Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_24_каз.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
105.98 Кб
Скачать

1.5 Программалаудың негізгі ережелері

1. Үлкен программалар құрастыру кезінде программаны жеке жазып, өңдеуге болатын модульдерге бөлуге тырысыңыз.

2. Айнымалылар, функциялар мен процедураларға мәнді аттар беріңіз. Мысалы, MAXLONG аты максимал ұзындықты анықтайдығын бірден түсінуге болады.

3. Комментарийлерге уақытыңызды аямаңыз. Әйтпесе біраз уақыттан кейін программаңыздың мән-жайын қайтадан есіңізге салып отыруға уақытыңыз көп кетеді. Сонымен қатар программаңыз басқаларға да түсінікті болады.

4. Программаны жазу кезінде «сол жақ жоғарғы бұрыш» әдісін қолданыңыз. Циклдерді және шартты операторларды жазу кезінде бос жер қалдырып отруды ұмытпаңыз.

5. Операторларда арифметикалық немесе логикалық әрекеттер орындаған кезде орындалу ретінде күмәндансаңыз, барлық жағдайда да жақшалар қолданыңыз.

6. Кіріс ақпаратын бақылаңыз. Пайдаланушының кез келген әрекетіне программаңыздың реакциясын ескеруге тырысыңыз.

1.6 Интерактивті программалау

Қазіргі кезде интерактивті программалау кең қолданыс тапты. Қатынасудың негізгі әдісі – диалог. Диалогтың негізгі ережелері:

1. интерактивті әрекеттердің қарапайым және шекті тізбектерін қамтамасыз ету.

2. пайдаланушыны программамен қатынаудың тым көп мүмкіндіктері мен стильдерімен ауырлатпау.

3. интерактивті әрекеттердің әрбір кезеңінде көмек ұйымдастыру

4. пайдаланушының әрекетінің шындығын кері байланыс арқылы ұйымдастыру.

5. қате әрекет жағдайында пайдаланушыға осы қатені түзету мүмкіндігін беру.

Программаны құрастыру кезінде қолданылатын диалогтық орталардың негізгі типтері:

  1. Хабарлама

  2. Меню

  3. Бланк

  4. Кесте

  5. Мәтін

Хабарлама – диалогтық ортаның ең қарапайым типі. Ол экранға қысқаша хабарлама шығарылады және қандай да бір жағдайға дейін көрсетіліп тұрады. Мысалы, «Файл атын енгізіңіз».

Меню – шешімнің бірнеше варианты ұсынылғанда, пайдаланушының біреуін таңдайтын диалогтық орта. Таңдауды сәйкес пернені басу немесе тышқанмен көрсету арқылы орындалады. Менюдің экранда орналасу тәсіліне қарай сызықтық және жазықтық түрлері болады.

Сызықтық меню вертикаль және горизонталь болып бөлінеді. Жазықтық менюлердің сызықтық менюлерден айырмашылығы – меню позициялары экран жазықтығының кез келген орнында орналаса алуы. Мысалға екі өлшемді меню – таңдау кестелерін жатқызуға болады.

Бланк ақпаратты енгізу және түзету үшін қолданылады. Толтыру графалары экранның кез келген бөлігінде орналасып, түрлі ұзындыққа ие бола алады. Мысалы, анкета, мінездеме және т.б.

Кестелер де ақпаратты енгізу және түзету үшін қолданылады. Айырмашылығы – кестеде құрылымды ақпарат сақталады, оның мәндері элементтерден тұрады, ал әртүрлі жолдарда орналасқан осы элементтердің бір типке жататындары бағандар құрады. Мысалы, «сессия нәтижелері» кестесі.

Мәтін экранға кез келген мәтінді шығару үшін қолданылады. Мысалы, пайдаланушы инструкциясы, көмек және т.б.

1.7 Программаларды оптимизациялау

Ең маңызды мәселе – ЭЕМ-де орындалу жағынан программаның дұрыс жазылуы. Айнымалыларды бір әріппен атауға немесе NEXT цикл операторын цикл айнымалынсыз жазуға болмайтынын бірден атап өткен жөн.

Программаның орындалуы кезінде жады көлемі және орындалу уақытын оптимизациялау мәселесін дұрыс шешу керек. Бұл екі критерий бір-бірі арқылы оптимизацияланады, яғни программа орындалуын тездету үшін көбірек мәндерді, көбірек аралық нәтижелерді есте сақтап отыру керек, олардың қайта-қайта есептеле бермеуін қадағалау керек, яғни жады көбірек шығындалады.

Өзіндік жұмыс. Бақылау жұмысы.

1. Көлемі 3л және 8л екі құмыра бар. Өзеннен 7л су алып отыруға болатын алгоритм жазыңыз.

2. 100 монетаның ішінен ең ауырын анықтау тәсілін табыңыз. Чашалық таразыда гирсіз 150 өлшеу мүмкіндігіңіз бар.

3. Автоматты құрылғының 2 батырмасы және экраны бар. Қосылған кезде экранда 0 саны шығады. Бір батырмаға басқанда экрандағы сан екі еселенеді (х-тің орнына 2*х шығады). Екінші батырманы басқанда, сан 1-ге ұлғаяды (х-тің орнына х+1 шығады). Батырмаларды 10 реттен артық емес басу арқылы а) 99; б) 100 санын алу мүмкіндігін беретін алгоритмді құрастырыңыз.

4. 9 монетаның біреуі жалған болып табылады (ең жеңілі). Оны гирсіз чашалық таразыда 2 рет өлшеу арқылы қалай анықтауға болады?

8

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]