралығында Думбартон - Окседе өткен екi сериялы мәжiлiсте (Вашингтон) КСРО, Бiрiккен Корольдық, Құрама Штаттар және Қытай осы ұйымның мақсаты, құрылымы және қызметтері туралы мәселелер жөнiн талқылады. Конференцияда “қауiпсiздiктiң жалпыға бiрдей халықаралық ұйымын құруға қатысты ұсыныстар” жазылды. Ұсыныстарда ұйымның құрылымы, оның мақсаты, қағидалары, мүшелiк, басты органдарының қызметтері анықталды. Сөйтiп, ұйымның құрылымы былайша айқындалды: Басты органдар - Бас Ассамблея, Қауiпсiздiк Кеңесi - тұрақты және тұрақсыз мүшелерден құрылуы тиiс болды; және Хатшылық, Халықаралық сот, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес. Халықаралық бейбiтшiлiк қауiпсiздiктi қолдау жөнiндегi басты органдардың бiрi - Қауiпсiздiк Кеңесiнде дауыс беру тәртiбi туралы мәселе ашық күйiнде қалды. Қауiпсiздiк Кеңесi бейбiтшiлiк мүдделерiне немесе қандай да бiр мемлекеттердiң заңды мүдделерiне қарсы қолданылмауын бекiтетiн тәртiпке қол жеткiзу керек болды. АҚШ делегациясының басшысы мәжбүрлеу шарттарын қолдануға қатысты шешiм қабылдағанда ұйымның барлық тұрақты мүшелерiнiң бiр- ауыздылық қағидасы жүзеге асырылсын деп ұсынды. Америка Құрама Штаттары вето құқығының бастаушысы болды. Тұрақты мүшелердiң бiреуi дауласушы тарап жағына шыққанда, шешiмдi талқылау барысында Кеңес қатысушыларының пiкiрi бiрiкпей қалып жүрдi. КСРО Қауiпсiздiк Кеңесi кез келген саяси шешiм қабылдағанда тұрақты мүшелерiнiң бiрауыздылық қағидасы сақталуы тиiс деген көзқарас ұстанды. Әйтпегенде, бұл қағиданы елемеу БҰҰ-ның Ұлттар Лигасы сияқты ыдырауына әкелiп соғуы да мүмкiн. Ал, АҚШ болса, дауласушы тарап жағындағы Кеңестiң тұрақты мүшесiнiң беретiн дауысы дауыс беруде есептелмесiн деп талап еттi. Кеңестер Одағы мұндай тәртiптен бас тартты, өйткенi мұндай тәртiп асыра сiлтеушiлiкке кепiл бола алмас едi. Қауiпсiздiк Кеңесiнде дауыс беру мәселесi сол күйi шешiлмей қалды. Ұйымның атауына 1942 жылдың 1 қаңтарындағы Декларацияда енгiзiлген “Бiрiккен Ұлттар” терминiн қалдыру ұсынылды.

  7. 1945 жылдың 11 ақпанында президент Рузвельт, премьер-министр Черчилл және Иосиф Сталин Ялтада бас қосты. Мемлекеттер басшылары “бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау үшiн жалпыға бiрдей халықаралық ұйым” құруға бел байлағандарын жариялады. Осы бас қосуда Қауiпсiздiк Кеңесiндегi дауыс беру іс-жосығы туралы мәселе тағы да қозғалды. Негiзiнен, көпшiлiгi Рузвельттiң ұсынған формуласын жақтады, ол формулада дауларды шешу барысында Кеңестiң мүшесi оның қатысушысы болғанда және Іс-жосық мәселелерiн қоспағанда, барлық саяси мәселелердi шешу кезiндегi Кеңестiң бес тұрақты мүшесiнiң ауызбiршiлiгi көзделген.

  8. 1945 жылдың 25 сәуiрiнен 26 маусымына дейiн Сан-Францискода Бiрiккен Ұлттардың халықаралық ұйымдар мәселелерi жөнiндегi Кеңесiнiң конференциясы болды. “...50 мемлекеттен 282 делегат келдi. Конференция жұмысына барлығы 5 мыңнан аса адам ат салысты. Бұл конференция одақтық державалардың бiрлiгi деген ұранмен өткiзiлдi. Олар КСРО, АҚШ, Англия. БҰҰ Жарғысы үш ұлы державалардың басшылары қатысқан Думбартон - Окседегi Кеңес және Ялтадағы келiссөздер барысында жасақталған тұжырымдамада бекiтiлдi...” - деп осы тарихи оқиғаны БҰҰ Бас Хатшысының саяси мәселелер және Қауiпсiздiк Кеңесiнiң iстерi жөнiндегi орынбасар қызметiн атқарған Л. Кутаков осылайша сипаттады”.

Сан-Франциско конференциясы екi ай бойында жұмыс iстеп, БҰҰ Жарғысын қабылдаумен аяқталды. Конференция делегаттары халықаралық әмбебап ұйымының 111 баптан тұратын құрылтай құжатын дайындайды, ол 1945 жылдың 25 маусымында бiр ауыздан қабылданды. Келесi күнi, яғни 26 маусымда соғыс ардагерлерi мемориалының ғимаратында - БҰҰ Жарғысына қол қойылды. 110-баптың 3-тармағына сәйкес, “Осы Жарғы Қытай Республикасы, Франция, Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы, Ұлыбритания бiрiккен корольдығы, Солтүстiк Ирландия, Америка Құрама Штаттары және Жарғыға қол қойған басқа мемлекеттердiң көпшiлiгi ратификациялық грамоталарын сақтауға бергенде өз күшiне енедi...” Егер мұны арифметикалық тәсiлмен есептеп көрсек, онда “басқа мемлекеттердiң көпшiлiгi” дегенiмiз - бұл 24 мемлекет (51-5=46:2+1=24). Осы көпшiлiк мемлекет санына баптың мазмұнында бекiтiлген бес мемлекеттiң дауысы да қосылады. Сөйтiп, БҰҰ-ның құрылтай құжатының заңды күшiне енуi үшiн 29 ратификациялық грамота жинау қажет едi. Ең соңғы ратификациялық грамота 1945 жылдың 24 қазанында тапсырылды. Жоғарыда аталған баптың талаптары бойынша осы күн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының құрылған күнi болып есептеледi.

БҰҰ-ға алғашында 51 мемлекет мүше болды. БҰҰ-ға мүшелiкке өтудiң талаптары мынадай:

1) мемлекет тәуелсiз, бейбiтшiлiктi сүйгiш болуы керек;

2) мемлекет жарғылық талаптарға орай өзiне мiндеттемелердi жүктеуi тиiс;

3) мемлекет өзiне жүктелген мiндеттемелердi орындай алады және орындағысы келедi.

