Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тил мадениети силлабус 2015-16.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
189.95 Кб
Скачать

Кейсті орындауға қойылатын талаптар:

- Кейстің мазмұны ғылыми (кәсіби) пікірталас түрінде құрылады, кейсті қорғау барысында студенттер сөйлеу техникасын (тілдік құрылымдар, қыстырмалар) меңгергендігін, пікірталасқа түсу дағдыларын игергендігін көрсетеді.

- Кейстегі жағдаят мәтіні 15-20 сөйлем болуы шарт.

- Әр кейсті 5-6 студенттен құралған топ орындайды. Талқылауға топтың барлық мүшесі қатысуы тиіс. Берілген тақырып мына үлгі бойынша талдануы тиіс: 1 аргумент (көзқарас) – 1 дәлелдеме – 1 мысал.

- Тәуелсіз сарапшы ретінде 2-3 студент тағайындалады (топ жұмысын бағалайды).

- Жауаптар кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек, яғни заңнамалық ұғымдар мен терминдер дұрыс қолданылуы тиіс. Қолданылған заңнамалық ұғымдар мен терминдердің анықтамасы міндетті түрде берілуі тиіс.

- Оппоненттер сөйленген сөз бойынша сұрақтар әзірлеуі тиіс. Пікірталасқа қатысу мәдениеті (сұрақты, дәлелді, уәжді соңына дейін тыңдау, сөзді бөлмеу, тақырыпқа қатысы жоқ мәселелерді қозғамау т.б.) сақталуы тиіс.

- Сөйлеу (кейсті қорғау) кезінде өз ойын дәлелдеу, бекіту, қорыту, дәйектеу, нақтылау т.б. мақсатында тілдік оралымдар қолдану қажет (меніңше, біздің пікірімізше, көрсетіп отырғанындай, тәжірибе көрсетіп отырғанындай, дәлелдеуді қажет етпейді деп ойлаймыз, деп санаймыз және т.б.).

- Кейсті қорғау (сөйлеу) кезінде жекелеген стилистикалық әдіс-тәсілдер (риторикалық сұрақ, метафора, теңеу, тұрақты тіркестер) қолданылуы тиіс.

- Дәйексөз қолданылған жағдайда цитата келтіру ережесі сақталуы тиіс (автор, қандай еңбекте, қандай заңнамалық актіде, қандай тарауда, бапта).

- Әр топ үшін сөйлеу регламенті – 5-7 минут.

- Оппонент сұрақтарына жауап беру – 3-5 минут.

- Сарапшыларға – 3-5 минут