Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_21_каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
185.86 Кб
Скачать

Таңдау командасы

Егер тармақталу командасында әрекеттердің екі вариантынан аса көрсетілсе, оның жазбасы ыңғайсыз болып қалады. Бұл жағдайларды алгоритмде көрсетудің құралы таңдау командасы болып табылады, оның көмегімен алгоритм қарапайым және көрнекті болып көрінеді.

Таңдауды жүзеге асыру формалары келесі кестеде келтірілген.

Блок-схема

Алгоритм тілі

QBasic

Таңдау командасы:

а) толық пішін

таңдау

егер шарт 1: серия 1

егер шарт 2: серия 2

әйтпесе серия

болды

Таңдау операторы:

SELECT CASE өрнек

CASE шарт 1

серия 1

CASE шарт 2 серия 2

CASE ELSE серия N

END SELECT

Шарт жазылуы мүмкін:

1) үтірден кейін;

2) мәндер ауқымы ретінде ТО сөзі көмегімен;

3) IS сөзі көмегімен.

б) қысқартылған:

таңдау

егер шарт 1: серия 1

егер шарт 2: серия 2

болды

Қысқартылған пішінде ELSE қызмет етуші сөзі және тиісті командалар сериясы жоқ

Орындаушы таңдау командасының барлық шарттарын бірінен соң бірін тексеріп, оның ең бірінші орындалатынын табады. Осындай шартты тауып, орындаушы оның артында тұрған командалар сериясын орындайды, осымен таңдау командасының орындалуы аяқталады. Егер, мысалы, 1 шарт әрі 2 шарт орындалса, онда орындаушы 1 серияны ғана орындайды.

Шарттардың ешқайсысы орындалмаған жағдайда «кері жағдайда» сөзінен кейін жазылған команда орындалады. Қысқартылған формада бұл жағдайда ештеңе орындалмайды.

Тармақталған алгоритмі бар есепті шығару мысалы.

Есеп: Пернетақтадан енгізілген апта күнінің номеріне сәйкес монитор экранына орыс тілінде бұл күннің не жұмыс күні, не демалыс күні екенін шығаратын программа жазу.

QBASIC-те программа кодын жазайық:

REM апта күнін таңдау

CLS

INPUT”День=”;Day

SELECT CASE Day

CASE 1,2,3,4,5

Print “Рабочий день”

CASE 6,7

PRINT “Выходной день”

END SELECT

Программа келесідей орындалады:

Алдымен CLS функциясы экранды тазартады, сосын День=? хабарламасы шығады, осыдан кейін апта күнін енгізу керек. Енгізілген күн Day айнымалысына жазылады.

Барлық шарттардың орындалуын тізбектей тексеріп, SELECT CASE орындалатын шарттарды іздейді. Осындай шартты тауып, орындаушы оның артында тұрған командалар сериясын орындайды, сонымен таңдау командасының орындалуы аяқталады.

Сабақтың мазмұны: Бастапқы білім деңгейін тексеруге

Сабақтың басында оқытушы студенттердің бастапқы білім деңгейін тексереді, арнайы тестіні қолданып, 1 қосымшада берілген.

Оқытушымен жұмыс

Оқытушы алгоритмдерді Q BASIC программалау тілін және программаларды компьютермен орындауын көрсету және үйрету. Студенттер оқытушымен программа жазу және Q BASIC жүйесінде файлдармен жұмыс істеу.

Программалар мәтіндерін енгізу және редакциялау.

Өзіндік жұмыс

Өздігінен орындауға арналған тапсырма:

1. Функция мәнін есептейтін блок-схема және программа құрастырыңыз:

2. M (X,Y) нүктесі центрі О (0,0) нүктесі және радиусы R болатын шеңбермен қоршалған дөңгелек ішінде жататын – жатпайтынын анықау програмасын құру.

3. Кез келген бүтін санның 9-ға бөлінетіндігін анықтау.

4. “Оңға барсаң- атыңнан айрыласың, солға барсаң – ажал табасың, тіке барсаң – дос табасың” ертегісінен әрекеттер таңдау үшін блок-схема және программа құрастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]