Ұйымға мемлекеттер Қауiпсiздiк Кеңесiнiң ұсынысымен Бас Ассамблеяның қаулысы арқылы мүшелiкке қабылданады. БҰҰ қағидаларын жүйелi түрде бұзған мемлекеттердi Қауiпсiздiк Кеңесiнiң ұсынысымен Бас Ассамблея БҰҰ-ның құрамынан шығарып тастайды. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң осы мәселеге қатысты ұсынысы ауызбiршiлiк қағидасының негiзiнде қабылданады, яғни Қауiпсiздiк Кеңесiнiң бес тұрақты мүшесiнiң дауысын қоса алғанда, Кеңестiң 9 мүшесiнiң дауысы қажет. Жарғының ережелерде ұйымның құрамынан өз еркiмен шығу тезисi көзделмеген. Сан-Францискода Уругвай делегациясы БҰҰ-дан шығуға тыйым салу керек деп ұсынған болатын. Бұл ұсынысты конференция қатысушылары жақтамады. 1960 жылы Индонезия мемлекетi БҰҰ-дан шығу туралы өтiнiш жасады. Барлық мiндеттемелердi орындау үшiн мемлекетке бiр жыл уақыт берiлдi. 6 ай өткен соң Индонезия өтiнiшiн қайтарып алды.

Бүгiнгi таңда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерiнiң тобына мыналар кiредi:

1. Халықаралық Еңбек ұйымы (ХЕҰ)

2. БҰҰ-ның азық-түлiк және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО).

3. Бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi бүкiләлемдiк ұйым (ЮНЕСКО).

4. Бүкiләлемдiк денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ).

5.Бүкiләлемдiк Банк - Халықаралық Даму және Қайта құру Банкi (ХДҚБ)

6. Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА).

7. Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК).

8. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ).

9. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО).

10. Бүкiләлемдiк Пошта Одағы (БПО).

11. Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО).

12. Бүкiләлемдiк метеорологиялық ұйым (БМҰ).

13. Халықаралық теңiз ұйымы (ИМО).

14. Бүкiләлемдiк интелектуалдық меншiк ұйымы (БИМҰ).

15. Халықаралық ауылшаруашылық даму қоры (ХАДҚ).

16.Өндiрiстiк және даму жөніндегі БҰҰ (ЮНИДО).

КСРО ыдырағанан кейiн экономикалық дағдарысты бастан кешкен бұрынғы кеңес мемлекеттерiнiң бәрiне келiсiлген әрекеттер, ынтымақтастық қажет болды, өзара тиiмдi шешiмдер iзделдi. Әлемдiк тәжiрибеден белгiлi болғанындай, тұрақтылықты сақтау, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, экономиканы реформалау үшiн, әлемдiк бiрлестiктiң интеграциялануы үшiн бiрлесу қажет едi. Сондықтан, Тәуелсiз мемлекеттер Достастығының құрылуы - бұл тәуелсiз мемлекеттердiң обьективтi және заңды даму процесiнiң нәтижесi.

Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың көпшiлiк мойындаған нормалары мен қағидаларын сақтау негiзiнде экономикалық және саяси мiндеттердi шешу үшiн ТМД аясында байланыстарды нығайтуға ат салысты. Қазақстанның жаңартылған КСРО қалыптастыру туралы және бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы ұсынысы Ресейдiң бiрiншi Президентi Б.Н.Ельциннiң 1991 жылы 17-18 тамызда Қазақстанға келген жұмыс сапарында алғаш рет айтылды. “Тәуелсiз мемлекеттер Одағының тұрақтылығының кепiлi туралы” және “Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы” бiрiккен өтiнiштерге қол қойылды. Осы құжаттарға Қазақстан және Ресей басшылары басқа республикалардың жетекшiлерiне жаңа бiрыңғай нарық кеңiстiгiн құруға байланысты барлық проблемаларды талқылау мақсатында қызметтiк кездесу ұйымдастыруды ұсынды. 1991 жылдың 8 желтоқсанында Беларусь, Ресей және Украина арасында Беловеж келiсiмiне қол қойылды. 1991 жылдың 13 желтоқсанында Орта-азия мемлекеттерi басшыларының кездесуi өттi. 1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда он бiр тәуелсiз мемлекет келiссөздер жүргiздi. Олардың “теңқұқылық негiзiнде және жоғары келiсушi Тараптар ретiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын құруға” шешiм қабылдауы осы кездесудiң нәтижесi едi. ТМД қатысушыларының әрекеттестiгi теңқұқылық, бiр-бiрiнiң аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын құрметтеу қағидаларына сай және бiртұтас қорғаныс кеңiстiгi мен ядролық қаруға бiртұтас бақылауды сақтау арқылы жүзеге асырылатындығы жөнiнде Алматы Декларациясына қол қойылды. ТМД-ның барлық қатысушыларының келiсiмiнен, бұрынғы КСРО мүше-мемлекеттерiнiң, сондай-ақ Достақтықтың мақсаттары мен мiндеттерiн бұлiсетiн басқа да мемлекеттердiң оған қосылуы үшiн ТМД ашық деп жарияланды.

ТМД Жарғысының Кiрiспесiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына ерiктi түрде бiрiккен мемлекеттер Достастықтың Жарғысын қабылдауға шешiм қабылдағаны белгiленген. Мұнда ТМД-ға мүше-мемлекеттер халықаралық құқықтың көпшiлiк мойындаған қағидалары мен нормаларының, БҰҰ Жарғысының ережелерiнiң, Хельсинки Қорытынды Актiсi мен Еуропадағы Қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi келiсiмнiң өзге де құжаттары негiзiнде әрекет етедi. Сөйтiп, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының құрылуы жоғарыда аталған халықаралық-құқықтық құжаттардың ережелерiнiң жүзеге асуын көрсетедi.

Жарғылық ережелердiң анықтамалық маңызы бар, ол: мүше-мемлекеттер халықаралық құқықтың дербес және тең құқылы субьектiлерi екендiгi.

Достастық мемлекет болып табылмайтындықтан, оның ұлттық өкiлеттiктерi жоқ. Мүше-мемлекеттер арасындағы достастық, тату көршiлiк, ұлтаралық келiсiм, сенiм, өзара түсiнiстiк және өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамыту және қарым-қатынастарды нығайту - Достастық мақсаттары болып табылады.

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының органдар жүйесi мынадай болып көрсетiлген:

1. Мемлекет басшыларының Кеңесi Достастықтың жоғарғы Органы болып табылады. Оның құзiретiне мүше-мемлекеттердiң ортақ мүдделерiне қатысты қызметтерiне байланысты негiзгi мәселелердi талқылау және шешу жатады. Мемлекет басшыларының Кеңесiнiң мәжiлiсi жылына екi рет жиналады. Мүше-мемлекеттер бастамасымен кезектен тыс мәжiлiстер шақырылуы мүмкiн.

