Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_MPP-kaz_KYu.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
498.69 Кб
Скачать

2. Курс оқытушысы туралы мәліметтер

Халықаралық құқық магистрі, аға оқытушы Абылайұлы Абай.

Оқытушының ғылыми бағыттары: Халықаралық жария құқық, Адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттар. «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша PhD доктарантурасының докторанты.

Тілдерді меңгеруі: қазақ тілі - өте жақсы, орыс тілі - өте жақсы, ағылшын тілі – intermediate

Кафедра туралы мәліметтер: Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы.

Байланыс мәліметтері: 8 (7172) 703022 – жұмыс телефоны, exaeqo@mail.ru

3. Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері

3.1 Пәннің пререквизиттері: Халықаралық жария құқық пәнін игеру үшін Мемлекет және құқық теориясы, ШЕ мемлекет және құқық тарихы, Халықаралық қатынастар пәндерібойынша бастапқы білімдер қажет.

3.2 Пәннің постреквизиттері: Пәнді қарастыруды аяқтаған соң халықаралық құқықтың арнайы курстарын (Халықаралық шарттар құқығы, Халықаралық ұйымдар құқығы, Дипломатиялық және консулдық құқық, Дипломатиялық протокол және этикет) оқып игеруге мүмкін беріледі..

4. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

4.1 Пәннің мақсаты: "Халықаралық жария құқық" курсының мақсаты халықаралық құқықтың пәнін құрайтын қатынастарды, халықаралық қатынастардағы халықаралық құқықтың ролі мен орнын, халықаралық құқықтың жекелеген салалары мен институттарын анықтаудан тұрады. Студенттерге халықаралық құқық пен ғылымның мәселелерін, халықаралық құқықтың жалпы жүйесі мен құрылымын, халықаралық құқық субъектілерін зерттеу мәселелері туралы мәлімет беру қажет. Студенттерге халықаралық құқықтың өзекті теориялық мәселелерімен жалпы және халықаралық құқық салаларының мәселелерімен жекелеп, нақты құқықтық фактілер және халықаралық құқықтық құбылыстар негізінде танстыру болып табылады.

4.2 Пәннің міндеттері:

  • халықаралық құқықтың әлемтану және ғылым саласы ретіндегі дамуының негізгі кезеңдерін;

  • халықаралық құқықтың субъктілерінің қарым-қатынастарын;

  • халықаралық ұйымдардың, халықаралық конференциялардың, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің теориялық мәселелерін

  • халықаралық құқық субъектілерінің жіктелісін, халықаралық қауіпсіздік құқығы мәселелерінің мазмұнын, халықаралық қылмыстармен күрес мәселелерін;

  • халықаралық теңіз құқығы, халықаралық әуе құқығы мәселелерін;

  • қоршаған ортаны қорғау мәселелерін;

  • дипломатиялық және консулдық құқықтың, гуманитарлық құқықтың, ішкіконтиненталдық мемлекеттердің, космос құқығының мәселелерінің ерекшеліктерін ашу.

4.3 Пәннің сипаттамасы: "Халықаралық жария құқық" оқу курсы шеңберінде халықаралық жария құқық ғылымына, оның зерттеу аясы мен жалпы мәселелеріне түсінік беріледі.

Курстың мақсаты студенттерге халықаралық құқықтың пәні, халықаралық құқықтың құқық жүйесі және халықаралық-құқықтық ғылым ретіндегі тарихнамасы, сондай-ақ, қазақстандық-ортаазиялық аймақ тарихындағы халықаралық-құқықтық мәселелер жөнінде түсінік беру болып табылады.

Халықаралық жария құқық теориялық курсы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.

Курстың міндеттері халықаралық құқық генезисі мәселелерін сипаттау, халықаралық құқықтың қайнар көздеріне, халықаралық құқықтың қағидаларына, халықаралық құқықтың теориялық курсының аумақ, шекара, халықтар, жауапкершілік, қазіргі кездегі халықаралық құқықтың әртүрлі салаларының мәселелеріне талдау жасаудан тұрады.

4.4 Студенттердің міндеттері:

- сабақтарға кешікпеу

- байланыс құралдарын сабақ уақытында өшіру

- сабақтарды себепсіз жібермеу

- үй тапсырмаларын уақытылы және толық орындау

- бақылау нысандарын уақытылы тапсыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]