Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_24_каз.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
105.98 Кб
Скачать

1.2 Алгоритмдерді құрастыру

ЭЕМ-де есеп шығару үшін алгоритмдер құрастыру арнайы дағдылардың болуын қажет етеді. Алгоритм жазбасы түсінікті, көрнекті болу керек және алгоритмді өзгертпей, оның тек кей бөліктеріне өзгерістер енгізу мүмкіндігі болатындай етіп құрастыру қажет.

Сызықтық деп командалар рет-ретімен бірінен соң бірі орындалатын алгоритмді айтады.

Тарамдалған деп командалар қандай да бір шартты тексеру нәтижелеріне қарай орындалатын алгоритмді айтады.

Циклдік деп жеке командалар немесе командалар топтары бірнеше рет қайталанатын алгоритмді айтады.

1.3 Алгоритмдерді блок-схема түрінде көрсету

Алгоритмді көрсетудің ең көрнекті тәсілі блок-схема түріндегі графикалық көрсету болып табылады. Алгоритм бұл жағдайда блоктар тізбегі ретінде көрсетіледі. Әр блоктың ішінде осы блоктың әрекетін түсіндіретін ақпарат орналастырылады.

Блок түрі

Блок қолдануы

Алгоритм басы

Алгоритм соңы

Есептеуді орындау

Шартты тексеру

Деректерді енгізу немесе шығару

Циклдың басы

Көмекші алгоритмді қосымша шақыруы

Блоктардағы сызықтар блоктар арасындағы байланыстар функцияларын орындайды. Бұл сызықтар жоғарыдан төмен қарай немесе солдан оңға қарай бағытталса, онда бұл стрелкалардың бағыттары көрсетілмеуі мүмкін.

Блок-схема түрінде көрсетілген алгоритм орындалатын әрекеттер тізбегін көрнекті түрде көрсетеді.

1.4 Ақпаратты өңдеу есептері

Ақпаратты өңдеу есептерін 4 классқа бөлуге болады.

1. Детерминирленген есептер. Бұл қатаң анықталған және нақты қойылған есептер. Оларға есептеуші тапсырмалар жатады.

2. Детерминирленбеген есептер. Бұл ақпараты толық емес есептер. Бұл есептерде анықсыздық есептің шартында да, оларды шешу процесінде де кездесе береді. Бұларға басқару объектісінің және айналадағы ортаның біршама сипаттамалары алдын-ала белгісіз болған жағдайларда автоматтандырылған басқару есептерін жатқызуға болады. Мысалы, самолет ұшуын басқару есебі (жел, әуе щұңқыры және т.б. сипаттамалар).

3. Интеллектуалды есептер. Бұндай есептерді шешу кезінде түсініктерді формальдау және білімдерді өңдеу қажеттілігі туындайды. Мысалы, ауызекі тілді тану есебі. Есеп осы пәндік салада анықталған тілдің символдарымен құрастырылады.

4. Эвристикалық есептер. Бұл есептер адамның шығармашылық қызметін имитациялау және модельдеумен байланысты. Оларды шешу алгоритмдері эвристикалық сипатқа ие. Мысалы, шахмат ойыны, өлеңдер құрастыру.

ЭЕМ-де шығарылатын есептердің көбі детерминирленген есептерге жатады. Детерминирленген есептерді шешу үшін келесі кезеңдерден өту керек:

  1. Есепті шешу әдісін табу (формальдау).

  2. Алгоритм құрастыру.

  3. Алгоритмді программалау тілінде жазу.

  4. Программаны ЭЕМ-ге енгзіу және өңдеу.

  5. Есепті шығару нәтижелерін талдау.

Аталған кезеңдердің ішінде біріншісі ең маңызды болып табылады. Есеп қаншалықты қиын болса, шешімін табу да қиындайды. Сондықтан күрделі есептерді шығару ғылым мен техниканың сәйкес салаларында терең білімнің және шығармашылық қабілеттердің болуын талап етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]