2. Үкiмет басшыларының Кеңесi Достастықтың атқарушы органы болып табылады. Кезектен тыс мәжiлiстер мүше-мемлекеттердiң бiреуiнiң бастамасымен шақырылуы мүмкiн.

Мемлекет басшылары Кеңесi мен үкiмет басшылары Кеңесiнiң шешiмдерi ортақ келiсiм негiзiнде - консенсус арқылы қабылданады. Бiрiккен мәжiлiстер өткiзулерi де мүмкiн. Мемлекет басшылары Кеңесi және үкiмет басшылары Кеңесi тұрақты және уақытша негiзде жұмыс және қосалқы органдар құрады.

3. Сыртқы iстер министрлерiнiң Кеңесi мүше-мемлекеттердiң сыртқы саяси қызметiн, олардың халықаралық ұйымдардағы қызметiн қоса алғанда үйлестiрудi жүзеге асырады; өзара мүдде тұрғысындағы әлемдiк саясат мәселелерiнде ақыл-кеңес берудi ұйымдастырады.

4. Үйлестiру - консультациялық Комитетi Достастықтың тұрақты әрекет ететiн атқарушы және үйлестiрушi органы болып табылады.

5. Қорғаныс Министрлерiнiң Кеңесi мемлекет басшылары Кеңесiнiң әскери саясат және әскери құрылыс мәселелерi жөнiндегi органы болып табылады.

6. Бiрiккен Қарулы Күштердiң Бас Қолбасшылығы Бiрiккен Қарулы Күштердi, сондай-ақ әскери бақылаушылардың тобын және бейбiтшiлiктi қолдау жөнiндегi ұжымдық күштердi басқарады.

7. Шекаралық әскерлердi басқару Кеңесi мемлекет басшылары Кеңесiнiң мүше-мемлекеттердiң сыртқы шекаралық мәселелерi жөнiндегi органы болып табылады. Бұл құрылымдық бөлімшенің мiндетi - сыртқы шекаралардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.

8. Экономикалық Сот Достастық шеңберiнде экономикалық мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң кепiлi.

9. Адам құқықтары жөнiндегi Комиссия Достастықтың консультациялық органы болып табылады және адам құқықтары жөнiндегi мiнеттемелердiң орындалуын қадағалайды.

10. Салалық ынтымақтастықтың келiсiлген қағидалары мен ережелерiн жасауды жүзеге асыратын және оларды жүзеге асыруға көмектесетiн салалық ынтымақтастық органын құру мүмкiндiгi де бар.

11. Парламентаралық Ассамблея ТМД мемлекетаралық органы ретiнде ерекше орынға ие. Оның құзiретiне Парламентаралық консультациялар өткiзу, Достастық аясында ынтымақтастық мәселелерiн талқылау, ұлттық парламент қызметiнде бiрiккен ұсыныстар жасау кiредi.

Дәріс №7.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің халықаралық-құқықтық тәсілдері.

Халықаралық дауды бейбіт жолмен шешу қағидасының дамуы халықаралық шарттардың және келісім шарттарының көптігімен байқалады. Олар соғысты пайдалану құқын шектей отырып халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен шешу шараларын дамытып, мемлекеттердің бұл шараларды қолдануына заңды міндеттер орнатты.

Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысушы-мемлекеттері өзіне қабылдаған міндеттерді халықаралық дау мен халықаралық жағдайды реттеу мен шешу, халықаралық құқық және әділеттік қағидасына сай бейбітшілік жолмен жүргізу (Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы 1баб 1 тармақ).

Халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен шешу қағидасының механизмі халықаралық құқықтың жүйе ретінде жүзеге асырып реттеледі. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 33 бабына сәйкес - дауға қатысушылар келіссөздер, зерттеулер, делдал, татуласу, арбитраж, сот қарауы, жергілікті органдарға жүгіну, келісімдер жасау немесе өз қалауы бойынша басқа бейбітшілік шараларын таңдау арқылы дауды шешуге тырысуы керек деп айтылған.

Халқаралық құқық қазіргі концепцияларына сәйкес мемлекеттер өздерінің дауларын тек бейбітшілік жолымен шешуге міндетті. Халықаралық конференциясында кейбір елдердің өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысындағы қағидасына «тек» сөзін қоспай түсіндіреді. Және Жарғы

дауды бейбітшілік жолмен шешуді емес, халықаралық дауды шешу кезінде бейбітшілікке қатер және мемлекеттерге қауіп төнбеуін бекітеді деп санайды.

Дәріс №8.

Адам құқықтарының халықаралық құқығы.

Адам құқылары - адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары т а б и ғ и және ә л е у м е т т і к болып екіге бөлінеді. Табиғи құқылар дегеніміз - адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы, өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) құқылары. Әлеуметтік құқылар дегеніміз - адамның мемл-пен өзара әрекеті процесінде пайда болатын (мысалы, білім алуға, еңбек етуге, бақуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге) құқылары. Адам құқықтарының қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда (Қазақстан Республткасының Конституциясы, 10-39 баптар) және заң актілерінде (мысалы, Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтарда, арнаулы заңдарда) қарастырылады. Халықаралық деңгейде адам құқыларын қорғау, ең алдымен адам құқылары жөніндегі халықаралық билльде негізделген; оған адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясы (10.12.48), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқылар туралы пакт (12.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пакт (19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге факультативтік хаттама (19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге екінші факультативтік хаттама (19.12.66) енеді. Адам құқықтарының жекелеген аспектілері халықар. конвенцияларда көрініс тапқан. Олар адамның нақты құқыларын немесе кешенді құқыларын қорғауға: нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жоюға, адамды кепілдікте ұстауға қарсы күресуге, жәбірлеп, қинауға тыйым салуға, апартеидтік қылмыстардың жолын кесіп, ол үшін жаза белгілеуге, т.б. бағытталған. Адам құқыларын халықаралық деңгейде қорғап, қаделеу ісі Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ), Мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ұйым (МБСЫҰ, яки, ЮНЕСКО), Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сияқты БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің практикалық іс-әрекеттерімен, халықар.-құқықтық актілерімен жүзеге асырылады.

Дәріс №9.

Халықаралық қауіпсіздік құқығы.

Мемлекеттер қауiпсiздiгi проблемасын халықаралық құқық жүйесi тұрғысынан қарастырғанда, мемлекет оның негiзгi құрылымы болғандықтан, қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бiрыңғай тетігі бар деп айтуға болады. Мемлекеттер қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және бейбiтшiлiктi нығайтуға жәрдемдесу сияқты халықаралық қауымдастықтың барлық қатысушыларының негiзгi мақсат - мiндеттерi ретiнде қарастырылады. Мемлекеттердiң сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарлары халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында әрекет ететiн қазiргi заманғы халықаралық құқық нормаларын пайдалануды көздейдi.

