Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тил мадениети силлабус 2015-16.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
189.95 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«КАЗГЮУ университеті» АҚ

Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебі

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

ЖББПжТДЖМ директоры

________ Р.Қ. Жолаев

«____»_________ 2015 ж.

Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)

Пәннің аты Тіл мәдениеті және іскерлік шешендік өнер

Мамандығы 5В030100-Құқықтану, 5В030100- Құқық қорғау қызметі

Оқыту формасы Күндізгі

Барлығы 3 кредит

Курс 4 Семестр 7

Практикалық сабақ 45 сағат

Кеңес беру 15 сағат

СӨЖ 75 сағат

Аралық бақылау саны 2

Емтихан 7 семестр Барлығы 135 сағат

Астана – 2015

Пәннің силлабусы «Тіл мәдениеті және іскерлік шешендік өнер» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы негізінде жасалған__________________________________

(қандай құжат негізінде жасалды)

Силлабусты әзірлегендер:

Қазақ және орыс тілдері кафедрасының

доценті, филол.ғ.к. Қ.С.Дүсіпбаева

аға оқытушысы, филол.ғ.к. А.Ж. Зекенова

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы мәжілісінде талқыланған

2015 жылдың маусым, № хаттама.

Кафедра меңгерушісі: __________________________ филол.ғ.д., проф. Бейсенова Ж.С.

(қолы)

Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебінің әдістемелік кеңесімен мақұлданған

2015 жылдың тамызы, № хаттама.

Төраға _____________________________________ Р.Жолаев

1. Оқытушы туралы мәліметтер: (office-hour):

Сапина Сабира Мінатайқызы - доцент, филология ғылымдарының кандидаты, E-mail: s_sapina@mail.ru

Динаева Бекзат Бегалықызы - доцент, филология ғылымдарының кандидаты, E-mail: bdinaeva@mail.ru

Дүсіпбаева Қарлығаш Советханқызы - доцент, филология ғылымдарының кандидаты, E-mail: karlygash-23@mail.ru

Зекенова Ажар Жарылқасынқызы – аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты, E-mail: azhar_2010@mail.ru

Шалқыбасов Дархан Игибайұлы – филология ғылымдарының магистрі, E-mail: darkhan_1987@mail.ru

ҚазГЗУ, Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы, каб. 412. Тел 70-28-29 ( ішкі- 1293)

Дүйсенбі – Жұма 08.30 - 17.00.

Пререквизиттер:

Курсты меңгеру үшін студент қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларын мектеп бағдарламасы деңгейі көлемінде білу керек.

Постреквизиттер

Осы пәнді меңгергеннен кейін студент

  • студенттерді ауызша сөйлеуге дағдылануы;

  • Мамандық бойынша кәсіби құзыретті қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғылыми әдебиетті пайдалана алуы;

  • алынған ақпаратты бағалау, мәтіндерден жаңа ақпаратты алу дағдылары мен машықтарын меңгеруі;

  • оқу-кәсіби және ғылыми-кәсіби салаларда жазу әрекеті технологиясын жетілдіруі;

  • ғылыми дискурстағы тілдік жүйенің қызмет ету ерекшеліктері туралы түсініктері игеруі;

  • кәсіби тақырыптар бойынша сөйлей алуы, кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін пәндік және тілдік білімдер жүйесін қолдана алуы тиіс.

Пәннің сипаттамасы:

«Тіл мәдениеті және іскерлік шешендік өнер» пәні бітіруші курс студенттерінің өз мамандықтары аясында кәсіби ғылыми ақпаратты жеткізе алу деңгейіндегі сөйлеу дағдылары мен машықтарын дамытуға, оқу-кәсіби және ғылыми-кәсіби салаларда жазу әрекетін жетілдіруге бағытталған.

Пәннің мақсаты:

Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыретін – кәсіби, ғылыми салалардың нақты сөйлеу жағдайларында шынайы коммуникативтік міндеттерді лингвистикалық құралдармен шешу дағдыларын қалыптастыру, қазіргі қазақ әдеби тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын, сөйлеу мәдениеті нормаларын жетілдіру.

Пәннің міндеттері:

  • қазақ тілінің орфографиялық заңдылықтарын үйрету;

  • қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылықтарын меңгерту;

  • лексикалық оралымдарды, сөз қолдану, сөз мағынасының түрлерін дұрыс қолдануға машықтандыру;

  • қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын үйрету;

  • сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құру, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі заңдылықтарын меңгерту;

  • студенттерді ауызша сөйлеуге дағдыландыру, соған орай тіліміздің бағзы заманнан бері қалыптасқан сөйлеу нормасынан мағлұмат беру, одан ауытқулардың сырын ашу, себебін түсіндіру;

  • мамандық бойынша кәсіби құзыретті қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғылыми әдебиетті пайдалану, алынған ақпаратты бағалау, мәтіндерден жаңа ақпаратты алу дағдылары мен машықтарын қалыптастыру және дамыту;

  • оқу-кәсіби және ғылыми-кәсіби салаларда жазу әрекеті технологиясын жетілдіру;

  • студенттерде ғылыми дискурстағы тілдік жүйенің қызмет ету ерекшеліктері туралы түсініктер қалыптастыру;

  • кәсіби тақырыптар бойынша сөйлей алу, кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін пәндік және тілдік білімдер жүйесін қолдана алу.

Пәнді игеру нәтижесінде студенттер: қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтарын, лексикалық оралымдар мен сөйлемдерді стилистикалық жағынан дұрыс құрастыруды үйреніп, кәсіби және ғылыми салаларда жазу әрекетін меңгеруі, кез келген тақырыпқа еркін ой толғауы, коммуникативтік міндеттерді лингвистикалық құралдармен шешу дағдыларын қалыптастыруы керек.

Студенттің пәнді меңгеру нәтижесінде қалыптасатын құзыреттері:

«Тіл мәдениеті және іскерлік шешендік өнер» пәні студенттердің болашақ мамандықтары бойынша теориялық және жалпы дүниетанымдық дайындығының негізін құрайды. Пәннің қолданбалы сипаты мамандық бойынша ғылыми мәтіндер (курс және диплом жұмысы, ғылыми жоба) құрастыруымен, өз мамандығына қатысты кәсіби мәтіндерді жаза білу, ойын анық жеткізе білуге байланысты.