Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
silabus.docx
Скачиваний:
147
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
107.26 Кб
Скачать

Оқытушы Авдиенко Ольга Вячеславовна, педагогикалық стажы – 4 жыл. Ғылыми мақалалар саны – 5. Тәжірибелік сабақты орыс тілінде жүргізеді.

• Байланыс ақпараты: Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы мына мекен жайда орналасқан: оқу корпусы №4, көш. Гоголя,40, тел.51-37-98. (125)

• Пәннің саясаты:

«Молекулярлық биология және медициналық генетика» пәні бойынша студенттер жалпы және медициналық генетиканың негізгі бөлімінен қазіргі кездегі оқу жүйесі бойынша білім алады. Алынған практикалық машықтар жасушада жүретін үрдістердің қалыпын және патологиясын, тұқым қуалау ауруларын, сонымен қатар хромосомалық синдром және әртүрлі патология профилактикасын анықтау кезінде нақты тапсырмаларды шешу үшін қолданылады. Пәнді оқыту жазбаша түрдегі емтиханмен аяқталады. Емтиханға 50% және одан жоғары жіберілу рейтингісі бар студенттер жіберіледі.

Себепті босатылған сабақты білім алушы тақырыпты кафедрада кафедраның білім алушылармен жеке жұмыс және кеңес алу кестесіне сәйкес кезекші оқытушымен ауызша өтеледі.

Себепсіз босатқан жағдайда сабақ өтелмейді. Егер босатылған сағаттар саны 50 % құраса және берілген тапсырма/тарауға қатысты тәжірибелік сабақтары жалпы сағаттар санынан көп болса, білім алушылар тапсырманы/тарауды тапсыруға жіберілмейді. Электронды журналға «0» қойылады.

Білім алушыға оқытушы оқу журналына ағымдық бағаларды сабақта 100-балдық шкаламен пәннің әр тапсырмасы үшін (бірнеше сабақ кіретін біріктірілген тақырыптар) қояды. Ағымдық баға барлық оқу түрінің жұмысымен есептеледі (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, ОЖСӨЖ, СӨЖ). Тапсырма үшін ағымдық бағаны қою кезінде барлық оқу жұмыстарының түрлері (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, ОЖСӨЖ, СӨЖ) ескерілуі тиіс.

Пән бойынша аралық бақылау ОЖСӨЖ уақытында кафедрада аралық бақылаудың тапсыру кестесіне сәйкес өткізіледі. Пән бойынша аралық бақылау оны өткізе бастағанға дейінгі өткен материалдың барлық көлемін, оның ішінде БАӨЖ және БАОЖӨЖ, тәжірибелік сабақтың сұрақтарын қамтуы тиіс.

Кіріспе

Молекулярлық биология нуклеин қышқылдарының және ақуыздардың құрылысы мен қасиеттерін, матрицалық синтездерді, генетикалық материалдың ұйымдастырылуын және қызметке асырылуын, сонымен қатар, жасушалардың және ондағы органеллалардың құрылысы мен қызметінің молекулярлық негіздерін, клеткадағы өсу, көбею, бөліну және жойылу процесстерін зерттейді.

Медициналық генетика тұқымқуалайтын аурулардың түзілуі мен даму себептерін, олардың диагностикасын, профилактикасын және емдеуді оқытады.

Медициналық жоғарғы оқу орындарында молекулярлық биологияны оқытуда интегрирленген жүйеде білім беру, клетканың құрылысы мен қызметінің молекулярлық негіздерін, гендердің экспрессиялы реттелуін, матрицалық синтездердің реттелуін, сигналдардың берілу механизмдерін түсіну үшін, базалық білімді қалыптастырады. Сондықтан, медициналық генетиканың мазмұнын құрастыратын бұл білім, тіршіліктегі қалыпты процесстермен қатар, ондағы бұзылыстарды түсіну үшін, көптеген аурулардың түзілу себептерін анықтайтын, әсіресе хромосомалар мен гендердегі мутациямен байланысты тұқымқуалайтын ауруларға анықтама беру үшін қажет.

Мұндай фундаментальдық дайындық бірінші курстан бастап студенттерде клиникалық ойлау қабылетін түзуге мүмкіндік береді. Студент, молекулярлық биологияны және медициналық генетиканы оқығанда, тіршілік процесстеріндегі молекулярлық және клеткалық негіздердің бұзылу механизмдерін және олардың, патологиялық халдің түзілуі мен көрініс беруіндегі ролін, сонымен қатар, диагностика мен профилактиканың қазіргі кездегі молекулярлы-генетикалық әдістерін оқып, игереді.

Бұл игерілген білім биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, педиатрия, неврология, акушерлік және гинекология дисциплиналарын оқу үшін теориялық база болып табылады.

Пәннің мақсаты:

Студенттерде қалыпты және патологиялық жағдайда ағзаның қызмет істеудегі негізгі молекулалы – генетикалық және жасушалық механизмдері туралы заманауи білім қалыптастыру және клиникалық ойлауды қалыптастыру үшін теориялық база құру.