Мемлекеттiң халықаралық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету тетігі оның халықаралық құқықтың басқа субьектiлерiмен қатынастарында өзара қорғану және өмiр сүруге кепiл беретiн шарт-жағдайлар жиынтығын көрсетедi. Ондай тетік құрылымын айқындаған кезде мына мәселелерге назар аударған дұрыс болар еді:

  • Халықаралық құқықтың теориясы мен іс-тәжірибесінің қандай мәселелерi қауiпсiздiк проблемасымен байланысты?

  • Халықаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң құқықтық құралдары қандай?

  • Мемлекетте қандай ресурстар (табиғи, әкономикалық) бар?

Әскери күш пен дипломатияның қауiпсiздiктi қамтамасыз ету құралдары екендiгi жалпыға мәлiм. Соған орай, қауiпсiздiк мүдделерi әскери және дипломатиялық құралдардың қамтамасыз ету объектiлерi болып табылады. Жоғарыда аталған құралдар мемлекет саясатының жалғасы және белгiлеу тәсiлдерiнiң нысандары бойынша әртүрлi болып келедi. Сонымен бiрге, мемлекет қауiпсiздiктi қамтамасыз ете отырып, белгiлi бiр табиғи және материалдық ресурстарға ие болуы керек.

Халықаралық қауiпсiздiк құқығы бұл – халықаралық құқықтың негiзгi қағидалар жүйесiне сәйкес келетiн, бейбiтшiлiктi қамтамасыз етуге бағытталған және мемлекеттердiң әлемдiк қауымдастық бейбiтшiлiгi мен қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн басқыншылық актiлерi мен жағдайларға қарсы ұжымдық шараларында қолданатын құқықтық және өзге де тәсiлдерiнiң жиынтығы.

Халықаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi халықаралық - құқықтық құралдарына мыналар жатады:

  • дауларды бейбiт жолмен шешу құралдары;

  • жалпы және аймақтық (ұжымдық) қауiпсiздiк;

  • қарусыздану; халықаралық шиеленiстi азайту және қару-жарақты жаппай шығаруды тоқтату жөнiндегi шаралар; ядролық соғыстың алдын алу жөнiндегi шаралар;

  • бірікпеу және бейтараптық саясаты;

  • басқыншылық актiлерiн, өзiн-өзi қорғауды бұлтартпау жөнiндегi шаралар жүйесi; халықаралық ұйымдар жүргiзетiн шаралар;

  • жеке аумақтарды бейтараптандыру және қарусыздандыру, шетелдiк әскери базаларды тарату; ядросыз аймақтар құру;

  • мемлекеттер арасындағы сенiмдi нығайту жөнiндегi шаралар.

Дәріс №10.

Дипломатиялық құқық.

Дипломатиялық құқық - халықаралық құқықтың айтарлықтай көне саласы. Дипломатиялық құқық нормалары мемлекеттiң халықаралық құқық субьектiсi ретiндегi дипломатиялық қызметiнiң түртiбi мен функциясын, мәртебесiн белгiлейдi.

Қазiргi заманда дипломатиялық құқық саласының қайнар көзі болып 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы табылады. 1969 ж. арнайы миссиялар туралы Конвенция мен 1975 ж. әмбебап халықаралық ұйымдардағы мемлекеттiң тұрақты өкілдiгi туралы Конвенциялар да маңызды мәнге ие болады. Дипломатиялық құқық ең алдымен елшiлiк құқық, елшiнiң құқықтық жағдайын анықтайтын нормалар жиынтығы ретiнде пайда болып, одан әрi дамыды.

Мемлекеттiң сыртқы қатынас органдары екiге бөлiнеді: ішкi мемлекеттiк және шетелдiк.

Сыртқы қатынасты жүзеге асыратын ішкi мемлекеттiк органдарға парламент, мемлекет басшысы, үкiмет және сыртқы iстер ведомствосы жатады.

Дипломатиялық өкiлдiктермен алмасу әр түрлi деңгейде жүзеге асады. 1961 ж. дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы дипломатиялық өкiлдiк басшыларын үш сыныпқа бөледi:

  1. Елшiлер мен нунцилер ( Ватиканның өкiлдерiн осылай атайды );

  2. Уәкілдер, министрлер және интернунцилер.

  3. Іске сенiп тапсырылғандар

Мемлекеттер арасындағы дипломатиялық карым-қатынастар олардың өзара келісімдеріне негізделіп жүргізіледі. Сонымен бірге, тұрақты дипломатиялық өкілдіктер құру туралы келісім болуы керек.

Дипломатиялық миссияның басталуы төрт сатыдан тұрады:

а) агреман сұрау;

б) елшіні қызметке тағайындау;

в) тағайындалған елге келу;

г) қызметке ресми (қағаз жәзінде)түрде кірісу.

Иммунитет (immunitas - тәуелсіздік) тұлғаның қабылдаушы мемлекеттің қылмыстық, азаматтық және әкімшілік юрисдикциясынан алынуы, ал артықшылықтар тұлғаға берілген қабылдаушы мемлекеттің заңнамаларымен берілген артық құқықтар. 1961-жылғы Вена конвенциясы иммунитеттер пен артықшылықтар жеке тұлғалардың жеке пайдасы үшінберілмейді, керісінше дипломатиялық өкілдіктердің мемлекеттік орган ретінде функцияларын дұрыс атқару әшінұсынылатындығын айтады.

Консулдық құқық.

Консулдық құқық дегеніміз консулдық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін, функцияларын, иммунитеттері мен артықшылықтарын белгілейтін халықаралық қәқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.

Консулдық құқықтың қайнар көздері халыкаралық келісім-шарттар және халықаралық дәстүр болып табылады.

Қазіргі консулдық құқықта бірнеше көпжақты консулдық конвенциялар бар:

1. 1911 жылғы консулдық функциялар туралы Каракас конвенциясы,

2. 1928 жылғы консулдық шенеуіктер туралы Гавана конвенциясы,

3. 1967 жылғы Парижде ЕЭО мемлекеттермен келісілген консулдық функциялар туралы Еуропалық конвенция,

Бұл үшеуі аймақтық сипаттағы конвенциялар болып табылады.

4. 1963 жылғы консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы.

Мемлекетердің арасындағы консулдық мәселелер жөніндегі екіжақты келісімдер консулдық құқықта маңызды рөл атқарады.

Мемлекеттер арасындағы консулдық қатынастар өзара келісу негізінде қалыптасады. Дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы консулдық қатынастардың да қалыптасуына келісу дегенді білдіреді. Бірақ дипломатиялық қатынастардың жойылуы, консулдық қатынастардың жойылуына әкелмейді.

