Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тил мадениети силлабус 2015-16.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
189.95 Кб
Скачать

Курстың саясаты:

Студент барлық аудиториялық сабақтарға және пікірталастарға, дөңгелек үстелдерге, тренингтерге белсенді түрде қатысуы керек.

Сабаққа 100 пайыз қатысу қорытынды бағаға әсерін тигізеді.

Тапсырманы өз уақытында орындау мен тапсыру міндетті талаптар болып табылады:

1) практикалық, жеке тапсырмалар

2) барлық өздік тапсырмалар (СОӨЖ);

3) барлық аралық және қорытынды бақылау (коллоквиум, бақылау жұмысы, емтихан).

Өз уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмен бағаланады. Емтиханда және жазбаша жұмыс орындауда көшіруге қатаң тыйым салынады. Осы талаптарды орындамаған студент емтиханнан шығарылып жіберіледі, жұмысы жоққа шығарылады.

Курсты өту барысында өз бетінше орындау үшін пәннің нақты тақырыбына сәйкес тапсырмалар беріледі. Жазбаша жұмыстың көлемі 2-3 беттен кем болмауы керек. Жұмыс жасау барысында студент қойылған міндетке шығармашылықпен қарап, әдебиетпен жұмыс жасай білуі керек. Тапсырма алған студентке оны орындауға 3 күн уақыт беріледі. Дәлелсіз себеппен сабаққа қатыспауға қатаң тыйым салынады. Аудиторияда тәртіп сақтау керек (ұялы телефондарын сөндіріп қоюы, кедергі келтіріп сөйлеспеуі, оқу құралдары мен үстелдерге жазбауы, сабақ уақытында аудиториядан шықпауы керек).

Қосымша

«Құқықтану» мамандығы бойынша студенттерге арналған кейстер тақырыптары

1. Біздің заңнамамызда нені өзгерткім келеді? (Қазақстанда соңғы кездерде қабылданған заңнамалық актілер бойынша)

2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жаңа редакциясы қабылданғаннан кейін қазақстандықтар үшін қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

3. Қазақстан үшін зейнетақы заңнамасының әлемдік тәжірибесін қолдану қажет пе? (салыстырыңыз: Еуропа, Ресей, Азия, Америка және т.б.)

4. Қазақстанның білім беру мекемелерінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздері» пәнін енгізудің қажеттілігі бар ма?

5. Лаңкестерге қарсы жазалаудың қандай шараларын енгізу керек? (салыстырыңыз: Еуропа, Ресей, Азия, Америка және т.б.)

6. Қандай заңнамалық әрекеттер балалар мен жасөспірімдерді нашақорлықтан тиімді қорғай алады? (салыстырыңыз: Еуропа, Ресей, Азия, Америка және т.б.)

7. Қазақстандағы алқа билер сотына қатысты менің көзқарасым: тарих және бүгінгі күн.

8. Қазіргі заманғы қазақстандық заңдар әйел құқығын қаншалықты қорғай алады? (салыстырыңыз: Еуропа, Ресей, Азия, Америка және т.б.)

9. Қазақстанда педофилия үшін жазалау шараларын өзгерту қажет пе? (салыстырыңыз: Еуропа, Ресей, Азия, Америка және т.б.)

10. Бала өлтіру – қазіргі қоғамның азғындауының белгісі.

11. Қазіргі заманғы құқықтық сауаттылық: қазіргі қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ұсыныстар

12. Қазіргі заманғы заңгердің тұлғасы (заңгердің сөйлеу мәдениеті мәселесі турасында)

13. Эвтаназия: адамгершілік және заңнамалық мәселелер (салыстырыңыз: Еуропа, Ресей, Азия, Америка және т.б.)

14. Адам органдарын трансплантациялау: адамгершілік және заңнамалық мәселелер (салыстырыңыз: Еуропа, Ресей, Азия, Америка және т.б.)

15. Медиация қызметін заңнамалық реттеу мәселелері.