Оқытудың міндеттері:

  • кең тараған ауруларға эффективті диагностика, профилактика жүргізу және емдеу үшін, ағзаның қалыпты және патологиялық халдегі қызметтерінің генетикалық және клеткалық механизмдерінің ролі туралы түсінікті қалыптастыру

  • теориялық және тәжірибелік медицинада, қазіргі кездегі молекулярлы-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптері туралы түсінікті қалыптастыру

  • кең тараған тұқымқуалайтын ауруларға қазіргі кездегі диагностика мен профилактиканы жүргізу үшін, тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуді үйрету

  • медицинадағы генетикалық зерттеулер табыстарын қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінік беру

  • тұқымқуалайтын аурулар бойынша, ғылыми әдебиеттермен және электрондық мәліметтер базаларымен жұмыс істеу дағдысын үйрету

Оқытудың соңғы нәтижесі:

Дескрипторлар

Оқытудың соңғы нәтижелері

Құзіреттіліктер*

А

Сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білім мен түсінігін көрсете білу

Білу

- тіршіліктің даму заңдылықтарын анықтау, қалыпты жағдайда және патологияда жасушаның функциялануы және құрылуы,

- аурулар патогенезінде генетикалық және молекулалық факторлардың рөлін пысықтау,

- патологияның дамуында қоршаған ортаның әр түрлі факторларының рөлі жайында айту,

- тұқым қуалайтын аурулардың симптомдарын сипаттау.

1, 2,4

Түсіну

- Тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін жіктеу.

- Молекулярлы – генетикалық әдістерді қолданудың негізгі принциптерін талқылау.

- Тұқымқуалайтын патологияларды диагностикалаудың негізгі әдістерін жүйелеу.

1, 2, 4

В

Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу

Қолдану

- тұқымқуалайтын аурулар кезінде диагностикалау әдістерін қолдану бойынша нұсқаулар беру.

- адамның аса таралаған тұқымқуалайтын ауруларын жіктеу.

- ситуационды – генетикалық тапсырмаларды шешу.

- рефераттар мен презентацияларды рәсімдеу үшін арнайы анықтама материалдарын пайдалану.

1, 2, 4,

С

Дәйектемелер құрастыру және оқыған саласындағы проблемаларды шешу

Сараптау

- Хромосомалардың әр түрлі типтерін анықтау.

- Қалыпты жағдай немесе патологияның болуына қорытынды жасау.

- Адамның қалыпты және патологиялық кариотиптерін сараптау.

- Патологияның пайда болу себептерін қарастыру.

1,2,4,5

D

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру

Синтез

- қалыпты және патологиялық жағдайда ағзаның негізгі молекулалы – генетикалық механизмдерін функциялау туралы заманауи білімдерін интеграциялау.

- клиникалық ойлауды қалыптастыру үшін теориялық база құру және оны дамыту.

- қалыпты және патологиялық жағдайда ағзаның функциялау жасушалық механизмін түсіндіру.

1,2,4,5

E

Ақпараттарды, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау

Бағалау

- оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс барысында және теориялық, тәжірибелік медицинада заманауи әдістер мен технологияларды қолдануды дәйектеу.

- тұқымқуалайтын патологиялардың профилактикасы және диагностикалаудың заманауи әдістеріне бағалау жүргізу.

1,2,4,5

Құзыреттіліктің тізімі: 1. Жалпы біліктілігі. 2. Биомедициналық ғылымды оқу. 3. Коммуникативті дағдылар 4. Дағдылардың үнемі шыңдалуы 5. Ғылыми зерттеудің дағдылары 6. Топпен жұмыстағы дағдылар 7. Кәсібилілік 8. Клиникалық дағдылар немесе дәрілермен қамтамасыз ету сферасы немесе профилактикалық медицина және қоғамдық денсаулықты басқарудың дағдысы (мамандықтарына сәйкес).

Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:

Реквизитке дейінгі : жалпы биология, химия мектептегі курсы, медициналық биофизика.

Реквизиттен кейінгі: биохимия, гистология 1, микробиология, физиология 1, патологиялық физиология 1, фармакология 1, ішкі аурулар, балалар ауруы, неврология, акушер-ісі және гинекология.

Пәннің қысқаша мазмұны: Молекулярлық биология белоктардың, нуклеин қышқылдарының, матрица синтезін және генетикалық материалдың қызметі мен ұйымын, құрылысы және қасиетін зерттейді. Клетканың молекулярлық құрылысы және қызметін және олардың органелласын, клетканың жетілуін, бөлінуін, өсу процесстерін және жойылуын қарастырады.

Медициналық генетика тұқымқуалайтын аурулардың дамуын және пайда болуының себептерін, оларды диагностикалық, алдын-алу және емдеу жолдарын оқытады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]