1963-жылғы консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы бойынша консулдық мекемелер басшыларының 4 класы бар:

А) бас консул

Б) консул

В) вице-консул

Г) консулдық агент

Консулдық функцияларды консулдық мекемелер атқарады.

Консул өз функцияларын консулдық округ шегінде жүзеге асырады. Консулдық округ деген консулдың қабылдаушы мемлекеттегі өз функцияларын жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бөлінісі.

Консулдық мекеме тиісті мемлекеттердің қарсылығы болмаса әшінші мемлекетте консулдық функциялар атқаруы мүмкін. немесе қабылдаушы мемлекетте әшінші мемлекеттің атынан консулдық функциялар атқаруы мүмкін..

Консулдардың функциялары дипломатиялық өкілдік функцияларымен ұқсас келеді. Консулдық мекемелерінің негізгі міндетіне келген мемлекетте өз мемлекетінің, азаматтарының және заңды тұлғаларының мүддесін қорғау, экономикалық, сауда, ғылым, техника, мәдениет салалардағы достық қарым-қатынастарды дамыту, өз елінің өкіметіне келген мемлекеттің экономикалық, сауда, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, саяси өмірі туралы заңды жолдармен мәліметтер жинап, хабарлау жатады.

Дәріс №11.

Халықаралық құқықтағы шекара және аумақ мәселелері.

  1. Территория түсінігі мен түрлері

  2. Мемлекеттік территория

  3. Мемлекеттік шекара

  4. Халықаралық өзендер мен көлдер

  5. Арктиканың халықаралық – құқықтық режимі

  6. Антарктиканың халықаралық - құқықтық режимі

Халықаралық құқықтағы территория - нақты бір құқықтық режимдегі кеңістік - жер шарының бөлігі (құрлықтағы, судағы территориялар, жер қойнауы, әуе кеңістігі), ғарыш кеңістігі және аспан денелері.

Территорияның құқықтық мәртебесі ішкі мемлекеттік заңдармен және халықаралық құқықтың нормаларымен анықталады.

Территориялар құқықтық режиміне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

  • мемлекеттік территория;

  • аралас режимдегі территория;

  • халықаралық режимдегі территория.

Мемлекеттік территорияны мыналар құрайды:

-құрғақтағы территория - белгілі бір мемлекеттің шекарасының шегінде орналасқан барлық құрғақтар мен аралдар;

-сулы территория (құрғақтағы территорияда орналасқан барлық сулар, жағаға тиіп жатқан теңіздер мен мұхит суларының бөлігі);

-әуедегі территория (құрғақтағы және судағы тарриторияның үстіндегі барлық әуе кеңістігі);

-жер қойнауы (құрғақтағы және судағы территорияның астындағы жер бөлігі).

Шартты мемлекеттік территория – мемлекеттік территорияның шегінен тыс жүрген теңіз, әуе кемелері, космос корабльдері, сондай- ақ халықаралық территорияның шегіндегі құбырлар және өзге де құрылыс және құрал-саймандар (бұрғылау қондырғылары, жасанды аралдар).

Мемлекеттік территорияның құқықтық режимі әрбір мемлекеттің ұлттық заңдарымен анықталады; ал халықаралық келісімшарттар ішкі сулардың және территориялық теңіздердің құқықтық мәртебесінің жекелеген аспектілерін қамтиды; мемлекеттік шекараның келісім бойынша өтуін белгілейді, шекаралық режим мәселелерін белгілейді.

Мемлекеттік территорияның шегінде мемлекет өзінің территориялық үстемдігін және ұлттық юрисдикциясын жүзеге асырады. Мемлекетке тиісті территорияны және ондағы пайдалы қазбаларды иеленуге, пайдалануға және қолдануға құқылы.

Қазіргі халықаралық құқық мемлекеттік территорияны күштеп өзгертуге тиым салды. Мемлекет территориясына қол сұғылмайды және әскери жаулап алу және басқа күштеу әрекеттерінің объектісі болып табылмайды.

Ешқандай күш пен күшті қолдану нәтижесінде алынған территориялық иеліктер немесе өзге де пайдалар танылмайды.

Мемлекеттің территориясы мынаның нәтижесінде өзгеруі мүмкін:

  1. мемлекеттің бөлінуі, бір мемлекет құрамынан территорияның бөлігі бөлініп шыққанда, екі немесе бірнеше мемлекеттердің бірігуі нәтижесінде;

  2. ұлт-азаттық күрес және өзін-өзі анықтау құқығын жүзеге асырғанда;

  3. тараптардың келісімі бойынша мемлекеттік территориямен ауысу;

  4. агрессия үшін жауапкершілік шараларын қолдану;

  5. территорияға құқықты беру – цессия (қазіргі кезде қолданылмайды)

Мемлекеттің территориялық үстемдігінің шегі мемлекеттік шекарамен белгілейді.

Мемлекеттік шекара – бұл бір мемлекеттің территориясын 2-ші мемлекеттің территориясынан бөлетін халықаралық келісім шарттардың негізінде мемлекеттермен анықталған сызық.

«Мемлекеттік шекара туралы» 1993 жылы 13 қантардағы ҚР заңының 1 бабында былай делінген: «ҚР мемлекеттік шекарасы территорияның - ҚР құрғақтағы, судағы, жер қойнауындағы және әуе кеңістігіндегі шегін анықтайтын сызық және осы сызықтан өтетін жазықтық».

Халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттік шекараны белгілеу 2 кезеңнен тұрады: делимитация және демаркация.

Делимитация – бұл мемлекеттік шекараның өтуінің жалпы бағытын келісімшарттық тәртіпте анықтау және оны картаға түсіру. Мемлекеттік шекараның сызығы түсірілген карта шекараның делимитациясы туралы келісімшарттың маңызды бөлігі болып табылады.

Демаркация - бұл мемлекеттік шекараның делимитациясы туралы келісімшартқа сәйкес оны жергілікті жерде анықтау және оны сәйкес шекаралық белгілермен белгілеу.

Демаркацияны келісуші тараптардаң өкілдерінен құрылған аралас комиссия жүргізеді. Демаркация бойынша барлық әрекеттер хаттамалармен рәсімделеді.

Редемаркация – мемлекеттік шекараны қайтадан қалпына келтіруді және оны әрекет ететін келісімшарттық құжаттардың негізінде шекаралық белгілермен белгілеуді білдіреді.

Шекаралық режим – бұл азаматтардың кіру, уақытша болу, тұру, қозғалысының тәртібін реттеу, Қазақстанның территориялық және ішкі суларында жүру үшін кемежайларда, порттарда кемелерді шығаруды есепке алу мақсатында анықтап белгілеу.

Шекралық режим шекаралық аймақта ҚР Үкіметімен белгіленеді. Шекаралық режим – мемлекеттік шекараға шығарылатын шекаралық аймақтың, территориялық сулардың және ішкі сулардың режимі. Ол мемлекеттік шекараны күзетуде қажетті жағдайлар туғызуға арналған. Шекаралық аймақтың ені – 5км.

