Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

анализ

.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
12.1 Кб
Скачать

Тәрбие жұмысына талдау

Сыныпта 12 оқушы бар, 6 ұл және 6 қыз. Сыныптың тәрбие жұмысы мерекелік шараларға дайындалу, түрлі байқауларға қатысу және сынып сағаттарын өткізу барысында жүргізілді. Тәрбие жұмысының басты мақсаттары: әр баланың барынша дамыту, оның бірегейлігін сақтау және оның әлеуетті қабілеттерін ашу. Тәрбие жұмысының басты тапсырмалары: ұжымда жұмыс істеуге үйрету, өзін-өзі мектепте және қоғамдық жерлерде ұстауға үйрету болды. Сондай-ақ оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиена сақтауғы көп көңіл аударылды.

Тәрбие жұмысына оқушылардың ата-аналарыда белсенді қатысты. Олар өз балаларының тәрбие жұмысна көп көңіл бөледі.

Сонымен қатар сұхбат және түрлі тақырыптарға сынып сағаттары жүргізілді. Олар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, мектепте өзін-өзі ұстау ережелері, қоғамдық жерлерде өзін-өзі ұстау ережелері, өрттен сақтану шаралары, судағы және мұздағы қауіпсіздік шаралары. Оқушылар мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысты. Тәрбие жұмысының ары қарайғы жұмысы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға және белсенді оқушылармен қатар көлеңкеде қалып қоятын оқушыларды жұмысқа белсене араласуын қадағалауға бағытталады.