Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_24_каз.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
105.98 Кб
Скачать

Ф КГМУ 4/3-06/01

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: «Программалауға кіріспе. Алгоритмдеу есептерінің негіздері. Алгоритмдер»

Мамандғы: 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

КУРС: І

Құрастырған: Омарбекова Н. К.

Қарағанды, 2010

Кафедра отырысында бекітілді

№_____ хаттама «____» 2010 ж

Бекітілген

Кафедра меңгерушісі ____________________Б.К. Койчубеков.

Тақырыбы: «Программалауға кіріспе. Алгоритмдеу есептерінің негіздері. Алгоритмдер»

Тақырып маңыздылығы:

Компьютердің жұмысын басқарып отырған программалар қалай құрылған,қандай принциптермен негізделгенін қарастырамыз. Құрылғыларды басқару негізінде маңызды алгоритм ұғымы жатыр. Алгоритмдер, олардың қасиеттері және олардың есептерді шешуде қолданылуы туралы қарастырамыз.

  1. Сабақ мақсаты:

Программалау тілінің негізін үйрену. Алгоритм теориясы, оның қасиеттерімен танысу. Алгоритмдердің кескінделу тәсілдерін қарастыру.

Студент білуі керек:

  • Алгоритм түрлерін;

  • Алгоритмнің ортақ қасиеттерін;

  • Алгоритмнің көрсету формалары;

  • Алгоритмнің кескінделу тәсілдерін;

Студент істеуі керек:

  • Алгоритм құруды;

  • Алгоритм кескінделу тәсілдерін қолдану;

Базистік сұрақтар

  • Алгоритм деген не?

  • Алгоритмнің негізгі қасиеттерін атап шығыңыз?

  • Программа мен алгоритмнің айырмашылығы неде?

  • Программалау тілдері;

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар

  • Алгоритмнің сипаттамасы:

  • Дискреттілік алгоритм деген не?

  • Алгоритм түрлері;

  • Дискреттілік пен нақтылықтың айырмашылығы;

  • Ақпаратты өңдеу есептерінң түрлері;

  • Программалаудың негізгі ережелері қандай?

Оқытушымен жұмыс

1. Алгоритмдер теориясы

1.1 Алгоритмдер және негізгі алгоритмдік құрылымдар

Ақпаратты өңдеудің тиімді алгоритмдерін құрастыру информатиканың маңызды теориялық мәселерінің бірі болып табылады. Үстінен әрекеттер орындалатын объектілер түрлі табиғатқа ие. Есептеу тапсырмаларында объектілер ретінде сандар, ал геометриялық есептерде – геометриялық фигуралар, шахматта шахматтық фигуралар және позициялар алынады. Станокты басқару алгоритмінде орын ауыстырумен, айналу жылдамдығымен, кесуші сайман таңдаумен және т.б. жұмыс істейді.

Алгоритм – есепті шығару үшін орындалуы қажет әрекеттер тізбегін сипаттайтын ережелер жүйесі.

Алгоритмдердің негізгі сипаттамалары: дискреттілік, нақтылық, шектілік және әмбебаптылық.

Дискреттілік алгоритмнің орындалуы аяқталған әрекеттер (қадамдар) тізбегіне бөлінетінін білдіреді.

Нақтылық дегеніміз – алгоритмнің әрбір ережесінің нақты әрі бірмәнді болуы, яғни оның қандай да бір қадамда алынған шамаларының мәндері осыған дейінгі қадамда алынған шамалардың мәндерімен анықталады, және де келесі қадам қандай болатындығы нақты белгілі.

Алгоритмнің шектілігі (немесе нәтижелілік) оның орындалуы қадамдардың шекті санының атқарылуына және әрқашан да қандай да бір нәтижеге әкелетіндігіне негізделген. Мүмкін нәтижелердің бірі: есептің шешімі болмайтынын анықтау.

Әмбебаптылық деп есепті шығару алгоритмі бастапқы мәліметтер жиынтығымен ғана ерекшеленетін, бір классқа жататын есептер жиынтығы үшін қолдану мүмкіндігі болатындай етіп жалпы түрге келтіріліп құрастырылады. Бастапқы мәліметтер алгоритмнің қолданылу облысы (мүмкін болатын мәндер облысы) деп аталатын қандай да бір облыстан таңдалады.

Алгоритмдердің көрсетілу формалары: вербальды, жол сайын жазба, блок-схема, программалау тіліндегі жазба.

Алгоритмнің көрсетілуінің вербальды формасы – бұл әрекеттер тізбегінің сөзбен түсіндірілген сипаттамасы.

Жол сайын жазба – вербальды формаға қарағанда анығырақ сипаттама береді.

Алгоритмнің блок-схемасы – алгоритмді жеке блоктар түрінде көрсету арқылы сипаттайтын ең көрнекті және нақты форма.

Программалау тіліндегі жазба – бұл да алгоритмді көрсетудің бір формасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]