Мемлекеттік шекара режимі – мемлекеттің шекаралас жатқан мемлекеттермен қатынастарына байланысты сұрақтарды реттеу мақсатында белгіленеді. Нақтылап айтқанда – бұл – мемлекеттік шекарадан өту тәртібін, шекаралық өзендер мен суларда сол мемлекеттің және шет мемлекеттің әскери және әскери емес кемелерінің жүзуі мен келуін, мемлекеттік шекараның мазмұнын, шекарада әр түрлі кәсіпшілік қызметтерді жүргізудің тәртібін белгілейді.

Әуе кемелері мемлекеттік шекарадан арнайы аңықталған әуе корридорлары арқылы өтеді.

Мемлекеттік шекараны әскери және әскери емес кемелердің кесіп өтуі ҚР құзырлы органдары белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.

Әуе кемелерінің (мысалы, қазақстандық және шетелдік) ұшуы шекаралық әскердің және кеденнің өткізу бекеттері (пунктері) бар халықаралық ұшуға ашық әуежайларда жүргізіледі. Мемлекеттік шекарадан өтетін барлық тұлғалар, транспорт құралдары, жүктер шекаралық және кедендік бақылаудан өтеді.

Мемлекеттік шекара режимі - ұлттық заңмен және халықаралық келісімшарттармен белгіленеді және мынадай ережелерден тұрады:

  • Шекара мазмұны;

  • Тұлғалардың және транспорт көліктерінің шекараны кесіп өтуі;

Халықаралық өзердер деп толығымен немесе жартылай 2 немесе бірнеше мемлекеттердің территориясынан өтетін өзердерді айтамыз. Мысалы, Рейн, Дунай, Ніл, Брахмаптура.

Дәріс №12.

Халықаралық экономикалық құқық.

1) Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі мен субъектілері

2) Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері, мақсаты мен қағидалары

3) Халықаралық қаржы құқығы

4) Халықаралық инвестициялық құқық

5) Кедендік ынтымақтастық

Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаты:

  1. бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған экономикалық қатынастар мен ынтымақтастықты реттеу; әлемдік экономикалық проблемаларды шешу; экономика облысындағы ғылыми-техникалық прогресті дамыту, сонымен қатар жаһандық тұтынушылық, энергетикалық, шикізаттық, көлік, валюталық- қаржылық, табиғатты қорғау және өзге де проблемаларды шешу;

  2. мемлекеттердің егеменді теңдігі, мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау, жан-жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар туғызу үшін халықаралық міндеттемелерді адал ниетпен орындау, барлық мемлекеттердің олардың әлеуметтік – психологиялық құрылыстарына, территориясының көлеміне, географиялық жағдайына, экономикалық даму деңгейі мен әскери қуаттылығына байланыссыз халықтарының тұрмыстық деңгейлерін көтеру және тұрмыс – тіршіліктерін жақсарту қағидаларына негізделген халықаралық экономикалық қатынастардың орнауына халықаралық-құқықтық құралдармен жәрдемдесу;

  3. халықаралық экономикалық қатынастардан неоколониализмді, нәсілділікті, апартеидті, дискриминацияны және теңсіздікті жою; гегемониялықты, саяси, экономикалық және әскери диктатураны болдырмау және т.б.

  4. халықаралық экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру.

Халықаралық экономикалық құқықтың қағидалары – бұл халықаралық экономикалық қатынастарды реттейтін арнайы қағидалар мен халықаралық құқықтың жалпыға белгілі қағидалары.

Халықаралық құқықтың жалпыға белгілі қағидадарына мыналарды жатқызуға болады:

  1. мемлекеттердің егеменді теңдігі;

  2. мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау;

  3. күшті және күшпен қорқытуды қолданбау;

  4. ынтымақтастық;

  5. халықаралық міндеттемелерді адал ниетпен орындау. Бұлардың заңды мәні мен мазмұны БҰҰ Жарғысында, 1970ж. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Декларацияда, 1975ж. ЕЫҚҰ Қорытынды Актісінде баяндалған.

Арнайы қағидаларға мыналарды жатқызуға болады:

  1. мемлекеттердің өздерінің табиғи байлықтарына ажырамас егемендігі;

  2. сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру нысанын мемлекеттердің таңдау еркіндігі;

  3. экономикалық дискриминацияламау;

  4. әділетті экономикалық ынтымақтастық және өзара пайда қағидасы.

Осы құқықтың қайнар көздері болып халықаралық шарттар мен халықаралық әдет-ғұрыптар жатады.

Халықаралық экономикалық шарт – бұл халықаралық құқықтың субъектілерінің арасындағы халықаралық экономикалық қатынастар облысындағы олардың өзара құқықтары мен міндеттерін белгілеу, өзгерту немесе тоқтату бойынша шарттар. Оның екі түрі бар: екі жақты және көп жақты. Бұған мыналарды жатқызуға болады: экономика сферасындағы халықаралық ұйымдардың қызметін реттейтін актілер, мысалы, ГАТТ (Тариф және сауда бойынша Бас Келісім) Жарғысы, 1994ж. Экономикалық Одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитет құру туралы Келісімі;

Сауда шарттары (достастық пен сауда құқығы туралы, сауда мен теңізде жүзу туралы, сауда мен кеме жүзу туралы) бұл шартқа отырушылардың экономикалық ынтымақтастықтарының негізгі қағидалары, нысандары мен режимдерін анықтайтын, мемлекет атынан ұзақ жылға жасалынатын (5 жылдан әрі қарай) шарттар.

Тауар айналымдары туралы Келісім – үкімет деңгейінде екі жақты тәртіпте жасалынатын және тауарлардың көлемі, ассортименті және жеткізу мерзімдері бойынша тараптардың міндеттерін белгілейтін келісім. Мысалы, сауда келісімдері, мысалы, 1993ж. Сауда және экономикалық ынтымақтастық туралы РФ мен Аргентина үкіметтерінің арасындағы Келісім;

Мемлекетаралық тауар келісімдері – бұл өндіруші мемлекеттер мен тұтынушылар үшін экспорттық - импорттық квоталарды және осы тауарларға ең жоғары және ең төменгі бағалар шегін белгілеу арқылы шикізат тауарларының (қант, бидай, кофе, қалайы, каучук және т.б.) халықаралық рыногын тұрақтандыру мақсатында жасалынатын көпжақты келісімдер. Мысалы, 1977ж. Қант бойынша Халықаралық Келісім.

Несие келісімдері (несие, займ, төлемдер туралы)- бұл несиені беру және өтеу көлемін, нысандарын және жағдайларын анықтайтын және келісуші тараптардың өзара міндеттерін бегілейтін келісімдер. Мысалы, халықаралық есептер мен несиелер туралы келісім, мысалы, 1995ж. Ресей мен Белоруссия үкіметтерінің арасындағы саудаға байланысты емес төлемдер туралы Келісім;

Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы, соның ішінде өндірістік объектілердің құрылысы туралы және техникалық көмек көрсету туралы келісімдер - бұл екі жақты негізде әртүрлі техникалық көмектер мен қызмет көрсетуге, ұлттық кадрларды дайындауға, бірлескен ғылыми- зерттеу жобалары мен бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған мысалы, 1994ж. Египет пен РФ үкіметтері арасындағы экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы Келісім;

Халықаралық есептер туралы келісімдер – екі жақты және көп жақты негізде сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер өндірісінің тәртібін белгілейтін келісімдер (конвертациядағы валюта бойынша), клирингтік (валютаны аударусыз борыштық міндеттемелерін өзара жабу арқылы) және төлемдік – клирингтік (аралас).

Өндірістік, сауда мәселелері бойынша және экономикалық ынтымақтастықтың өзге де түрлері бойынша келісім – халықаралық тасымалдау және көлік, кооперациялар мәселелері бойынша келісімдер.

Халықаралық сауда құқығы- бұл халықаралық сауда қатынастарын реттейтін халықаралық қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Ғасырлар бойында халықаралық экономикалық қатынастардың жалғыз бірден – бір түрі сауда болды. Бұл кезде оларды көпес жүзеге асырды, ал мемлекеттің бұл жердегі рөлі төмен болды және шетелдіктердің және олардың меншіктерінің мәртебесін анықтауға саятын еді.

Халықаралық сауда құқығының қайнар көздері. Сауда шарттары екі жақты негізде жасалынады және келісуші мемлекеттер арасындағы сауданың жалпы құқықтық негізін белгілейді. Олар ұзақ уақытқа жасалынады немесе мерзімсіз болады. Олар әртүрлі аталады: достық, сауда және теңізде жүзу туралы шарттар, сауда және навигация туралы шарттар және т.б.

Сауда айналымдары туралы Келісім – бұл екі жақты келісуші мемлекеттер арасындағы тауар айналымдарын белгілейтін келісім. Олар әдетте (6-12 айға) қысқа уақытқа жасалынады.

1947ж. тариф және сауда бойынша Бас Келісім (ГАТТ) халықаралық сауда құқығының ең негізгі және универсалды қайнар көздері болып табылады.

Халықаралық қаржы құқығы қазіргі уақыттағы халықаралық қаржы құқығының салашығы болып табылады. Халықаралық қаржы құқығы мынадай қатынастар сферасын реттейді:

  1. халықаралық қаржы ұйымдарының қызметін (Халықаралық қаржы корпорациясы; Халықаралық валюталық қор; Реконструкция және дамытудың халықаралық банкі; Реконструкция мен дамытудың Еуропалық Банкі; Еуропалық валюталық одақ; Мемлекет аралық валюталық комитет және т.б.);

  2. халықаралық бюджет құқығы (мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бюджеттерінің табиғаты; бюджет қағидалары; бюджетті қалыптастыру; бюджетті орындау; бюджеттің кірістері мен шығындары);

  3. халықаралық ақшалай – несиелік қатынастар (мемлекет аралық сауда және сауда емес төлемдердің құқықтық режимі; мемлекет аралық займдар; өзара мемлекет аралық талаптарды реттеу; банк қатынастарын халықаралық – құқықтық реттеу);

  4. халықаралық валюта құқығы (әлемдік валюта жүйесін реттеуші халықаралық-құқықтық нормалар; ваюталық бақылау жөніндегі нормалар; валюта заңнамасын бұзумен күрестегі ынтымақтастық);

  5. халықаралық салық құқығы (екі жақты салық салуды болдырмау және салықты төлеуден бас тартуды болдырмау; халықаралық тасымалдаулардан түскен табыстарға салық салу; авторлық құқықтарды пайдаланудан түскен табыстарға салық салу; инвестицияға салық салу; тауарларды импорттау және экспорттауға жанама салық салу; қаржылық және салықтық құқық бұзушылықтармен күрестегі ынтымақтастық).

Дәріс №13.

Халықаралық қылмыстық құқық.

Қылмыстылық жағдайы мен онымен күрес проблемалары мамандардың ғана емес, сонымен қатар маман емес көпшiлiктiң де назарын осы салаға аударып келедi. Бұл мәселе криминология құзiретiне кiредi. Ол қылмыстылықты мемлекетте немесе оның жеке аймағында белгiлi бiр нақты кезеңiнде жасалған барлық қылмыстардың жиынтығын сипаттайтын қоғамдағы әлеуметтiк құбылыс деп айқындайды. Қылмыстылық бұл - болып, өзгерiп тұратын құбылыс, яғни ол қоғамның белгiлi бiр даму сатысында пайда болады, әлеуметтiк-экономикалық құрылымдар мен нақты саяси жүйелердiң тарихи ерекшелiктерiне сәйкес түрлi елеулi өзгерiстерге де ұшырап отырады. Мемлекеттiң қылмыспен күрестегi рөлі қандай? Ол көбiне-көп превентивтi, репрессивтi және тәрбилеу сипатындағы iшкi мемлекеттiк шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, мұндай шаралар оң нәтижелерге жету үшiн аздық етедi. Қылымыспен күресте үлкен рөл мемлекеттер ынтымақтастығына берiлiп келедi.

Халықаралық қылмыстық құқық кодификациясына Халықаралық Әскери трибунал Жарғысымен (ол туралы 7 тараудың 7.7.-бөлiмiнде егжей-тегжейлi баяндалған болатын) баға жетпес үлес қосылды.

Қылмыскерлердi ұстап берудiң құқықтық мәселелерi.

“Ұстап беру” (экстрадиция – extraditition) деген француз сөзi мен ex, + tradititio беру деген латын сөзi) ұғымына халықаралық құқық теориясында көп көңiл бөлiнген. Профессор Л.Н.Галенская ұстап берудi мемлекеттiң қылмыскердi басқа мемлекетке халықаралық құқық нормаларына сәйкес, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн немесе қылмыстық жазаны қолдану үшiн беру процесi ретiнде айқындайды. Ал, профессор Р.М.Валеев қылмыскерлердi ұстап беру институтын халықаралық және ұлттық құқықтың тоғысындағы институтына жатқызады. Қылмыскерлердi ұстап беру институты халықаралық шарттар мен халықаралық құқықтың көпшiлiк мойындаған қағидаларына негiзделедi. Бұл мемлекеттiң аумағындағы айыпталушы немесе сотталушыны қылмыс жасаған немесе азаматы болып табылатын немесе қылмыстан зәбiр көрген мемлекеттiң сұратуы бойынша қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн немесе үкiмдi орындау үшiн ұстап беруден тұратын құқықтық көмек актiсi болып табылады.

Қылмыскерлердi ұстап беру институтына мынадай белгiлер тән:

  • ұстап беру іс-жосығы негiзделетiн нормалардың кешендi сипаты – мұндай жағдайда екi дербес құқықтық жүйе – iшкi мемлекеттiк және халықаралық құқық нормалары өзара әрекеттеседi;

  • мұндай мәселелердi дербес шешуге қабiлеттi халықаралық құқықтың негiзгi субъектiсi ретiндегi мемлекеттiң құзiретi;

  • ұстап беру қылмыстық iс жасаған жеке тұлғаларға қатысты ғана жүзеге асырылады;

  • ұстап берiлген тұлға сотпен қудаланады немесе берген мемлекеттiң сот органы белгiлеген жазаға тартылады.

Ұстап беру мемлекеттердiң қылмыстық iстермен күресiндегi құқықтық өзара көмек актiсi болып табылады. Халықаралық құқықтың бұл институтының мазмұны әлемдiк бiрлестiктiң халықаралық қылмыстылықпен күрес саласында күштерiн ортақ бiрiктiрулерiне байланысты жаңа мазмұнмен толықтырылды.

Бейбiтшiлiкке қарсы, халықаралық қылмыстар, әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған тұлғаларды беру туралы мәселе алғаш рет бiрiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн герман императоры Вильгелмге қатысты талқыланған болатын. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы антигитлерлiк коалицияны ұйымдастырушылық және құқықтық ресiмдегеннен кейiн ғана бұл институтты жоғарыда аталған қылмыскерлерге қолдануға мүмкiндiк туды.

Халықаралық қылмыстық iстердiң жеке түрлерiмен күресудегi халықаралық келiсiмдер қылмыскерлердi ұстап берудiң құқықтық негiздерi болып табылады. Сонымен қатар, бiрқатар мемлекеттер екiтарапты тәртiпте әдеттен тыс ұстап беру (экстрадиция) немесе қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттар жасай алады. Қылмыскерлердi ұстап беру үшiн заңдық негiздердi белгiлеген кезде ұлттық заңнама нормалары мен өзара көмек қағидасының болуы назарға алынады.

Халықаралық қылмыстық құқықта қылмыскерлердi ұстап беру шарттарына мыналар жатады:

  • жасалған әрекет ұстап беру туралы шартта көзделуi тиiс немесе қылмыстық iстердiң жеке түрлерi бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарда белгiленуi керек;

  • қылмыстық әрекет екi мемлекеттiң қылмыстық заңдарында бiр жылдан кем емес мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болуы тиiс (аумағында қылмыскер жүрген мемлекет пен ұстап берудi талап етушi мемлекет).

  • ұстап берiлетiн тұлға тек жасаған қылымысы үшiн ғана сотталады;

  • әдеттен тыс ұстап беру (экстардиция) талаптары бойынша қылмыскердi ұстап берген мемлекеттiң заңында өлiм жазасы көзделген болса, тұлғаға ондай жаза қолданылмайды;

  • егер беру туралы өтiнiш түрмеде қамау туралы үкiмдi орындау мақсатында немесе осындай құқықбұзушылық үшiн бас бостандығынан айыру шарасын iске асыру мақсатында iздестiрiлетiн тұлғаға қатысты болса, онда мұндай жазалаудың аяқталуына кем дегенде төрт-алты айдай мерзiм бар болған жағдайда ғана рұқсат етiледi (мемлекеттер арасындағы келiсiм бойынша).

Дәріс №14.

Халықаралық гуманитарлық құқық.

Халықаралық гуманитарлық құқық - мемлекеттер арасындағы әскери қақтығыстар кезінде пайда болған қатынастарды соғыс жүргізудің құралдарын шектеу және оның құрбандарын қорғау мақсатында реттейтін халықаралық құқықтық нормалардың жиынтығы.

Негізгі қайнар көздері:

1. 1949 ж. Соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциялары (төртеу);

2. 1954 ж. Мәдени құндылықтарды қорғау туралы Гаага конвенциясы (Нидерланды);

3. 1980 ж. Аса ауыр зардаптар әкелетін жай қару түрлерін қолдануға тиым салу немесе шектеу туралы Конвенция және бұл Конвенцияға қосымша 4 хаттама;

4. 1993 ж. Химиялық қаруды дайындауға, өндіруге, жинақтауға, қолдануға тиым салу және оны жою туралы Конвенция және т.б.;

5. 1907 ж. Соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптары туралы Гаага конвенциясы.

Ертеден қалыптасқан әдет-ғұрыптар бойынша және кейінгі Конвенцияларда бекітілген нормалар бойынша соғыстың басталатыны туралы қарсы жаққа алдын ала хабарлануы тиіс. Сонымен бірге, соғыс жайлы соғысқа қатысы жоқ мемлекеттер де хабарлануы тиіс.

Соғыс басталатыны туралы жарияланған сәттен бастап соғысатын мемлекеттер арасында:

* елшілік, консулдық қатынастар тоқтатылады;

* қарсы мемлекеттің мүлкі тәркіленеді;

* қарсы мемлекеттің азаматтарына арнайы режим орнайды;

* халықаралық гуманитарлық құқық нормалары қолданыла бастайды;

* бейбіт қатынастар кезіндегі шарттардың күші тоқтатылады.

Халықаралық құқық әскери қақтығыстардың қатысушыларын комбатанттар (соғысқа қатысушылар) және комбатант еместер (соғысқа қатыспайтындар) деп бөледі.

Комбатанттарға жердегі, теңіздегі және әуедегі әскери күштерді қосқандағы барлық қарулы күштер құрамы, ерікті және партизан отрядтары, қарсыласушы қозғалыстар жатады.

Комбатант еместерге медициналық және діни қызметкерлер жатады, өйткені олардың әскери әрекеттерге қатысуға құқығы жоқ..

Әскери қақтығыстар кезінде соғысушы мемлекеттер соғыс әрекеттерін белгілі бір кеңістік шегінде жүргізуі мүмкін.. Бұл кеңістік соғыс театры деп аталады. Соғыс театрына бейтарап мемлекеттердің аумағын, сонымен бірге соғысушы мемлекеттердің бейтарап деп жариялаған аумақ бөліктерін айналдыруға болмайды.

Әскери қақтығыстар құрбандарына - жаралылар, науқастар, кеме апаттарынан зардап шеккендер, әскери тұтқындар және жалпы халық жатады.

Халықаралық гуманитарлық құқық соғысушы жақтарды аталған тұлғаларға қандай жағдайда да адамдық тұрғыдан қарап, оларды дініне, түріне, жынысына, ұлтына және т.б. бөлмей, медициналық және т.б. көмек көрсетуді міндеттейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]